Географиялық орны
Қазақстанда Орал тауының оңтүстік бөлігі - Мұғалжар тауы орналасқан. Тау Жаманқаланың (Орск) тұсынан басталып, солтүстіктен оңтүстікке қарай созыла орналасқан, ұзындығы - 200 км, ені 30 км, орташа биіктігі 450-500 м. Ең биік нүктелері - Үлкен Боқтыбай (657 м), Айрық (633 м). Тау Орал тауының жалғасы болып табылады. Ол экзогенді процестер әсерімен мүжіліп, аласарған таулардың қатарына жатады
маңғыстау экономикасы.docx
Маңғыстау облысы экономикасының дамуы тарихы.
Маңғыстау облысы Қазақстанның негізгі донор өңірі болып табылады. Облыстың
экономикалық белсенділігі негізінен өңірдегі пайдалы қазбалардың көп болуына, соның
ішінде мұнай және газ кен орындарының игерілуіне байланысты. Соңғы 20 жылдың
ішінде Каспий теңізінде орналасқан көптеген ірі мұнай және газ кен орындары игеріле
бастады.
Маңғыстау облысы Каспий теңізінің бойында орналасқандықтан және басқа
елдермен шекаралас болғандықтан жүк тасымалдау қарқыны да жыл сайын өсіп келе
жатыр. Облыста "ЖерТеңізАспан" ықпалдастық жобасы да қарқынды дамып келе
жатыр.
Облыстың 2010 жыл қорытындысы бойынша экономикалқ даму көрсеткіштері:
Жалпы аймақтық өнім 1 422,9 млрд теңге (5 орын)
Өндіріс өнімдерінің жалпы көлемі 1647, 4 млрд теңге (2 орын)
Ауылшаруашылығының өнімі 4.4 млрд теңге (14 орын)
Негізгі капиталға жасалған инвестиция 372 млрд теңге (3 орын)
Бөлшекті сауда көлемі 78 млрд теңге (14 орын)
Жер қойнауы мұнай, газ, фосфорит, көмір, марганец, әр түрлі тұздар, ұлутас
қорларымен бай. 2004 жылы облыс бойынша жалпы қосымша құн 282,1 млрд теңге
құрады, ал негізгі қорлар (2004 жыл соңына қалдық құны бойынша) 324,9 млрд теңге.
2004 жылы негізгі капиталға инвестициялар 101 млрд теңге, немесе 2003 жылғы
деңгейдің 126,9% құрады. 2004 жылы құрылыстық мердігерлер келісімімен жасалған
жұмыс көлемі бағалау бойынша 27,7 млрд теңгені құрады, ол 2003 жылға қарағанда 1,3
есеге артық. Облыс үшін айқындайтын салаға кен өндіру өнеркәсібі жатады. 2004 жылы
бұған негізгі капиталға инвестициялардың жалпы көлемінің 63% жұмсалмаған.
Білім беру жүйесі. Облыста 117 күндізгі жалпы білім беретін мектеп (олардағы
қатысушылар саны 88,1 мың), 13 колледж (10,3 мың қатысушы) 4 жоғары оқу орны (17,8
мың студент) жұмыс жасайды. Ең үлкен оқу орны Ш.Есенов атындағы Каспий
технологиялар және инжиниринг университеті. 2010 жылы Ақтау қаласында Жер
АспанТеңіз мега жобасының аясында салынған университеттің жаңа оқу корпусы
ашылды. Жаңа кампусты ашуға Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан
Назарбаев қатысты.
Денсаулық сақтау жүйесі. Денсаулық сақтау ісі жөнінде Маңғыстау облысы әлі де
артта қалып келеді. Дегенмен соңғы жылдары осы саладағы көптеген көрсеткіштер
жақсарып келе жатыр. Облыста барлық мамандық бойынша 1,2 мың дәрігер қызмет
ететін және 3,1 мың орта медицина қызметкерлері бар 36 аурухана мекемелері бар.
Ауыл шаруашылығы. Облыстың ауыл шаруашылығы (850 шаруа (фермер) қожалығы,
ауылшаруашылық өндірісінің басқа кәсіпорындары мен ұйымдары, халықтың жеке
қожалығы) 2004 жылы өндірілген жалпыреспубликалық ауылшаруашылық жалпы өнімі
көлемінің 0,2% береді.
