Олимпиада тапсырмалары.
10-сынып.
1-тапсырма. Мәтінді оқып, тест тапсырмаларын орындаңыз
Құстар
Құстар күзге қарай топ болып бірігеді. Ұзақ сапарларда көптеген құстар теңіздердегі дауылдардан немесе таудағы борандардан және жыртқыштардан өлім-жетімге ұшырайды.
Ұшу сапары кезінде тырналар мен қаздар тізіле ұшады. Тізіле ұшқанда әрбір құс белгілі дәрежеде басқаларын да қолдап отыратынын ғалымдар анықтады.
Күзгі аспанда тырналар ұшында жұмсақ үндерінен мұңды да сазды әуен естіледі. Ұшып кетерде қараторғайлар өздерінің ұяларына қайта оралып, «қоштасу әнін» сағаттап шырқайды. Қаздар кеш ұшады. «Қаз кетсе – қар келгені»,- дейді халық.
Құстар ұшқанда тәртіп сақтай отырып, үйір-үйір болып ұшып кетеді.Тырналар үшбұрыш жасап, қаздар бұрыш жасай немесе доға түзеп ұшады. Кенет дабыл соғылса, құстар топтала қалады. Қауіп басылғанда, қатты дыбыс беріледі.
Құстардың маусымдық ұшуы – табиғаттың тамаша құбылысы.
Құстарда белгілі бір ерекше сезім бар екендігін, белгілі бір жерді дәл анықтайтындықтарын өмір көрсетіп отыр.
Құстар бөтен елде үйірімен жүреді, ұя салмайды, ән шырқамайды. Жергілікті тұрғындар қыстап шығатын бұлбұлдардың, бозторғайдың тамаша үнін естімеген. Көктемде тынышсызданып, әлемді жаңғырықтыра Отанына оралу үшін ыңғайлы соққан желді асыға күтеді.
Адамдардан айырмашылығы және құстардың ең басты қасиеттері: қандай жағдай болса да, Отанына қайтып келеді.
1-мәтінге байланысты тест тапсырмалары
1.Мәтіннің тақырыбы.
А) Күз мезгілі.
В) Құстардың жылы жаққа ұшуы.
С) Құстардың достығы.
D) Құстардың өмір сүру ерекшіліктері.
Е) Қаздар ұшып барады.
2. Құстардың күзде айтатын «әні».
А) «Танысу әні».
В) «Қоштасу әні».
С) «Жақсы әні».
D) «Көңілді әні».
Е) «Әдемі»
3. Қаздың кеш ұшуымен байланыстыратын табиғат құбылысы.
А) Жаңбыр жауады.
В) Жел тұрады.
С) Қар жауады.
D) Тұман түседі.
Е) Боран болады.
4. Мәтін бойынша құстардың ең басты қасиетін белгілеңіз.
А) Өз тамақтарын табулары.
В) Ұрпақтарын өсірулері.
С) Ән салулары.
D) Отанына қайтып келулері.
Е) Ұя басулары.
5. Мәтінге сәйкес келетін мақал-мәтелді табыңыз.
А) Жақсыдан үйрен, жаманнан жирен.
В) Ақылдыға жан қымбат, ақымаққа мал қымбат.
С) Әкеге қарап ұл өсер, анаға қарап қыз өсер.
D) Аңдамай сөйлеген, ауырмай өледі.
Е) Туған жердей жер болмас, туған елдей ел болмас.
2. тапсырма. Мәтінді оқып, тест тапсырмаларын орындаңыз
Қорқыт туралы аңыз
Қорқыттың ауылы Сырданияның жағасында болыпты. Асқан күйші, қобызшы Қорқыт бір күн де үйінде отырмай, ылғи ел кезіп, қобызбен күй тартады екен. Күйді құмарланып тартқан сайын, Қорқыттың өлім жайлы қайғысы жеңілденіп, жоғала беріпті. Бір күні түсінде тәңір аян беріп, Қорқытқа айтыпты:
- Сен өлімді ауызыңа алмасаң, саған еш уақытта өлім жоқ.
