Тақырыбы:
Мақсаты: Балалардың Наурыз туралы білімдерін жетілдіріп, салт – дәстүрімізді құрметтеп, балалардың бойына сіңіру мақсатында көктем мерекесі, Ұлыстың ұлы күні – Наурызды тап өту.
Мұғалім: Армысыздар, алыстан арып келсең, айран ұсынып, «қонақ» десе құрт – майын сақтаған абзал аналар, күлкісі әсем жеңгелер, жақын жүрсе қылығымен сүйсінткен аяулы апа- сіңлілер, ұстаздар мен оқушылар! Сіздерді төл мерекеміз Наурыз мейрамымен шын жүректен құттықтаймыз! Құттықтай отырып, дендеріңізге саулық, отбасыларыңызға бақыт тілеп бүгінгі «Наурыз – қазақтың төл мерекесі» атты ашық тәрбие сағатымызды бастаймыз.
Тыңдаңыздыр!
Той дабылын қағып тұрған мұнда біз бар.
Тыңдаңыздар, тыңдаңыздар,
Наурыз тойы басталды.
Келіңіздер, Наурыз күнін қарсы алайық,
Билейік, жыр жырлайық, ән салайық.
Қаһарлы қыстан өтіп, Наурыз келді
Арқаңды кеңге салшы, уа халайық!
Наурыз - қазақтың төл мерекесі сценарий.docx
Тақырыбы: «Наурыз – қазақтың төл мерекесі!».
Мақсаты: Балалардың Наурыз туралы білімдерін жетілдіріп, салт – дәстүрімізді құрметтеп,
балалардың бойына сіңіру мақсатында көктем мерекесі, Ұлыстың ұлы күні – Наурызды тап өту.
Мұғалім: Армысыздар, алыстан арып келсең, айран ұсынып, «қонақ» десе құрт – майын сақтаған
абзал аналар, күлкісі әсем жеңгелер, жақын жүрсе қылығымен сүйсінткен аяулы апа сіңлілер,
ұстаздар мен оқушылар! Сіздерді төл мерекеміз Наурыз мейрамымен шын жүректен құттықтаймыз!
Құттықтай отырып, дендеріңізге саулық, отбасыларыңызға бақыт тілеп бүгінгі «Наурыз – қазақтың
төл мерекесі» атты ашық тәрбие сағатымызды бастаймыз.
Тыңдаңыздыр!
Той дабылын қағып тұрған мұнда біз бар.
Тыңдаңыздар, тыңдаңыздар,
Наурыз тойы басталды.
Келіңіздер, Наурыз күнін қарсы алайық,
Билейік, жыр жырлайық, ән салайық.
Қаһарлы қыстан өтіп, Наурыз келді
Арқаңды кеңге салшы, уа халайық!
Еркебұлан – Қызыр баба: Ау, аман ба, жараңдар!
Алтын таңға қараңдар.
Ерте жайнап атты таң,
Естіліп тұр шаттық ән.
Келе жатыр жылымыз,
Мейрамдаймыз мұны біз.
Жас балаша нұрланып,
Жадырайды күніміз.
Күннің жаңа нұры бар,
Мұның ғажап сыры бар!
Халық сүйген мейрам – бұл
Қарсы алайық тұрыңдар.
Мұғалім: Қош келдің, Қызыр баба!
Бақыт – Күн: Сәлем ата – аналар!
Қызыр баба аман ба?
Жасы жайлы заманда
Уақыт үдеп, келдім мен
Бақыт тілеп адамға.
Қудым жерден суықты
Қырдан салқын булықты
Құтты болсын мерекең
Наурыз айы туыпты.
Әне, Наурыз, келді,
Әсемденер жер енді.
Гүлзат – Наурыз: Сәлем, анам – алтын Күн!
Сәлем, қарты халқымның!
Уақытыма риза боп,
Бақытыма шалқыдым.
Еркебұлан – Қызыр баба: Қош келіпсің, амамын,
Арман тойы ананың.
Қуанышы балалның,
Қуанышы ғаламның.
Құтты болсын қадамың
Сені тойлап қарсы алып,
Бар әлемге жар салып, «Бейбітшілік тойы» деп,
Қол соғады барша жұрт.
Гүлзат – Наурыз: Ашық болса күніміз,
Ашылады нұрымыз.
Бай, тұлғалы өңірде
Айтылады жырымыз.
Бақыт – Күн: Күн менен түн теңелді,
Күнде ұзарам мен енді.
Гүлмен жерді жайнатып,
Гүлден, Наурыз, сен енді.
Гүлзат – Наурыз: Жайнатамын гүл – гүлді,
Сайратамын бұлбұлды.
Мерейлі жұрт тойласын,
Мейрам етіп бұл күнді.
