Наурыз ұлыстың ұлы күні
Оценка 4.9

Наурыз ұлыстың ұлы күні

Оценка 4.9
Мероприятия
doc
классное руководство
3 кл—11 кл +1
21.04.2017
Наурыз ұлыстың ұлы күні
Тəрбие сағаты ұлттық мейрам Ұлыстың Ұлы күніне жоспарланған.Мақсаты:оқушылардың танымдық,рухани қабілеттерін дамыту.Ұлтжандылыққа тəрбиелеу.Осы тəрбие сағатында Наурыз мерекесі кезіндегі салт-дәстүр,əдет-ғұрып, өнер,ұлттық спорт ойындарының түрлерін дәріптеу.Мерекелік ертеңгілік 2-3 сынып оқушыларың жас ерекшеліктеріне сай етіп құрылған.Екі сынып оқушылары екі ауылдың бейнесінде өз мүмкіндіктерін көрсетеді.Мақсаты:Оқушылардың танымдық,ұлтжандылық қабілеттерін дамытуды.Түрі:мерекелік ертеңгілік.Көрнекілігі:Киіз үй пакеті,плакаттар,шаралар,ұлттық бұйымдар
22наурыз(1).doc
Ұлыстың Ұлы  күні – Наурыз !!! Мақсаты: Ұлыстың ұлы күні Наурыз мерекесі туралы білімдерін тереңдету. Оқушылардың тілін, мәнерлеп өлең оқу, ән салу, би билеу, сөйлеу мәдениетін, сөздік қорын дамыту.  Оқушыларды елін сүюге, дәстүрлі мерекелерді құрметтей білуге тәрбиелеу. 3 А: Құрметті ұстаздар, қадірлі қонақтар! Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мейрамы құтты  болсын!Наурыз – көнеден келе жатқан мейрам. Күні бүгінге дейін жер шарындағы көптеген халықтардың дәстүрлі мейрамына айналған. 2 Г:Наурыз» сөзі – біріншіден, жыл басында тойланатын думанды халықтық мейрам,  екіншіден, ай аты, үшіншіден, ұлыс күні жасалатын көжеге байланысты айтылады.Наурыз –  бақыттың бастамасы, жақсылықтың жаршысы, өмірге нұр сыйлаған, сезімге гүл сыйлаған,  халық қастерлейтін күн. Ұлыстың ұлы күні құтты болсын, ағайын! 3 А: Жігіттер мен сұлулар! Той болады, Көктем келді, Жаңа жылды ерте келді! Ойын күлкі думанымен Көптен күткен Наурыз келді? /Барлығы көрпелерге шуласа жайғасады/ Мұғалім: Балалар көктем келді, Көктем келсе айнала төңірекке жан кіреді, Алыс жақтан  құстар ұшып келеді, қысқы ұйқысынан аңдар оянады. Табиғат жаңарып гүлденеді, бұған  адамдар қуанады. Әр халықта Көктем мерекесі әртүрлі тойланады: Балалар бұл мереке  қалай аталады? /Оқушылар бірге «»Наурыз»/ 2 Г: Бұл әлемде мереке көп, Қуанышты, әдемі! Ал біз үшін ең жақсысы Қымбатты Наурыз мейрамы! /хормен/ 3 А: Наурыз келсе –құт келгені , халайық! Есік ашып, шашу шашып,  Ел болып қарсы алайық! (Екі ауылдан екі қыз бала шығып шашу шашады)  ӘН: / хормен/ «Наурыз көктем» Мұғалім:  Наурыз мейрамы – жыл басы. Бұл ежелден келе жатқан мереке. Біздің ата –  бабамыз үшін жыл басы көктемнен басталады. 