Облыста 6,9 млн.гектар ауыл шаруашылығы пайдаланатын жер бар, оның 0,4 мың га.
егіндік жерлер. 2004 жылы 0,7 мың тонна көкөніс, 9,4 мың тонна ет (сойылған салмағы
мен), 5,3 мың тонна сүт, 0,7 мың тонна жүн (нақты салмағымен), 27,2 мың қаракөл терісі
өндірілді.
2004 жылдың соңында ірі қара малдың саны 7,2 мың бас (оның 4,1 мыңы сиыр),
қой мен ешкі 430 мың, шошқа 0,2 мың, жылқы 30 мың және түйе 34 мың бас
құрады. 2004 жылы 15,5 млн тонна шикі мұнай, 2,8 млрд тк. метр табиғи газ шығарылған, 2,9
млрд кВт сағат электр энергиясы, 74 тонна тіс пастасы мен ұнтағы, 311 тонна өңделген
сұйық сүт пен кілегей өндіріледі.
Маңғыстау өнеркәсібінің даму тарихы.
Облыста өнеркәсіп саласының негізі 19 ғдың 50жылдарынан бастап
қалыптаса бастады. Ол кезде балық, маусымдық итбалық аулау кәсіпшілігі және
олардың негізінде бірнеше шағын балық өңдеу, тұз өндіру цехтары болды. Балық
аулауды жолға қою үшін Каспий теңізі жағалауында 10нан астам елді мекендер
салынды. Ал өнеркәсіптің нағыз дамуы, осы аймақтың жер қойнауынан мұнай, газ
кен орындарының табылуынан (Оңтстік Маңғыстау мұнайгаз кен орны) және оны
игеруден басталды.
Маңғыстау жер қойнауын зерттеп, мұнайгаз байлықтарын ашуда жүргізілген
қыруар жұмыстарды негізінен төрт кезеңге бөлуге болады.
Түбіжік,
1кезең. 1887 – 1949 ж. аралығындағы жалпы геологиялық зерттеулерді
қамтиды. 1887 ж. тН.И. Андрусовтың басшылығымен алғаш рет Маңғыстаудың
геолгиялық картасы жасалды. Кейінгі жылдары өлкенің стратиграфиялық сұлбасы
мен тектоникалық құрылымдары анықталды. 1911 ж. және 1926 – 1927 ж. М.В.
Баярунас Маңғыстау жерінің стратиграфиясы мен тектоникасын зерттеп, бұрынғы
Андрусовтың ұсынған болжамдарын, сондайақ Қарасаз – Тасбас және Қошақ
антиклинальді құрылымдарын анықтады. Қарасаз – Тасбас алаңдарының мұнай
белгілерінің барлығын байқады. 1926 ж. В.Соколов Маңғыстауда мұнай көздерін
іздестіру жұмыстарын жүргізу керектігі жөнінде пікір айтты. 1932 – 1933 ж. С.И.
Алексейчик Қанға,
Мыңсуалмас (Маңсуалмас) алаңдарында зерттеу
жүргізіп, олардың геологиялық картасын жасап, бұл жерлерде мұнай қорларының
болу мүмкіндіктерінің жоғары екендігі туралы тоқтамға келді. 1933 – 1937 ж.
Маңғыстау, Үстірт аймақтарына геофизикалық жұмыстары жүргізілді. Осы
жасалған зерттеу жұмыстарының нәтижесінде Орталық Маңғыстауда ірі жер асты
құрылымдардың барлығы анықталды. 1937 – 1940 ж. түбекті зерттеу ісін
Бүкілодақтық ғылымизерттеу геологиялы барлау институты (БҒЗГБИ) қолға алды,
зерттеу жұмыстарын Алексейчик, А.В. Фурсенко, Е.И. Соколова, Е.В. Мятлюк, т.б.