Еркебұлан–Қызыр баба: Ау, жараңдар, келіңдер,
Той қызығын көріңдер.
Наурыз айға бас иіп,
Күнге сәлем беріңдер.
Нұрлыбек – Жиренше: Той әкелген ғаламға
Күн мен Наурыз аман ба?
Бас иеміз, бабамыз –
Бас иемін соған да.
Барша жұртым аман ба?
Бақыт – Күн: Мың жасай бер, Жиренше!
Гүлзат – Наурыз: Жастар сөзді үйренсе,
Өздеріңізден үйренсін.
Еркебұлан – Қызыр баба: Келдің шаршап алыстан,
Төрлет шешен – данышпан!
Нұрперзент – Алдар: Сәлем Ай мен Күніміз!
Мейман парқын біліңіз.
Қыруар істі бастаймыз
Қуанышты үніміз.
Қайтқан емес талайым
Той болсын деп тойлайын.
Айналайын ағайын,
Қолдарыңды алайын.
Бақыт – Күн: Аман бол, мәңгі жарқыным!
Гүлзат – Наурыз: Жасаңыз досы халқымның.
Батырхан – Тазша бала: Күн мен Айға әлемнің,
Берем ыстық сәлемін.
Қарттарыма сүйеніп,
Сәлем берем иіліп.
Орындалды ойларың,
Құтты болсын тойларың!
Бәрі: Көп жаса, Тазша бала!
Батырхан – Тазша бала: Мен өзім Айға мініп Күнге бардым,
Мінезім құбылуындай күнбағардың.
Түбінде өтіріктен жүлде алармын.
Шыңына «шындығымның» жетемін деп,
Шынында өте бөсіп кетермін тек.
Жалғанға өзегімнен өзім тудым, Алғанда өз елімнен төте міндет.
Нұрперзент – Алдар көсе: Ұлыс оң болсын!
Гүлзат – Наурыз: Ақ мол болсын!
Бақыт – Күн: Ниеттерің ақ болсын!
Еркебұлан– Қызыр баба: Бастарыңа бақ қонсын!
Нұрлыбек Жиренше: Еліміз бай болсын!
Батырхан– Тазша бала: Денсаулық зор болсын!
Еркебұлан– Қызыр баба: Арам пиғыл болмасын!
Хормен: Наурыз құтты болсын!
Мұғалім: Күн, Ай туды жаңаша,
Күлкі, шаттық тамаша!
Даңқым кетті тым алыс
Бүгін елде – қуаныш.
Күткен қыстай сағына
Күн туды елдің бағына
Тал егіңдер, балалар!
Уыз сауып аналар,
Келін жасын дастархан
Елім тойсын – ас дарқан.
Көкпар тарту, қыз қуу
Көк майсада қызсын ду.
Тамашаның түрі көп,
Жаңаша күн – дірілдет.
Хор: « ».
Мұғалім: Ән мен күйді шалқытып,
Інжу – маржан шашайық.
Жиналған халық таң қалсын,
Өнерден күмбез жасайық.
Би: « » күйі. Орындайтындар:.
Мұғалім: Наурызды тәңір бізге нәсіп еткен,
Мейірім танысын деп тасып өткен.
Наурыз сән – салтанат, ұлттық рух,
Бақытты наурызы бар халқым неткен!
Ән: « ». Орындайтындар:
Мұғалім: Көктем келді. Күн күліп арайланды,
Шын досыңның көктемдей арай жаны.
Күліп аспан, ал дала шаттанғанда,
Жылуындай көктемнің тарайды әні.
Ән: « ». Орындайтындар:
Мұғалім: Жыр сыйлаған, нұр сыйлаған тірлікке,
Қастерледік қадіріңді білдек те.
Құтты болсын Ұлы күн жұмылдырған
Бәрімізді ынтымақ пен бірлікке!
Көрініс: « ». Орын/дар:
Мұғалім: Әнім де саған, биім де,
Құт қонақ өзің үйімде.
Қуаныш сыйлар еліме,
Күлімде, Наурыз, күлімде.
Ән: « ». Орын/дар:.
Мұғалім: Ұштасқан оймен мәңгілік, Біздерде бар сан ғұрып.
Ғасырлардан ғасырға
Келе жатқан жаңғырып.
Бермен жақын тұрыңдар,
Сөзіме көңіл бұрыңдар.
Жауқазындай Наурыздың
Жарапазан жыры бар.
Жарапазаншылар – Батырхан, Досымжан
Айтамыз жарапазан ауылыңа,
Тілейміз денсаулықты бас – басыңа!
Тілесек денсаулықты бас – басыңа,
Амандық келер ән күн отбасыңа.
