«Отбасы – салт-дәстүр ошағы»

  • Мероприятия
  • doc
  • 22.02.2018
Публикация в СМИ для учителей

Публикация в СМИ для учителей

Бесплатное участие. Свидетельство СМИ сразу.
Мгновенные 10 документов в портфолио.

Тәрбие сағаттың мақсаты: Халқымыздың ғасырдан ғасырға жалғасып келе жатқан салт-дәстүрлерін дәріптеу. Cоның бірі отбасының басты қызығы, алтын діңгегі-бала. Бала туылғаннан кейін баланы бесікке бөлеуден бастап өскенге дейінгі салт-дәстүрлерді дәріптеу. Салт-дәстүрді атадан балаға жеткізу. Отбасындағы дәстүрлерге және оның даму тарихына қызықтыру. Білімалушыларды ұйымшылдыққа, жауапкершілікке, ептілікке, өз ойын жеткізе білуге, отбасы құндылықтарын сыйлауға тәрбиелеу. Отбасы құндылықтарын сақтауға үйрету. Білімалушылардың отбасы, жанұя туралы білімдерін шыңдай түсе, отбасы құндылықтарының маңызын дәріптеу. Білімалушылардың есте сақтау, ойлау қабілеттіліктерін, тіл байлығын, өз беттерінше жұмыс істеу дағдыларын дамыту. Тәрбие сағаттың көрнекілігі: Нақыл сөздер, мультимедиялық құрылғы, слайд материалдары, т.б. Тәрбие сағаттың әдісі: тренинг, сауалнама, әңгімелеу, сұрақ-жауап, ойтолғау, топтастыру. Тәрбие сағаттың түрі: дәстүрлі емес, топ жетекшінің сағаты.Тәрбие сағаттың мақсаты: Халқымыздың ғасырдан ғасырға жалғасып келе жатқан салт-дәстүрлерін дәріптеу. Cоның бірі отбасының басты қызығы, алтын діңгегі-бала. Бала туылғаннан кейін баланы бесікке бөлеуден бастап өскенге дейінгі салт-дәстүрлерді дәріптеу. Салт-дәстүрді атадан балаға жеткізу. Отбасындағы дәстүрлерге және оның даму тарихына қызықтыру. Білімалушыларды ұйымшылдыққа, жауапкершілікке, ептілікке, өз ойын жеткізе білуге, отбасы құндылықтарын сыйлауға тәрбиелеу. Отбасы құндылықтарын сақтауға үйрету. Білімалушылардың отбасы, жанұя туралы білімдерін шыңдай түсе, отбасы құндылықтарының маңызын дәріптеу. Білімалушылардың есте сақтау, ойлау қабілеттіліктерін, тіл байлығын, өз беттерінше жұмыс істеу дағдыларын дамыту. Тәрбие сағаттың көрнекілігі: Нақыл сөздер, мультимедиялық құрылғы, слайд материалдары, т.б. Тәрбие сағаттың әдісі: тренинг, сауалнама, әңгімелеу, сұрақ-жауап, ойтолғау, топтастыру. Тәрбие сағаттың түрі: дәстүрлі емес, топ жетекшінің сағаты.
