"Мың түрлі мамандық" 9 сыныпқа арналған тәрбие сағаты
Оценка 4.9

"Мың түрлі мамандық" 9 сыныпқа арналған тәрбие сағаты

Оценка 4.9
Документация +1
docx
воспитательная работа +1
Взрослым
07.03.2019
"Мың түрлі мамандық" 9 сыныпқа арналған тәрбие сағаты
Негізгі мектепті бітіруші түлектерге мамандық таңдау мақсатында , әр түрлі мамандық иелерімен кездесу ұйымдастырылған кештің жоспары. Бұл кешке дәрігер, медбике, заң қызметкері, өрт сөндіру бөлімінің маманы келіп, әр түрлі мамандықтың қызығы мен қиындығы туралы бөлісіп, оқушыларға кеңестер берді. Сынып жетекшіге көмекші құрал болады.
Мын турли мамандык.docx
Мерзімі: 21.02.2019.                  Сыныбы: 9 «А», «Б», «В»                                     Тақырыбы:  Мың түрлі мамандық Мақсаты:    оқушыларға мамандықтың түрлері, олардың адам өміріндегі маңызы туралы    түсінік  бере отырып, өз бейіміне сәйкес мамандық таңдай білуіне ықпал жасау;   оқушылардың қоғамға деген азаматтық позициясын қалыптастыра отырып, отан  сүйгіштікке тәрбиелеу, кәсіби бағдар беру; түрлі жаттығулар арқылы таным процестерін  дамыту, өз  пікірін еркін айтып, өзгенің пікірін сыйлай білуге, жүйелі  ойлауға баулу. І. Ұйымдастыру бөлімі ІІ. Негізгі бөлім Сабақтың барысы:   Мұғалім:      Әр адам ерте ме, кеш пе өз өмірінде «Қандай мамандық иесі боламын?»  деген сұраққа жауап іздейді. Мамандық таңдау – өте жауапты іс. Өйткені, таңдаған  мамандығың ертеңгі сенің өмірің, болашағың, қоғамның болашағы, елдің ертеңі.  Ел  президенті Нұрсұлтан Назарбаев айтқандай «Отанның болашағы, мемлекеттің келешегі  жастардың қолында, оларың өрісті ойы, өркенді ісі, табанды тіршілігі тек біліммен  ұштасқан біліктің арқасында биік белестерге жетеді». Жақын арада әрқайсыңыз мамандық  таңдау мәселесіне тап боласыздар, бүгін кешімізде осы маңызды тақырыптарға тоқталамыз. «Мектеп бітіргеннен кейін кім боласың?» деген сұрақтарға мектеп оқушыларының көбісі  нақты жауап бере алмайды. Шындығына келгенде мамандық таңдау мәселесі әсіресе біздің  қоғамымыз нарықтық қатынасқа көшіп отырған жағдайда өте күрделі мәселе.  Бүгін бізге  өз ойларымен бөлісіп, өз пікірлері мен ақыл­кеңесін айтуға шақырулы қонақтарымыз келіп  отыр. Сол қонақтармен таныстырып өтейін. ­ Кеш қонақтарын таныстыру: 1. мектеп психологі­ Махитова А.Б.  2. дефектолог маман­ Аткешова Б.А. 3. медбике­ Хайрушева Назгүл Жұмажанқызы  4. жас маман – Болатова А.Б. 5. тарих пәні мұғалімі мектебіміздің директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары­ Сармалаева С.Т. 6. Полиция қызметкері ­Гүлбар Қанатқызы 7. Саз мектебінің хореографы – Замзагүл Закарияқызы 8. Аурухана дәрігері – Гүлназ Сагынгалиевна.  9. «Нұрбалапан» бала бақшасының тәрбиешісі:  Айтимова Ардақ Мұратқалиқызы. 10. Өрт сөндіру бөлімінің басшысының м.а: Сырым Кадемович. 11.Аудандық КазТрансГаз маманы­ Утепов Альберт Абаевич. Ендеше, қонақтарымызға «Қош келдіңіздер!» дей отырып, бүгінгі кешімізді бастаймыз.      Сұрақ:   Мамандықтың қанша түрі бар деп ойлайсыңдар? Оқушылар  жауабы.          Американдық кәсіптер сөздігінің мәліметтері бойынша 22 қызмет саласы    бойынша  114 топқа бөлінген 40 мыңға жуық мамандық түрі бар екен.