Өмірімізде әуендердің алатын орнын бағалау өте қиын.Адам оны тыңдағысы келмесе де, күнделікті өмірдің барлық жерлерінде: дүкенде, көлікте, жұмыста және т.б. кезігіп отырады. Адамдардың өмірінің басым бөлігінде де музыкамен басталады. Күнделікті өмірден мысал алсақ ,телефондағы әуен бізді таңертен оятады. Ол өмірдің ішкі құрылым толтырып тұрғандай әсер қалдырады. Лев Толстой айтқандай: «Музыка – әлемдегі ең жоғары өнер». Музыка адамзат ойлап тапқан ең керемет жаңалықтардың бірі.
МУЗЫКАНЫҢ АДАМҒА ӘСЕРІ.docx
Абеуова А.Т., Каримов Т.И.
Қазақстан Республикасы Қарағанды экономикалық университеті
Экономика, бизнес және құқық колледжі
Музыканың адамға әсері
Өмірімізде әуендердің алатын орнын бағалау өте қиын.Адам оны
тыңдағысы келмесе де, күнделікті өмірдің барлық жерлерінде: дүкенде, көлікте,
жұмыста және т.б. кезігіп отырады. Адамдардың өмірінің басым бөлігінде де
музыкамен басталады. Күнделікті өмірден мысал алсақ ,телефондағы әуен бізді
таңертен оятады. Ол өмірдің ішкі құрылым толтырып тұрғандай әсер
қалдырады. Лев Толстой айтқандай: «Музыка – әлемдегі ең жоғары өнер».
Музыка адамзат ойлап тапқан ең керемет жаңалықтардың бірі.
Музыка мен жұмыс үйлесімділігіне келетін болсақ , бұл сұраққа әр адам
өзіндік тәжірибе негізінде жауап бере алады. Егер де адам меломан болса,
ондаәрдайым музыка оны қоршапжүреді. Тіптен жұмыс өнімділігін арттырып,
таңертен оянғанда кофенің орнын баса алады. Ал егер де адам жұмыста тек
жұмыспен айналысу керек деп ойласа, ондакүнібойы музыка тыңдамайөтеді.
Керісінше, басқа адамдар ән тыңдап отырғанын ұнатпайтын болады. [1]
Музыканың адамға әсері туралы зерттеулер көп жасалған болатын. Соның
бірі стэнфорд университеті ғалымдарының зерттеуі. Стэнфорд университеті
ғалымдарының тобы зерттеуге өз еркімен келіскен адамдардың ойлау қабылатын
зерттеу үшін таспаға жазылған музыканы пайдаланды. Оларға “барокко”
дәуірінің композиторы Уильям Бойстың туындысын тыңдатты. [1]
Зерттеушілер бірнеше жекежеке бөлімнен тұратын шығарманы таңдап
алды. Ғалымдар адамның миын музыканы тыңдап отырған сәтте және музыка
үзіліп қалған сәтте бақылағысы келіп, олар онша жақсы таныс емес У.Бойстың
8інші симфониясын таңдап алды.
Ғалымдар музыка мидың назар аударатын және болжай білетін бөлігіне әсер
ететініне көз жеткізді. Зерттеушілер музыка тоқтап қалғанда мидың өте белсенді
жұмыс істей бастайтынын байқап аңтаң болды. Зерттеуге сәйкес, музыканттар
да, музыкант еместер де санасының түбінде келесі сәтте нені тыңдайтынын күтіп
отырады. Невролог ғалымдармен қоянқолтық жұмыс істеген музыка
профессоры Джонатан Бергердің пайымдауынша, зерттеу жақсы музыканың
қалайша мидың келесі сәтте не болатынын болжап күтіп, соған әзір тұратын
қабілетін оятуының бір сырын ғана ашып берді. Бірақ Бергер музыканың қайдан
шыққанын болжаған жалғыз ғалым емес. Чарльз Дарвин тілі дамымаған ежелгі
жабайы адамдар бірбірімен табысу үшін музыкалық дыбыстарды пайдаланды
деп мәлімдеген болатын. Кейін археолог ғалым Чарльз Митен 2006шы жылы
өзінің “Ән салған Неандертальдықтар: музыканың, тілдің және дененің шығуы”
[1] атты кітабында Ч.Дарвиннің осы мәлімдемесіне жанжақты тоқталып өтті.