Бұдан кейін бір талай заман өтеді. Күндердің күнінде ел аралап жүріп, бір ауылда отырса, байлаулы тұрған өгізі далаға қашып барады екен. Өгізін қуып жүріп: «Мұны өлсем де, ұстай қоймаспын» - депті. Осы сөзді ашу үстінде айтарын айтса да қатты өкінеді. Түс көргеннен бері, міне, өлімді бірінші рет аузына алып отыр. Енді өлім тырнағына ілінгені ме? Жоқ, бұл жерден кету керек. Астына желмая мініп, желдіртіп, дүниенің төрт бұрышын кезіп кетеді. Дүние кезіп жүріп, өлім құрығынан құтылмасын білген соң, Қорқыт өзінің туған жері, сүйікті мекені.
- Сырдарияға қайтып келеді.
Құрғақ жерде тұрса, бір күні ажал келер деген қауіппен, бір қырмызы масаты кілемді алып, Сырдарияның суына төсеп, сонда қобызын тартып тұра беріпті. Аспандағы құс ұшуын, жел есуін тоқтатып, Қорқыт күйін тыңдапты. Сарыарқаның жан – жануарлары мен аңдары да Сырдарияның жағасына келіп, Қорқыт күйіне құлақ құрышын қандырады. Сырдария ағысын тоқтатыпты, үстіне төселген Қорқыттың кілемі суға не ағып, не батып кетпей, көп заман су ортасындағы кемедей қалқып тұрып алып, Қорқытқа өлім келтірмейтін арал болыпты.
Қорқыттың күңіренген күйлерін балқып тыңдаған ажал да бұған жақын келе алмапты. Қорқыт осылайша күндіз – түні ұйқы көрмей, қобызын тартып, өліммен алысыпты. Көп замандар бойы үздіксіз қобыз тартқан Қорқыт қалжырап, қалғып кетеді. Қорқыттың ізіне түсіп аңдыған ажал осы кезде жылан күйінде жорғалап келіп шаққанда, Қорқыт осыдан ауырып өледі.
2-мәтінге байланысты тест тапсырмалары
6. Мәтінде кездесетін синоним сөздер:
А) Жан – жануар.
В) Қайғы – ашу.
С) Жақсы – жамандық.
Д) Күндіз – түні.
Е) Ажал – өлім
7.Қорқыттың өлімнен қашу әдісін көрсететін нұсқа.
А) Қорқыт күндіз – түні ұйқы көрмей, қобызын тартып, өліммен алысыпты.
В) Қорқыттың кілемі... Қорқытқа өлім келтірмейтін арал болыпты.
С) Дүние кезіп, өлім құрығынан құтылмасын білген Қорқыт өзінің сүйікті мекені – Сырдарияға қайтып келеді.
Д) Қорқыттың ауылы Сырданияның жағасында болыпты.
Е) Бір күні ажал келер деген қауіппен, бір қырмызы кілемді құрғақ жерге емес, Сырдарияның суына төсеп, қобызын тартып тұра беріпті.
8. Қорқыт өмір бойы немен күресті?
А) Табиғатпен.
В) Өзімен күресті.
С) Өліммен
Д) Өгізбен.
Е) Өмірмен.
9. Қорқыт күйінің құдіретін көрсететін сөйлем:
А) Қорқыт осылайша күндіз – түні ұйқы көрмей, қобызын тарта беріті.
В) Көп замандар бойы үздіксіз қобыз тартқан Қорқыт қалжырап, қалғып кетеді.
С) Күйді құмарланып тартқан сайын, Қорқыт терең ойға кетеді.
Е) Қорқыттың кілемі суға не ағып, не батып кетпей, көп заман су ортасындағы кемедей қалқып тұрып алып, Қорқытқа өлім келтірмейтін арал болыпты.
10. Мәтіннің мазмұны қай мақалға сәйкес екенін көрсетіңіз.
А) Ұлы сөзде ұят жоқ.
В) Су аққан жерінен айнымас.
С) Адасқан жігіт жол таппас.
Д) Өнерліге өріс кең.
Е) Адалдық – ардың ісі.
Лексика-грамматикалық тест
11.«Бітім жасау» сөзінің орыс тіліндегі синонимдік қатарын табыңыз.
А) Соглашение, примирение.
В) Содружество, солидарность.
С) Группа, община.
D) Владелец, правящий.
Е) Могучий, сильный.
12.Антоним сөздерді көрсетіңіз.
А)Жаны, қасы
В)Қасиетті, құрметті.
С) Әдемі, сұлу
D) Үлкен, ұзақ.
Е) Ұзын, қысқа.
13.Бірыңғай жіңішке дауыстылардан жасалған сөзді табыңыз.
А) Қауіпті.
