Ондықтармен санау ҚЫСҚА МЕРЗІМДІ ЖОСПАР
Оценка 5

Ондықтармен санау ҚЫСҚА МЕРЗІМДІ ЖОСПАР

Оценка 5
docx
24.04.2020
Ондықтармен санау ҚЫСҚА МЕРЗІМДІ ЖОСПАР
Ондықтармен санау ҚЫСҚА МЕРЗІМДІ ЖОСПАР.docx

Қысқа мерзімді сабақ жоспары

Пән: математика

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

1А бөлім: Ондықтарменсанау

Мектеп:

Күні:23.09.2015ж.

Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып:

Қатысқандар саны:20

Қатыспағандар саны: 0

 

Сабақтың тақырыбы

Ондықтармен санау

Оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

1.1.1.3   Санның ірі бірлігі- ондық туралы білу, 0-ден 100-ге дейін ондықтармен санау

Сабақмақсаттары

Жаңа санау бірлігі - ондықтуралыбілу, толықондықтар атауын білу, толық ондықтармен тура санауды үйрету.

Жетістіккритерийлері

Оқушыларондықтардышығарыпалады; ондықтарды атай алады; ондықтармен санай алады; толық ондықтарды сандарды атай алады.

Тілдікмақсаттар

 

Ондық, дөңгелек  сандар, цифр, сан түзуі, натурал сан, алдыңғы, артында, тура, кері.

Құндылықтардыдарыту

Ұқыптылық, сыйластық, өзаратүсіністікқұндылықтардықалыптастыру.

Пәнаралықбайланыстар

«Үй салуға көмектес» тапсырмасы дүниетану пәнімен байланысты

АКТ қолдану дағдылары

Сандардыпернетақтаарқылыжазыпкөреді

Бастапқы білім

 

Оқушыларкүнделікті өмірде сандарды кездестірген тәжірибесінесүйенеді

Сабақбарысы

Сабақтыңжоспарланғанкезеңдері

Сабақтағыжоспарланғаніс-әрекет

 

Ресурстар

Сабақтың басы

 

1.Оқушылардыңзейініншоғырландыру;

2.Оқушылармен бірге ОМ анықтап алу

 (Ұ)Сабақты өткен тақырыптарды қайталаудан бастау.

-          Қандай сандар бір таңбалы сандар деп аталады? Мысал келтіріңдер.

-          Екі таңбалы сандарды қалай ажыратамыз?

-          Өткен сабақта қандай санмен таныстыңдар? (10)

-          1,2,3,4,5,6,7,8,9 сандарынан 10 санының айырмашылығы қандай?

Сергіту сәті https://www.youtube.com/watch?v=wAKpGwfZdk4

 

Сабақтың ортасы 

 

(Ұ) Оқушыларға құрылысшының рөлінееніп көруді ұсыну.

- Үй салу үшін қандай құрылыс материалдары қажет? (Құрал-саймандар, құрылыс материалдары).

(Т,МК) Төрт топ бойынша жұмыс ұйымдастыру. Құрылысты бастау үшін көп мөлшерде шеге қажет. Сендерде шегелер бар (әр топқа бір үйме таяқшаларды парталарына қою, оларды шеге орнына қолдану). Сендерде қанша шеге бар екенін білмейсіңдер және оның құрылысқа жететініне күмәнданасыңдар. Оқушыларға шегелерді санап көруді ұсыну. Оқушылардан он таяқшадан санап алып, оны кеңсе резеңке баулармен бумалап байлап қоюды өтіну (қажет болған жағдайда көмек көрсету). Әр топтан бір оқушы қанша бума шыққанын және қанша шеге артылып қалғанын айтып көреді. Бір бумада он бірлік, яғни бір ондық екенін түсіндіру.

(Ұ) Оқулықтағы «Үй салуға көмектес» тапсырмасын орындату. Тапсырма заттарды жаңа тәсілмен өз беттерінше санауды бекітуге және ондықтармен санау дағдыларын жетілдіруге бағытталған.

(Ұ)Оқушылардың дөңгелек ондық сандардың атауларын нақты айтып жаттығуларын ұйымдастыру. Ондықтармен тура және кері ретпен хормен санату. Дөңгелек ондықтардың атауын бірге айтып жаттықтыру. Оқушылардың назарын 100 санына аударту. Оның немен ерекшеленетінін сұрау. 100 санының үш таңбалы сан екенін, оның үш цифрдан тұратынын айту.