ғылыми қызметкерлер жүргізді. Бұлар бұрынғы жасалған геологиялық зерттеу
жұмыстарына тыңғылықты шолу жасап, түбектің стратиграфиялық түзілімдерін,
тектоникасын, палеогеографиясын анықтап, түзілімдердің мұнайлылығы жөнінде
ғылыми болжамдар айтты. Соғыстан кейінгі жылдары да Маңғыстау геологиясын
зерттеу жұмыстары жедел жүргізіле бастады. 1946 ж.
В.В. Мокринскийдің
басшылығымен БҒЗГБИдің геологиялық экспедициясы соғыс кезінде уақытша
тоқтатылған ізденіс жұмыстарын қайта жалғастырды. Сөйтіп, ол өзінің көп жылғы
зерттеу еңбектерін қорытындылады. Қаратаудың геологиялық құрылымын,
көмірлілігін, пермь, триас, юра, бор, т.б. жас шөгінділердің стратиграфиялық
түзілімдерін, құрамдарын, тектоник., палеогеографиялық ерекшеліктері мен
қасиеттерін талдады. 1947 – 1950 ж. БҒЗГБИ геологтары А.А. Савельев, Н.Ф.
Кузнецова Солтүстік Ақтау жотасына геологиялық түсіру мен Бозащы түбегіне
шолу жұмыстарын жасап, нәтижесінде Солтүстік Ақтауда бірнеше шағын
құрылымдар бар екені анықталды.
2кезең. 1950 – 1957 ж. қамтылып, арнайы геологиялықгеофизикалық
зерттеу жұмыстарының кең көлемде жүргізілгенін көрсетеді. БҒЗГБИ экспедициясы Маңғыстауға орнығып, түбектің мұнай, газ іздестіру сияқты жұмыстардың ғылыми
негізін (Б.Ф. Дьяков, Н.Н. Черепанов, Н.К. Трифонов, Д.С. Несвит, В.Г. Юров, А.И.
Димаков, А.Б. Кочан, т.б.) құрды. Зерттеу жұмыстарының барысында стратиграфия,
литология, белгілі горизонттар, юра, бор және палеогеннеоген дәуіріндегі тау
жыныстарының коллекторлық сипаттамалары анықталды.
Маңғыстаудың
геологиялық құрылысы, гидрогеологиясы, мұнай мен газдың геохимиясы, әр түрлі
карталар тұрғызылды; геологиялық, тектоник., мұнай мен газдың перспективалық,
т.б. арнаулы зерттеулері жүргізілді.
Осы БҒЗГБИдің жүргізген ғылымизерттеулерінің қорытындысында
Маңғыстаудың әрбір аймақтарына, аудандарына, құрылымдарына жекежеке
геологиятектоникалық тұрғыдан баға берілді, белгілі құрылымдарға өндірістік
тұрғыдан барлауға дайындау үшін іздестіру жұмыстарының нақтылы бағыттары
анықталып, оны іс жүзіне асыру жұмыстары қаралды. Солтүстік Маңғыстау
тектоникалық аймағында Қызан құрылымы табылып, барлау жұмыстарына
дайындалды. Орталық Маңғыстауда барлау жұмыстарына Түбіжік және Құсайын
құрылымдары ұсынылды, ал Оңттүстік Маңғыстауда Жетібай,
Еспелісай
құрылымдары белгіленді.
Осы жылдары (1951 жылдан бастап) кең көлемде геологиялық барлау
жұмысын «Қазақстанмұнай» бірлестігі (Н.А. Калининнің басшылығымен) жүргізе
бастады. Маңғыстаудағы барлау жұмыстарының жоспары анықталды, бірлестіктің
түбекте «Геологиялық іздестіру конторы» (ГІК) құрылып Түбіжік, БекіБасқұдық
алаңдарында геологиялық іздестіру жұмыстары, ал 1952 – 1956 ж. БҒЗГБИ
сейсмикалық зерттеу жұмыстарын кең көлемде жүргізе бастады. Солтүстік
Бозащының шығыс бөлігін БекіБасқұдық дөңінің батысында, Түбіжік, Құсайын,
Қызан алаңдарында жүргізілген жұмыстар бұрыннан белгілі құрылымдарын
растағаннан басқа тағы да жаңадан Жоласқан, Еспелісай, Жетібай, Жазбай сияқты
құрылымдарды анықтауға мүмкіндік берді. Бұдан кейінгі жылдары (1956 – 58)
сейсмикалық зерттеулердің барысында Оңтүстік Маңғыстаудың геологиялық
жағынан нақтыланып (Песчаный мүйісінде) Қараудан, Қауынды, Өзен, Тоқпақ
құрылымдары анықталды, сонымен қатар ірі Қарақия, Қауынды, Жазыгүрлі сияқты
ойыстарының барлығы белгілі болды. Осы жылдары Маңғыстауда басқа да ғылыми
мекемелер жұмыс істеді.