Статистердің зерттеуі бойынша  жыл сайын 25 млн адам өзінің жұмыс орнын ауыстырып, оның 12%­ы қайтадан өз орнына  қайтып  оралады екен. Қазақстанда осы мамандықтардың 300­ге жуық түрі кездеседі. Сұрақ:  Мамандық таңдауда әр адам неге сүйену керек?  Оқушылар  жауабы.   Мамандық таңдауда әр адам өзінің қызығушылығына, қабілетіне, бейімділігіне, қалауына  сүйену керек. Сондай ­ ақ өз мамандығының 10 ­ 20 жылға дейін өз сұранысын  жоғалтпауына көңіл бөледі. Бұл мамандықтарға деген бірқалыпты тұрақты сұраныс деп  аталады.  Сұрақ: Сұранысын жоймаған кай мамандықтарды білесіздер? Оқушылар  жауабы.   Өзінің сұранысын, қызығушылығын жоймаған кең тараған мамандықтарға дәрігер, мұғалім  және құрылысшы мамандықтарын атап өтуге болады. Ал, өзекті мамандықтар қатарына  жоғары технология, байланыс, коммуникация, әлеуметтік орта, экономиканы басқару  мамандықтары және еңбек сұранысына қажетті жаңа мамандықтары жатады.      Мұғалім:        «Адам өзінің ыңғайымен , еркімен қызмет етеді. Іштен туғаннан­ақ,  белгілі бір  өнерге, қызметке икемді болып туады . Басқаша айтқанда, әр адамда бір нәрсе­  талап, ыңғай, қабілет,  яғни зеректік болады. Біреуі бала оқытуға, біреуі әкім болуға, біреуі дәрігерлікке берілуге, біреуі  саудаға,  біреуі сөзге ыңғайланып жаралады. Кейде кім өзіне  біткен ыңғайына қарай өз жолымен  жүріп қызмет етсе, өз басына, әлеуметке де көп пайда  келтірмек»­  деген Жүсіпбек Аймауытовтың   мұралы сөзі әлі күнге маңызын жойған жоқ.  Енді өзі қалаған мамандыққа кім қалай жетеді?      Өзі қалаған мамандыққа әркім әр түрлі жолмен келеді. Біреулер осы мамандықтың иесі  болуды бала  кезден армандайды, оны орындау үшін аянбай тер төгеді, ал екінші біреулер – отбасы дәстүрін  алғастырушы, үшінші біреулер жаңалыққа, дербестікке талпынып, заман  ағымына сай мамандық таңдаса, келесі біреулер әйтеуір бір мамандық алу керек болған соң таңдайды. Мамандық таңдауда  адам өзінің жеке дара қасиеттеріне назар аударуы керек.  Адам өз бойындағы жетістік пен кемшілікті, икем мен қабілетті, күш­қуатты, мінезіндегі  ұнамды, ұнамсыз жақтарын білгені дұрыс. Мамандық  таңдауда бос қиялға берілмей, өзінің  бейімділігі мен білім даярлығына, денсаулығы мен мінез­ құлқына көңіл бөліп, мамандық  туралы ақпаратты жақсы білген дұрыс.                           Сыныпта 15 оқушы бар.              Таңдаған мамандықтары: Дәрігер –4, фельдшер­1.      Журналистика – 1   Мұғалім – 1    Нефте­газ – 3.  Полиция қызметкері­ 1    Юрист­ 1. Хореограф Актер      Постер қорғау     1 топ         Қазіргі заманда зор сұранысқа ие болып отырған мамандық түрлері                               2 топ   Мамандықтың жаңа түрлері 3 топ   Қазіргі қоғамдағы ең көп мамандықтар. Қазіргі заманда зор сұранысқа ие болып отырған мамандық түрлері Электрик Геолог Механик Дәрігер                              Зор сұранысқа ие болып отырған мамандықтар Слесарь Дәнекерлеуші Технолог Металлург Инженер                                        Мамандықтың жаңа түрлері  Бизнес Заңгер Менеджер Банкир Маркетинг Қазіргі заманға сай жаңа мамандықтар Дизайнер Нотариус Мұнай-газ ісі Стандарттау, сертификаттау медбике Мұғалім Қазіргі қоғамдағы ең көп мамандықтар заңгер Дәрігер 9 в сынып жетекшісі  Исмагулова Г.