Не Кайда Кашан
Оценка 5

Не Кайда Кашан

Оценка 5
Контроль знаний
doc
информатика
10 кл
13.02.2018
Не Кайда Кашан
ойын сабақ. оқушыларға түрлі тақырыптарға, логикалық сұрақтар түрінде тапсырмалар беріледі Оқушылардың дүние тану бойынша білімдерін толықтыру; Ой-өрісін, дүниетанымын дамыту; Оқушыларды табиғатты қорғауға, адамгершілікке тәрбиелеу. Оқушыларды ептілікке, шапшаңдыққа үйрету Командамен ойналады Ойынды сабақтан тыс өткізуге де болады. Ойын үстелі, сұрақтар, суреттер, қара жәшік, зырылдауық, тордағы қоян.Интеллектуальды ойын
что где когда.doc
«БЕКІТЕМІН» А.Иманов атындағы жол­көлік колледжі  директорының тәрбие ісі жөніндегі  орынбасары______________Г.Р. Таубаева «____»______________20__ ж.  Интеллектуалды ойын Тақырыбы: «Не? Қайда? Қашан?» Мақсаттары: а) Оқушылардың дүние тану бойынша білімдерін толықтыру; ә) Ой­өрісін, дүниетанымын дамыту; б) Оқушыларды  табиғатты қорғауға, адамгершілікке тәрбиелеу. Көрнекілігі: Ойын үстелі, сұрақтар, суреттер, қара жәшік, зырылдауық, тордағы қоян. Техникалық құрал­жабдықтар:  Теледидар, музыкалық орталық, бейнетаспа Ойын барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі. Жүргізуші:  Қош келдіңіздер қонақтар, оқушылар! Қазақстан халқы тілдері күніне арналған  ­ «Не? Қайда? Қашан?» атты танымдық ойынға келіп отырсыздар. Бүгінгі ойынға 6 оқушы  қатысады.  1.  Аманғалиев Дастан 1­топ 2.  Аязбек Орынбек   1­топ 3.  Айтқалиев Айболат  11­топ 4.  Абаев Аслан  11­топ 5.  Хаби  Рүстем 9­топ 6.  Әбдіғалиева  Аққымбат 18­топ  Қол шапалақтап, қолдау білдіріп отырайық! ІІ. Ойын ережесімен таныстыру.  Әр тапсырманы ойлануға 1 минут беріледі. Егер тапсырманың жауабы толық болмаса   есепке алынбайды. Нақты, толық жауаптар ғана есепке алынады. Жанкүйерлердің жауабы саналмайды.  ІІІ. Ойын барысы. 1­сұрақ (экраннан) Сайыскерлерге қарсы 1­топ студенттері ойнайды. Биология сабағынан сұрақ: Европалықтар алғаш рет бұл жануарды Гаитиге апарғанда, жергілікті тұрғындар оны «басында тісі бар  шошқа» деп атаған жануарды ата. Жауап: Сиыр 2­сұрақ (экраннан) Сайыскерлерге қарсы 5­топ студенттері ойнайды. Химия сабағынан сұрақ: Күйзеліс кезінде адам ағзасынан аса қауіпті улы токсиндер бөлінеді. Адам ағзасы бұл токсиндерден  қалай құтылады? Жауап: Жылау арқылы 3­сұрақ Сайыскерлерге қарсы 9­топ студенттері ойнайды. Математикалық сұрақ: Бір ғана таяқшаны қозғап, теңдік шығару қажет.           4­сұрақ. Блиц­турнир. Сайыркерлермен 11­топ оқушылары ойнайды: Бір ағылшын саяхатшысы үндістер тайпасының қолына түсіп қалады, да өлтірмекші болады.Бірақ, тайпаның көсемі оған мынандай шарт қояды: Саяхатшы бір сөйлем айту керек.Егер ол сөйлем шын болса, оны жардан лақтырады.Ал егер өтірік болса, оны арыстандармен бірге торға қамайды.Бірақ саяхатшы бір сөйлем айтып,құтылып кетеді.Ол қандай сөйлем айтты? Жауабы Мені араларыңдағы ең көріксіздерің өлтіріңдер деген   5­сұрақ. Қара жәшік.   1846 жылы бұл спорт түрінің ойын тәртібінде былай деп жазылған: есеп ашылмаған барлық  кездесулер 3 күннен аса жалғаспауы керек. Қай спорт түрі туралы айтылған? Жауап: Футбол 6­сұрақ. Сайыскерлермен 18­топ қыздары сұрақ қояды. ­Дүкенге  құлағы естімейтін, сөйлей алмайтын адам келіп, оң қолын құлағына тығып, екінші  қолымен бұрағандай қимыл жасап, карандай ұстағышты ыммен түсіндіреді. Дүкенші оны түсініп,  оған қажетті затын ұсынады. Кейін, дүкенге құлағы естімейтін адам келіп, қайшы керектігін қалай  түсінеді деп ойлайсыңдар? Жауабы:   аузымен айтып, түсіндіреді. 7­сұрақ. Сайыскерлерге 19­топ ойнайды. «Тілім ертең өлетін болса, мен бүгін өлуге әзірмін» қанатты сөзін кім айтқан? Жауабы:  Дағыстан ақыны: Расул Гамзатов 8­сұрақ. (муз. пауза) Ән: Нұрзада ән орындайды. 9­сұрақ.   Сайыскерлерге Мирас ағайларын сұрақ қояды: Машина дөңгелектерін ауыстырып жатқан жүргізуші төрт бірдей гайкасын шұңқырға түсіріп алды. Одан  алу мүмкін болмады. Ол енді жолда қалдым деп ойлап отырғанда, жанынан өтіп бара жатқан жас бала  оған үлкен ақыл айтты. Кейін жүргізуші деттеген жеріне аман жетіп алды. Бала оған қандай кеңес айтты. Жауабы: машинаның қалған дөңгелектерінен бір гайкадан шешіп алып тағып, аман есен жету. 10­сұрақ. Блиц­турнир ­ 3 сұрақ, тез жауап 1. Ағашты тазалайтын, орман санитары.  Жауабы: Тоқылдақ. 2. «Қолғанат» сөзінде неше әріп бар   Жауабы: 8 әріп бар 3. 6*7= ? Жауабы: 42 11­сұрақ. Сіздерге қарсы Алия апайларың ойнайды. Колледжімізде 26 кабинет қай ғимаратта, қай қабатта  орналасқан және қандай пән кабинеті. Жауабы: 2­ғимарат 3­қабат, химия кабинеті 12­сұрақ. Логикалық сұрақ. ­Есік алдында 3 гүл өсіп тұр. Оның біреуі қызыл, біреуі сары және біреуі көк. Сары гүл  ортасында емес және қызыл гүлдің қасында емес. Онда гүлдер қалай орналасқан? Жауабы: Сары, көк, қызыл.  Қорытынды. Марапаттау. Шараны өткізген::      1­топ жетекшісі:  Кабдулов М.М.

Не Кайда Кашан

Не Кайда Кашан

Не Кайда Кашан

Не Кайда Кашан
Материалы на данной страницы взяты из открытых истончиков либо размещены пользователем в соответствии с договором-офертой сайта. Вы можете сообщить о нарушении.
13.02.2018