Открытый урок по Skaffold

  • docx
  • 03.03.2026
Публикация на сайте для учителей

Публикация педагогических разработок

Бесплатное участие. Свидетельство автора сразу.
Мгновенные 10 документов в портфолио.

Иконка файла материала Казиева Э.К. ашық сабақ (3).docx

Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының

«Қостанай жоғары педагогикалық колледжі» КМҚК

 

 

 

 

 

 

SCAFFOLD ҚҰРАЛЫН ҚОЛДАНУ АРҚЫЛЫ

ЖАЛПЫ БІЛІМ БЕРЕТІН ПӘН ФИЗИКА

САБАҒЫНЫҢ ҚҰРЫЛЫМЫ

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының

«Қостанай жоғары педагогикалық колледжі» КМҚК

 

ОҚУ САБАҒЫНЫҢ ЖОСПАРЫ

 

Сабақтың тақырыбы/

бағалау өлшемдері

Тақырып: Электромагниттік индукция. Ленц ережесі.

Б.Ө. электромагниттік индукция заңын есептер шығаруда қолдану;

 

 

Модуль/пән атауы:

ЖББ  Физика

 

Дайындаған педагог:

Казиева Эльмира Кадимовна

 

Күні

24.02.2026

 

1. Жалпы мәліметтер

 

Курс, топ

1 курс, М-11

 

Сабақтың түрі

аралас

 

2. Мақсаты, міндеттері

Мақсаты:  Білім алушылардың электромагниттік индукция  тақырыбы бойынша алған теориялық білімдерін жүйелеу, өмірлік және кәсіби жағдайларда қолдану арқылы сын тұрғысынан ойлау , мәселелерді шешу, сандық ортада бірлескен әрекет жасау, ұжымдық әрекет ету, өзін-өзі реттеу және ынтымақтастық көрсету дағдыларын кешенді түрде қалыптастыру.

Міндеттері: магнит индукциясы ережелерін қайталау арқылы сын тұрғысынан ойлау және мәселелерді шешу, Ленц ережелерін практикалық есептерде қолдану арқылы жүйелі ойлау және ұжымдық әрекет, суреттердің  өзгерісін талдау арқылы логикалық, сыни және аналитикалық ойлау, зерттеу жүргізу арқылы аналитикалық ойлау және өзін-өзі реттеу, онлайн ресурстарды пайдалану арқылы сандық құзыреттерді, топтық жұмыс арқылы ынтымақтастық және ұжымдық әрекет, ал «Адал азамат» бағдарламасы негізінде әділдік пен жауапкершілікті сақтау арқылы әділеттілікті қолдау қабілеттерін дамыту.

3. Күтілетін нәтижелер

Білім алушы электромагниттік индукция ережелерін жүйелі қолдана отырып сын тұрғысынан ойлау және мәселелерді шешу қабілеттерін дамытады, практикалық және кәсіби есептерде талдай отырып, ұжымдық әрекет көрсетеді, онлайн ресурстар мен визуалды материалдарды пайдалану арқылы сандық құзырет қалыптастырады, топтық жұмыста тиімді әрекет ете отырып ынтымақтастық және ұжымдық әрекет көрсетеді, сондай-ақ әділдік пен жауапкершілікті сақтау арқылы әділеттілікті қолдау қабілеттерін дамытады.

3.1. Құзыреттер

Икемді құзыреттер:

Cын тұрғысынан ойлау, мәселелерді шешу, аналитикалық дағдылар

Цифрлық құзыреттер:

d.7 - сандық форматта ынтымақтастық

Тұрақты даму саласындағы құзыреттер:

g.2 әділетілікті қолдау

g.11-ұжымдық әрекет

 

Жеке, әлеуметтік құзыреттер:

I.1- өзін өзі реттеу, I.6 ынтымақтастық

 

4. Қажетті ресурстар:

интерактивті тақта/интерактивті панель, интернет желісіне қосылу, білім алушыларда смартфондардың болуы, үлестірмелі қағаздар, 10 сынып оқулығы, learningapps және wayground  сайттары, Google тақтасы, интерактивті тақта.

 

5. Сабақтың барысы         

 

Сабақтың кезеңдері

Жоспарланған іс-әрекет

құзыреттер

Оқыту әдістері

Бағалау әдісі

Ресурстар

Сабақтың барысы

 

3 мин

 

 

 

 

 

1 минут

 

 

 

 

 

 

1минут

 

2минут

І Ұйымдастыру кезеңі

 Сәлеметсіздер ме, құрметті білім алушылар және әріптестер!
Бүгінгі ашық сабағымызды бастамас бұрын, барлығыңызға сәттілік тілеймін.
Білім алушылар, сабаққа дайындықтарыңызды тексеріп алайық.