О. дайындаған  «Сирек кездесетін мамандықтар»  презентациясына назар аударайық.  Енді оқушылардың сіздерге қояр сұрақтары бар екен. Сол сұрақтарға кезек берейік. Оқушылар келіп отырған қонақтарға сауалдарын жолдайды. Сұрақтар: Ақтолқын: Әрқайсыңыз өз мамандықтарыңызды айтып өтсеңіздер. Жансая С: Өз мамандығының шебері болу үшін адам өзін­өзі қалай дайындау керек деп  есептейсіз? Аружан: Мамандық таңдауда ата­ананың ықпалы қандай дәрежеде болуы мүмкін деп  ойлайыздар? Айсұлу: Мамандық таңдауда ең бастысы не қабілет пе, дарын ба, әлде мамандықтардың  қоғамдағы беделі ме? Айгерім: Ауыл экономикасын көтеру үшін, ауылға ең алдымен қандай мамандықтар қажет  деп ойлайсыздар? Асланбек: Белгілі бір кәсіптің иесі болу үшін міндетті түрде жоғары білім алу қажет пе? Дастан: Адам өз мамандығын таңдаған кезде нені басшылыққа алу керек? Нұртілек: Бала кездегі ең алғашқы таңдаған мамандығыңыз есіңізде ме?  Ануар: Қандай мамандық таңдауға кеңес берер едіңіздер?   Сұлтан: Оқу орнында немесе жұмысыңызда бастан өткізген қызықты оқиғаңыз? Жұлдыз: Ұстаз болу сіздің бала күнгі арманыңыз ба? Бүгінгі таңда жастардың көбі ұстаз  болуды қаламайды, керісінше заңгер, экономист, аудармашы т.б мамандықтарды  құрметпен бағалайды. Мұның себебі неде деп ойлайсыздар? Ернар: Әттеген­ай деген шақтарыңыз болды ма? «Студенттік шаққа саяхат».  Сіздерде студент болдыңыздар, ендеше сіздерді сол студенттік кездерге саяхаттауға  шақырамыз!  ( Мамандар ортаға шақырылады)   Алдын ала дайындалған конверттерді алады. №1 тапсырма. Сіз группаластарыңызбен автобуста келесіз.Қалталарыңызда билетке ақша жоқ.Бірақ  қалайда сабақтан қалмау керек.Түсетін аялдамаға жеткенде достарыңыз шапшаң түсіп  кетті,ал сіз кондукторға ұсталып қалдыңыз.Сіз осы жағдайдан қалай шығасыз? №2 тапсырма. Жатақхана.Сіздің туған күніңіз тойланып жатыр.Асханада ауылдан келген жылқының сүр  еті асылып жатыр.Шай ішіп болып «Ламбада»билеп жүрсіздер.Еттің нанын салайын деп асханаға барсаңыз қазан ЖОҚ! Не істейсіз? Сол кездегі көңіл күйіңізді көрсетіңіз?  Қонақтарға қалай жеткізесіз? №3 тапсырма. Жатақхана.Ақшаның,тамақтың таусылып барлығыңыздың тарығып жүрген  кездеріңіз.Үзілістің кезінде досыңызбен жүрек жалғау үшін бөлмеге келдіңіз. 3 тілім нан мен 2 жұмыртқа ғана бар.Осы кезде аш жүрген көрші 2 жігіт есікті  қағады.Сіздердің бөлмеде екендерізді біледі,бірақ сіздер де аз тамақты бөліскілеріңіз  келмейді.Не істейсіз? №4 тапсырма. Ауылдан жалғыз келдіңіз.Қалада ешқандай туыс,танысыңыз жоқ.Ешқандай орысша  білмейсіз.Ағайың орыс.Қалайда жатақханаға орналасуыңыз керек.Ағайың қазақша,сіз  орысша білмейсіз.Жағдайды ешкімді араластырмай өзіңіз қалай шешесіз? №5 тапсырма. Жатақхана.Өздеріңіз білетіндей асхана әр этажда екеу.Барлығы бос емес.Ал сіздің  құрбыңыз жылдам тамақ дайындауы қажет.Бөлмеде плитка қосып тамақ әзірлеуге қатаң  тиым салынғанын білсе де солай етуге мәжбүр болды. Осы кезде комендант тексеріп келе  жатыр.