2Г:Құлағыңды сал, халайық! Естімедің демеңдер! Ойын – сауық қабақ бар, Тіл үйірген тамақ бар, Күш сынсар жігіттер Ән салатын қыздар бар. Аяулым: Көргенде қуанасың таза әуені, Құлаққа естілгендей жаз әуені. Жыл сайын тойланатын мәңгі – бақи, Наурызың құтты болсын, қазақ елі. Қанат: Той дегенде қазақтың жаны кірер, Бағаңды жас білмесе, кәрі білер. Наурызың құтты болсын, нар ағалар, Наурызың құтты болсын, бар інілер.  Қаламқас:                                      Жақсылық жүрегіне жыр еселер, Биікке шарықтатар киелі өнер, Наурызың құтты болсын, апа — әкелер, Наурызың құтты болсын, ата — әжелер. Ерхан: Желпіген аққу құстың қанатындай, Бақ келіп ақ үйлерге қонатындай. Қасиетті наурық тойы пәктігіңнің, Тойы деп айтуға да болатындай. Еркежан: Көңілдің құлпыларын ашайық та, Қиялмен қияларға асайық та. Қасиетті наурыз тойы елдігіңнің, Ерке бір қуанышы десе айып па? 2 Г оқушылары Мұғалім: Балалар 22 – наурыз – аспан денелері өздерінің бастапқы нүктелеріне келіп, күн  мен түн теңелетін, жан – жануарлар төлдеп, адамдардың аузы аққа тиетін, жер үстіне  шаттық орнаған күн. 3 А:Күндіз бар да түнде жоқ Түнде бар да күндіз жоқ Бұл екеуі болмаса Тіршілігің мүлде жоқ. КҮН:  Айзада: Самарқанның көк тасы, Ериді мен келгенде. Тоң боп қатқан топырақ, Жібиді мен келгенде. Енесіне баласын, Телиді мен келгенде. Тар көңілдер түнерген, Кеңиді мен келгенде. Ақ жүзіңді бері бұр, Тұсыңа бір келгенде. ТҮН:  2 Г Неткен ыстық күн көзі, Неткен ғажап күн көзі. Ағаш біткен көгерсін, Жасыл шалғын көктесін. Адамдарға нұр сеуіп, Шарлайық біз көктесін, Наурыз күні келген бақ Қалың елдің ырысы, Босағаңнан тепкілесе кетпесін. КҮН: Сәулесі мол күнмін ТҮН; Жұлдызы көп түнмін БІРГЕ; Бүгін біздер бірдей боп Теңелеміз біз бүгін ТҮН; Ал ертең күн ұзақ КҮН: Түн қысқарар бірақ Бірге: Ұйқы қанбай қалып,  Жүрмеңдер тек шырақ. 2 Г:Қос жанары аспанның, Қос арқауы дастанның. Домбыраның қос ішегі, Мына тұрған Ай мен Күн. Арта берсін халайық, Берекелі байлығың. Наурыз тойы құтты боп­ олай болса Күн мен Түннің құрметіне «Келді көктем» әнін  2 Г  сынып оқушылары  шырқап берсін 3 А:Наурыз күні атқа мінген жігіттер елді аралап жарапазан айтқан. Игі тілекпен әндете  келген жарапазаншыларға  адамдар бауырсақ, құрт, ірімшік, ұсынып, шапан жауып,  белдеріне жібек ормал таққан. Нұрқасым: 3А Айтамыз жарапазан отбасына, Тілейміз денсаулықты бас – басыңа. Тілесек денсаулықты бас – басыңа, Амандық келер әр күн отбасыңа. Айтамыз жарапазан ауылыңа, Береке, бірлік берсін қауымыңа. Береке, бірлік берсе қауымыңа, Бас имес кімдер келіп ауылыңа Аружан: 2Г Айтамыз жарапазан еліңізге, Байлаңыз жақсы орамал белімізге. Байласаң жақсы орамал белімізге, Кетеміз мақтай  — мақтай елімізге. Айтқанмен