КСРО ғылым академиясының музей ғалымдары
Қаратаудағы пермь, триас қабаттарын зерттесе, Бүкілодақтық аэрогеологиялық
тресі (БАГТ) Маңғыстауда геологиялық түсіру жұмыстарын аяқтады. Ал
«Қазақстанмұнайбарлау» тресінің геологиялық іздену конторы Қарасаз – Тасбас
және Бекі – Басқұдық маңында геологиялық жұмыстарын жүргізді. БҒЗГБИдің
ғалымдары Дьяков пен Черепановтар осы өлкеде өткізген көп жылғы ізденіс
жұмыстарын жинақтап Маңғыстаудың тектоникасы мен мұнайлылығын және
газдылығы туралы ғылыми қорытынды жасаудың нәтижесінде Оңтүстік Маңғыстау
мен Бозащы түбегінің болашағы зор екенін дәлелдеді. Осы қорытындылар
Маңғыстау геологиялық ізденістерінің және мұнайлылығы мен газдылығының
ғылыми негізі болды да, болашақ мұнай мен газ барлау жұмыстарына жалпы бағыт
көрсетті.
3кезең. 1957 – 1961 жылдарды қамтиды да, Маңғыстаудың мұнай мен
газдылығын айқындағанын сипаттайды. Сол себептен БҒЗГБИ үш бағытта барлау
жұмыстарын жүргізу керектігін ұсынды: Солтүстік Маңғыстау тектоникалық
зонасында Қызан құрылымы, Орталық Маңғыстау тектоникалық зонасында Түбіжік Тасболат (1965),
Қарамандыбас (1965),
пен Құсайын алаңдары және Оңтүстік Маңғыстау тектоникалық зонасы. 1957 ж.
ФортШевченко қаласында «Маңғыстаумұнайгазбарлау» (ММГБ) тресі құрылып, ол
БҒЗГБИ ғалымдарының ғылыми ұсыныстарын іс жүзінде байқау үшін Маңғыстауда
терең бұрғылау жұмыстарын бастады. Осы жылы «ММГБ» тресі Жетібай алаңына
тайыз (структуралық) бұрғылау, ізденіс жұмысын қолданып сол жерде көтеріңкі
құрылым барлығы дәлелденді. Дәл сондай жұмыс Өзен алаңында да жүргізіліп,
жоғарғы бор қабаттарында құрылымның барлығын жете тексеріп және оларда
өндірістік газ горизонттарының белгілері анықталды. Жасалған жұмыстардың
нәтижесінде 1959 ж. Жетібай мен Өзен құрылымдары терең бұрғылау арқылы
мұнайгаз кен орындарын іздеу жұмыстарына толықтай дайындалды. 1959 ж.
Жетібай алаңында терең бұрғылау жұмыстары басталды, ал 1961 ж. 5 шілдеде ғ6
ұңғымадан 2400 м тереңдіктен мұнай фонтаны атқылады. Осы жылдың желтоқсан
айында Өзен алаңында юра қабатынан мұнай көзі ашылды. Бұл осы аймақтың респ.
маңызы бар ірі мұнайгаз қоймасы екендігін әйгіледі. 4кезең 1961 жылдан, яғни
Оңтүстік Маңғыстауда жаңа мұнай көздерін барлау жұмыстарының кең көлемде
жүргізілген кезінен басталады. 1964 жылға дейін барлау жұмыстары көбіне Жетібай,
Өзен алаңдарында жүргізіліп, бұл кен орындарын өндірістік игеруге дайындады.