Психологиялық ахуал:

Ендеше студенттер мен сіздермен сабағымызды бастамас бұрын психологиялық ахуал жүргізгім келіп тұр. Ол үшін сіздер физикалық шамалар атауларымен топқа тілек айтасыздар.

«Суреттер сөйлейді әдісі бойынша»  сабақ тақырыбына шығу

Мақсат пен күтілетін нәтижелер  (бірлескен)

 Мақсаты:

Сабақтың формасын түсіндіру: аралас оқу сабағы (жеке, жұптық, топтық жұмыс түрлер)

 Бағалау парағымен таңыстыру:

Сіздердің алдарыңыздағы  бағалау парағы көрсетілген. Сіздер сабақ барысында болатын тапсырмаларды орындап, өздеріңізді осы бағалау парағының көмегімен бағалайтын боласыздар. Әр тапсырмаға бағалау критерийлері берілген. Мұқият және әділ баға қоюға тырысамыз.

«Еске түсір – жауап бер» 

 Тапсырма: Магнит өрісінің негізгі сипаттамаларын (В, Ф, күш сызықтары) сәйкестендіру. Бұл жаңа тақырыпқа көпір болады.

Кері байланыс: өзін-өзі талдау (чек-парақ).

Бағалау критериі (15 ұпайлық шкала)

Бағалау өлшемі

Балл

1

Магнит ағынының (Φ) анықтамасын және өлшем бірлігін (Вебер) дұрыс сәйкестендіреді

10

2

Магнит индукциясы (B) мен оның бағытын анықтау ережелерін біледі

10

3

Тапсырманы берілген уақыт ішінде (2-3 мин) толық аяқтайды

5

Жалпы ұпай

25

 

I.6 ынтымақтастық

 

Cын тұрғысынан ойлау

 

 

 

d.7 - сандық форматта ынтымақтастық

 

 

 

 

 

 

 

тұлғаға бағытталған

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

оқыту сұрақтары

 

 

 

 

 

 

 

Суреттер

Презантация

Google чек-парағы

 

 

https://learningapps.org/display?v=pb2v6ukcj26

                     

Сабақтың ортасы 

 

 

5 минут

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

3минут

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

5минут

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

1минут

 

 

20минут

Жаңа материалды меңгерту

«Фародей зерттеуі» бейнебаяны арқылы жаңа тақырыпты меңгеру

Білім алушылар, жаңа тақырыпты тиімді меңгеру мақсатында сіздер жеке жұмыс жасайсыздар.

«Білім алушылар, қазір біз бір таңғажайып құбылысты көреміз. Сендерден сұрайтыным: экрандағы заттардың арасында ешқандай байланыс жоқ болса да, олар неге бір-біріне әсер етіп жатыр? Мұқият қараңдар!»

Видеоны қарау барысында не байқадыңыздар?

Көрсетілімді (тәжірибені) мұқият бақылайды. Магниттің қозғалысы мен амперметр тілшесінің ауытқуы арасындағы байланысты талдайды. 

Мұғалім түсіндірмесі: Магниттің салыстырмалы қозғалысы нәтижесінде ток пайда болады. Ток ЭҚК туындатады.

Магнит ағының өзгерісі кезінде ЭҚК-нің пайда болу құбылысын электромагниттік индукция деп атайды.

Демонстрация түрінде Ленц ережесін түсіндіремін (Магниттің мыс түтікте баяу құлауы) Магнит түтікке кірген сәтте видеоны тоқтатып: 

Қалай ойлайсыңдар, магнит түтіктен қанша секундта түседі?

Білім алушылар «1 секунд» деуі мүмкін, бірақ ол өте баяу (5-10 сек) түседі.

1-тапсырма: «Жұптық тапсырма: «Физиктің қатесін тап»

Нұсқаулық: Төмендегі мәтінді мұқият оқып шығыңыз. Мәтінде электромагниттік индукция заңдарына қайшы келетін 5 физикалық қате бар. Қателерді тауып, астын сызыңыз және олардың неліктен қате екенін физикалық тұрғыдан дәлелдеп, дұрыс нұсқасын жазыңыз.

