Ұсынылып отрыған сынып сағаты тәрбие жоспарына сүйене отырып, отбасының маңыздылығын айқындауға бағыттылған. "Отбасы бақыты" ұғымын ашуға, отбасыдағы сыйлыстыққа, сүйіспеншілікке тәрбиелеуге арналған. Ұйымдастырылған жұмыс түрлері арқылы отбасыдағы ананың рөлі , берілген мақал- мәтелдерде ата мен әкенің рөлі туралы айтылады. Оқушылар сабақта ән айтып, өз пікірлерін білдіре аладыСынып сағаты жоспары
ОТБАСЫ 3л.doc
№2 Қосшы орта мектебі
Тақырыбы: Отбасы бақыт мекені
Мұғалім: Налибаева Г.Е. Отбасында адам бойындағы
асыл қасиеттер жарқырай көрініп, қалыптасады. Отанға деген
ыстық сезімжақындарына, туғантуысқандарына деген
сүйіспеншіліктен басталады.
Н.Ә.Назарбаев
Сабақтың тақырыбы: “Отбасы бақыт мекені”
Мақсаты:: оқушыларға “отбасы бақыты” ұғымы туралы
түсінік беру.
Міндеттері:
отбасындағы сүйіспеншілік туралы түсініктерін кеңейту:
сыйластық, сүйіспеншілік сезімдерін дамыту;
сыйластыққа, сүйіспеншілікке тәрбиелеу.
Әдіс – тәсілдері:
Әңгімелесу, түсіндіру, сұрақжауап, баяндау, тірексызба,
топтастыру стратегиясы, танымдық ойындар.
Қажетті
оқулық, дәптер, отбасы ағашы суреттері,,, гүлдер,
құралдар
:
Көрнекіліктер: кітап көрмесі: «Отбасы», қанатты сөздер,
мақалмәтелдер:
1.Ағадан ақыл,
Атадан – нақыл.
3.Жақсы ата – орман,
Жақсы бала қорған.
2.Балапан ұяда не көрсе,
Ұшқанда соны іледі.
4.Бала тәрбиесі – бесіктен.
5. Атаананың парызын,
Өтеу сенің қарызың.
6. Атаананың қадірін білмеген – халық қадірін білмес.
Ғ.Мұстафин
Әңгімелеу: Балалар, мен сендерге сыйлық дайындап
қойдым. Алдымен сол сыйлықты тауып көрейік.
Балаларға әр түсті дөңгелек пішінді қағаздар таратып беремін.
Қолдарындағы дөңгелектің түстеріне байланысты конверттерді тауып алып, ішіндегі суреттер бойынша әңгіме құрастырады.
Жасырынған конверттің ішінде отбасы туралы суреттер
шығады. Балалар сол суреттер бойынша әңгіме құрастырып
береді.
Балалардың жауаптары тыңдалып, қорытындыланады.
Тамаша, балалар!
Адамға өмірде ең қымбаты – отбасы.
Отбасына ата, әже, әке, ана, аға, апа, ініқарындастарымыз
және өзіміз жатамыз.
Дәйексөз: Отбасы – ол үлкен қуаныш, шаттық, мейірімділік,
қамқорлық, сүйіспеншіліктің ортасы
Халықта «Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілесің» деген сөз бар.
Бала отбасында жақсы тәрбиеленсе, өскенде әдепті, ақылды
азамат болып шығады. Отбасы мүшелеріне қашанда көмектесу,
қамқор болу, үлкендердің айтқандарын тыңдау, ұқыпты болу әр
баланың қолынан келеді.
Өзіммен өзім: Балалар жайланып отырып, көздерін жұмып,
өздеріне ең жақын, сүйікті отбасы мүшелерін, өз үйлерін көз
алдарына елестетеді. Өз отбасылары туралы ең қымбат, ғажап
сөздерді айтып, өз ойларымен бөліседі.
«Отбасы» туралы қандай тақпақтарың естеріңе түсті. Ана, әке
туралы тақпақтар айтқызу.
Сергіту сәті: «Отбасы шежіресі» туралы жұмбақ шешу.
Алдарында әкесінің, атасының, анасының т.б. фоталары
жатады.
1. Айтары мол ғұлама,
Көп жасасын бұл адам,
Ол кім? Барлығы – атам.
Аталарының суретін ағаштың тамырларына іледі.
Әкесі ол әкеңнің
Білер оны сұраған.
2. Атаңның баласы,
Кей кезде таласып.
Ол кім? Барлығы әкем. (әкесінің суретін іледі)
Қаласың әжеге
Білгенің асады кәдеге.
3. Бала бала, бала деп,
Түнде шошып оянған
Түн ұйқысын төрт бөліп
Түнде бесік таянған. Қолын қатты тигізбей,
Кірлі көйлек кигізбей.
Иісін жұпар аңқытқан.
Бұл кім? Барлығы – ана. (анасының суретін іледі)
Олай болса аналарың сендерді қалай еркелетеді? (балапаным,
аппағым, ботам, күнім, қозым т.б.
Ғажайып сөздер Балалар сабақта айтып, үйренген өнегелі сөздерді қайталап
айтады
Отбасы бақытты болу үшін не қажет екен? Махаббат,
кешірім, шыдамдылық.
Жүректен – жүрекке: Балалар бірбірінің қолдарынан
ұстап, шеңбер құрып тұрады. Аяулы анам мейірімді!
Қадірлі әкем мейірімді!
Әлпештеген әжем мейірімді!
Еркелеткен атам мейірімді!
Қорытындылау: Отбасы ол ең жақын адамдардың ошағы.
Әрқашан отбасы мүшелерін сыйлап, құрметтеу керек екені
айтылады.
Ортаға келіп тұрайық,
Шеңберді біз құрайық.
Көріскенше күн жақсы,
Сау саламат болайық!
Ән «Әрқашан күн сөнбесін» . САБАҚ БАРЫСЫНАН
"Отбасы - бақыт мекені" сынып сағаты
"Отбасы - бақыт мекені" сынып сағаты
"Отбасы - бақыт мекені" сынып сағаты
"Отбасы - бақыт мекені" сынып сағаты
"Отбасы - бақыт мекені" сынып сағаты
"Отбасы - бақыт мекені" сынып сағаты
"Отбасы - бақыт мекені" сынып сағаты
"Отбасы - бақыт мекені" сынып сағаты
Материалы на данной страницы взяты из открытых истончиков либо размещены пользователем в соответствии с договором-офертой сайта. Вы можете сообщить о нарушении.