Студенттерге экономика негіздері және нарықтық экономика негіздері пәндері бойынша алған білімдерін кеңейту, тиянақтау және жинақтау. Экономикалық білім заман талабы екендігін түсіндіру.
Студенттердің ой өрістерін, шығармашылық және интеллектуалдық қабілеттерін дамыту, экономикалық ойлау қабілеттрін дамыту.
Алған білімдерін іс-жүзінде қолдануға, инновациялық технологиялармен тиімді жұмыс жасай білуге, ізденімпаздылыққа, тиянақтылыққа, ұқыптылыққа, еңбек сүйгіштікке тәрбиелеу, шешендікке баулу және тіл мәдениетіне деген сүйіспеншілігін арттыруЕлбасымыз Н.Ә.Назарбаев «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласында алты бағытын белгілейді. Солардың бірі: Бәсекеге қабілеттілік, білімнің салтанат құруы, сананың ашықтығы. Ендеше «Терең білім – тәуелсіздігіміздің тірегі» демекші, құрметті оқытушылар мен студенттер бүгінгі «Нарықтық экономика жағдайындағы кәсіпорын» атты сайысымызды ашық деп жариялаймыз.
1. «Бәйге» сайысы
2. «Ойымды жалғастыр» сайысы
3. «Ойлан, тап» сайысы
4. «Білім аукционы» сайысы
5. «Ғажайып төрттік» сайысы
Сайысымыздың негізгі мақсаты – студенттердің білімдерін сынау, өнерлерін тамашалау.
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
ТАЛДЫҚОРҒАН ПОЛИТЕХНИКАЛЫҚ КОЛЛЕДЖІ
КЕЛІСІЛДІ
Колледж әдіскері
______________ Жанысбекова Г.А.
«_____»_________2017ж.
БЕКІТЕМІН
Колледж директорының ОҒӘЖ жөніндегі
орынбасары ф.м.ғ.к.
__________ Мукажанов Е.Б.
«_____»____________2017ж.
АШЫҚ
САБАҚ ЖОСПАРЫ
Пән :Экономика негіздері, Нарықтық экономика негіздері_
Тақырыбы:_Нарықтық экономика жағдайындағы кәсіпорын_
Оқытушылар:_Байдилданова М.С., Мамажанова И.М. _____САБАҚ ЖОСПАРЫ
Күні
Топ
07.12.2017 БТ511б
Өтілетін орны: 111
Уақыты: 10.05
Пән атаулары: «Экономика негіздері» және «Нарықтық экономика негіздері»
Сабақ тақырыбы: Нарықтық экономика жағдайындағы кәсіпорын
Сабақ типі: Ойынсайыс сабағы
Әдісі: сұрақ жауап, ой бөлісу, ой жинақтау, танымдық ойлау
Пәнаралық байланыс: Экономика негіздері, нарықтық экономика негіздері,
кәсіпорын экономикасы, маркетинг және менеджмент негіздері, Қазақстан
тарихы.
Білімділік: Студенттерге экономика негіздері және нарықтық
экономика негіздері пәндері бойынша алған білімдерін кеңейту,
тиянақтау және жинақтау. Экономикалық білім заман талабы
екендігін түсіндіру.
Дамытушылық: Студенттердің ой өрістерін, шығармашылық
және интеллектуалдық қабілеттерін дамыту,
экономикалық
ойлау қабілеттрін дамыту.
Тәрбиелік: Алған білімдерін ісжүзінде қолдануға, инновациялық
білуге,
технологиялармен
ізденімпаздылыққа,
еңбек
сүйгіштікке тәрбиелеу, шешендікке баулу және тіл мәдениетіне
деген сүйіспеншілігін арттыру.
тиянақтылыққа,
жұмыс
тиімді
жасай
ұқыптылыққа,
Сабақтың
мақсаты
САБАҚТЫ ЖАБДЫҚТАУ
Көрнекілігі: интерактивті тақта, слайдтар, логикалық сұрақтар,
бейнежазбалар, нақыл сөздер, плакаттар.
Сабақтың кезеңдері
І. Ұйымдастыру кезеңі:
Студенттермен амандасу, түгендеу. Сабақтың мақсатын хабарлап,
студенттердің назарын сабаққа аудару.
