Олимпиада тапсырмалары. 11-сынып. 1-тапсырма.
Оценка 4.6

Олимпиада тапсырмалары. 11-сынып. 1-тапсырма.

Оценка 4.6
docx
23.04.2020
Олимпиада тапсырмалары. 11-сынып. 1-тапсырма.
11-сынып.docx

Олимпиада тапсырмалары.

 

11-сынып.

 

1-тапсырма.  Мәтінді оқып, тест тапсырмаларын орындаңыз

Құстар айтысы.

(Үнді ертегісі)

     Бір құсбегінің орман ішіне құрып қойған торына қарға, торғай, көгершіндер келіп түсіпті.Олар тордан босанудың жолын іздеп,бір-бірімен ақылдаса бастайды:

   -Біз жемге қызығамыз деп торға түсіп қалдық. Енді құтылудың жолын ойластырайық. Бәріміз бірге ақылдасайық.Сонда құтылып кетуіміз мүмкін.

    Олар әрі ойлап,бері ойлап,  ақыры мынадай келісімге келеді:

  -Бәріміз қанатынымызды бірдей қағып ұшып көрейік, мүмкін торды көтеріп көрерміз,-деседі.

  Қанаттарын бірдей қағып ұшып еді, шынында да, торды көтеріп әкетті. Сөйтіп олар тормен ұша жөнелді.Мұны байқаған құсбегі ұшқан құстардың соңынан жүріп отырады.

  Аспанда тор ішінде құстар ұшып барады. Жерде оларды қуып құсбегі жүгіріп келеді.Жүгіріп келе жатып ол «Торға әр түрлі құс түсті ғой! Олар әлі-ақ өзара айтысады.Ал айтыс басталған соң, құстар жылдам ұша алмайды, тор жерге түседі» деп ойлайды.

  Расында да, солай болып шықты. Әуелде құстар торды ынтымақпен көтеріп ұшса да, аздан соң жанжалдаса бастады.

  Ең алдымен қарғалар қарқ-қарқ етті:

  -Біз сияқты аянбай күш жұмсап келе жатқан ешқайсың жоқ. Біз сендердей жалқау болсақ, тор баяғыда жерге топ ете түскен болар еді.

  Бұл сөздерді естіген көгершіндер:

  -Жетер енді , қарғалар! Көп мақтана бермеңдер!Біз сендерден артық болмаса кем көтеріп келе жатқанымыз жоқ!-деп ашуланды

  Жанжалға  басқа құстар да кірісті, бірін-бірі сөгіп, ұрсыса бастады. Алауыздық кірген жерде береке болушы ма еді? Берекесі кеткен құстар енжарланып, қанаттарын ақырын қақты.Тор жерге салбырап түсе бастады. Құс аулаушы да жүгіріп жетті. Ол тордың төмен салбыраған жерінен шап беріп ұстап,құстарымен қоса тартып алды.Олардың бәрін үйіне апарды да, торға қамап қойды.

1-мәтінге байланысты тест тапсырмалары

 

1.Мәтіннің негізгі идеясы табыңыз.

А) Алауыздық,мақтаншақтық

В) Ынтымақтастық,бірлік

С) Табиғатқа деген сүйіспеншілік

D) Құстар біздің досымыз

Е) Қоршаған ортаны қорғау

2.Мәтінде жауабы бар сұрақты табыңыз.

А/ Құсбегі жүгіріп келе жатып не ойлайды?

В/ Құсбегі қалай демалды?

С/ Сауысқандар қалай мақтанды?

D) Бұтақ басында қандай құстар отырды?

Е/ Құсбегі кімді кездестірді?

3. «Құсбегі» сөзінің синонимін табыңыз

А) Құсхана

В) Құсалаң

С) Құс аулаушы

 D)Атбегі

Е) Малшы

 4.«Біз сендердей жалқау болсақ, тор баяғыда жерге топ ете түскен болар еді!» деп мақтанды

А)Құстар

В)Қарғалар

С)Көгершіндер

D)Торғайлар

Е) Барлық жауап дұрыс

5.Мәтін мазмұнына сәйкес мақалды көрсетіңіз

А) Еңбек ерлікке жеткізеді, ерлік елдікке жеткізеді.

