"Наурыз мейрамы"
Оценка 4.7

"Наурыз мейрамы"

Оценка 4.7
Культурные мероприятия
docx
классное руководство
10 кл
04.06.2017
"Наурыз мейрамы"
Тәрбие сағатының мақсаты: Ұлыстың ұлы күні Наурыз мерекесі туралы білімдерін тереңдету. Оқушылардың тілін, мәнерлеп өлең оқу, ән салу, сөйлеу мәдениетін, сөздік қорын дамыту. Оқушыларды елін сүюге, дәстүрлі мерекелерді құрметтей білуге тәрбиелеу. Наурыз – көнеден келе жатқан мейрам. Күні бүгінге дейін жер шарындағы көптеген халықтардың дәстүрлі мейрамына айналған. «Наурыз» сөзі – біріншіден, жыл басында тойланатын думанды халықтық мейрам, екіншіден, ай аты, үшіншіден, ұлыс күні жасалатын көжеге байланысты айтылады. Наурыз – бақыттың бастамасы, жақсылықтың жаршысы, өмірге нұр сыйлаған, сезімге гүл сыйлаған, халық қастерлейтін күн. Ұлыстың ұлы күні құтты болсын, ағайын!
Тарбие сагаты - Наурыз мейрамы - 5 сынып.docx
Б. Жолбарысұлы атындағы №18 орта мектеп­лицейі Тақырыбы:  Ұлыстың Ұлы  күні – Наурыз !!!                                                    Сынып жетекші: Сапарғалиев А.М.                                                                                                10 «А» ­ сынып Талдықорған  қаласы Тәрбие сағатының тақырыбы: Ұлыстың Ұлы  күні – Наурыз! Мақсаты: Ұлыстың ұлы күні Наурыз мерекесі туралы білімдерін тереңдету.  Оқушылардың тілін, мәнерлеп өлең оқу, ән салу, сөйлеу мәдениетін, сөздік қорын  дамыту. Оқушыларды елін сүюге, дәстүрлі мерекелерді құрметтей білуге  тәрбиелеу. Кіріспе: Кенжебайқызы  Дана: Құрметті ұстаздар, қадірлі қонақтар! Ұлыстың  ұлы күні – Наурыз мейрамы құтты болсын! Наурыз – көнеден келе жатқан мейрам. Күні бүгінге дейін жер шарындағы  көптеген халықтардың дәстүрлі мейрамына айналған. «Наурыз» сөзі – біріншіден, жыл басында тойланатын думанды халықтық  мейрам, екіншіден, ай аты, үшіншіден, ұлыс күні жасалатын көжеге байланысты айтылады.  Наурыз – бақыттың бастамасы, жақсылықтың жаршысы, өмірге нұр  сыйлаған, сезімге гүл сыйлаған, халық қастерлейтін күн. Ұлыстың ұлы күні  құтты болсын, ағайын!          Баяндама: 22 наурыз. Наурыз мерекесінің тарихы.          Оқитын: 1­оқушы.             Наурыз   мерекесі   әлемнің   ең   көне   мерекелерінің   бірі.   Орта   Азия халықтарында бес мың жыл бойы аталып өтілуде. "Наурыз" сөзі парсы тілінен аударғанда "Жаңа күн" деген мағынаны береді.             Бұл   мереке   Ислам   дәуіріне   дейін   тойланып,   халық   арасында   ерекше қолдауға ие болып келеді.         Наурыз мерекесінің туу тарихы турасында талас көп. Көбі ел аузындағы аңызға жүгінеді. Аңыздың өзі сан алуан. Дегенмен, аңыздың түбінен ақиқаттың бір ұшы қылт ететіні рас... Кейбір ғалымдар бұны зороастризм кезеңіне дейінгі уақытпен   байланыстырады.   Кейбіреулер   Парсы   патшасының   жорықтарымен байланыстырып жүр.             Парсы патшасы Джамшид өз елінің аумағын аралап жүріп, Азербайджан атты мекенге тап болыпты. Осы жерде уәзірлеріне күнгей бетке қаратып үлкен тақ орнатуды бұйырған екен. Күн сәулесі тақпен шағылысып, айналаға ерекше нұр шашыпты деседі. Содан кейін жұрт осы күнді жаңа жыл есебінде тойлауды әдетке айналдырған екен. Қалай болғанда да, бұл мереке 18 ғасырға дейін Ежелгі Грекияда, Ежелгі Римде,   Ұлыбританияда   аталып   өтіліп,   1700   жылға   дейін   ежелгі   Русьте тойланып келген.        Оқитын: 2­оқушы.             Көктем   мерекесі   туралы   мәліметтер   антикалық   және   орта   ғасырлық жазушылардың еңбектерінде кездеседі. Шығыс жыл санағы бойынша, мереке ирандықтардың   жаңа   жылы   Наврузбен   жанасады.   Наурыз   мерекесін   түркі тілдес халықтар тойлайды. Тәжік халқы бұл мерекені "Бәйшешек", "Гүлгардон" не   "Гүлнавруз",   татарлар   "Нардуган",   бирмалықтар   "Су   мейрамы", хорезмдіктер   "Наусарджи",   буряттар   "Сагаан   сара",   армяндар   "Навасарди", чуваштар "Норис ояхе" деп атаған.       Ежелгі жыл санағы бойынша, 22 наурызда күн мен түн теңеседі. Наурыз – жылдың  бірінші  күні, жыл  басы, көктемнің  алғашқы  айы.  Наурыз  мерекесін қазақ халқы «Армысың, Әз Наурыз», «Әз болмай, мәз болмас» деп қарсы алған.        Наурыз мейрамы – діни мереке емес. Бұл қалың қыстан аман­есен шығып, күн   нұрына   бөленіп,   жаңа   жылды   қарсы   алу   мерекесі.   