Эссе тақырыбы: "21 ші ғасыр мұғалімінің кәсіпқойлылығы".
«Ұстаз болу – жүректің батырлығы,
Ұстаз болу сезімнің ақылдығы» деп ғұлама ақын Ғабу Қайырбеков
ағамыз жырлағандай, ғұмырын ұстаздық мамандыққа арнаған, көңілі мәңгі жас
баладай жақсылыққа құмар ұстаз болу – көп адамға бұйыра бермеген бақыт
десем, артық айтқандық емес шығар. Өйткені аузын ашса жүрегі көрінетін,
жалғандықты, жасандылықты сүймейтін тазалық пен пәктіктің иесі оқушыларды
көргенде, олармен бірге қуанып, бірге күліп, жан дүниең ерекше сезімге толып,
жас баладай қуанышқа бөленесің.Оқушылар сенен ең жақын жанашырындай үміт
күтеді, қуанып қарсы алады, сырларын бөліседі. Кейде қуаныштарын жасыра
алмай , еркелей алдыңа келеді. Бір үйдің үміті, шырағы, аяулысы, ардағы, еркесі,
бұзығы, қызығы. Сен олармен бірге жүрсең, олармен бірге бала болып, асыр
салып, балаша қуанып, мына өмірге балаша қарайсың. Әр үйдің үміті болған
шәкіртеріңнің жан шырағын жаға білсең, нағыз адам етіп тәрбиелей білсең,
жүрегіне ұлтына деген қасиетті ұғымды ұялатып, Абай атамыз айтқандай, толық
адам тұлғасын қалыптастыра алсаң, міне, ұстаздық мұрат мақсатың осы
болмақ...
Мен үшін химия пәнінің мұғалімі болу ең ардақты мамандық иесі деп
ойлаймын. Оқушыларға заман талабына сай азамат етіп шығару, оқушылардың
бойында білімге деген құштарлық ұғымдарды ұялата отырып, білім беру ХХІ
ғасыр мұғалімдерінің еншісінде тұр. Еш жалықпаған ұстаздың тәрбиелеген
шәкірттері жан жақты білімді, ой өрісі биік, өз мақсаттары айқын, сол
мақсатқа жету үшін еңбекқорлық пен шыдамдылық таныта білетін жандар
болатыны сөзсіз.
Адамзат тәрбиелеудің қиындығы мен жауапкершілігі мол мамандық екені
белгілі, дегенмен ХХІ ғасырдың ұстаздары жан – жақты дамыған, оқушының жан
дүниесін жетік білетін, өз пәнін толық меңгерген, барлық нәрседен хабары бар
иман жүзді, талапшыл азамат болуы керек деп ойлаймын.
Өзімнің мұғалім, ұстаз, жалпы адам ретінде түйгенім, мұғалім өзінің артына
ерген ұрпағы мен шәкіртінің жетістігімен ғана марқая, қуана алады екен.
Ұлтымыздың тағдыры, болашағы – тәрбие мен білімде екен. Абай атамыз
айтқандай: «Ұстаздық еткен жалықпас, үйретуден балаға..» дегендей, шәкірт
тәрбиелеп, оны ұядан баптап ұшырудан еш жалықпайық.
Ал ХХІ ғасырдың нағыз ұстазы қандай болмақ керек? Әрине, ол өз кәсібінің
майталманы, осы мақсатқа рухани күш жігерін, парасат қуатын салу керектігі
айтпаса да түсінікті. Бұл әркімнің қолынан келе бермейтін, ерекше талантты
қажет ететін, бай қиялды адамға тән қасиет.
Сондай ақ ұстаз күнбе күнгі өзінің көп қырлы еңбегінде мазмұны әр түрлі
кездейсоқ жайттардың туындап отыратынын алдын ала сезіп, болжап және оның
оң шешімін табуға дайын болуға тиіс. Сондықтан да ұстазды әр баланың жан дүниесін танып білуші әрі оны жеке тұлға етіп қалыптастырушы, ел
болашағының мүсіншісі деуге болады.
Мектептегі ұстаз – баланың екінші ата анасы, болашаққа айқын жол сілтер
ақылшысы. Оның мейірімге толы жүрегі шәкірт бойндағы талай ағаттықты кешіре
біледі. Оның бойындағы білім мен ақыл, ойының қуаты талай тентекті жуасытып,
небір еркені сабасына түсіреді, тәртіпке баулып, есейтіп, ержеткізеді.
Педагог әрқашанда өзін қоғам талабына сай үздіксіз тәрбиелеп отыратын,
адамдармен, әсіресе, оқушылармен қарым қатынасқа тез түсе білетін,
ұйымдастырушылық қабілеті бар, өз пәнін жетік білетін әрі уағыздаушы, таланты
мен тәжірибесі тоғысқан, өзінің қоғамындағы саяси өмірге белсенді араласып, өз
елі мен жеріне деген сүйіспеншілігі негізінде оқушыларға үлгі болуы керек.
Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев "Болашақта еңбек етіп, өмір сүретіндер
бүгінгі мектеп оқушылары, мұғалім оларды қалай тәрбиелесе Қазақстан сол
деңгейде болады. Сондықтан ұстазға жүктелер міндет ауыр" деген болатын.
Қазіргі заман мұғалімінен тек өз пәнінің терең білгірі болуы емес, тарихи
танымдық, педагогикалық психологикалық сауаттылық, саяси экономикалық
білімділік және ақпараттық сауаттылық талап етілуде.
Мен бұрын баладан жауап алғанша асықсам, қазір оқушының ойлануын
бірінші орынға қоятын болдым. Тоғыз жылдай ұстаздық етсем де, әлі де
үйренетінім көп екеніне толық көзім жетіп отыр. Менің басты мақсатым
оқушыларды жанжақты тәрбиелі, табиғатты аялайтын, өз елін сүйетін азамат
болғанын қалаймын. Менің мамандығымныңда мақсаты осы болады.
Органикалық химия есептерін шығару әдістемесі
Органикалық химия есептерін шығару әдістемесі
Материалы на данной страницы взяты из открытых истончиков либо размещены пользователем в соответствии с договором-офертой сайта. Вы можете сообщить о нарушении.