Мәтін: «1831 жылы Майкл Фарадей керемет жаңалық ашты: егер катушканың ішінде тұрақты магнитті қозғалтпай жай ғана ұстап тұрса, катушкада электр тогы пайда болады. Бұл құбылыс электромагниттік индукция деп аталды. Пайда болған индукциялық токтың бағытын анықтау үшін біз сол қол ережесін қолданамыз. Ленц ережесіне сәйкес, индукциялық ток өзін тудырған себепке (магнит ағынының өзгеруіне) әрқашан көмектеседі және оны күшейте түседі. Ал индукциялық ЭҚК-нің шамасы магнит ағынының мәніне тура пропорционал, яғни магнит ағыны неғұрлым көп болса, ЭҚК соғұрлым жоғары болады. Магнит ағынының өлшем бірлігі ретінде Халықаралық бірліктер жүйесінде Тесла (Тл) алынады»

Кері байланыс: өзін-өзі талдау (чек-парақ).

Бағалау өлшемі

Балл

1

Магниттің қозғалысы туралы қатені табады (ток тек магнит қозғалғанда немесе магнит өрісі өзгергенде пайда болатынын түсіндіреді).

3

2

Ток бағытын анықтау ережесіндегі қатені табады (Сол қол емес, Оң қол немесе Ленц ережесі екенін көрсетеді).

3

3

Ленц ережесінің мағынасындағы қатені түзетеді (ток өзін тудырған себепке «көмектеспейді», оған «қарсы әрекет» ететінін айтады).

3

4

Фарадей заңындағы пропорционалдықты анықтайды (ЭҚК ағынның мәніне емес, оның өзгеру жылдамдығына Ф, t тәуелді екенін жазады).

3

5

Өлшем бірліктегі қатені табады (Магнит ағыны Тесламен емес, Вебермен (Вб) өлшенетінін көрсетеді).

3

Жалпы ұпай

15

2-тапсырма: Топтық жұмыс: «Физикалық зертхана – Есептер шығару»

Гугл дискта тапсырманы орындайды. Тақтада түсіндіреді.

1-топ: «Магнит ағынының динамикасы»

Есеп: Қабырғасы 10 см квадрат тәрізді өткізгіш контур индукциясы 0,4 Тл біртекті магнит өрісінде орналасқан. Егер контур жазықтығы мен индукция векторы арасындағы бұрыш 30-тан 90-қа дейін өзгерсе, магнит ағынының өзгерісі Ф қандай болады?

2-топ: «Фарадей заңы және ЭҚК»

Есеп: Индуктивтілігі 500 орамнан тұратын катушка арқылы өтетін магнит ағыны 0,02 секунд ішінде 8 мВб-ден 2 мВб-ге дейін біркелкі азайды. Катушкада пайда болатын индукциялық ЭҚК-нің мәнін табыңыз.

3-топ: «Графиктік талдау»

Есеп: Магнит ағынының уақытқа тәуелділік теңдеуі Ф(t) = 5t + 2(Вб) түрінде берілген.

4 секундтан кейінгі магнит ағынының мәнін табыңыз.

Осы уақыт аралығындағы индукциялық ЭҚК-ні есептеңіз.

4-топ: «Ленц ережесі мен Қарсылық»

Есеп: Кедергісі 2 Ом тұйық өткізгіш контурда магнит ағыны 0,5 с ішінде 0,8 Вб-ге өзгерді. Контурдағы индукциялық токтың шамасын есептеңіз. Токтың бағыты магнит ағыны артқанда қалай бағытталатынын түсіндіріңіз.

5-топ: «Геометриялық индукция»

Есеп: Радиусы 20 см дөңгелек контур индукциясы 0,5 Тл магнит өрісіне перпендикуляр орналасқан. Егер контурды созып, оны ауданы тең квадратқа айналдырса (периметрі өзгермейді деп есептеңіз), магнит ағыны қалай өзгереді?

6-топ: «Қозғалыстағы өткізгіш»

Есеп: Ұзындығы 0,5 м өткізгіш индукциясы 0,2 Тл магнит өрісінде 10 м/с жылдамдықпен оған перпендикуляр қозғалады. Өткізгіштің ұштарындағы потенциалдар айырымын (ЭҚК) табыңыз. Егер жылдамдық бағыты өріске 30 бұрыш жасаса, жауап қалай өзгереді?

Кері байланыс: өзін-өзі талдау (чек-парақ).

 

Бағалау өлшемі

Балл

1

Физикалық шамаларды ХБЖ (SI) жүйесіне дұрыс айналдырады

3

2

Тақырыпқа сай негізгі формуланы (Ф, ɛ, I) дұрыс таңдайды.

5

3

Алгебралық түрлендірулер мен есептеулерді қатесіз орындайды.

4

4

Жауаптың мағынасын (бағыты, себебі) физикалық тұрғыдан дәлелдейді.

5

5

Топ болып ұйымшыл жұмыс істеп, уақытылы аяқтайды.