Оның пікірі бойынша да, музыка ежелгі адамдардың бірбірімен табысуына ғана емес, бірбірін жұбатуға да көмек болды. Анасы өзінің сәбиін баяу әнмен
жұбатса, үлкен топтар әлеуметтік ынтымақтастығын нығайту үшін дауыстап ән
салды, айқайлады. Әрине, Ч.Дарвин де, Ч.Митен де осы ойларын тасқа айналған
заттардан, сүйектерден алды.
Зерттеулер нәтижесінде музыканың көзгеде әсері бар екені анықталды. Оны
Вена университеті мен Инсбрук Университетінің өкілдері жүргізген
эксперимент барысында байқады. Әннің тыңдаушыға эмоциялық әсерететіні
белгілі. [2] Зерттеубарысында, еріктілерге біраз музыкалық туындыларды
тыңдау ұсынылды. Ғалымдар болжағандай, даңғаза әуендерді тыңдағанда
қарашық кеңейген, ал баяуәуеніне еш реакция бермеген. Адам өзөміріндегі
маңызды оқиғаларына байланысты әуен үзіндісін тыңдаған сәтте қарашықтың
серпіні күшейген. Зерттеу нәтижелерінің дәйектілігі үшін эксперимент
уақытында музыканың эмоциялық жүктемесі талқыланды.
Доктор Джон Дайамондтың «Сіздің тәніңізге алдамайды» кітабында: «Ауыр
рок музыка үрей тудырып, оқушылардың оқу үлегерімі мен тәртібіне теріс әсер
етіп», [3] оларды жоғары белсенділікке мәжбүрлейтінін айтады. Зерттеуші
байқағандай: «Жұмыста үлкендердің еңбек қабілеті төмендеп, көп қате жіберуі,
жалпы қажуы байқалады, шешім қабылдауы қиындап, ешбір себепсіз барлық күш
қайратынан айырылғандай, бойын қанағатсыздану сезімі билейді. Бұл түрлі
клиникалық бақылаулардан белгілі. Мен өз тәжірибемде, мектеп оқушыларының
оқу үлгерімдерінің рок музыкасына тәуелді екенін байқадым, оқушы сабаққа
дайындалса да оның оқу үлегерімі төмен болады».
Әрине музыканың жайлы жақтары да байқалған болатын.
Қазіргі
медицинада музыкалық терапия деген бағыт бар. С.В. Шушар жанның зертеуі
бойынша, музыка адамды сырқаттан тез айықтырады.[3] Музыкалық терапия
музыканың күші мен ауруды нәтижелі емдейтін ғылыми әдіс. Музыкалық
терапиябұл музыканың көмегімен адамның ауруын емдеу. Музыкалық терапия
адам денесіндегі ауру сезімін басады, жүрекайну мен құсуды жеңілдетеді және
стресске, жүрекауруына, артериялыққысымға, дұрысдемалуғакөмектеседі.
Музыкалық терапияның дәстүрі мен тарихы өте ертеден, Ежелгі Грекиядан
бастауалады. Музыкалық терапияны медицинаның атасы Гиппократ та іске
асырған. Оның көмегімен ежелгі Египетте туу алдындағы ауырсыну сезімін
басқан. Ал үнді аңыздарында атақты музыкант Тьягараджа өзінің әнімен өлім
халінде жатқан адамды қайта тірілткен. [5]
Музыканың көмегімен стрестік жағдайда гармонның мөлшерін төмендетеді.
v Музыка жүректің соғысына және дұрыс дем алуға әсер етеді. Музыка
бұлшықеттің ауырсынуын басады, қимыл қозғалысты жақсартады. Музыканы
тыңдау қан айналым жүйесін жақсартып, ағзаға оттегі бөліп, денсаулықтың
нығаюына, иммунитеттің күшеюіне жағдай жасайды.