Сіз құрбыңызға шұғыл хабар беруіңіз керек. Қасыңызда комендант  апай. Сіздің  тактикаңыз? Жағдайды қалай реттейсіз? Оқушыларға ситуациялық жағдаяттар          Егер мамандық иесі болсаң не істер едің: (ситуациялық шешу) Дәрігер. Ауырған адам сізге келіп, қойған диагнозбен келіспейтінін айтты. Сіздің  шешіміңіз? Мұғалім жайлы әңгіме «Жүрексіз нені түсінеміз?» сабаққа ата ­ ана қатысып отыр. Үй  тапсырмасын сұрадыңыз, ешбір оқушы дайын емес. Не істер едіңіз? Әнші. Сахнада ән салып тұрсыз, көрермен ұйықтап отыр. Бұл сізге ұнамады. Сіз не  істейсіз? Журналист. Жазған мақалаңыз кейбір жандарға ұнамай, сізге ескерту жасады, қорқытты.  Не істер едіңіз? Тігінші. Сізге бір кенет жақсы матадан көйлек тіктіруге тапсырыс береді. Ол матаны тігу  барысында дұрыс болмай қалды. Тапсырыс беруші сізге ренішпен ұрысып, матаны тауып  беруіңізді талап етті. Сіз қалай жауап берер едіңіз? Аспазшы. Асханаға келген кенет жасалған тағамға көңілі толмай қайтарып әкелді, ақысын  сұрады. Сіздің жауабыңыз? Тағыда мамандық туралы презентация қарап жіберейік. 1.«Болашақта сұранысқа ие болатын мамандықтар» презентация 2.  «Қазақстан Ұлттық арнасы » дайындаған статистикаға да назар аудара кетейік. ІІІ.Қорытынды: Талмасын қанат, сөнбесін үміт Армандар алға жалғасын Соқса да дауыл, өрт болсын өмір Қанаттар балғын талмасын Алдағы келешек өмірге қажет мамандықты таңдау әр шәкірттің арманы. Олай болса  мамандық таңдаудағы қадамыңыздың дұрыс болуына тілектеспіз... Әбунасыр Әл Фараби: «.... адам кез­келген жұмысқа жарамды бола бермейді. Жұмысты  неғұрлым жетік және жақсы атқарса білгір және шебер болып шығады. Қандай әрекет,  қандай іс істесек те, содан рахмет табу, соның рахатын көру біздің мақсатымыз болып  табылады»,­ деген. «Казталов ауданының білім беру бөлімінің А.Оразбаева атындағы орта жалпы білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі «Мың түрлі мамандық» 9 «А», 9 «Б», 9 «В» сынып оқушыларына  кәсіптік бағдар беру мақсатында ұйымдастырылған кеш Ұйымдастырған сынып жетекшілері: Шүйнішбаева Н.Д.                                                               Исмагулова Г.О. Казталовка­2019 №1 тапсырма. Сіз группаластарыңызбен автобуста келесіз.Қалталарыңызда билетке ақша жоқ.Бірақ  қалайда сабақтан қалмау керек.Түсетін аялдамаға жеткенде достарыңыз шапшаң түсіп  кетті,ал сіз кондукторға ұсталып қалдыңыз.Сіз осы жағдайдан қалай шығасыз? №2 тапсырма. Жатақхана.Сіздің туған күніңіз тойланып жатыр.Асханада ауылдан келген жылқының сүр  еті асылып жатыр.Шай ішіп болып «Ламбада»билеп жүрсіздер.Еттің нанын салайын деп  асханаға барсаңыз қазан ЖОҚ! Не істейсіз? Сол кездегі көңіл күйіңізді көрсетіңіз?  Қонақтарға қалай жеткізесіз? №3 тапсырма. Жатақхана.Ақшаның,тамақтың таусылып барлығыңыздың тарығып жүрген  кездеріңіз.Үзілістің кезінде досыңызбен жүрек жалғау үшін бөлмеге келдіңіз. 3 тілім нан мен 2 жұмыртқа ғана бар.Осы кезде аш жүрген көрші 2 жігіт есікті  қағады.Сіздердің бөлмеде екендерізді біледі,бірақ сіздер де аз тамақты бөліскілеріңіз келмейді.Не істейсіз? №4 тапсырма. Ауылдан жалғыз келдіңіз.Қалада ешқандай туыс,танысыңыз жоқ.Ешқандай орысша  білмейсіз.Ағайың орыс.Қалайда жатақханаға орналасуыңыз керек.Ағайың қазақша,сіз  орысша білмейсіз.Жағдайды ешкімді араластырмай өзіңіз қалай шешесіз? №5 тапсырма. Жатақхана.