Енді сайыс сабағымызды бастамас бұрын топ студенттерін топқа бөліп
алайық. Тақырыпқа байланысты түрлітүсті қағаздарда жазылған сөздер
беріледі. Осы сөздер бойынша Валюта (сары), Нарық (қызыл, Кәсіпорын
(жасыл) деген 3 топқа бөлінеді.ІІ. Өткенді қайталау.
Экономика негіздері және «Нарықтық экономика негіздері» пәндері
бойынша өткен барлық тақырыптарының терминдерін еске түсіру үшін барлық
үш топқа «Криптограмма» ойыны ұсынылады. Криптограмманың жауабы
жауап парақшасына жазылып, оқылады. Әр жауап – 1 ұпай. Берілетін уақыт 2
минут.
э
қ
а
д
у
а
д
і
п
а
қ
ш
ө
м
а
ы
з
ы
н
і
д
й
а
р
к
ы
р
а
н
с
о
н
о
м
б
ы
р
і
п
и
а
т
і
с
ә
к
ғ
а
Криптограмма жауаптары: кәсіпорын, нарық өндіріс, өнім, кәсіп,
пайда, пайыз, қарыз, ақша, баға, табыс, сауда.
ІІІ Негізгі кезең:
Оқытушы:
Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты
бағдарламалық мақаласында алты бағытын белгілейді. Солардың бірі:
Бәсекеге қабілеттілік, білімнің салтанат құруы, сананың ашықтығы. Ендеше
«Терең білім – тәуелсіздігіміздің тірегі» демекші, құрметті оқытушылар мен
студенттер бүгінгі «Нарықтық экономика жағдайындағы кәсіпорын» атты
сайысымызды ашық деп жариялаймыз.
1. «Бәйге» сайысы
2. «Ойымды жалғастыр» сайысы
3. «Ойлан, тап» сайысы
4. «Білім аукционы» сайысы
5. «Ғажайып төрттік» сайысы
Сайысымыздың негізгі мақсаты – студенттердің білімдерін сынау,
өнерлерін тамашалау.
Ендеше сайысымызды бастамас бұрын әділқазылар алқасын сайлап алайық:
1.Коллдж әдіскері Жанысбекова Гүлжан Адамбекқызы2. Экономикалық пәндер оқытушысы Кукшибаева М.Л.
3. Құқық пәнінің оқытушысы – Қазыбаева Назгул Әукенқызы
1сайыс «Бәйге»
Оқытушы:
Мәңгі бақи есте қалар
Қызықты бір ойын болсын
Білімдірек шәкірт озар
Сұрақтары қиын болсын, демекші ойын ережесі бойынша әрбір сұрақтың
дұрыс жауабына 10 ұпайдан беріледі. Сұраққа бірінші болып қол көтерген топ
жауап береді. Егер ол ойыншымыз дұрыс жауап бермесе. Екінші қол көтерген
топ жауап бере алады. Сонымен, ойыншылар ойын шартын түсінікті болса,
сайысымызды бастайық.
1сұрақ
Кәсіпорын дегеніміз бұл ... (экономиканың даму сатысының негізгі бір
бөлігі)
2 сұрақ
Мемлекеттік кәсіпорын бұл? (негізгі қорлары мемлекет меншігінде болатын
кәсіпорындар)
3 сұрақ
Егер мемлекеттік кәсіпорын бюджеттен қаржыландырылса, ол қандай
кәсіпорын? (бюджеттік кәсіпорын)
4сұрақ
Жек меншік құқық негізінде жұмыс істейтін кәсіпорын бұл қандай
кәсіпорын? (жеке кәсіпорын)
5сұрақ
Кәсіпорын қызметіне не жатады? (өндірісте және жеке тұтынылатын өнім
шығару)
6сұрақ
Қазақстанда меншік туралы заңға байланысты кәсіпорынның қандай
түрлері бар? (мемлекеттік, жеке, аралас)
7сұрақ
Егер кәсіпорын өндірісте тиімсіз тәсілдер қолданса, онда не болады?