Иконка файла материала кур час.doc
Тәрбие сағаттың тақырыбы: «Отбасы – салт­дәстүр ошағы» Тәрбие сағаттың мақсаты:  Халқымыздың ғасырдан ғасырға жалғасып келе жатқан салт­дәстүрлерін дәріптеу. Cоның бірі отбасының басты қызығы, алтын діңгегі­бала. Бала туылғаннан кейін баланы бесікке бөлеуден   бастап   өскенге   дейінгі   салт­дәстүрлерді   дәріптеу.   Салт­дәстүрді   атадан   балаға   жеткізу. Отбасындағы дәстүрлерге және оның даму тарихына қызықтыру. Білімалушыларды ұйымшылдыққа, жауапкершілікке, ептілікке, өз ойын жеткізе білуге, отбасы  құндылықтарын   сыйлауға   тәрбиелеу.  Отбасы   құндылықтарын   сақтауға   үйрету.  Білімалушылардың отбасы,   жанұя   туралы   білімдерін   шыңдай   түсе,   отбасы   құндылықтарының   маңызын   дәріптеу. Білімалушылардың   есте   сақтау,   ойлау   қабілеттіліктерін,   тіл   байлығын,   өз   беттерінше   жұмыс   істеу дағдыларын дамыту. Тәрбие сағаттың көрнекілігі: Нақыл сөздер, мультимедиялық құрылғы, слайд материалдары, т.б. Тәрбие сағаттың әдісі: тренинг, сауалнама, әңгімелеу, сұрақ­жауап, ойтолғау, топтастыру. Тәрбие сағаттың түрі: дәстүрлі емес, топ жетекшінің сағаты. Кіріспе Қазақ  қоғамында  отбасы  ­  өмірдің  тұтқасы,  оттың  маңайына  таратқан  жан  балқытар  жылуы. Қазақтың ошағы дөңгелек үйдің ішінде болады да, бүкіл жайдарлық жағылған отқа үйіріледі. Отбасының амандығы, ошақтағы оттың маздап тұруы – үмітінің өшпес алауы. Үй ішінің қызыққа, қуанышқа толы болуы да соған байланысты. Сондықтан қазақ отының басын тіршілігінің тұтқасы санап аялайды.  Отбасының   басты   қазығы,   алтын   діңгегі   –   бала.   Баланың   жан­жақты   тәрбиелі   болып   өсуіне берекелі, өнегелі, ынтымақты отбасының ықпалы мол. Отбасы ата­ана мен баланың, келін мен ененің және басқа да отбасы мүшелерінің жылы қарым­қатынасынан құрылады. Отбасы берекелі, тату болу үшін сыйластық, мейірімділік, жанашырлық, бауырмалдық қасиеттер әр адамның жүрегінен орын алуы керек. «Отан отбасынан басталады» дейді қазақ халқымыз. Елдің, ұлттың, жалпы адамзаттың болашағы, даму деңгейі осы отбасынан басталады. Іс шараның барысы: Салт­дәстүр, әдет­ғұрып атадан балаға қалып отыратын мол мұра. Әр ұлттың өзіне тән салт­ дәстүрі бар. Сол сияқты әр отбасының да салт­дүстүрлері бар. Бүгінгі тәрбие сағатымыз сол тақырыпта өрбімек. Жақсы дәстүрді сақтаған жарар, Болмаңдар ескі үрдіс деп қарап, Тыңдаңдар кеңес қызың, ұлың бар. Көнерген ескі сүрлеуден шығыңдар, Бірақ дәстүрді, әдет­ғұрыпты, Жасасын осынау өлмес ұғымдар! Өнерлі халық – өміршең халық, қазақтың әдет­ғұрыпына, салт­дәстүрлеріне бағытталған «Отбасы – салт­дәстүр ошағы» атты тәрбиелік сағатымызды бастаймыз! Олай болса, Құқықтану мамандығында білім алып жатқан Сіздерге «Неке (ерлі­зайыптылық) және отбасы   туралы»   ҚР­ның   2011   жылғы   26­желтоқсандағы   №518­ІV   Кодексінен   сұрақтар   қойылады. Ойымызды ортаға саралау арқылы жауап беріп, өз деңгейіміздің шыңын білетін боламыз.  Студенттерге арналған сұрақтар: 1. Бала дегеніміз? (Он сегіз жасқа (кәмелетке) толмаған  адам) 2. Отбасы ұғымы? (Некеден (ерлі­зайыптылықтан), туыстықтан, жекжаттықтан, бала асырап алудан немесе балаларды тәрбиеге алудың өзге де нысандарынан туындайтын және отбасы қатынастарын нығайтып, дамытуға септігін тигізуге арналған мүліктік және жеке мүліктік емес құқықтар мен міндеттерге байланысты адамдар тобы) 3. Туыстар   дегеніміз?   (Үлкен   атасы   мен   үлкен   әжесіне   дейін   ортақ   ата­бабалары   бар   туыстық байланыстағы адамдар) 4. Неке және отбасы туралы ҚР Кодексі қашан қабылданды? (2011 жыл 26­желтоқсан)5. Неке жасы? (18 жас) 6. Баланың отбасындағы құқықтары қандай? (отбасында өмір сүруге және тәрбиеленуге, өзінің ата­ аналарын білуге және қамқорлығында болуға, олармен бірге тұруға құқығы бар) 7. Жақын туыстар ұғымы? (ата­аналар, балалар, асырап алушылар, асырап алынғандар, ата­анасы бір және ата­анасы бөлек ағалы­інілер мен апалы­сіңлілер (аға­қарындастар), ата, әже, немерелер) 8. ҚР­ның   балалар   құқықтарын   қорғау   саласындағы   уәкілетті   органы?   (ҚР­ның   Үкіметі айқындайтын орталық атқарушы орган) 9. ҚР Конституциясында көзделген отбасы туралы бап? (ҚР Конституциясының 27­бабы) 10. ҚР Конституциясы қабылданған жыл? (1995 жыл 30­тамыз) Отбасы­мемлекеттің негізгі буыны. Тәрбие – отбасынан басталады, болашақ ұрпақтың еліне, Отанына деген сүйіспеншілігі   алдымен   ата­ананың   ықпалымен   қалыптасады. «Дәулет   есіктен,   ақыл   бесіктен кіреді»   демекші   білім   бесігі   білім   ордасынан, тәрбие   бесігі   отбасынан   бастау   алады. Отбасының   екі тірегі­әлпештеген әке мен аялаған ана. Ата­анаға үлкенге қызмет етіп, әкеңнің еңбегін, анаңның ақ сүтін өтеу­біздің   борышымыз. Бүгін   біз   «Отбасы   –   салт­дәстүр   ошағы»   тақырыбындағы   тәрбие сағатымызда Бала және отбасы негізі, оның жан­жақты дамуы бағытында өз ойымызды ортаға салмақпыз. Отбасы­адам баласының түп қазығы, алтын ұясы. Адам баласы шыр етіп дүние есігін ашқаннан бастап сол   ортаның   ыстық­суығына бейімделіп,   ықпалына   көніп,   осында   ер   жетеді. Отбасы   мүшелерінің  жауапкершілігі   толығымен   ер   азаматқа   жүктеледі.   Баланы   өсіріп   тәрбиелеу   –   әйел   ананың   тікелей міндеті.  Отбасының   тәрбиелеушілік   міндетіне   тікелей   байланысты   оның   тағы   бір   қызметі   бар.   Оны дамытушы міндет деп атауға болады. Ата­аналар балалардың жеке ерекшеліктерін неғұрлым ертерек байқау керек. Сонда ғана балалар өздерінің ішкі қабілеті мен дарынын тез дамытады. Жас күнінен бастап олардың   қабілетін   байқап,   соған   сәйкес   тәрбиелеу,   бағдар   беру   қажет.   Балалардың   үздіксіз   дамуы, шығармашылық қабілетін іске асыруы отбасынан басталады. Әке­шеше балаларына жақсы тәрбие беруге қоғам алдында жауапкер. Отбасым ­ менің жүрегім Отбасым ­ менің тірегім Отбасым – менің Отаным Тек сен деп соғар жүрегім ­ дегендей отбасы болашақ ұрпақ бойына адамзаттық құндылықтарды және  ұлттық рухани байлықтарын сіңіретін тәрбие ошағы. Сыңарын тап. Мақал­мәтелдер сайысы  Інісі бардың тынысы бар……………Ағасы бардың жағасы бар. 1. Ағадан – ақыл, ………….Атадан – нақыл. 2. Апам үйі – ………………ақ жайлау. 3. 4. Өз үйім – ……………………….өлең төсегім. 5. Жалғыз ағаш үй болмас,……………………..Жалғыз жігіт би болмас. 6. Балапан ұяда не көрсе,…………………….Ұшқанда соны іледі. 7. Атасыз үй – батасыз,………………..Анасыз үй – панасыз. 8. Жақсы ата – орман,…………………Жақсы бала қорған. 9. Өсер жастың алдын кеспе,…………..Өсер ағаштың басын кеспе. 10. Ананың ізін қыз басар,………………….Атаның ізін ұл басар. 11. Әкенің қадірін…………………… балалы болғанда білерсің. 