Өздеріңіз білетіндей асхана әр этажда екеу.Барлығы бос емес.Ал сіздің  құрбыңыз жылдам тамақ дайындауы қажет.Бөлмеде плитка қосып тамақ әзірлеуге қатаң  тиым салынғанын білсе де солай етуге мәжбүр болды. Осы кезде комендант тексеріп келе  жатыр.Сіз құрбыңызға шұғыл хабар беруіңіз керек. Қасыңызда комендант  апай. Сіздің  тактикаңыз? Жағдайды қалай реттейсіз? Оқушыларға ситуациялық жағдаяттар          Егер мамандық иесі болсаң не істер едің: (ситуациялық шешу) Дәрігер. Ауырған адам сізге келіп, қойған диагнозбен келіспейтінін айтты. Сіздің  шешіміңіз? Мұғалім жайлы әңгіме «Жүрексіз нені түсінеміз?» сабаққа ата ­ ана қатысып отыр. Үй  тапсырмасын сұрадыңыз, ешбір оқушы дайын емес. Не істер едіңіз? Әнші. Сахнада ән салып тұрсыз, көрермен ұйықтап отыр. Бұл сізге ұнамады. Сіз не  істейсіз? Журналист. Жазған мақалаңыз кейбір жандарға ұнамай, сізге ескерту жасады, қорқытты.  Не істер едіңіз? Тігінші. Сізге бір кенет жақсы матадан көйлек тіктіруге тапсырыс береді. Ол матаны тігу  барысында дұрыс болмай қалды. Тапсырыс беруші сізге ренішпен ұрысып, матаны тауып  беруіңізді талап етті. Сіз қалай жауап берер едіңіз? Аспазшы. Асханаға келген кенет жасалған тағамға көңілі толмай қайтарып әкелді, ақысын сұрады. Сіздің жауабыңыз? Дәрігер. Ауырған адам сізге келіп, қойған диагнозбен келіспейтінін айтты. Сіздің  шешіміңіз? Мұғалім жайлы әңгіме «Жүрексіз нені түсінеміз?» сабаққа ата ­ ана қатысып отыр. Үй  тапсырмасын сұрадыңыз, ешбір оқушы дайын емес. Не істер едіңіз? Әнші. Сахнада ән салып тұрсыз, көрермен ұйықтап отыр. Бұл сізге ұнамады. Сіз не  істейсіз? Журналист. Жазған мақалаңыз кейбір жандарға ұнамай, сізге ескерту жасады, қорқытты.  Не істер едіңіз? Тігінші. Сізге бір кенет жақсы матадан көйлек тіктіруге тапсырыс береді. Ол матаны тігу  барысында дұрыс болмай қалды. Тапсырыс беруші сізге ренішпен ұрысып, матаны тауып  беруіңізді талап етті. Сіз қалай жауап берер едіңіз? Аспазшы. Асханаға келген кенет жасалған тағамға көңілі толмай қайтарып әкелді, ақысын  сұрады. Сіздің жауабыңыз? Сұрақтар: Ақтолқын: Әрқайсыңыз өз мамандықтарыңызды айтып өтсеңіздер. Жансая С: Өз мамандығының шебері болу үшін адам өзін­өзі қалай дайындау керек деп  есептейсіз? Аружан: Мамандық таңдауда ата­ананың ықпалы қандай дәрежеде болуы мүмкін деп  ойлайыздар? Айсұлу: Мамандық таңдауда ең бастысы не қабілет пе, дарын ба, әлде мамандықтардың  қоғамдағы беделі ме? Айгерім: Ауыл экономикасын көтеру үшін, ауылға ең алдымен қандай мамандықтар қажет  деп ойлайсыздар? Асланбек: Белгілі бір кәсіптің иесі болу үшін міндетті түрде жоғары білім алу қажет пе? Дастан: Адам өз мамандығын таңдаған кезде нені басшылыққа алу керек? Нұртілек: Бала кездегі ең алғашқы таңдаған мамандығыңыз есіңізде ме?  Ануар: Қандай мамандық таңдауға кеңес берер едіңіздер?   Сұлтан: Оқу орнында немесе жұмысыңызда бастан өткізген қызықты оқиғаңыз? Жұлдыз: Ұстаз болу сіздің бала күнгі арманыңыз ба? Бүгінгі таңда жастардың көбі ұстаз  болуды қаламайды, керісінше заңгер, экономист, аудармашы т.б мамандықтарды  құрметпен бағалайды. Мұның себебі неде деп ойлайсыздар? Ернар: Әттеген­ай деген шақтарыңыз болды

