Құлақтан кіріп,бойды алар,
Әсем ән мен тәтті күй.
Көңілге түрлі ой салар,
Әнді сүйсең,менше сүй»
Абай Құнанбаев.
Менің мамандығым-мектепке дейінгі ұйымның саз жетекшісі.Бала кезімнен саз жетекшісі болуды армандаған едім.Осы арман мақсатпен Ж.Досмухамедов атындағы педагогикалық колледжін «Мектепке дейінгі ұйымның саз жетекшісі»бөлімін бітірдім.Бұл саз жетекшісі мамандығын таңдаудағы себебім,ол өте қызықты мамандық:сені балалар жақсы көреді және сенен қандай да жаңа нәрселер күтеді ал мен болсам оларға ән үйретіп,би үйретіп күндерін сәтті өткізіп,өмірлеріне қуаныш сыйлаймын.
«Ақбота»бөбекжайында қызмет жасап келе жатырғаныма биыл 7-ші жылға қадам бастым.Қызығы мен қиындығы қатар жүретін сала да еңбек етіп қоғамға өз үлесімді қосудамын.Бала тәрбиесімен айналысатын әрбір педагогтың алға қойған мақсат-міндеттері мен педагогикалық ұстанымы болуы керек.Менің өмірдегі ұстанымым-жүрек қалауымен таңдаған жұмысыма жауапкершілікпен қарау.Саз жетекшісі болу жай ғана мамандық емес.Ол-тұлғаның ерекше дарының,қабілетін аша білетін,келешек ұрпақтың айнасы .
Бүлдіршінді күлімдеп қарсы алып, бар өнеріңді үйретіп бақытты етсең өз ұлтыңды, адамзат баласын бақытты ету жолында тер төккенің. Тәрбиенің тал бесігі балабақшадағы тәрбиеленушімен өткізген әрбір сәтің қызықты. Бала-көз қуанышың. Бала-ел байлығы, қоғам бақыты. Баланың балабақшадан жақсы тәлім-тәрбие алғанын қалаймын, аянбай сол үшін де еңбек етемін. Еркіндікке жол беремін. Баланың еркін сезінуі оның бәрін білуге деген талпынысы мен құлшынысы.
Балалардың «Сәлеметсіз бе?», «Қайырлы таң!» деген сөздерін естігенде, бойым бір серпіліп қалғандай болады. Балалармен болған әрбір уақытым мені жаңа бір әлемге жетелегендей. Әрдайым балалардың маған деген ықыласын, маған ұмтылған үмітке толы көздерін, не нәрсені білуге құштар шабытты, сұраулы жанарларын байқаймын. Олардың менен күтетіндері өте көп екенін сеземін.Балабақшаға бара жатқанда басыма сол күннің жұмысы туралы неше түрлі ойлар келеді. Ойларым сан түрлі болады: менің кішкентай достарым қандай көңіл күймен келер екен? Күніміз қызықты өту үшін оқу қызметін, ойын түрлерін қалай өткізсем екен?.
Әрине әрбір оқу қызметіме жауапкершілікпен қарап, дайындалуды еш жадымнан шығарған емеспін.Мектепке дейінгі ұйымдардағы жұмыстардың басты бағыты оқу тәрбие процесін жүйелі жоспарлау,жаңа инновациялық технологияларды ендіре отырып балаларды дамытудың тиімді жолдарын қарастыру.Міне осындай жұмыс жүйесі менің балабақшамда қалыптасқан.
Балабақша да музыка саласында балалардың жас ерекшілігіне қарай жоспар құрып жұмыстанамыз. «Ақбота»бөбекжайының «Жемістер» ерте жас пен кіші аралас топ балаларына түрлі аспаптардың дыбыстарын,әуенді тыңдай білуге,аспап ойыншықтарды тани білуге,музыкалық сергіту сәттерін би қимылдарын ,ойын жаттығуларды үйретемін.«Гүлдер» ортаңғы және ересек аралас топтарының балаларына нотаны жаттауды,ән айту ,би билеу,жеке дауысты ән орындау,хор айту,музыкалық аспаптарды ұстай білуге,мерекелік шараларда түрлі қойылымдар қоюға дағдыландырып үйретемін.Менің саламда тек балалармен ғана жұмыстанбаймын педагог мамандармен ,ата-аналармен де жұмыстанамын.Бөбекжайымызда «Алтын күз», «Тәуелсіздік күні», «Жаңа жыл», «Аналар мерекесі»,«Наурыз жыл басы»,»Қош бол балабақшам» т.б көптеген іс-шаралар өткізіледі.Осындай іс-шараларға белсенділік танытып өз өнерлерін ортаға салатын ата-аналарымыз өте көп.Балабақшамен ата-ана арысындағы ынтымақтастығымыз берік.Ата-аналарымыз спорттық шараларға өз отбасымен бірге қатысып әркез ортадан табылады,ертеңгіліктерде түрлі кейіпкерлерді сомдап,ән айтып ,би билеп,ойындар,жаттығулар жасап ,түрлі бөбекжай ішілік шараларға қатысқан барша ата-аналарға үлкен рахмет.
Сөзімді
қорытындылай келе,саз жетекші мамандығымды шексіз мақтан
тұтатынымды және осы таңдаған жауапкершілігі мол
қызмет жолында бар білімім мен тәжірибемді
аямайтынымды,қалтқысыз еңбек ететінімді айтқым
келеді.Мен үшін күнделікті балабақша балалардың
алаңсыз күміс күлкісін,шаттыққа толы
көңіл күйлерін көріп,балалармен бірге ойнап
күлгеннің өзі бір бақыт деп білемін.
© ООО «Знанио»
С вами с 2009 года.