1. Екі автомобиль бензоколонкадан қарама-қарсы жаққа қозғалды: біріншісінің жылдамдығы 60 км/сағ, екіншісінікі - 90 км/сағ Қозғалыс басталғаннан кейін 30 минуттан кейін олардың ара қашықтығы
2. Дене ОХ осіне қарама-қарсы 36 км/сағ жылдамдықпен бірқалыпты қозғалады. Бастапқы координатасы 20 м. Дененің 4 с-тан кейінгі координатасы және осы уақытта жүрген жолы
3. Екі автомобиль қарама-қарсы бағытта қозғалып келеді. Бірінші автомобильдің жылдамдығы 54 км/сағ, ал екіншісінікі 108 км/сағ. Автомобильдердің салыстырмалы жылдамдығы
4. 54 км/сағ жылдамдықпен қозғалып келе жатқан поездың терезесі алдында отырған жолаушы, 36 км/сағ жылдамдықпен қарсы қозғалып келе жатқан ұзындығы 150 м. Поезды көру уақыты
5. Екі өзара перпендикуляр шоссе жолдарында жылдамдықтары 54 км/сағ және 72 км/сағ жүк және жеңіл автомашиналар бірқалыпты қозғалып келеді. Жол торабындағы кездесуден 10 мин өткен соң, олардың ара қашықтықтығы
6. Автомобиль батыс бағытта 80 км/сағ жылдамдықпен қозғалып келеді. Оған басқа автомобиль қарсы, сондай жылдамдықпен қозғалуда. Біраз уақыттан соң автомобильдердің ара қашықтығы 10 км-ге тең болады. Олардың кездесу уақыты
7. 72 км/сағ жылдамдықпен келе жатқан поезд терезесінің алдындағы жолаушы 32,4 км/сағ жылдамдықпен қарсы өткен поезды 10 с бойы көреді. Қарсы күдескен поездың ұзындығы
8. Ұзындықтары 800 м және 200 м екі поезд бір-біріне қарама-қарсы 72 км/сағ және 108 км/сағ жылдамдықтары мен өзара параллаель темір жолда қозғалып келеді. Бірінші поездың екіншісінің жағынан өту уақыты
9. Қозғалмай тұрған жолаушы метрополитен экскалаторымен 1 мин, ал қозғалмайтын эсклатор арқылы жолаушы 3 мин көтеріледі. Қозғалыстағы эксалатор арқылы жолаушының көтерілу уақыты
10. Автомобиль жолға қатысты 15 м/с жылдамдықпен қозғалады. Осы жол бойымен, дәл сол бағытты 5 м/с жылдамдықпен велосипедші жүріп келеді. Автомобильдің велосипедшіге қатысты жылдамдығы
11. Моторлы қайық екі бекеттің арасын өзен ағысымен 3 сағатта, ал сал 12 сағатта жүзіп өтсе, моторлы қайық екі бекеттің арасын кері қарай қанша уақытта жүзіп өтер еді?
12. Қайық өзен ағысымен қозғала отырып, екі бекеттің арасын t1=3 сағатта, ал ағысқа қарсы осы ара қашақтықты t2=5 сағатта жүріп өтеді. Егер екі бекеттің ара қашықтығы S=15км болса, қайықтың сумен салыстырғандағы жылдамдығы және ағыс жылдамдығы қандай? Қайықтың сумен салыстырғандағы жылдамдығы барлық уақытта да тұрақты.
13. Бекеттің жанынан сал өтеді. Осы мезетте бекеттен S1=15 км қашықтықта тұрған ауылға қарай моторлы қайық шықты. Ол ауылға t=3/4 сағатта жетті де, кері бүрылып, ауылдан S2=9 км қашықтықта салмен кездесетін болса, өзен ағысының жылдамдығы және қайықтың сумен салыстырғандағы жылдамдығы қандай?
14. Моторлы қайық бірдей ара қашықтықты өзенмен және көлмен жүзіп барып, қайтты. Егер өзен ағысының жылдамдығы 3 км/сағ, ал моторлы қайықтың сумен салыстырғандағы жылдамдығы, екі жағдайда да 10 км/сағ болса, өзенмен барып қайтқандағы уақыты, көлмен барып қайтқандағы уақыттан қанша есе артық?
15. Моторлы қайық ара қашықтығы 100 км болатын екі бекеттің арасын өзен ағысымен - 4 сағатта, ағысқа қарсы 10 сағатта жүзіп өтеді. Моторлы қайықтың тынық судағы жылдамдығы мен су ағысының жылдамдығын тап.
16. Мотоциклші екі қаланың арасының 0,4 бөлігін 72 км/сағ жылдамдықпен, ал қалған бөлігін 54 км/сағ жылдамдықпен жүріп өтсе, оның орташа жылдамдығы қандай?
17. Қайықтың сумен салыстырғандағы қозғалыс жылдамдығы өзен ағысының жылдамдығынан n есе артық. Екі бекеттің арасын қайықпен ағысқа қарсы жүзгендегі уақыт ағыспен жүзгендегі уақытқа қарағанда қанша есе артық? Есепті n=2 және n=11 болатын мәндері үшін шығар.
18. Қайықпен S=240м ара қашықтыққа әуелі ағыс жылдамдығы J1=1 м/с өзенмен, сонан соң тынық сумен барып қайту қажет. Екі жағдайда да қайықтың сумен салыстырғандағы жылдамдығы J2=5 м/с. Есепті жалпы түрде шығарып, өзенмен барып қайтуға кететін уақыт, тынық сумен барып қайтқандағы уақытқа қарағанда, әрқашан артық болатынын дәлелде. Осы жағдайда қайықтың өзенмен жүзуге кеткен уақыт көлмен жүзуге кеткен уақытынан қанша артық болады?
19. Өзен ағысына қарсы жүзіп келе жатқан ескекші көпірдің астынан өтер кезде бас киімінің түсіп қалғанын байқады. Ол бас киімінің жоқ екенін 10 мин өткен соң ғана біліп, кері бұрылып, көпірден төмен d=1км қашықтықта бас киімін тауып алса, су ағысының жылдамдығы қандай?
20. Моторлы қайық екі бекеттің арасына әуелі өзенмен, сонан соң тынық сумен барып қайтты. Егер өзен ағысының жылдамдығы 3 км/сағ, ал қайықтың сумен салыстырғандағы жылдамдығы 10 км/сағ болса, барып-қайтқан уақыттары бірдей бола ма?
Материалы на данной страницы взяты из открытых источников либо размещены пользователем в соответствии с договором-офертой сайта. Вы можете сообщить о нарушении.