Открытыфй урок "Металлы"
Оценка 4.7

Открытыфй урок "Металлы"

Оценка 4.7
Домашняя работа +5
doc
химия
Взрослым
16.01.2017
Открытыфй  урок  "Металлы"
Урок проводился в виде открытого урока. Сначала группа делится на 4 подгруппы. Потом студентам дается задание разгадать кроссворд. когда они разгадают кроссворд, тогда определяется тема урока. Дальше урок пойдет в виде соревнования между подгруппами. Урок состоит из 4 частей: Химия + Экономика, Химия + Казахский язык, Лабораторная работа, Дать определения
Металдар (ашық сабақ).doc

 Железнодорожный  колледж

                                                                              

Пән :    Химия

Курсы :   1 курс

Ашық сабақты өткізуші: химия пәнінің оқытушысы Камелхан Имашхан

Тараудың аты :   Металдар.  Олардың физикалық және химиялық қасиеттері.

                             Алынуы, қолданылуы.    Металдардың жемірілуі.

Сабақтың тақырыбы:  Металдар

Сабақтың мақсаты:

Білімділік:  Металдар, олардың жалпы ортақ физикалық қасиеттері және физикалық қасиеттеріндегі айырмашылықтарды түсіндіру.

 

Дамытушылық:  Металдар туралы бұрынғы білімдерін дамыту,  түсіну  қабілеттерін  арттыру

 

Тәрбиелік:   Топпен бірге  жұмыс  жасай  білуге,  дұрыс  сөйлеуге  баулу

 

Сабақтың түрі:   Жаңа сабақ

 

Сабақтың әдісі:  Дәстүрлі емес (жарыс – сабақ), сұрақ – жауап, топтық  жұмыс

 

Оқу материалдарын жабдықтау:  темір, мыс, алюминий үлгілері,  плакаттар, 

                                                              сөзжұмбақтар, магнитті тақта,  сызбалар,  

                                                              жазбалар.

Пән аралық байланыс:  химия, математика, физика, қазақ тілі,  география, тарих,

                                            экономика.

 

                                                Сабақ барысы

 

I.                  Ұйымдастыру кезеңі

 

1.     Оқушыларды түгендеп, күнді тақтаға жазып қою

2.      Үй тапсырмасын тексеріп, тақырыпты тақтаға жазу

3.     Оқушыларды 4 топқа бөліп отырғызу

4.     Жаңа сабақты түсіндіру

5.     Жаңа сабақты пысықтау

6.     Сабақты аяқтап, қортындылау

7.     Үй тапсырмасын беру

 

II.               Жаңа сабақты түсіндіру

 

    Сабақ сайыс түрінде өтеді. Ол үшін топ 4 шағын топтарға бөлінеді. Топтардың аттары:   1-ші топ: Алтын    2-ші топ:  Күміс   3-ші топ: Мыс     4-ші топ:   Темір                   

       Жаңа сабақты түсіндірмес бұрын үй тапсырмасы тексеріліп, жаңа сабақтың тақырыбы анықталады.  Сөзжұмбақтан анықталған жаңа сабақтың тақырыбы тақтада ілінулі тұрады. Тақырыпты табу үшін  топтардан оқушылар шығып сөзжұмбақты шешеді. Тақырып анықталғаннан кейін оқушылар тақырыпты дәптерлеріне жазып алады.

 

         Мұғалім металдар туралы қысқаша түсініктеме береді:

     Металдар адамзат қоғамына ерте кезден бері белгілі. Өркениетті өндірістің дамуына сәйкес және адамдардың металдарды игеруіне, қолдануына байланысты тарихта бүтіндей металдар дәуірлерінің аты қалды . Мысалы: мыс дәуірі, қола дәуірі.  

     Тас ғасырында алғашқы табылған металдар алтын және мыс болатын. Адам алғаш рет таза темірмен аспаннан түскен метеориттің сынығы арқылы танысты.  Қазақстан аумағында да ерте кезде металдардан жасалынған көптеген бұйымдар табылды. Мысалы: Тайқазан (Түркістанда), «Алтын адам» (Есік қаласында).

     Қазіргі адамзат қоғамының дамуы үшін металдардың маңызы орасан зор.  Бүгінгі күні металдарды қолданбайтын өндіріс саласы жоқ. Оларды құрылыста, автомобиль жасауда, ұшақтарда, ауыл шаруашылығында кеңінен қолданады.