(дағдарысқа ұшырайды)
8сұрақ
Кәсіпорында тапшылық неден болады? (ақша)
9сұрақ
Кәсіпорынның кәсіпкерлік қызметіндегі басты мақсаты? (табыс табу)
10сұрақ
Сұраныс заңы бұл? (егер тауардың бағасы арзан болса оған сұраныс
көбейеді, ал қымбат болса азаяды)
11сұрақНарық дегеніміз не? (Сатушы мен сатып алушының кездесетін орны)
12сұрақ
Пайда дегеніміз не? (кәсіпкердің қызметінің басты нәтижесі және мақсаты)
2сайыс «Ойымды жалғастыр»
Оқытушы : Екінші сайысымыз «Ойымды жалғастыр» деп аталады, яғни
мақалмәтелдің жартысы оқылды, сендер жалғасын табуларыныз керек. Әр бір
дұрыс жауапқа 5 ұпайдан беріледі.
І. «Валюта» тобына:
1.Ақша табудан, шашу оңай.
2. Арзанның сорпасы татымас.
3. Қор жинаған қор болмайды.
4. Ақша ашпайтын құлып жоқ.
ІІ. «Кәсіпорын» тобына:
1. Саудагер құнықса, сақалын күзеп сатар
.
2. Базар ақшалыға базар, Ақшасызға назар.
3. Оңай олжа оңалтпас.
4. Бағаны базар белгілейді.
ІІІ. «Нарық» тобына:
1. Базарға әркім барар, Өзіне керегін алар.
2. Есептей білгеннің есесі кетпейді.
3. Саудаға достық жүрмейді.
4. Базарға бар да, бағыңды сына
.
3сайыс «Ойлан тап»
Оқытушы: Бұл кезеңде студенттерге «Экономикалық анаграмма»
берілді. Орындары ауысқан әріптерден сөз құраулары керек. Бір сөз, бір ұпай
болып саналады. Сөз құрауға 2 минут уақыт беріледі.
І. «Валюта» тобына:
1.ЖЕҚАТІТКІЛ Қажеттілік
2.ОПТРЭСК Экспорт
3.ҰТТНУЫЫШ Тұтынушы
4.ШАҚА Ақша.
5. ЫЖҚАР Қаржы
6.УТТҰЫНШЫ Тұтынушы.
ІІ. «Кәсіпорын» тобына:
1.РДНӨІШІУ Өндіруші.
2. КНБА Банк.3. ТРАУА Тауар.
4.БЕСЕКӘ Бәсеке.
5.НРҰСАЫС Сұраныс.
6.ТРОМИП Импорт.
ІІІ. «Нарық» тобына:
1. ПӘКСІЕКР Кәсіпкер
2.ҚСЫАЛ Салық.
3.НЫРОК Рынок.
4.КЕІШНМ Меншік.
5.ЮДБТЕЖ Бюджет.
6.АЭОМИОКН Экономика.
4сайыс. Келесі сайысымыз «Білім аукционы» деп аталады. Сұрақ оқылмас
бұрын әр топ сұрақтың оқылуына оз ставкасын ұсынады. Ол балдық жүйе
бойынша жүреді. Өз капиталын көбейту өздеріңіздің қолдарыңызда. Сұрақтың
бастапқы бағасы 10 балл. Топ көшбасшысы бағаны 10 балдан жоғарылата
алады. Ең жоғарғы балл ұсынылғаннан кейін сұрақ оқылады. Егер дұрыс
жауап айтылса, балл құны сол топқа беріледі, ал қате жауап айтылса, онда топ
өз капиталынан сол балды қайтарады. Ескерту: егер топ қорында бар барлық
балға сұрақ сатып алынып, қателессе, онда банкрот болып, ол топ аукционға
арықарай қатысу құқығынан айырылады. Іске сәт, аукционымызды бастаймыз.
Аукционға қойылатын №1. Бизнесті қаражатсыз бастауға болады ма? Әр
топ өз пікірлерін айтады. (бейнежазба)
Аукционға қойылатын №2. Кәсіпкер адамның бейнесі. (плакатпен жұмыс)
Аукционға қойылатын № 3. Бизнес идеяны қайдан табу керек? Әр топ өз
пікірлерін айтады. (бейнежазба)
5сайыс «Ғажайып төрттік»
Бұл сайысыта «Экономика негіздері», «Нарықтық экономика негіздері»,
«Маркетинг және менеджмент негіздері» пәндері және еркін тақырып
бойынша сұрақтар қойылады. Сұрақтар ұпай санына байланысты күрделенеді.