12. Әдепті бала арлы бала, ……………………әдепсіз бала сорлы бала. 13. Ағадан – ақыл,………………..Ініден – ізет. 14. Бала тәрбиесі…………………….. – бесіктен. 15. Әжемді тыңдағаным –……………….Өзімді танығаным. 16. Ана алдында – құрмет………………..Ата алдында – қызмет. 17. Әдепті бала ата­анасын мақтатар,……………..Әдепсіз бала ата­анасын қақсатар. 18. Анаңа ауыр сөз айтпа,………………Атаңа ауыр жүк артпа. 19. Атаңа не қылсаң,…………….Алдыңа сол келер. 20. Ата – бәйтерек, …………………бала – жапырақ. 21. Ата тілін алмаған ұлдан без,………………….Ана тілін алмаған қыздан без.22. Ананың көңілі балада,………………… баланың көңілі далада. 23. Ата көрген оқ жонар,……………………. ана көрген тон пішер. 24. Қарға баласын аппағым дер,………………..Кірпі баласын жұмсағым дер. Ата ­ анаға, үлкенге қызмет етіп, әкенің еңбегін, ананың ақ сүтін өтеу – біздің борышымыз. Ата ­ ана ­ отбасының   негізгі   діңгегі,   бастапқы   дәнекері.   Бала   әкеден   ақыл,   анадан   мейірім   алады. Қазақ   отбасы   тәрбиесінің   өзекті   мәселелері   педагог­   ғалымдар   С.   Қалиев,   М.Смайылова,   “   Отбасы кішкентай бір мемлекеттік ұя” деп бекер айтылмаған. Әдетте жақсылықтың бәрі отбасынан басталады.  Тыйым сөздер (Студенттерге тыйым сөздер туралы сөз кезегін беру) «Бала   тәрбиесі   ­   бесіктен»   дейді   халық.   Әрбір   ата­ана   өз   баласына   қазақтың   ырым   ­   тыйым сөздерін айтып отырып тәрбиелейді. Ендеше біздің оқушыларымыздың ата ­ аналарынан естіген ырым түрсек. сөздеріне тыйым құлақ ­           1. Ата ­ ананы ренжітпе 2. 3. 4. 5. 6. 7. Үйге жүгіріп кірме!  Түнде суға барма!  Дастарханға қарап түшкірме!  Ошаққа су құйма  Нанды баспа!  Бос бесікті тербетпе! Отбасы  ­ жұртты  жақындастырушы,  ұрпақ  пен ұрпақты  табыстырушы,  ұрпақаралық  тұтастықтың отын жағушы ерекше ұя. Сондықтан да отбасы ­ барша адамзатқа ең жақын, ең қасиетті ұғым. Әрбір отбасында сүйіспеншілік пен түсіністік мықты болса, қоғамның діңгегі де берік болады. Адам ең алғаш шыр етіп дүниеге келген сәтінен бастап отбасының тәрбиесін алады. Ата­анам – өмірдегі ең қымбат адамдарым.   Олар   мені   жақсылыққа   әдептілікке,   адамгершілікке   тәрбиелейді.   Сабақта   да,   үйде   де ұқыпты, тәртіпті, саналы бала болса екен деп тілейді. Әсіресе,”Түп қазығың ­ Отаның, ар ­ намысың ­ тілің, кәусар бұлағың ­ ұстазың, қамқоршың ­ әкең, ақылшың – анаң” деген сөздері қөңілде жатталып қалатындай. САЛТ­ДӘСТҮР (Салт­дәстүр сөзіне ассоциация құрғызу) А) Есімін   атау (ат   қою)   –   бұл   рәсім   ұлағатты   кісіге   жүктеледі.   Қазақ   аттарының   көптігі   басқа халықтардан ерекшелігі.  Қыз   балалардың  есімдері  олардың  көркемдігі.  Ат  қою «көз  тимесін»  деген оймен қойылады. Ат таңдалғаннан кейін баланың құлағына 3 қайтара айтылады. Ә) Бесікке салу – бұл кішігірім той ретінде өтеді. Келушілер тарту, шашу, жоралғыларыналып келеді, бесікке салу немесе бөлеу тәжірибелі әжеге немесе анаға жүктеледі. Бесікті түбегімен, жабдығымен кіндік шеше алып келеді, сумен бала шыланады, ыдыстары отырғандарға таратылып беріледі. Баланың «ит   көйлегі»   жүгіртіледі,   яғни   тәтті   дәм   толтырылған   кішкене   дорба   иттің   мойынына   көйлегімен байланады да жүгіртіледі, соңынан қуып жеткен бала дорбаға ие болады. Бесіктің түбегі орналасқан жерден кішкене бұршақ тәрізді тоқаштар өткізіліп, оны «тыштырма» деп айтады. Осы жерде