3

Жалпы ұпай

20

 

Сергіту сәті «Жапондық тірек- қимыл» жаттығуы  видеосын қарап, қимылдаймыз

3-тапсырма:Топтық жұмыс

Электромагниттік индукцияның қолданылуы туралы постер дайындайды 

1.Магнит ағыны

2.Индукциялық токтың пайда болу шарттары

3.ЭҚК

4.Электромагниттік индукциядағы энергияның түрленуі

5.Электромагниттік индукция және заманауи технология

6.Электромагниттік индукцияның қолданылуы

Кері байланыс: өзін-өзі талдау (чек-парақ).

Бағалау өлшемі

Балл

1

Мазмұн терендігі

5

2

Сөйлеу шеберлігі.

5

3

Уақытты тиімді пайдалану.-2минут қорғайды

5

4

Сұрақтарға жауап беру

5

Жалпы ұпай

20

 

мәселелерді шешу

 

d.7 - сандық форматта ынтымақтастық

Cын тұрғысынан ойлау

 

 

 

d.7 - сандық форматта ынтымақтастық

 

 

g2 әділетілікті қолдау

 

Cын тұрғысынан ойлау

 

 

d.7 - сандық форматта ынтымақтастық

 

l.6 ынтымақтастық

 

g12-ұжымдық әрекет

 

Cын тұрғысынан ойлау

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

g12-ұжымдық әрекет

 

l.6 ынтымақтастық

 

 

 

 

 

 

 

 

Ойын арқылы оқыту

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

тұлғаға бағытталған

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

тұлғаға бағытталған

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

тұлғаға бағытталған

 

 

 

 

 

 

Шынайы бағалауы

 

 

 

 

 

Құрдастардың кері байланысы

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Шынайы бағалауы

 

 

 

 

 

 

 

 

Өзін-өзі тексеру

 

 

 

 

Шынайы бағалауы

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Құрдастардың кері байланысы

Өзін-өзі тексеру

 

 

https://phet.colorado.edu/sims/html/faradays-law/1.4.7/faradays-law_ru.html
симулятор







https://youtu.be/N7tIi71-AjA 

 

 

Үлестірме қағаздар

Google чек-парағы

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Презентация, үлестірме қағаздар, 

 

 

 

Google чек-парағы





Презентация, тақта, дәптер, қалам





















 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

https://youtu.be/RPBGoU0MNYw 


Google чек-парағы

 

https://www.canva.com/

 

https://www.canva.com/design/DAHCI6PiAcY/jWhF427Qrqc6J2BFx5Jqyg/edit?utm_content=DAHCI6PiAcY&utm_campaign=designshare&utm_medium=link2&utm_source=sharebutton

 

Сабақтың соңы

 

2-3 мин

V. Қорытындылау және бекіту

Сабағымызды қорытындылау үшін сіздермен wayground..com сайтында тест тапсмырмасын орындаймыз. 

Кері байланыс: өзін-өзі талдау (чек-парақ).

Бағалау өлшемі

Балл

1

Электромагниттік индукция ұғымын түсіну: 4дұрыс -8 балл, 3 дұрыс - 6 балл, 2 дұрыс-4балл, 1 дұрыс -2 балл

8

2

Ленц ережесі : 2 дұрыс -4балл, 1дұрыс - 2балл

4

3

Электр қозғаушы күш:  2 дұрыс -4балл, 1дұрыс - 2балл

 

4

4

Магнит ағыны:  2 дұрыс -4 балл, 1дұрыс - 2балл

4

Жалпы ұпай

20

VI. Рефлексия «ЖИ арқылы кері байланыс»

«Жанашылдық заман талабы» апта дәйек сөзідей бүгін сіздермен жаңа тақырып өтіп, заманауи технологияда қолданылуын қарастырдық.

I.1- өзін өзі реттеу

тұлғаға бағытталған оқыту

бақылау

Ссылка

Google чек-парағы

https://wayground.com/admin/quiz/63ff6ee883dcde001e456921

 

Рефлексия

Үй тапсырмасы

 

VII. Үй тапсырмасы

Шығармашылық тапсырма:

Тапсырма: Электромагниттік индукция тақырыбы бойынша алған білімдеріңді қолданып, өз зерттеуіңді жаса.

Визуалды презентация: Нәтижелерді сурет, кесте немесе инфографика арқылы көрсет.

Кері байланыс: өзін-өзі талдау (чек-парақ).

       Формативті бағалау

       Өзін-өзі және өзара бағалау

Cын тұрғысынан ойлау

d.7 - сандық форматта ынтымақтастық

Ынтымақтастықта оқыту

Өзін-өзі тексеру

 

автоматтандырылған бағалау

 

Слайд-17

 


 

Скачано с www.znanio.ru