Наурыз   мерекесінде көріскен жандар бір­бірін құшақ жая қарсы алып, игі тілектер айтады. Қазақ халқы бұл күні дүниеге келген қыз балаларға Наурыз, Наурызгүл, Наурызжан, ер балаларға Наурызбай, Наурызбек, Наурызхан деген есім берген.          1926 жылдан бастап, тоталитарлық жүйенің ықпалымен наурыз мерекесін тойлауға   тыйым   салынды.   Көп   жылдар   бойы   ұмытылып,   сынын   жоғалтқан мереке 1988 жылдан бері қайта жаңғырып, Наурыз мейрамын тойлау дәстүрі өз жалғасын тапты.             Наурыз   мерекесі   1991   жылы,   15   наурызда   Қазақ   СР   Президентінің қаулысының негізінде мемлекеттік мәртебеге ие болды. Елбасы наурыз айының 22 жұлдызын "Наурыз мейрамы" деп жариялады. Ал 2009 жылдың 24 сәуірінде ҚР президенті Н. Ә. Назарбаев наурыз айының 21, 22, 23 күндеріне   "Наурыз мейрамы" деген атақ берді. 3­оқушы:                          Жігіттер мен сұлулар!                                                             Той болады, Көктем келді,                              Жаңа жыл ерте келді!                                 Ойын күлкі думанымен                                            Көптен күткен Наурыз келді?                 Мұғалім:  Балалар көктем келді, Көктем келсе айнала төңірекке жан  кіреді, Алыс жақтан құстар ұшып келеді, қысқы ұйқысынан аңдар оянады. Табиғат жаңарып гүлденеді, бұған адамдар қуанады. Әр халықта Көктем  мерекесі әртүрлі тойланады: Балалар бұл мереке қалай аталады?  /Оқушылар бірге «»Наурыз»/ 4­оқушы:                Бұл әлемде мереке көп,                                              Қуанышты, әдемі!                                              Ал біз үшін ең жақсысы      Қымбатты Наурыз мейрамы!  Күй.            Орындайтын:  5­оқушы. 6­оқушы:                             Құлағыңды сал, халайық!                            Естімедің демеңдер!                            Островский мектебінде Наурыз тойын бастаймыз.                            Ойын – сауық қабақ бар,                            Тіл үйірген тамақ бар,                        7­оқушы:    Көргенде қуанасың таза әуені,     Құлаққа естілгендей жаз әуені.                Жыл сайын тойланатын мәңгі – бақи,             Наурызың құтты болсын, қазақ елі. 8­оқушы:  Той дегенде қазақтың жаны кірер,                                        Бағаңды жас білмесе, кәрі білер.                                        Наурызың құтты болсын, бар інілер.         Наурызың құтты болсын, нар ағалар, 9­оқушы:       Жақсылық жүрегіне жыр еселер,                                              Биікке шарықтатар киелі өнер,                      Наурызың құтты болсын, апа ­ әкелер,                       Наурызың құтты болсын, ата ­ әжелер. 10­оқушы:   Желпіген аққу құстың қанатындай, Бақ келіп ақ үйлерге қонатындай.  Қасиетті наурық тойы пәктігіңнің,                                        Тойы деп айтуға да болатындай.     11­оқушы: Қиялмен қияларға асайық та.               Көңілдің құлпыларын ашайық та,              Қасиетті наурыз тойы елдігіңнің,               Ерке бір қуанышы десе айып па?      Қорытынды сөз.            Сапарғалиев А.М.:   Балалар 22 – наурыз – аспан денелері өздерінің бастапқы нүктелеріне келіп, күн мен түн теңелетін, жан – жануарлар төлдеп, адамдардың аузы аққа тиетін, жер үстіне шаттық орнаған күн.        Наурыз күні атқа мінген жігіттер елді аралап жарапазан айтқан. Игі  тілекпен әндете келген жарапазаншыларға  адамдар бауырсақ, құрт, ірімшік,  ұсынып, шапан жауып, белдеріне жібек ормал таққан.    Наурыз күні жеті немесе тоғыз түрлі тағамнан қазан толы көже пісіріледі.   Қазан аузы жоғары, ­ деп жиналғандарға наурыз көже таратылады. Наурыз  көженің сүр ет салып пісірілуі қыс тағаты етпен қоштасуды, ал құрамына ақтың қосылуы жас тағаммен қауышудың мәнісін білдіреді. Наурыз күні қасиетті  дәмненқадірменді адамдарға, жолаушылап кеткендерге сыбаға сақталады.     Біздің тәрбие сағатымыз осы әз­Наурыз мейрамына арналды. Көңіл қойып  тыңдағандарыңызға рахмет.

"Наурыз мейрамы"

"Наурыз мейрамы"

"Наурыз мейрамы"

"Наурыз мейрамы"

"Наурыз мейрамы"

"Наурыз мейрамы"

"Наурыз мейрамы"

"Наурыз мейрамы"

"Наурыз мейрамы"

"Наурыз мейрамы"
Материалы на данной страницы взяты из открытых истончиков либо размещены пользователем в соответствии с договором-офертой сайта. Вы можете сообщить о нарушении.
04.06.2017