Айтқанмен жарапазан тоямыз ба,
Дәстүрін халқымыздың қоямыз ба?!
Дәстүрін халқымыздың біз ұмытсақ,
Дүниеде екі бірдей оңамыз ба?
Мұғалім: Құрметті, көрермендер! Жарапазан айтқан балаларымыздың сыбағасын берейік.
Жатыр шалқып көңілім, шалқып әнім,
Наурыз сыйлап қуаныш, бақыт нәрін.
Ұлыстан соң күтіп тұр Ұлы күнің,
Наурыз көжеге бәрің кел, бәрің, бәрің.
Наурыз көже – Наурыз тойына тән, көпшілікке арналған мерекелік тағам. Жеті түрлі дәмнен: сүт,
ет, су, тұз, тары, құрт, жеміс тағы сол сияқты тағам түрлерінен жасап, оған қазы, шұжық сияқты
сыйлы мүшелер қосып, мерекемен құттықтауға келгендерге ықыласпен ұсынады. Наурыз көженің
тәрбиелік мәні зор. Ол адамдарды жомарттыққа, ізгілікке, ұйымшылдыққа, татулыққа, бірлікке
шақырады. Сол көжеден тойып ішсең, жыл бойы тоқ жүресің деген сөз бар. Ол тоқшылық пен
ырыстың жоралғысы.
Бір топ қыздар:
Наурыз тойын әдемі,
Әжем еске түсірді.
Біздерге арнап әдейі,
Наурыз көже пісірді.
Әжем Наурыз көжеге,
Жеті түрлі ас салды.
Бидай, күріш, тары бар,
Бар сүт, ет пен шұжығы.
Ащы құрты тағы бар,
Көже елдің ырзығы.
(«Наурыз көже» таратылады).
Мұғалім: Шырқайтын көкірегіңде жатыр ма әнің,
Жайқалып өсе берсін жапырағың!
«Ұлыстың Ұлы күні құтты болсын» дей келе,
Бір топ жігіттерді ән салуға шақырамын.
Ән: « ». Орын/дар:
Мұғалім: Наурыз тойың, Наурыз тойың,
Құтты болсын, халайық!
Күй төгілсін, күй төгілсін,
Қане, билеп шығайық.
Би: « » күйі. Орын/дар:
Мұғалім: Қос жанары аспанның,
Қос арқауы дастанның,
Домбыраның қос ішегі – Мына тұрған Ай мен Күн.
Ән: « ». Орын/дар:
Мұғалім: Өнерлі, өршіл өренді,
Халық жақсы көреді.
Біздің сері бишілерге
Енді кезек келеді.
Би: « » күйі. Орын/дар:
Мұғалім: Аңқылдаған, ақ пейілді халқым менің,
Ардақта Наурыз тойын, салтыңды елім.
Игі еңбек жемісін бәрін жегін,
Мереке басы болсын берекенің.
Ән: « ». Орын/дар:
Мұғалім: Наурыз тойы асқақ әнмен шарықтасын,
Халқымыз той думаннан жалықпасын.
Жер жүзі бейбітшілік заман болып,
Ұрпақтар әрқашанда аман болсын!
Ал, енді Наурыз бата алайық.
Еркебұлан – Наурыз бата:
Жарылқа, алла, қабыл ет!
Жарылқаудың қамын ет!
Ізет, абырой, бақ дәулет,
Қызыр қарап, бақ қонып,
Не тілесең, соның бәрін қабыл ет!
Әлемнің бетін жарық ет!
Ұл – қызды түгел білімді ет!
Келесі Наурыз айына,
Аман – есен түгел жет!
Меккедегі Мұхамбет,
Түркістанда Қожахмет.
Маңғыстауда Ер Бекет
Осы айтқан тілеуімді
Құдай қаласа, қабыл ет!
Әумин!
Хор: « ».
Мұғалім: Сәулесіндей көрініп таңғы үміттің,
Басын қостың салт – дәстүр, сан ғұрыптың.
Жаса, Наурыз, жарқыра көкте күндей,
Мерекесі достықтың, мәңгіліктің.
Осымен, бүгінгі «Наурыз – қазақтың төл мерекесі» атты ашық тәрбие сағатымызды
аяқтаймыз. Тағы да, Наурыз мерекесі құтты болсын!
«Наурыз – қазақтың төл мерекесі!».
«Наурыз – қазақтың төл мерекесі!».
«Наурыз – қазақтың төл мерекесі!».
«Наурыз – қазақтың төл мерекесі!».
«Наурыз – қазақтың төл мерекесі!».
Материалы на данной страницы взяты из открытых истончиков либо размещены пользователем в соответствии с договором-офертой сайта. Вы можете сообщить о нарушении.