В) Ала ауыздық кірген жерде ешқандай береке болмайды.

С) Отты үрлеген жағады,шындықты іздеген табады.

D) Күлме досқа-келер басқа

Е)  Бес саусақ бірдей емес.



Қайрат пен Санат

 

Қайрат пен Санат бір жақта тұратын. Екеуінің де табиғаттану сабағынан тоқсандық бағалары «үш».  Бірақ Қайраттың ылғи «үштерімен» қатар екі «төрті» бар.

Өткен жазда екеуі ауылдан шеткерірек қалың ақ теректің арасына барған. Шымшықтар оның арасына қаптатып ұя салыпты. Шиқылдаған дауыстан құлағың тұнады. Балапандары жұмыртқаны жаңа жарып шыққан ба қызылшақа. Кейбіреуі аяғыңның астынан әлсіз шиқылдайды. Жел тұрғанда ұядан құлап қалған болу керек. Әйтеуір, айналаның бәрі шымшық, шымшықтың ұясы. Екеуінің қолында рогаткалары бар еді. Алдымен бірді-екілі шымшықты атып құлатты. Шалбарының екі қалтасы толған тас. Өздерінің әу бастағы мақсаты да шымшық ату ғой. Сәлден соң екеуі терекке өрмелеп шығып, бір-екі ұяны бұзды. Сосын үш-төртеуін…

«Әйтсе де біреулерден сұрап анықтамасақ болмайды, бұлай істегеніміз обал шығар», - десті олар.

Сөйтіп олар шымшықтың құсқа жататын-жатпайтынын мұғалімнің өзінен сұрауды жөн көрді.

Мұғалім оларға шымшықтың құсқа жататынын, оның да пайдасы бар екенін айтты. Енді олар құс атпайтын болды.

 

2- мәтінге байланысты тест тапсырмалары

 

6.Балалардың әу бастағы мақсаты не болды?

А) Қалталарына тас жинау

В) Шымшықты ату

С)Ағашқа өрмелеп шығуы

 D)Мұғаліммен араздасуы

Е) Шымшықтың балапандарын жою

7.Шымшықтың құсқа жататынын, пайдасы бар екенін кім айтты?

А)Мұғалім

В)Қайрат

С)Достары

 D)Санат

Е)Барлық жауаптар дұрыс

8. Балалардың аяғының астында қандай құстың балапандары шиқылдайды?

А)Сауысқан

В)Қарлығаш

С)Шымшық

D)Торғай

Е)Көгершін

9.Қайрат пен Санаттың жасаған қателігі неде деп ойлайсың?

А) Араздасып,келіспеуінде

В)Құсты атып құлатуы

С) Үшке оқығандығы

D)Мұғалімді тыңдамауы

Е) Бір-біріне көмектеспегені

10. Мәтіндегі басты тірек сөздерді табыңыз.

А)Ақ терек,табиғат,жәндіктер

В)Шымшық, шымшықтың ұясы, тас

С) Ұя,жаз,қыздар

D)Санат ,Қанат,мұғалім

Е) Терек,рогатқа,доп

Лексика-грамматикалық тест

11.Қарсылықты бағыныңқылы сабақтас құрмалас сөйлемді көрсетіңіз.
А) Ұлберген кедей болғанымен, киім-кешегін таза ұстайтын.
В) Олар теңізге ерте шықты, бірақ жолы болмады.
С) Ексең егін, ішерсің тегін.
D) Өнімді еңбек атқарам десең, көпке сүйен.
E) Теңіздің суы мөп-мөлдір екен.

