Оқушының аты-жөні ___________________________________________________сынып______________________
А деңгейінің тапсырмалары |
№1. Мектеп холындағы орындар қатармен орналасқан. Барлығы 14 қатар орын бар. Бірінші қатарда 15 орын. Алтыншы қатарда 30 орын. an мәні n-ші қатардағы орындар санын көрсетеді. a1, a2, …, a14 мәндері арифметикалық прогрессия құрайды. (a) 14-ші қатардағы орындар санын есептеңіз. 480 бала холға келді. (b) Әрбір оқушыға орын жеткілікті болатынын көрсетіңіз. №2. Арифметикалық прогрессияның бесінші мүшесі 46, ал 12-ші мүшесі 181. (a) i) Осы прогрессияның айырмасы 9 болатынын көрсетіңіз. ii) Прогрессияның бірінші мүшесін табыңыз (b) Прогрессияның алғашқы 20 мүшесінің қосындысын табыңыз. |
В деңгейінің тапсырмалары |
№1. Арифметикалық прогрессия берілген: 3, 7, 11, 15, ... (а) Прогрессияның 10-шы мүшесін табыңдар. (b) Прогрессияның алғашқы 15 мүшесінің қосындысын табыңдар. (c) Прогрессияның k-шы мүшесі 111 – ге тең. k-ның мәнін табыңдар. № 2. Арифметикалық прогрессия берілген : 36; 31; 26 … (а) берілген прогрессияның оң таңбалы мүшелерінің санын табыңыз (b) прогрессияның бірінші теріс таңбалы мүшесін табыңыз. (c) прогрессияның оң таңбалы мүшелерінің қосындысын табыңыз. (d) аn = – 111 прогрессияның мүшесі бола ма. |
С деңгейінің тапсырмалары |
№1. Арифметикалық прогрессияның бесінші мүшесі 46, ал 12-ші мүшесі 181. Алғашқы елу мүшесінің қосындысы 11525 тең. Прогрессияның жиырма бірінші мүшесінен елуінші мүшесіне дейінгі мүшелерінің қосындысын табыңыз. № 2. Екі арифметикалық прогрессия берілген. Олардың біріншісінде: екінші және бесінші мүшелерінің қосындысы үшінші және жетінші мүшелерінің қосындысынан 15-ке кем, ал алғашқы отыз мүшелерінің қосындысы 2385-ке тең. Екінші прогрессияда: алғашқы мүшесі 2, ал айырма 3-ке тең. Екі прогрессияда да кездесетін алғашқы қырық мүшенің қосындысын табыңыз. |
|
А деңгейінің тапсырмалары |
В деңгейінің тапсырмалары |
С деңгейінің тапсырмалары |
Есептің шарты бойынша маған қандай формулалар қажет болады? |
|
|
|
Есептің шарты бойынша мен қандай математикалық модель құрастыра аламын? |
|
|
|
Шешімі |
Жұмыс дәптерінде орындалады |
||
Есепті шығара алдың ба? |
|
|
|
Қандай қателер болды?
Қандай қиындықтарды сезінесің?
|
|
|
|
Осындай қателер бұрын болып па еді?
Осы қатені қайтадан неге жібердің?
|
|
|
|
Осы қате бойынша кімнен көмек сұрадың?
Олар көмектесе алды ма?
|
|
|
|
Осындай қателер жібермеу үшін келесі жолы не істейсің?
|
|
|
|
Осы тақырыпты сыныптастарыңа түсіндіріп бере аласың ба?
Неліктен олай ойлайсың?
|
|
|
|
Материалы на данной страницы взяты из открытых источников либо размещены пользователем в соответствии с договором-офертой сайта. Вы можете сообщить о нарушении.