Наурызға шашу
Оценка 4.9

Наурызға шашу

Оценка 4.9
Культурные мероприятия
docx
классное руководство
Детсад
02.04.2017
Наурызға шашу
Білім беру саласы:Коммуникация Ұйымдастырылған оқу-іс әрекеті:Сөйлеуді дамыту. Тақырыбы: Наурызға шашу.Наурыз мейрамы. Мақсаты:Наурыз мерекесі туралы түсініктерін кеңейту. Қазақтың ұлттық тағамдары, ойындары туралы білімдерін кеңейту. Сөздік қорын, ой-өрісін дамыту. Салт-дәстүрді құрметтеуге тәрбиелеу. Әдіс-тәсілі: сұрақ-жауап, түсіндіру, ойын. Көрнекілік:Наурыз мерекесіне арналған суреттер, интербелсенді тақта. Мотивациялық қозғаушы Жылулық шеңбері Қуан шаттан алақай, Қуанатын келді күн. Қайырлы таң, қайырлы күн! Күліп шықты күн бүгін. Бірге айтады.
Наурызға шашу.docx
Наурызға шашу. Наурыз мейрамы Білім беру саласы:Коммуникация Ұйымдастырылған оқу­іс әрекеті:Сөйлеуді дамыту.  Тақырыбы: Наурызға шашу.Наурыз мейрамы. Мақсаты:Наурыз  мерекесі туралы түсініктерін кеңейту.            Қазақтың ұлттық тағамдары, ойындары туралы              білімдерін кеңейту. Сөздік қорын, ой­өрісін дамыту.            Салт­дәстүрді құрметтеуге тәрбиелеу. Әдіс­тәсілі:  сұрақ­жауап, түсіндіру, ойын. Көрнекілік:Наурыз мерекесіне арналған суреттер, интербелсенді тақта.   Баланың іс  ­әрекеті Бірге айтады. Сұраққа  жауап береді. Тыңдайды. Әрекет кезеңдері Тәрбиешінің іс­әрекеті Мотивациялық  қозғаушы            Жылулық шеңбері Қуан шаттан алақай, Қуанатын келді күн. Қайырлы таң, қайырлы күн! Күліп шықты күн бүгін. Іздену  ұйымдастыру Жылдың қай мезгілі? Көктем айларын атаңдар? Наурыз­март­march Сәуір­апрель­april Мамыр­май­may Наурыз айында қандай мерекелер  аталып өтілді? Қазақстанда наурыз 1988 жылдан бері  тойланып келеді. Наурыз­жыл басы. Халық  наурыз мерекесіне алдын ала дайындалады.  Дәстүр бойынша үйге қос шырақ жағылып,  ыдыстарды аққа, суға толтырады. Бұл күні  бұлақтар тазартылып, ағаштар  отырғызылады.  «Бұлақ көрсең, көзін аш!», «Бір тал кессең,  он тал ек» деген мақал осыдан қалған. Наурыз­достық, еңбек мерекесі. Ұлыстың  ұлы күні адамдар бір­біріне деген  реніштерін ұмытып өзіне де, өзгеге де  жақсылық тілеген. 22 наурыз – Ұлыстың ұлы күні. Бұл күні күн мен түн теңеледі. Табиғат та, Жер Ана да ,   жан­жануарлар да түлейді. Адамзаттың  бойында қан жүгіріп, тал­теректер бүршік  жарады. Қазақтың сайын даласын Қызыр  баба кезіп, адам баласына құт­береке, бақ­ дәулет сыйлайды. Самарқанның көк тасы  еріп  гүлдер, шөптер шыға бастайды. Ұлыстың ұлы күні дастарқанның басты асы­ Наурызкөже болған. Наурызкөже жеті түрлі  тағамнан жасалады. 1.Бидай 2.Ет 3.Күріш 4.Су 5.Тары 6.Тұз 7.