(ЖЖ)  Оқушыларға жұппен жұмыс жасауды ұсыну. Бір оқушы дөңгелек ондықты, ал екіншісі келесі дөңгелек ондықты айтады. Тапсырманы өзгерту: бірінші оқушы кез келген дөңгелек ондықты, ал келесі оқушы оның алдындағы ондықты айтуы керек.

(Т)Оқушыларды топтарға бөлу. Әрбіртопқадөңгелек сандар жазылған кеспеқағаздарды таратып беру. Дөңгелек сандар жазылған кеспеқағаздарды топтарға өсу ретімен реттеп қоюды ұсыну. Тапсырманы тез орындаған және барлық дөңгелек ондық сандарды дұрыс орналастырып, қатесіз атап берген топ жеңіске жетеді.

(ЖЖ)Оқулықпен жұмыс (41-бет). «Тиісті сандарды қой» тапсырманы жұппен орындату. Тапсырмада сандар қатарын реті бойынша ондықтармен толықтыру керек. Осылайша, тапсырма зейінділікті дамытады және ондықтармен санауды меңгеру дағдысын тексеруге көмектеседі (жұптардың жұмысын бақылап жүру).

Сергіту сәті.

(ЖЖ)Оқулықпен жұмыс (41-бет).«Жұмыртқаларды кім дұрыс санады?»  Оқушылардан жұпта жұмыс жасай отырып, дұрыс жауабын табуды сұрау. Тапсырмада анасы мен қызының қолындағы кеспеқағаздар жазылған цифрлар мен жұмыртқа салынған науалардың санын салыстыру керек. Қиындық туындаған жағдайда санау таяқшаларын (буылған ондықтарды) пайдалануды ұсыну.

 

Дәптермен жұмыс

(Ө)«Жұмыртқаларды науаларға сал» тапсырмасын орындауды ұсыну. Әрбір науада неше ондық жұмыртқа болғанын сұрау. Оқушылар бос науаларға жұмыртқаларды толықтырып салу керек. Олар алғашында науалардың санының қанша екенін санайды да, жұмыртқалардың санының да сонша болатынын ұғады?

«Кинотеатрдағы кресло саны неше ондық болады?». Креслоның нөмірі көрсетілмеген. Сондықтан да оқушылар өздігінен санап, кресло санын бос торкөзге жазуы керек.

Кеспеқағаздар, таяқшалар, кеңсе резеңкелер

Сабақтың соңы

(Т)Сабақтың соңында сандарды ажырата білу машығына жаттықтыру үшін топтық жарыс ұйымдастыру. Оқушыларды үш топқа топтастырып, әр топқа сандар жазылған бірнеше кеспеқағаздарды теріс қаратып үстелдеріне қою. Белгі берілгенде, олар кезекпен, кеспеқағздарды тақтаға қажетті бағанға қыстыруы керек. Тақтада екі баған: бірінші – толық ондықтар, екінші – толық ондық емес сандар. Сандарды қатесіз іріктеген топ жеңіске жетеді.

(Ұ) Оқушылардың тақырыпты қаншалықты түсінгенін білу үшін мынадай сұрақтар қойып, тапсырмалар ұсынып, жауаптарын тыңдау:

·         Бір ондықта неше бірлік бар?

·         Ондықтармен сана.

·         Толық ондықтарды ата.

 

Саралау –оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлапотырсыз?

Бағалауоқушылардыңматериалдымеңгерудеңгейінқалайтексерудіжоспарлайсыз?

Денсаулықжәнеқауіпсіздіктехникасыныңсақталуы


Оқушылар он таяқшадан санап алып, оны кеңсе резеңке баулармен бумалап байлап қою барысында қиналатындарға бағыт беру.

Ауызша санау үдерісін бақылау арқылы бағалау. Қиналатын оқушыларды жазып алу.

Сергіту сәттерін өткізу.

 

 

 

 


 

Скачано с www.znanio.ru

Пән: математика Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 1А бөлім:

Пән: математика Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 1А бөлім:

Сабақтың ортасы (Ұ) Оқушыларға құрылысшының рөлінееніп көруді ұсыну

Сабақтың ортасы (Ұ) Оқушыларға құрылысшының рөлінееніп көруді ұсыну

Сабақтың ортасы (Ұ)

Сабақтың ортасы (Ұ)
Материалы на данной страницы взяты из открытых истончиков либо размещены пользователем в соответствии с договором-офертой сайта. Вы можете сообщить о нарушении.
24.04.2020