жарапазан тоямыз ба? Дәстүрін халқымыздың қоямыз ба? Дәстүрін халқымыздың біз ұмытсақ, Дүниеде екі бірдей оңамыз ба? 2Г:Кел, Наурыз келешекті жарқын шолып, Барыстай ұрпақтарға даңқың қонып. Қазақстан олғанда – Ғажапстан, Қол соғып қуаналық халқым болып. БИ: «Жігіттер» —  биі  2 Г сынып 3А:  Бауырласқан тәніміз Бұзылмаған салтымыз Кең даланың ежелгі Қазақ деген халқымыз Өзге ұлттай біздің де Бар дәстүр мен салтымыз­ олай болса аналарымыздың салт­дәстүр жайлы бізге айтандыраы бар екен. 1 оқушы 3 А Сәлемдеме(дәстүр)­ адамдардың бір­біріне деген сыйластығының, құрмет тұтуының айқын белгісі. Олар көптен көрмей сағынысқан адамдардың бір­біріне жіберген қымбат бұйымы,  асыл заты немесе тжеңсік тамағы, қысқы сыбағасы. Оның қымбат бағалы болуы шарт емес.  Сәлемдеме келген адам жіберген адамға ақ батасын, шын ризашылығын білдіріп қатты  қуантады. (Қоржынынан зат, қысқы сыбаға, сарқыт алып жанындағыларға береді.) 2 оқушы 3 А Кеусен­ бұл егіншілікке байланысты айтылатын сөз. Әдетте егін  пісіп мол өнім алғанда  егіншілер туған туыстарына, ауылдастарына астық береді. Мұны кеусен дейді. (Тостағанға бидай салып әкеліп оны дастарханға былтырғы жылдың кеусені деп қояды.) 3 оқушы 2 Г: Тәбәрік­ Біреу ойын тойда бәйге, жүлде алса немесе құдалық салт­дәстүрде кәде алса,  одан жанындағыларға үлес беруі керек. Мұндайда жұрт одан «Тәбәрік бер» деп сұрайды.  (Жақында құдалықтан мынандай тәбәрік алып едім деп матаны жанындағыларға  жыртып береді) 4 оқушы 2 Г: Қалау­ біреудің жақсы затына , малына, мүлкіне көңілі кеткен адам сол үйге барып қалау  қалайды. Дәстүр бойынша үй иесі қалаушы адамға қонақасы беріп, қалағанын орындап  қайтаруға тиіс. Бұл –жомарттық пен мәрттіктің белгісі. (Жанындағы бір кісіге барып  сіздің мойын орамалыңыз маған қатты ұнап, қалауым түсіп тұр.) 2 Г: ­Олай болса , салт­дәстүрді дәріптейтін мына бір әнді білмейтін қыздар жоқ шығар?  Сіздерден біз ән кәдесін сұрайық ҚЫЗДАР ӘНІ: «Шілдехана , бесік той»  3А:Балалар Наурыз күні кеш батуға айналған кезде ақындар айтысы басталған. Олар  жақсылық пен жамандықты, суық пен жылыны, қыс пен  жаздың күресін жырлаған. 2Г:Наурыз жырын жырлаймыз, Онымен де тұрмаймыз. Шындалып жеткен бұл күнде Ел дәстүрін сыйлаймыз. Айтыс: Еркежан: Айтыс айтыс болады, Өлең айтса жөнімен. Наурыз тойын қыздырып Кім айтысар менімен. Жігер: Еркежан  апай шиқылдап, Ұқсайды екен шөжеге. Шөлдеп қапты шөжелер, Шөлдегенге көже бер. Еркежан: Шуылдаған қозыдай, Ойнайтұғын, сәби тым. Көже берсе тауыспай, Қоймайтұғын, Жігерім. Жігер: Қадай алмай түймеңді, Жылауыңды қойдың ба? Сабағыңды