жиналған аналар бесік жырларын айтады. Бесік жырының сөздері естияр балалардың ой­қиялына жыр етіп, ананың мейір­шапағатын арттырады. Ондай отты жырларды балалар да жаттап алу керек. Б) Тұсау кесер – бір жасқа толып еркін жүре бастаған бал бөбектің басқан қадамы құтты болып, одан әрі жаны жамандық көрмей жақсы жүріп кетуіне тілек білдіру салтанаты ретінде өтеді. Бөбектің тұсауын ата­ананың қалауы кеседі. Тұсауы кесілген баланы «Ақ жол болсын» деп ақ орамалдың үстімен немесе жұмсақ жүргізеді. Тұсау айтылады. ...    жырлары үстімен   болсын кілем кесер деп             Қаз, қаз балам, қаз балам,  Қадамыңды жаз, балам Әнекей, ақ бесік. Әлдиіме бақ бесік. Шүмегіңді салайын, Сылдырмағын тағайын. Жібек көрпе жабайын,Бауық барқыт пүліштей Балдақтарың күмістей, Жабдығыңмен сыйлысың. Жатса бөпем жайлысын, Көсем сенен өседі Жайлы болсын төсегі. В)Сүндет той (Құлақ тесу) ­ Һәм оның атқа мінер, сүндет тойы, Тойға сойған үйінің жылқы қойы. (С.Торайғыров) Еркек баланың тақ жасында яғни 3, 5, 7, жасында сүндетке отырғызады. Бұл мұсылман елдерде ғана емес   басқа   діндегі   елдерде   де   бар.   Сүндеттеудің   денсаулыққа,   тазалыққа   да   пайдасы   зор.   Баланы сүндеттеу – үлкен рәсім. Ол – әр ата­ананың борышы. Бұл рәсімнің «сүндет той» деген сияқты жөн жоралары болады, «қайырлы, құтты болсын» айтылып, шашу шашылады. Сүндет міндеті бұрын қожа, молдалар ғана тпасырылса, қазір оны дәрігерлер де жасай алады. Бұрынғы кезде ауқатты адамдар бала сүндеттегенде үлкен той жасаған. Оны «сүндет тойы» деп атады. Бұл дәстүр оңтүстікте әлі де сақталған. Қыздың құлағын тесу ­ дәстүрге енген ежелгі ғұрыптың бірі. Әдетте бойжеткеннің немесе балиғатқа толған қыздың  (9 жас, кейде одан  да ертерек) құлағын тесу  үшін қыздың  шешесі,  жеңгесі,  апалары жиналады. Құлақты уқалап, жанын кетіріп, қызддырылған жуан инемен немесе кәдімгі тарымен теседі. Ол үшін екі тарыны құлақтың сырғалығының екі жағынан бірінің тұсына бірін дәл келтіріп уқалайды. Бір қызығы тесілген құлаққа қызыл иттің жүнін есіп өткізеді. Үлкен кісілер иттің жүнін өткізсе «құлақ іспейді, қотырланбайды, жара түспейді» дейді. Мүмкін мұның да себебі бар шығар. Өйткені қазынасы кең халық емдік құпиялардың да бір сырын білетін болар .... Халық ұғымында қыздың құлағын тесу – оны сүндеттеумен бірдей деген қағида бар. Бұл – халық сөзі.  ТАМАША ӨМІР СҮРУДІҢ 10 КІЛТІ Өзіңді таны – Сократ. Ең жоғарыда ғашықтық бар – Азиз Паул. Дүниені қиял­ойдың күші шыр көбелек айналдырады – Альберт Энштейн. Қалай болсаң сол қалпында көріп немесе сырттай қалай болсаң сол қалыбыңды сақта – Мәулана. Әрбір   халықтың   даналарының   артындағы   ұрпақтарына   қалдырған   ұлағатты   сөздері   бар.   Бұл сөздердің барлығы сол халықтың асыл қазынасы болып табылады. Мұны сол елдің азаматтары сөздерінің арасына қосып, әңгіменің көркін келтіріп жатады. Филип Е.Хумберт деген атақты психиатр, профессор «Адамдарға бақытты ғұмыр кешудің кілтін 10 тармаққа қарастыратын болсақ, қандай сөздерді таңдар едім» деген тақырыпта біраз зерттеу жұмыстарын жүргізіп мынадай қорытындыға барған екен: 1. Өз ішіңе саяхат жаса. Күнделік жаз. Жүрегің, көңілің, ар­ұжданың не дейді? Не нәрсені алдыңғы қатарда ұстайды? Мына әлемге терең үңіліп, сыры мен қырын меңгерудің жолы ең алдымен ішкі жандүниеңе сапар шегумен басталады. 