12. Себеп бағыныңқылы сабақтас құрмалас сөйлемді көрсетіңіз.
А) Ботагөз қиындықты көре жүре, Асқардан үмітін үзбеді.
В) Өзен суы жылдағыдан мол, сондықтан мұз ерте сөгілді.
С) Тұқымды бірер күн ылғалдау керек, себебі құрғақ жерге түссе, өнбей қалады.
D) Қастарында бөтен кісілер болғандықтан, Абай Оспанға айтар сөзін іркіп қалды.
E) Олар теңізге түсті, қайықпен жүзді.

13. Талғаулы салалас құрмалас сөйлемді көрсетіңіз.
А) Бірде ұйқы еңсереді, бірде ерік еңсереді.
В) Қолың қатты дейді, қорқып тұрмын.
С) Бұл жерде я сен тұрарсың, я мен тұрармын.
D) Сабырлы Олжабектің сасқаны сонша – орнынан атып тұрды.
E) Ұялғанымнан да бетімнің оты шықты.

14. .Мезгіл бағыныңқылы сабақтас құрмалас сөйлемді табыңыз.
А) Кенжебек жауап іздеп көріп еді,орынды сөз ойына орала қоймады.
В) Ойын аяқталды, бірақ көрермендер асықпады.
С) Абай араларынан кетісімен, сыбыр бұйрық елге жайылды.
D) Көктем болғанмен, күн әлі жылынып кете қойған жоқ еді.
E) Көктем енді келсе де, күн ысып кетті.

15.Ақын-жазушылардың есімдерін жазған шығармаларымен сәйкестендір

1. Абай Құнанбаев

А) «Ботагөз» романы

2. Сәбит Мұқанов

В) «Ғылым таппай мақтанба» өлеңі

3. Ілияс Жансүгіров

С) «Күйші» поэмасы

4. Сәкен Сейфуллин

D) «Патша әмірі тарылды» өлеңі

5. Жамбыл Жабаев

Е) «Көкшетау» поэмасы

 

А) 1-Е, 2-В, 3-С, 4- D, 5-А

В) 1-А, 2-С, 3- Е, 4- В, 5- D

С) 1-С, 2-В 3-А 4- Е 5- D

D) 1-B, 2-A, 3-C, 4-E, 5 - D

Е) 1-Е, 2-В, 3- А, 4-С,  5-D

16.Шылау арқылы байланысты көрсетіңіз.

А) Қызметке түсу

В) Көрген сайын сұрайды.

С) Оқиғаны зерттеу.

Д) Тойдың соңы

Е) Күміс білезік

17. Тұрақты тіркестерге ортақ мағына

 

?

сақалын сипап қалу

мұзға отырғызып кету

тақырға отырғызып кету

 

A) сөйлеу

B) мадақтау

C) күлу

D) қалжыңдау

E) алдау

18.Сену, нану сөздеріне синоним болатын диалект сөзді белгілеңіз.

A) Ұялу.

B) Қату.

C) Көну.

D) Қағу.

E) Илану.

19. Жақсыз сөйлемді табыңыз.

A) Ескерткендеріңіз дұрыс болды.

B) Болашақ жастардікі.

C) Етіс - етістіктің бір түрі.

D) ’’Ештеңе’’ - есімдік.

E) Адамдық ар-намысымызға дақ түсіруге болмайды.

20.Еліктеуіштен жасалған зат есімді табыңыз.

А)Жасыл

В)Масыл

С)Түйіл

D)Гүріл

Е)Сейіл

21.Антонимді сөз тіркестерін анықтаңыз.

А) Асқар тау, телегей теңіз.  

В) Ала жаздай, қыс бойы.  

С) Денсаулығы жоқ, ақшаға бай.

  D) Тал түсте, күз бойы.  

Е)Кең дала, айдын көл.

22.Біздер, жастар, ел сенімінен шыға білейік!

Үтірдің қойылу себебін түсіндіріңз.

А) Қыстырма

В)Одағай

С)Бірыңғай мүше

 D)Оңашаланған айқындауыш

Е)Қаратпа

23.Бастауыштан кейін дұрыс қойылған сызықшаны табыңыз.