Айран, сүт Наурыз көжені тойып ішу кажет. Дастархан  басында жастар үлкендердің батасын алған. «Ұлыс оң болсын! Ақ мол болсын! Қайда барсаң да жол болсын!» Мереке қызған кезде жастар алтыбақан  жанында түрлі ойындар ойнап, ән шырқап,  би билеп, мақал айтып, жұмбақ шешіп  жарысқан. Жұмбақ шешу: Дәмді­дәмді тағамдарды жинайды, Қонақтарды көңілдене сыйлайды.                          (дастархан) Үсті тас, асты тас  Ортасында піскен ас. (таба нан) Әліппе дәптермен жұмыс: 1.Сурет бойынша жұмыс: 1­топ:Тал егіп жатқан балалар. Ағаштың түбін қопсытып жатқан балалар. 2­топ: Гүл егіп жатқан қыздар. 3­топ. Құстың ұясын ағашқа іліп жатқан  балалар.  Сөздік жұмыс: Көшет – көшіріліп егу мақсатымен  өсірілген жас өсімдіктермен, шыбықтар,  көкөніс екпелері. Раушан гүл – әдемі ашық түсті, ал қызыл гүл.  2. Күн менен түн теңелді, Жер шуаққа кенелді, Соны тойлар ел енді. Наурыз тойы­салтымыз «Көгерсін»,­деп халқымыз, Көшеге тал егеміз. Ертеде қазақ халқы киіз үйде тұрған. Жазда  жайлауға, қыста қыстауға көшуге киіз үй  Жұмбақ  шешеді. Балалар  өздеріне  берілген  суреттер  бойынша  әңгіме  құрастырады. Қайталайды Жаттайды. өте ыңғайлы болған. Киіз үй бірнеше  бөліктерден тұрады.  Кереге – киіз үйдің ағаштан жасалған  жиналмалы торкөзді сүйегі, қаңқасы. Уық – кереге мен шаңырақтың арасын  ұстап, қосып тұратын сырық, киіз үйдің  сүйектерінің бірі. Шаңырақ – киіз үйдің уықтарын біріктіріп,  еңсесін көтеріп, тұтастырып ұстап тұратын  дөңгелек, шеңбер. Түндік – киіз үйдің шаңырағын жауып  тұратын, жаңбыр, күн өткізбейтін  төртбұрышты шағын киіз. Тәрбиешіні  тыңдайды. Сергіту сәті:  Көтеріліп шаңырақ, Керегелер керілді. Уықтарын қадаймыз, Киіз үйді құраймыз. Мақал­мәтел: Бір тал кессең, Он тал ек. Топтық жұмыс: 1­топ: Ойын: «Жоғалған буындар» 2­топ: Ойын: «Артығын тап» 3­топ: «Киіз үйдің» суретін бояйды. Рефлексивті  түзетушілік Көрініс: «Тұсау кесу» Ойын: «Арқан тартыс» Наурыз мерекесі қашан аталып өтіледі? Наурыз күні қандай тамақ пісіреледі? Қандай қазақтың ұлттық ойындарын  білесіңдер? Қандай салт­дәстүрлерді білесіңдер? Қимылын  жасайды. Қайталайды. Тапсырманы  орындайды Көрініс  қояды. Ойын  ойнайды. Сұрақтарға  жауап береді. Күтілетін нәтиже: Наурыздың көктем мерекесі екенін, наурызда табиғат оянып, тазалық                                   жұмыстары жүргізілетін ұғынады. Білуі тиіс:               Наурыз­ жыл басы екенін білу. Түсінігі:                  Күн мен түннің теңелуін түсіну. Көрсете білуі:         Наурызда  ағаштар, көшеттер егіліп, ауланы  көгалдандыруға үлес                                    қосады.

Наурызға шашу

Наурызға шашу

Наурызға шашу

Наурызға шашу

Наурызға шашу

Наурызға шашу
Материалы на данной страницы взяты из открытых истончиков либо размещены пользователем в соответствии с договором-офертой сайта. Вы можете сообщить о нарушении.
02.04.2017