Кейінгі жылдары терең бұрғылау, барлау жұмыстарының нәтижесінде Оңтүстік
Маңғыстаудан Теңге (1964),
Шығыс
Жетібай (1965), Доңға – Еспелісай (1969) мұнайгаз кен орындары, Қансу (1970),
АқсуКендірлі (1972), Оңтүстік Аламұрын газ кен орындары ашылды. 1973 жылдан
бастап «ММГБ» тресі бұрғылау жұмыстарының басым көпшілігін Бозащы түбегіне
бағыттады да Қаражанбас (1974), Солтүстік Бозащы (1975), Қаламқас (1976),
Жалғызтөбе (1976), Арман (1979), Шығыс Қаратұрын (1979), Теңіздегі Қаратұрын
(1980), т.б. кен орындары ашылып, өндірістік игеруге берілді. Соңғы жылдары
«ММГБ» тресі Солтүстік Маңғыстаудан, Үстірттен және Оңтүстік Каспий маңы
аймақтарынан мұнайгаз кендерін ашып, аудандарды барлау жұмыстары терең
бұрғылау әдісімен жүргізілуде. Маңғыстау «қара алтынын» ашуға тікелей ат
салысқан бір топ ғалымдар мен өндірістік қызметкерлер кезінде одақтық – Лениндік
сыйлықтың лауреаты атағына ие болды. Олар: Ж.Досмұханбетов,
Б.Дьяков,
Ш.Есенов, Е.Иванов, Н.Имашев, Н.Калинин, X.Махамбетов, В.Матвеев, В.Токарев,
Н.Черепанов, X.Өзбекғалиев. 1964 ж. Маңғыстаудың мұнайгаз қорын халық
игілігіне пайдалану үшін Шевченко (қазіргі Ақтау) қаласында «Маңғышлақмұнай»
бірлестігі құрылды (қазіргі «Маңғыстаумұнайгаз» өндірістік бірлестігі). Сол
жылдардан бастап бірлестік Өзен – Жетібай тектоникалық сатысының алқабын
терең барлау жұмыстарын, «Маңғыстаумұнай» бірлестігіне берілген Өзен барлау
экспедициясымен (басшылары Д.Үсенов, С.Саркисов, X.Махамбетов), 1966 жылдан
жаңадан құрылған Жетібай бұрғылау конторының күштерімен жалғастырды. 1979
ж. Бозащыдағы мұнай кен орындарын өндірістік игеруге байланысты Жетібай
бұрғылау басқармасы екі басқармаға бөлінді: Жетібай бұрғылау жұмыстары
басқармасы және Маңғыстау барлау бұрғылау басқармасы. Осылардың біріншісіне
Жетібай, Қаламқас, Қаражанбас мұнай кен орындарында пайдалану ұңғымаларын
қазу міндеттелінсе, екіншісіне барлау ұңғымаларын қазу белгіленді. Терең бұрғылау
жұмыстары алғашқы жылдары юра қабаттарына жүргізілсе, ал 70жылдардың
басынан бастап тереңде жатқан триас шөгінділерінде ізденіс жұмыстары басталды.
Сол жылдары ашылған мұнайгаз кен орындары: Асар, Түрікменой, Оңтүстік
Жетібай, Бектұрлы, Ақтас, Бұрмашы, Батыс Теңге, Ракуш, Тамды, Оймаша, Шынжыр, Солтүстік Қарақия, Солтүстікбатыс Жетібай, Каменистое, Сәрсенбай,
Пионер, Шығыс Нармаул,
Солтүстік
Қарамандыбас, Жарты, Мақат, Шығыс Өзен, Оңтүстікшығыс Бектұрлы, Сарытөбе,
Айрантақыр, Батыс Ақтас, Ащыағар және Придорожное.
Солтүстік Придорожный,
Алатөбе,
"Орал" 8 сынып
"Орал" 8 сынып
"Орал" 8 сынып
"Орал" 8 сынып
"Орал" 8 сынып
Материалы на данной страницы взяты из открытых истончиков либо размещены пользователем в соответствии с договором-офертой сайта. Вы можете сообщить о нарушении.