Ежелгі грек дәуірінен Пифагордың ізбасарлары әуеннің шипагерлік күшіне
сенген. Олардың пікірінше, әуеннің белгілі бір түрлері адамның көңіл күйін
көтереді және адамды тыныштандырып шипа береді. Осындай оқиға
американдық терапевт Х.Лингерманның «Музыканың шипагерлік қуаты» атты кітабында сипатталады: «Жазушы Мэнли Холл» өзінің шығармашылығында
ашулы адамға музыканаң әсері туралы былай жазады: «Ашушаң бір адам
қолындағы қылышымен жауына қарсы ұмтылады, сол кезде пифагорлық данагөй
адам жағдаятты түсіне қойып, лира аспабында ойнай жөнеледі. Сол сәтте
ашушаң адамның ашу мен жеккөрушілігі тарқап, момақан күйге түседі».
Х.Лингерман өзінің тәжірибесінде әуенді адамдардың ақылы мен
эмоциясын қалыпты күйге келтіру үшін қолданған. Ол «Музыканаң шипагерлік
қуаты» атты кітабында мынадай қортыныды жасайды: «Нәтижелер
қуантарлықтай болды, мен адамдардың физикалық, эмоциялық тұрақтылығының
жақсарғанын және жан тебіреністерін байқадым. Әдемі әуен адамды үнемі
тепетеңдікке түсіріп, жанын тыныштандырып, рухани қалыпқа келтіреді». [5]
Балалардың музыкаға деген қызығушылығы мен махаббатын арттырып,
оларды салауатты өмірге баулу керек. Ол үшін балаларды музыкалық
үйірмелерге қатыстыру мүмкіндігін қарастыру абзал.
Пренфис Малфорд «Ой алға жылжиды» атты еңбегінде: «Болашақ білім
беруде музыканың әр шәкірт үшін оқу мен жазу тәрізді қажет болатынын
адамдар анық байқап, оның адамдардың қуатын, денсаулығын және күшін
арттыратын құрал» ретінде қабылданатынын көрсетті.
Аурыды емдеудің тағы бір әсерлі әдісі ол Қобыз терапиясы. Қобыз термині
(түркі сөзінен"кобза") ежелгі, Қияқты аспап, оның дыбысыемдеу тарихында
түрлі ауруларды емдеуде қолданылды. [6] Термин " терапия "(грек тілінде "
therapeia”) — қамқорлық, күтім, емдеу білдіреді. Қобыз терапиясының негізіне
жатқызуға болады: музыкалық терапия әдісі және шығармашылық және
менталдық жаттығуларға қатысты аутогендік жаттығу, визуализация әдісі,
медиативтік техника.
