Қазақ әдебиетіндегі идеялық-көркемдік дәстүрлерді игеріп қалыптастырған классик-жазушылардың іздерін жалғастырған Нығмет Ғабдуллин әдебиет майданына араласа бастағаннан-ақ өз шығармасының тақырыбын адамды зерттеп,тануға,оның сан-қилы мінез-құлқын,толғаныс-тебіренісін, адамдық қасиетін,қоғамдық орта мен жеке адамның өзара байланысын, қарым-қатынасын көрсетуге құлаш ұрғаны сабақтастыра отырып зерттеледі. Қазақ прозасына соғыстан кейінгі жылдары келіп қосылған жазушылардың бірі Нығмет Ғабдуллин өз шығармаларында адамдық асыл мұраттарды жырлап,нағыз адамгершілік жыршысына айналды.Қазақ әдебиетіндегі идеялық-көркемдік дәстүрлерді игеріп қалыптастырған классик-жазушылардың іздерін жалғастырған Нығмет Ғабдуллин әдебиет майданына араласа бастағаннан-ақ өз шығармасының тақырыбын адамды зерттеп,тануға,оның сан-қилы мінез-құлқын,толғаныс-тебіренісін, адамдық қасиетін,қоғамдық орта мен жеке адамның өзара байланысын, қарым-қатынасын көрсетуге құлаш ұрғаны сабақтастыра отырып зерттеледі. Қазақ прозасына соғыстан кейінгі жылдары келіп қосылған жазушылардың бірі Нығмет Ғабдуллин өз шығармаларында адамдық асыл мұраттарды жырлап,нағыз адамгершілік жыршысына айналды.
Шарипа.docx
Аймаханова Шарипа Асылтұрсынқызы
Қызылорда облысы, Шиелі ауданы Бидайкөл ауылы №148 қазақ орта КММ қазақ тілі және
әдебиет пәнінің мұғалімі
Н. ҒАБДУЛЛИН ПОВЕСТЕРІНДЕГІ АДАМГЕРШІЛІК БЕЙНЕСІ
ХХ ғасырдың 80жылдарынан бастап, қазақ прозасының дамуына елеулі үлес қосқан
қаламгерлер шоғырында ерекше орны бар жазушының біріНығмет Ғабдуллин.
Суреткердің арнасынан аса асқақтамай, бүлкілдеп ағатын мөлдір тумадай
повестерінің табиғатында адами,
табиғи тазалық,адамгершілік мәселелері
суреттеледі.Жазушы талай қаламгер көтерген тақырыптың өзінен бұрын байқалмаған бедер
тауып,безендіре біледі. Ол бедер белгілі тақырыптың сан қатпарлы астарына мейлінше
еркін бойлатуымен,өмірқұбылыстың терең шыңырауларынан шымшымдап сыр суыртпаған
сонылығымен тәнті етеді.
Алайда, ұлттық әдебиетімізде өзіндік орны бар осындай талантты тұлғаның
шығармашылығы әзірше арнайы зерттеу жұмысының өзегіне айналмай келе жаиқаны
өкініштіақ. Осы бағытта бұл жұмыстың,яғни зерттеудің мақсатыоның повестеріндегі жаңа
бір әдебикөркемдік ізденістерді мазмұндап,сипатын ашу[1,111 б].
Қазақ әдебиетіндегі идеялықкөркемдік дәстүрлерді игеріп қалыптастырған классик
жазушылардың іздерін жалғастырған Нығмет Ғабдуллин әдебиет майданына араласа
бастағаннанақ өз шығармасының тақырыбын адамды зерттеп,тануға,оның санқилы мінез
құлқын,толғаныстебіренісін, адамдық қасиетін,қоғамдық орта мен жеке адамның өзара
байланысын, қарымқатынасын көрсетуге құлаш ұрғаны сабақтастыра отырып зерттеледі.
Қазақ прозасына соғыстан кейінгі жылдары келіп қосылған жазушылардың бірі Нығмет
Ғабдуллин өз шығармаларында адамдық асыл мұраттарды жырлап,нағыз адамгершілік
жыршысына айналды. Ол әдебиет майданына араласа бастағаннанақ өз шығармасының
тақырыбын адамды зерттеп ,тануға,оның сан қилы мінезқұлқын,толғаныстебіренісін,
адамдыққасиетін, қоғамдық орта мен жеке адамның өзара байланысын, қарымқатынасын
көрсетуге құлаш ұрды. Жазушы туындыларында кейіпкерлерінің адамшылық болмыс
бітіміне ден қойып, адамгершілік парасат мәселесін көтере білді. Н.Ғабдуллин
кейіпкерлерінің ісәрекетінен гөрі ішкі әлеміне ,жандүниесіне көбірек үңіледі. Олардың
жан тазалығы, сезімтал сергектігі,жақсылыққа жаны құштар екендігі бірденақ көзге
ұрып,әсерлендірмей қоймайды. Әртүрлі тақырыпқа қалам тербегенмен, Нығмет
Ғабдуллин повестері,ең алдымен, адамның рухани байлығын, адамгершілігін ту етіп
көтереді. Адамдық асыл қасиеттерді мадақтау,зұлымдылық пен тоғышарлықты ашына
айыптау жазушы туындыларында жемісті жалғасын тапқан[2,215 б].
Адамгершілік, мораль мәселелері қай халықтың әдебиетінде болмасын, мәні мен
маңызы зор тақырыпқа айналған. Мұның өзі тектентек емес. Әдебиеттің адамды
тәрбиелеудегі ролінің зор екендігін, қандай ұлағаттәрбие бере алатынын дәлелдеп
жатудың өзі артық. Міне,осы ретте көркем шығарма идеялықэстетикалық құрал болып
отырса, оның мәні де сонда.Ал ол қаһарманды өз арамыздан,өз ортамыздан іздейміз. Оны
көрер көз бен сезер жүрек керек. Оның астарынан,әрине,үлкен жүректі,ізгі ниетті адам
сипатын іздейсің. Жазушының алғашқы ірі туындысы«Біздің жігіт» романы 1965 жылы
жарық көрді.
