Ойыншықтар әлемі
Оценка 4.7

Ойыншықтар әлемі

Оценка 4.7
doc
14.11.2020
Ойыншықтар әлемі
Ойыншықтар әлемі.doc

 «Коммуникация» білім беру саласының ұйымдастырылған оқу қызметі

Сөйлеуді дамыту                                                                                                                              

Өтпелі тақырып: «Ойыншықтар әлемі.»  

Тақырыбы: «Қуыршақты жуындырайық»

Мақсаты: Балаларды тазалыққа баулу, қамқорлық көрсете білуге тәрбиелеу.

                   Сөздік қорын сөздік ойындармен, жаттығулар арқылы байыту.

                   Шағын тақпақтар айта білуін қалыптастыру.        

                   Заттарды жалпы және ерекше белгілері бойынша топтай білуге үйрету.

                   Мәдени гигиеналық дағдыларын жетілдіру.

Педагогикалық технологиялар: АКТ, түсіндіру, көрсету, сұрақ-жауап..

Ресурстармен қамтамасыз ету: қуыршақ, шомылдыратын  ыдыс, су, орамал, сабын,

                                                          (қуыршақтың киімдері- шалбар, күртеше.)

Ұйымдастырылған оқу қызметінің барысы

1.Ұйымдастырушылық  кезеңі:  Қуыршақтың жылаған дауысы естіледі....

- Балалар тыңдаңдаршы біреудің дауысы естіледі ме?  

-Ия, жылаған дауыс естіледі.

- Қане, көрейікші, - бұл кім екен?

-Балалар қараңдаршы! мына жерде қуыршақ жылап отыр.

-Қуыршақ неге жылайды деп ойлайсыңдар?

- Өйткені ол кір, құлап қалған.

- Қай жерлері кір?

- Беті, қолы, көйлегі, (үсті-басы) кір.

-Сен неге жылайсың?

-Менің таза болғым келеді, көп  достарым болғанын қалаймын.

-Біз оған көмектесе аламыз ба? – Қалай көмектесеміз?

- Жуындырамыз...

-Ия, дұрыс айтасыңдар. - жуындырамыз.

- Жуындырмас бұрын қуыршақтың аты кім екенін біліп алайық.

Балалар сұрайды: - Атың кім?

Қуыршақ: - Сауле.

2. Негізі бөлімі: - Жуындыру үшін не керек?

- Шомылдыратын  ыдыс (Ванна),  су, сабын керек.

-Қандай су керек?

- Жылы су керек.

- Неге?

-Тонып қалмау үшін.

Дұрыс айтасыңдар.

-Суды құямын,  су құйып жатып артикуляциялық жаттағу жасау: 

-Ауызды түтікше  қылып алға созамыз, жалпақ тілді жоғары көтереміз, су сияқты шуылдаймыз.

-Жақсы балалар, енді  бәрің  бірге тақпақ айтып беріңдерші:

Жуын, жуын, жуынсақ,       
Қандай жақсы қуыршақ.
Кірлеп кеткен екенсің.
Қазір аппақ боласың,
Қуанады анашың.

      Тамаша, жарайсыңдар!

Қане енді Саулені бірге жуындырайық:

Киімін шешу ретін көрсету.  (Аяқ киім, көйлек, іш киім.) Шешіп отырып, киімдерінің аттарын айтып отыру:

аяқкиім, көйлек.

Бірінші денесінен бастап жуындырамыз, сендер айтып отырыңдар мен қай жерін жуып жатырмын? Сабынмен мойынын, ішін, қолдарын, арқасын, құйрығын, аяқтарын жуындыру.

Тамаша! Дұрыс айтасыңдар балалар. Енді басын жуамыз, басын құманмен таза су құйып тұрып жуамыз. Басын соңғы жуған себебі ол тонып қалады сондықтан соңында таза сумен жуып барлық денесін шайып шығарамыз.

- Мен Саулені қайда орадым? Неге?

- Орамалға орадым, немесе  сүлгі деп те айтамыз. Өйткені  ол су, оны құрғатып сүртіндіру керек.

-Киіндіру:

1)      Майка

2)      Шалбар

3)      Күрте

4)      Бас киім

Қараңдаршы Сауле қандай болып қалды?

-тап-таза, әдемі, сұлу болды.

Енді оның көңіл-күйі  көтеріп сергіту жасайық:

      Біздерде бар қуыршақ,

      Бұзау, қозы, құлыншақ.

      Ойыншықтар тыңдайды,

      Емес олар ұрыншақ

Жарайсыңдар, өте жақсы.

Енді  отырып қуыршақ Саулеге достарын тауып  берейік көңілденіп қайтсын:

Ойын: «Қуыршақ құрастыр»

Қуыршақ Сауле сендерге риза болды, рахметін айтып жатыр. Оның үйіне кететін  уақыты  келді.

Қоштасайық балалар.

3. Қорытынды: Бізге кім келді? Оған қандай көмек көрсеттік? –Жуындырдық, достарын құрастырып бердік.

Жарайсыңдар, рахмет сендерге.

 

 

 


Коммуникация» білім беру саласының ұйымдастырылған оқу қызметі

Коммуникация» білім беру саласының ұйымдастырылған оқу қызметі

Киімін шешу ретін көрсету. (Аяқ киім, көйлек, іш киім

Киімін шешу ретін көрсету. (Аяқ киім, көйлек, іш киім
Материалы на данной страницы взяты из открытых истончиков либо размещены пользователем в соответствии с договором-офертой сайта. Вы можете сообщить о нарушении.
14.11.2020