апаңнан Сұрауыңды қойдың ба? Еркежан: Сүрінгенді мазақтап, Жөнің жоққой күлетін. Сен дейсің бе саусағының Санын білмей жүретін. Бірге: Жылдың басы – Наурыз, Жырдың басы – Наурыз Наурызға жыр арнап, Айтысамыз әлі біз 3А:Ал халайық тұрмайық, Әндетейік шырқайық. Дөңгелесін бишілер, Ортамызды ашайық. БИ: «Домбыра» 3 А қыздары 2 Г:Жаңа жыл туып, алғашқы күн күркіреп, көк дүркірегенде ел ішінде «саумалық » айту  дәстүрі бар. 3 А:Саумалық, Саумалық, Қан тауының көк құсы Ұйқыдан көзін ашты ма? Саумалық, Саумалық, Самарқанның көк тасы Жіберді ме; көрдің бе? Ауыл қыздары табалдырық үстіне жаңа сауған сүтті шөмішке құйып қойып: 1 ауыл қызы Саумалық, Саумалық, Жаңа келген жақсылықты Көрдік пе, көрмедік пе? 2 ауыл қызы Саумалық, Саумалық, Сүті коп, көмірі аз. Жаңа жыл, жарылқа, Ескі жыл, есірке — (Деп, үйдегі ескі ыдысты сындырып, «қабақ сынды, қайғы кетті» деп ырым жасаған.) Ұлттық ойын: Бүркіт ойыны (Әр ауылдан 3 жігіттен шығады) Қол күрес ойыны (Әр ауылдан 3 жігіттен шығады) Арқан тартыс (Әр ауылдан 6 жігіттен шығады) 2 Г: ­Қазақтың жігіттері тек күштерімен мен ғана емес сал­серіліктерімен де танымал  болған. Ендеше жігіттеріміздің күшін сынап көрдік. Енді жақсы әндерін тыңдап көрелік. ӘН: Ақсиса ұлдар тобы 3 А:Қоғамдық өмір өрістеп, Сан ғасыр зулап өтсе де, Наурыз тойын теріс деп, Айтпаған ешкім әйтсе де. Өйткені оның бойында Еңбек, бірлік, достық бар. Халықтық дәстүр ойынға Болмақшы емес орын тар. 2 Г:Наурыз күні жеті немесе тоғыз түрлі тағамнан қазан толы көже пісіріледі. Қазан аузы жоғары, — деп жиналғандарға наурыз көже таратылады. Наурыз көженің сүр ет салып пісірілуі қыс тағаты етпен қоштасуды, ал құрамына ақтың қосылуы жас тағаммен  қауышудың мәнісін білдіреді. Наурыз күні қасиетті дәмненқадірменді адамдарға,  жолаушылап кеткендерге сыбаға сақталады. ӘН: «Дастархан» 3 А қыздар 3 А: Ән қосылсын әніңе, Сән қосылсын сәніңе Ырысты боп жаңа жыл Бақ дарысын бәріңе Ой қосылып ойыңа Бой қосылып бойыңа Аман­есен жетейік Келер Наурыз тойына –дей келе барлықтарыңызды дастархан басына шақырамыз.

Наурыз ұлыстың ұлы күні

Наурыз ұлыстың ұлы күні

Наурыз ұлыстың ұлы күні

Наурыз ұлыстың ұлы күні

Наурыз ұлыстың ұлы күні

Наурыз ұлыстың ұлы күні

Наурыз ұлыстың ұлы күні

Наурыз ұлыстың ұлы күні

Наурыз ұлыстың ұлы күні

Наурыз ұлыстың ұлы күні

Наурыз ұлыстың ұлы күні

Наурыз ұлыстың ұлы күні

Наурыз ұлыстың ұлы күні

Наурыз ұлыстың ұлы күні
Материалы на данной страницы взяты из открытых истончиков либо размещены пользователем в соответствии с договором-офертой сайта. Вы можете сообщить о нарушении.
21.04.2017