    Ал енді металдардың периодтық жүйедегі орналасуына келетін болсақ қазіргі белгілі болған 109 элементтің 87-сі металдар. Олар периодтық жүйенің барлық топтарында орналасқан. Мысалы: бордан астатқа дейін түзу сызық жүргізсе, сызықтың астыңғы сол жағында орналасқан элементтердің барлығы металдар. Металдардың жалпы барлығына бірдей ортақ  келесі физикалық қасиеттері бар:

1.     электр тоғын өткізгіштігі

2.     жылу өткізгіштігі

3.     металдық жылтырлығы

4.     иілгіштігі

5.     тапталғыштығы

6.     мөлдір еместігі

  Осы жалпыға ортақ қасиеттерімен бірге олардың әрқайсысының өзіне тән  

  қасиеттері де бар:

1.     балқу температурасы

2.     тығыздығы

3.     салыстырмалы атомдық салмағы

4.     түсі

5.     қаттылығы

6.     валенттілігі

   Металдар табиғатта кеңіне таралған. Табиғатта таралуы бойынша :

1.     алюминий – 7,5%

2.     темір – 4,2 %

3.     кальций – 3,2%

4.     натрий – 2,4%

5.     калий – 2,3%

Сайыстың басталуы:

1.     Химия + Экономика

4 топқа бірдей бір сұрақ беріледі:

      Металдар және оларды өңдеу еліміздің экономикасына қандай әсерін тигізеді?

      Қойылған сұраққа жауап беруді топтағы оқушылар бірігіп шешеді.

      Берілген уақыт біткен соң әр топтан бір-бір оқушы шығып жауап береді. 

                                                                                                (3 -5 минут уақыт беріледі.)

2.     Химия + Қазақ тілі

     Әр топқа бір –бір металл беріліп, олар осы берілген металл туралы шағын әңгіме жазады. Әңгімені топтағы оқушылар бірігіп ақылдаса отырып жазады. Әңгімені әр топтан бір-бір оқушы шығып оқып береді.                                                                  1-ші топ: никель     2-ші топ: қорғасын   3-ші топ: алтын      4-ші топ: күміс  

                                                                                        (берілетін уақыт 5 минут.)

     

   3.  Зертханалық тәжірибе

          4 топқа бірдей темір, мыс және алюминий үлгілері беріледі. Әрбір топ осы    

          металдардың сыртқы пішініне қарап олардың физикалық қасиеттерін

          анықтайды. Тапсырманы топтағы оқушылар барлығы бірігіп жазбаша        

          орындап, әр топтан бір-бір оқушы шығып оқып береді

                                                                                                    (берілетін уақыт 5 минут.)

4.     Анықтама беру

Металдар дегеніміз не? – деген сұраққа жауап беру арқылы металдарға анықтама беріледі. Жауапты топтағы оқушылар бірігіп ақылдаса  отырып жазбаша түрде береді. Анықтаманы топтан бір-бір оқушы шығып оқып береді                                                     

                                                                                           (берілетін уақыт 5 минут)

 

III.           Сабақты қортындылау

           Сабақты қортындылау үшін топтардың алған барлық ұпайлары саналады.       

           Оқушылардың берген жауаптарын бағалау қызыл, жасыл, сары түсті    

            карточкалар арқылы жүріледі. Қызыл карточка – 5 ұпай, жасыл – 4 ұпай,

            сары – 3 ұпай. 1-ші орын алған топ оқушылары - өтежақсы,  2-ші орын        

            алған топ оқушылары – жақсы,  3-ші орын алған екі топтың оқушылары

            қанағаттанарлық деген бағаға ие болады.

 

 

 

 

IV.                        Үй тапсырмасы

        Күнделікті өмірде қолданатын ас тұзының құрамында қандай металл бар  

        екендігін  анықтап, ас тұзының химиялық формуласын жазып келіңдер.

    

 

 

      Сөзжұмбақты қосымшадан қараңыз.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 


Қосымша:

 

 

                   1     2       3      4       5       6      7       8

М

Е

Т

А

Л

Д

А

Р

Ы

Р

Е

 

И

Ы

Л

А

С

У

М

 

Т

М

 

С

 

 

І

 

И

 

 

 

 

 

Р

 

Й

 

 

 

              

            1

 

 

 

 

 

 

Тігінен:

1.     Химиялық элементтің аты

2.     Қантты суға салғанда жүрілетін процесс

3.     Қан құрамында болатын химиялық элемент аты

4.     Алфавиттегі бірінші әріп

5.     Ең жеңіл металл

6.     Влага сөзінің қазақшасы

7.     Бер сөзінің антонимі

8.     Шындықты дәлелдейтін сөз

 

Көлденеңінен:

1. Бүгінгі сабақтың тақырыбы


Железнодорожный колледж

Железнодорожный колледж

Мұғалім металдар туралы қысқаша түсініктеме береді:

Мұғалім металдар туралы қысқаша түсініктеме береді:

Зертханалық тәжірибе 4 топқа бірдей темір, мыс және алюминий үлгілері беріледі

Зертханалық тәжірибе 4 топқа бірдей темір, мыс және алюминий үлгілері беріледі

М Е Т А

М Е Т А
Материалы на данной страницы взяты из открытых истончиков либо размещены пользователем в соответствии с договором-офертой сайта. Вы можете сообщить о нарушении.
16.01.2017