"Мың түрлі мамандық" 9 сыныпқа арналған тәрбие сағаты

"Мың түрлі мамандық" 9 сыныпқа арналған тәрбие сағаты

"Мың түрлі мамандық" 9 сыныпқа арналған тәрбие сағаты

"Мың түрлі мамандық" 9 сыныпқа арналған тәрбие сағаты

"Мың түрлі мамандық" 9 сыныпқа арналған тәрбие сағаты

"Мың түрлі мамандық" 9 сыныпқа арналған тәрбие сағаты

"Мың түрлі мамандық" 9 сыныпқа арналған тәрбие сағаты

"Мың түрлі мамандық" 9 сыныпқа арналған тәрбие сағаты

"Мың түрлі мамандық" 9 сыныпқа арналған тәрбие сағаты

"Мың түрлі мамандық" 9 сыныпқа арналған тәрбие сағаты

"Мың түрлі мамандық" 9 сыныпқа арналған тәрбие сағаты

"Мың түрлі мамандық" 9 сыныпқа арналған тәрбие сағаты

"Мың түрлі мамандық" 9 сыныпқа арналған тәрбие сағаты

"Мың түрлі мамандық" 9 сыныпқа арналған тәрбие сағаты

"Мың түрлі мамандық" 9 сыныпқа арналған тәрбие сағаты

"Мың түрлі мамандық" 9 сыныпқа арналған тәрбие сағаты

"Мың түрлі мамандық" 9 сыныпқа арналған тәрбие сағаты

"Мың түрлі мамандық" 9 сыныпқа арналған тәрбие сағаты

"Мың түрлі мамандық" 9 сыныпқа арналған тәрбие сағаты

"Мың түрлі мамандық" 9 сыныпқа арналған тәрбие сағаты

"Мың түрлі мамандық" 9 сыныпқа арналған тәрбие сағаты

"Мың түрлі мамандық" 9 сыныпқа арналған тәрбие сағаты
Материалы на данной страницы взяты из открытых истончиков либо размещены пользователем в соответствии с договором-офертой сайта. Вы можете сообщить о нарушении.
07.03.2019