2. Шыншыл, әділ бол да дұрыс ойла. Жүрегіңнің даусына құлақ сал да соны қорға. Өмірде бір нәрселерді қорғау үшін ат салыспасаң, барлық нәрсе сенің мәртебеңді түсіреді. 3. Үнді ырғаққа айналдырған ғашық­дүр. Ғашықтық, сүйіспеншілік болмаса, тартымдылық кем болса өмірің құрғап қалған бұтақтан ешқандай айырмашылығы қалмайды. 4. Істеген амалдарыңның барлығы ең алдымен қиял­ойдан бастау алады. Өмір деген барлық адамдар үшін, ойлағандарын   жүзеге   асыру,   істеген   ісінің   әрі   істейтін   ісінің   ең   дұрысына   жету.   Боббю   Кенедидің айтқанындай: Адамдар дүниеге қарап «Не үшін?» деп сұрайды. Мен басқа бір жүние жайлы ойлап «Неге ондай болмасын?» деп сұраймын. 5. Тамаша өмірді неге рахаттанып өткізбеске. Бақытты бөлісу керек. Өмірді сүйіспеншілік сезімі одан сайын   қызыққа   айналдырады.   Жанның   ырғағында   «қанекей   алға,   өзіңді   көрсет»   деген   леп   бар. Тәкаппарлық емес, ұмтылыс! 6. Мүмкіндіктерді қалт жібермеген сайын көбейе түседі – Сун Цзу. Жеңіс қайсарлықты қажет етеді. Бастапқы кездегі қайсарлық кейіннен сенімге айналады. Сенім адам бойындағы қызметке деген ынтаны ояндырғанда, мүмкіндіктер одан сайын жоғарлай береді. 7. Асқан әдемілік көзді шығармаса керек – Мае Вест. Не істе не істеме. Сынауға болмайды! – Иода.Өмір жылдам қозғалыс, шешім мен шешімді болуды талап етеді. Күдіктенгендер артта қалады. Өмірдің үстімен жүрмесең, өмір сенің үстіңнен жүретін болады. 8. Кемелдік, қосатын нәрсе қалмаған кезде емес, алынатын бір нәрсе қалмаған кезде пайда болады – Антоние де С.Ехуперю. Өміріңді жеңілдет. Жеңілдете түс, тағы да тағы да … Сол кездегі жағдайға бір қара. Арман­тілектеріңнің тізімін   азайт.   Егер   азайтатын   болсаң,   жетістікке   жетесің.   Ол   күннің   сәулесіне   лупа   ұстаған   сияқты болады, егер сәулені жинақтай алмасаң өмірді жаға алмайсың. 9 Қабілет болмаса өнерші болмайды, алайда еңбек етіп, тер төкпесең қабілетің түкке де жарамайды – Эмиль Зола. Тек   қана   ақылды,   саналы   әрі   ұқыпты   әрекеттердің   нәтижесінде   үлкен   жетістіктерге   жетуге   болады. Алмасты жонбасаң қолыңда тек тастың түйірі қалады. 10. Өмір сүрудің екі жолы бар. Ешқандай нәрсе мұғжиза емес сияқты өмір сүру … Екіншісі, барлық нәрсе мұғжиза сияқты өмір сүру – Алберт Энштейн. Шүкір етуді ұмытпау керек! Оқытушының қорытынды сөзі: Халқымыздың аяулы ұлы, зиялы азаматы Б.Момышұлы кезінде «Жаудан да, даудан да қорықпаған қазақ едім. Енді қорқынышым көбейіп жүр. Балаларын бесікке бөлемеген, бесігі жоқ елден қорқам. Немересіне ертегі айтып беретін әжелердің азаюынан қорқам. Дәмді, дәстүрді сыйламайтын балалар өсіп келеді. Оның қолына қылыш берсе, кімді де болса шауып тастауға даяр. Қолына кітап алмайды. Үйреніп жатқан бала жоқ, үйретіп жатқан әке­ шеше жоқ.»­ деп мұнайған екен. Бауыржан атамыз бүгінде біздің арамызда жоқ. Осы атамыз көтерген мәселе бүгінде бәрімізді алаңдатуы тиіс. Бұл ата­ анаға  да,  ұстаздарға  да,  балаларға  да  ой  салады  деп  ойлаймын.  «Жұмыла  көтерген  жүк  жеңіл» демекші, балаларымызды қазағымыздың салт­дәстүрімен бірлесе тәрбиелейік дей келе бүгінгі тәрбие сағатымызды аяқтаймыз.  Олай   болса,   «қуыс   үйден   құр   шықпа»   ­   демекші,   келген   қонақтарға тыштырмадан таратыңыздар. Осымен тәрбиелік шарамыз аяқталды.