Оқырманды елең еткізген бұл роман Нығмет Ғабдуллинді сол кездің өзіндеақ қаламы
қуатты сөз зергері ретінде танытты.Роман студенттер өмірін жазғанымен ғана емес, қалай
жазғанымен де құнды болды.Онда жазушы соғыстан кейінгі
қазақ
жастарының,интеллигенциясының оймүддесін дөп басып,шыншылдықпен суреттейді.
З.Қабдоловтың«Ұшқыны» сияқты бірдіекілі шығармалардан соң дүниеге келген «Инеш»
қазақ прозасындағы жаңа серпін болды. Мұнда жүректің жанды тербеген лүпілі де бар, жазушылық сабырлылық, салқынқандылық сақтай отырып сөз саралаған шеберлікте бар,
соғыстан кейінгі елуінші жылдардың ел еңсесі көтеріле бастаған қоғамдық көріністері де
бар[3, 336 б].
«Инешті»қазір қайта оқып шыққан адам оның бүгінгі өмірден көп айырмасы жоқ
екенін байқайды.Демек, жазушы болашақты зерделей алған. «Осы шығармада жаңа мінез
құлықты бойына дарытқан елуінші жылдардағы қазақ жастарының типтік өкілі Инеш
бейнесі жасалды.Ол өзінің табиғилығымен,рухани тазалығымен оқырман жүрегінде ұзақ
сақталған бейне. Жас қаламгердің бұл алғашқы аяқ алысы ұлы жазушы М.Әуезовтің де
назарына іліккен болатын. Ол жас автордың сөзді шашау шығармай, орынорнымен
пайдаланатынын бағалады». Шынындада, бұл роман әдебиетіміздің мәдени мәнері жағынан
дамуына ықпал жасады,жанжақты толыққанды көркем әдебиеттік сапаға бастап, өзінен
кейін келе жатқан жас буынның болашаққа жолын ашты. Нығмет Ғабдуллин қоршаған
ортадан алған дерегін сезім толқынынан, талғам елегінен өткізе отырып,өз повестерінде
адам бейнесінің адамгершілік қасиетін ерекше дарындылықпен сомдай білді. Кезінде
М.Әуезов пен Ғ.Мүсірепов жоғары баға берген «Инеш аталған романнан соң жазушы
Нығмет Ғабдуллиннің көркемдігі жоғары бірталай көлемді туындыларды дүниеге
келтірді[4,66 б].
Н.Ғабдуллин повестерінің қайқайсысын алсақ та,өн бойына адамгершіліктің асыл
арқауы өзек болған.Көркем әдебиеттің нысанасы, түптеп келгенде, адамды гуманизмге
тәрбиелеу, ішкі жандүниесін байыту, арам пиғылдан, озбыр ойлардан жаңарту, тазарту
дейтін болсақ, Н. Ғабдуллин шығармаларында бұл айтылғандардың қолдау тапқанын баса
айтуға болады. Өмірдің қандай тосын жағдайларында да адамдық болмысын сақтай білген
адал жандардың тағдыры оқырманның көп ойларға жетелері анық. Бірбіріміздің жүрек
түкпірімізге үңіле қарап, бірбірімізді терең түсіне білуге ұмтылдыратын туындылар
адамдар арасындағы күрделі қайшылықтар мен байланыстардың сырын шынайы ашып
көрсетеді[5,448 б].
Адамдық парыз,рухани борыш дегенге мән бермейтін дүниеқұмар, тоғышар
Шәмшігүл мен Шәрбандардың қазір де ортамызда жүргенін ескерсек, аталған
туындылардың бүгінгі күн тұрғысынан алғанда да өзектілігін жоймайтыны анық.
Қаламгердің повестері жоғарыда аталған шеберлігі шарықтай түскен жазушылық жалғасы
болды. Әдебиеттің ел мен елді, халық пен халықты жақындастырудағы атқарар міндеті
ұшантеңіз десек. Нығмет Ғабдуллиннің әдебиет пен өнердің астасқан жері драматургияға
да өзіндік үлесін қосқан жазушы. Жазушының 1987 жылы «Жазушы» баспасынан жарық
көрген ,дені шағын эсселер мен естеліктерден және автобиографиялық повестерден
тұратын
«Сарғайған жапырақ» атты кітабы Қазақстан Мемлекеттік сыйлығын алды[6,
215 б].
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
1.
2.
3.
4.
5.
6.
Ғабдуллин Н. Шығармалар жинағы. – А., 2007. – 111 –127бб.
4050 және 60жылдардағы қазақ әдебиеті. – А., 1998. – 215б.
Сүйіншәлиев Х. ХІХ ғасыр әдебиеті. – А.,1992. – 360б.
Майтанов Б. Қазақ романы және психологиялық талдау. –А.,1996, –66б.
Ахметов З. Өлең сөздің теориясы. –А., 1999. – 448б.
Қоңыратбаев Ә. Қазақ әдебиетінің тарихы. – А.,1994. – 215б.
Н. ҒАБДУЛЛИН ПОВЕСТЕРІНДЕГІ АДАМГЕРШІЛІК БЕЙНЕСІ
Н. ҒАБДУЛЛИН ПОВЕСТЕРІНДЕГІ АДАМГЕРШІЛІК БЕЙНЕСІ
Материалы на данной страницы взяты из открытых истончиков либо размещены пользователем в соответствии с договором-офертой сайта. Вы можете сообщить о нарушении.