В) Мәжіліс.
С) Әлдеқашан.
D) Өнерпаз.
Е) Ауыл.
14.Ұяң дауыссыз дыбыстар жоқ сөзді көрсетіңіз.
А) Көмір.
В) Міндет.
С) Өзгеріс.
D) Қазба.
Е) Лездеме.
15.Буын үндестігіне бағынбай тұрған қосымшалы сөзді көрсетіңіз.
А) Еңбекқор.
В) Есікті.
С) Қалалық.
D) Өмірде.
Е) Берекелі.
16.Сөз тудырушы жұрнақты көрсетіңіз.
А) Жолаушы.
В) Әрі-бері.
С) Әжесінен.
D) Жақсы.
Е) Ауа райы.
17.Жалқы есімі бар сөйлемді табыңыз
А) Адам ұлы адамша өмір сүрсін.
В) Үстінде шетін кестелеген ақ көйлек, қызыл пүліш қамзол.
С) Көрісіп амандасқаннан көзімді ала алмадым.
D) Мен сені Алатаудың аясында қарсы аламын.
Е) Біреудің кісісі өлсе, қаралы ол.
18.Сын есімді табыңыз.
А) Әйелді құрметте.
В) Естігенді меңгер.
С) Дәмді ас
D) Дәптерді аш.
Е) Кеткенді аңсама.
19.Есептік сан есімнің сұрақтарын белгілеңіз.
А) Нешеу?
В) Кімдер? Нелер?
С) Нешінші? Қаншасыншы?
D) Қандай? Қай?
Е) Неше? Қанша?
20. Ешкім, ешқашан, ештеңе » есімдіктің қай түрі екенін белгілеңіз.
А) Белгісіздік.
В) Жіктеу.
С) Сұрау.
D) Болымсыздық.
Е) Өздік
21.Мақалды толықтырыңыз.
Өнер алды - ... тіл.
А) Жасыл.
В) Ақ.
С) Көк.
D) Қызыл.
Е) Қара.
22. «Дәулет» сөзінің синонимін табыңыз.
А) Аз.
В) Байлық.
С) Үлкен.
D) Бас.
Е) Қас.
23.«Оңай» сөзінің антонимін көрсетіңіз.
А) Толық.
В) Аз.
С) Қиын.
D) Жеңіл.
Е) Үлкен.
24.«Ү» қандай дыбыс екенін көрсетіңіз.
А) Ашық.
В) Жуан.
С) Дауыссыз.
D) Езулік.
Е) Жіңішке.
25.Қатаң дауыссызға аяқталған сөзді көрсетіңіз.
А) Күйші.
В) Терең.
С) Жазғы.
D) Жұмбақ.
Е) Отыз.
26.Түбір сөздер қатарын табыңыз.
А) Өзен, малшы, әнші.
В) Ғалым, жаз, кел.
С) Суретші, жазушы, келші.
D) Ауыл, оқыған, елші.
Е) Жұмбақ, қалам, суретші.
27.Тәуелдік жалғауының сыпайы түрін көрсетіңіз.
А) -сы.
В) -ым.
С) -мыз.
D) -ы.
Е) -ңыз.
28. «Көгілдір, сұлу» сөздері қай сөз табына жататынын табыңыз.
А) Етістік.
В) Сын есім.
С) Үстеу.
D) Зат есім.
Е) Сан есім.
29.Бөлшектік сан есімді көрсетіңіз.
А) Үшеу.
В) Бестен екі.
С) Елуінші.
D) Қырықтай.
Е) Он екі.
30.Болымсыздық есімдігімен толықтырыңыз.
... келмеді.
А) Оқушылар.
В) Ешкім.
С) Біз.
D) Ол.
Е) Олар.
10-сынып.
|
Оқылым |
1 |
В |
2 |
В |
3 |
С |
4 |
Д |
5 |
Е |
6 |
е |
7 |
Е |
8 |
С |
9 |
Е |
10 |
Д |
|
Лексика –грамматикалық тест |
11 |
А |
12 |
Е |
13 |
В |
14 |
А |
15 |
А |
16 |
А |
17 |
Д |
18 |
С |
19 |
Е |
20 |
Д |
21 |
Д |
22 |
В |
23 |
с |
24 |
Е |
25 |
Д |
26 |
В |
27 |
Е |
28 |
В |
29 |
В |
30 |
В |
© ООО «Знанио»
С вами с 2009 года.