Қобыз терапиясы транс әдісі, қол жеткізуді кеңейтетінақпарат беретін,
іске қосу
оныңжаңа нысандарын игеру мүмкіндіктеріқайта өңдеу,
авторлық әдістемесі 14 жыл
үшінқолданылады."Қобыз терпиясы"
бойытәжербиеленеді және оң нәтижелер әкеледі. Бүгінгі күні автор«Қорқыт ата
жолымен» аттыәдістеме кітабімен жұмыс істейді .Бұл кітап докторлық
диссертация үшін монография болмақ. «Қобыз дыбысымен емдеу» немесе қобыз
терапиясымен емдеп бұзушылық спектрін алдын алу үшін,
атап
айтқанда:дамуында ауытқулар;
мінезқұлық
бұзылыстары; сенсорлық тапшылық; жұлынми жарақаттары; психосоматикалық
аурулар; ішкі аурулар; психикалық қабылдамау; афазия; аутизм сияқты
ауруларды емдеу үшін қолданылады."Қылқобыздын шипасы"авторлық
әдістемесіне 7 композиция енді. [6 ]Жазу кезінде альбомдағы барлық жеті
композициялар оранжировкаға салынып, табиғи дыбыстардай сүйемелденді,
мысалы: жылан, толқын, Шутеңіз, жел дыбысы және т.б. белсенділікке үлкен
әсер ететін дыбыстар. Ерекшеназар аударатыннәрсе кобызотерапия этникалық
музыка сияқты ең көне дәрі ретіндеәлемде танымал (мысалы, шаманов, цигун,
Тибет қоңыраулары,адамның тыныс алуы кезінде шығарылатын дыбыстар, пульс
және т. б. дыбыстары). Барлық альбомды тыңдау психиканы үйлестіруге
эмоциялықтұрақсыздық; көмектеседі,ағзадағы өзінөзі реттеу процестерін белсендетеді.Қазіргі уақытта
Қобызотерапия тиімді пайдаланылады.
Менің өзіндік зерттеуімде 50 адам сауалнамаға қатысқан болатын.
Сауалнаама 1540 жас аралығындағы адамдарға қойылған болатын. Көпті
мазалаған сұрақтардың ең негізгісін қойған болатынмын, олар;
Сіз музыка тыңдайсыз ба?
Музыканы не үшін тыңдайсыз?
Сізге қандай музыка кері және қандай музыка оңтайлы әсер тигізеді?
Бірінші сұрағым бойынша қатысушылардың 80% музыканы тыңдайтынын
айтты.Екінші сұрағыма сауалнамаға қатысушылардың көбі 60% музыканы миды
тынықтыру үшін, 25%көңілкүйді көтеру үшін, қалған 15% терең ойға кеткенде
тыңдаған жақсы жағады деп жауап берген болатын.Үшінші сұраққа келетін
болсақ, жас қатысушылар музыканың кері әсерін байқамағанын айта кетсе,
үлкенірек қатысушылар тек мәнді, шулы емес, сазды әуендерді ұнататынын
айтты. Ауыр музыканы көтере алмайтынын қоса айта кетті.
Қорытындылай келсек әр атаулының оң және теріс қыры болады. Бұл
заңдылық. Музыканың әсері де сол сияқты оңтайлы және теріс болып келеді.
Менің ойымша музыканың рөлі адам өмірінде маңызды орын алмасады әсерлі
орындардың бірін толыққанды алады. Оң терістігі адамның қолданысына
байланысты айқындалады.
Пайдаланылған әдебиеттер;
1. Чарльз Митен “Ән салған Неандертальдықтар: музыканың, тілдің және
дененің шығуы”, 2006 жыл.
2. Сұлтан Хан АҚҚҰЛЫ,«Неврологтар музыканың миға қалай әсер ететінін
зерттеу» мақаласы, 2007 жыл 14 тамыз.
3. Доктор Джон Дайамонд ,«Сіздің тәніңізге алдамайды», 2013 жыл.
4. Пренфис Малфорд, «Ой алға жылжиды», 2000 жыл.
5. Х.Лингерман, «Музыканың шипагерлік қуаты».
6. Мукашева К. К. "Қобызотерапия" авторлық әдістемесін ПБЗға тәуелді
"Менталдық медицина және
науқастарды емдеу және оңалтуда қолдану.
экология мәселелері" ғылымипрактикалық журналы. Мәскеу – Павлодар том
16, № 1, 2010
Музыканың адамға әсері
Музыканың адамға әсері
Музыканың адамға әсері
Музыканың адамға әсері
Музыканың адамға әсері
Материалы на данной страницы взяты из открытых истончиков либо размещены пользователем в соответствии с договором-офертой сайта. Вы можете сообщить о нарушении.