А) Көрмес түйені де – көрмес.

В)Көрмес – түйені де – көрмес.

С) Көрмес түйені де көрмес.

Д) Көрмес түйені – де көрмес

Е) Көрмес – түйені де көрмес.

24.Ресми стильге жататын қатарды көрсетіңіз.

А) Көркем шығарма

В) Өтініш, сенімхат, қолхат

С)Қоғамдық – саяси әдебиет

Д)Ғылыми шығармалар

Е)Газет – журнал тілі

25.Айтылуы жағынан дұрыс сөзді көрсетіңіз.

А) Жирем қасқа

В) Жирең қасқа.

С)Жирем ғасқа

D)Жирең ғасқа

Е)Жирен қасқа

26.Буын үндестігіне бағынбайтын қосымшаны белгілеңіз.

А) Тәуелдік жағының І жағы.

В)Жатыс септігінің жалғауы.

С)Көмектес септік жалғауы.

D)Барыс сеептік жалғауы.

Е)Жіктік жалғауы.

27.Шылау сөзді тіркесті көрсетіңіз.

А) Тастан сарай салғызды.

В) Қара теңіз бұрқ – бұрқ етіп қайнап жатқандай.

С) Судьялар ешкімге тәуелді емес.

D)  Бұл жігітті қызметке алу керек.

Е) Шығысқа дейін жүретін жол ұзақ.

28.Қарсылықты жалғаулық арқылы байланысып тұрған бірыңғай мүшелі сөйлемді табыңыз.

А) Мен кітап алғалы әдейі келдім.

В) Біз өтетін өзеннің ағысы қатты, алайда терең емес.

С) Сен баласы ма едің соның?

 D) Жақсымен жолдас бол, жақсы жүр.

Е) Жәкем қуанғаннан жылап жіберді.

29. Амал не, бәсе, өкінішке орай – сөздері қай қатарға тән екенін табыңыз.

А) Қыстырма

В) Одағай

С) Жалғаулық шылау

D) Қаратпа

Е) Шылау

30.Қос сөзге байланысты тыныс белгісі қойылмаған жерді көрсетіңіз.

А) Ертеңгі іс

В) Күн ілгері

С) Он бес

Д) Жезқазған

Е) Өзді өзі

 

 

 

 

 

 

 

 

 



 

 

 

 

Оқылым

 

 

 

 

 

 

 

 

1

b

2

a

3

c

4

b

5

b

6

e

7

a

8

c

9

b

10

b

 

Лексика –грамматикалық тест

11

а

12

d

13

c

14

c

15

d

16

в

17

e

18

e

19

e

20

d

21

b

22

d

23

e

24

b

25

d

26

c

 

27

е

28

b

29

е

30

e

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 


 

Олимпиада тапсырмалары. 11-сынып

Олимпиада тапсырмалары. 11-сынып

Біз сендердей жалқау болсақ, тор баяғыда жерге топ ете түскен болар еді!» деп мақтанды

Біз сендердей жалқау болсақ, тор баяғыда жерге топ ете түскен болар еді!» деп мақтанды

Санаттың жасаған қателігі неде деп ойлайсың?

Санаттың жасаған қателігі неде деп ойлайсың?

Д) Тойдың соңы Е) Күміс білезік 17

Д) Тойдың соңы Е) Күміс білезік 17

Д)Ғылыми шығармалар Е)Газет – журнал тілі 25

Д)Ғылыми шығармалар Е)Газет – журнал тілі 25

Оқылым 1 b 2 a 3 c 4 b 5 b 6 e 7 a 8 c 9 b 10 b

Оқылым 1 b 2 a 3 c 4 b 5 b 6 e 7 a 8 c 9 b 10 b
Материалы на данной страницы взяты из открытых истончиков либо размещены пользователем в соответствии с договором-офертой сайта. Вы можете сообщить о нарушении.
23.04.2020