Әр топ өзіне ұнаған пән бойынша ұяшық тандайды. Егер сұраққа жауап берсе
ұпайды иеленеді, ал жауап бере алмаса басқа топтын жауап беруге құқығы
бар.
1.Экономика негіздері 10 20 30 40 50
Ұпай
10
20
Сұрақ
Жауап
«Экономика» термині латын
сөзінен аударғанда қандай мағына
береді?
Экономиканың өзекті үш мәселесі Не өндіру керек? Қалай өндіру керек? Кімдер
ойкос үй шаруашылығы, номос – заңатаңыз.
«Банк» итальян сөзінен
аударғанда қандай мағына береді?
Несие беру кезеңдерін атаңыз
Меншік субъектісін атаңыздар?
үшін өндіру керек?
Орындық
қысқа мерзімді, орта мерзімді, ұзақ мерзімді
олар меншік объектісін иемденіп,
оған билік ететін тұлғалар. Яғни меншік
субъектісі адам болып табылады
2.Нарықтық экономика негіздері 10 20 30 40 50
30
40
50
Ұпай
10
20
30
Сұрақ
ҚР нарықтық экономикаға қай
жылы көшті?
Кәсіпорынды құрудағы негізгі
мақсат не?
Кәсіпорын дегеніміз не?
40
Кәсіпкер дегеніміз кім?
50
Нарық субъектісі мен объектісін
атаңыз?
Жауап
1991ж.
Көп пайда табу
бұл өнім өндіріп оны өткізетін, істелген
жұмыстар мен көрсетілген қызметтер
нәтижесін сата алатын заңды құқы бар дербес
шаруашылық
бұл жаңашыл, коммерциялық негізде жаңа
тауар өндіруді, жаңа технологияны енгізу,
бизнесті ұйымдастырудың жаңа формаларын
енгізуге аянбай жұмыс істейтін кісі.
Субъектісі – сатушы мен сатып алушы, ал
объектісі – тауар мен ақша
3.Маркетинг және менеджмент 10 20 30 40 50
Ұпай
10
20
Сұрақ
«Менеджмент» латын тілінен
аударғанда қандай мағына береді?
Кәсіпорын орталарын ата және
олардың мәнін ашыңыз.
30
Лидер деп кімді айтамыз?
40
«Маркетинг» ұғымын қалай
түсінесіз?
50
Бизнесжоспар дегеніміз не?
Басқару
Жауап
Кәсіпорынның ішкі және сыртқы ортасы
болады. Ішкі ортаға–еңбек ресустары,
техника, технология,бәсекелестік,маркетинг
т.б. жатады. Сыртқы ортаға – экономикалыө
саясат, құқықтық жағдай, экономикалық,
әлеуметтік, экологиялық және техникалық
жағдайлар жатады.)
адамдарға ықпал ете білудің өнері, олардың
белгілі бір мақсатқа жетулеріне итермелей
білу. Өте жиі, көбіне саясатта лидер өз
мақсатына жетуге тырысады
экономиканы, жарнаманы,
психологияны, жоспарлауды,
болжауды оңтайлы ұштастыру,
яғни маркетиңг-тауарларды
өндіру мен өткізу туралы ғылым.)
кәсіпорынның алдына қойған экономикалық
мақсаты мен оны жүзеге асыру жолдары,
міндеттері мен әдістәсілдері баяндалғанқұжат. Бизнесжоспар — бұл Сіздің келешек
бизнесіңізді жанжақты толық сипаттау
4.Еркін тақырып 10 20 30 40 50
Ұпай
10
20
30
40
50
Сұрақ
ҚР тұңғыш президент күні қай
күн?
Қазақстанда Халықаралық
көрмесі Экспо қай жылы және қай
қалада өтті?
Биыл ҚР тәуелсіздігіне неше жыл
толады?
ҚР үшін 16 желтоқсан қандай
күн?
ҚР Тұңғыш Президенті Елбасы
Нұрсұлтан Назарбаевтың 2017
жылы 12 сәуірде шыққан
бағдарламалық мақаласын атаңыз
1 желтоқсан
Жауап
2017 жылы Астана қаласында
26 жыл
Тәуелсіздік күні
Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру
Оқытушы:
Бүгін біздер студенттердің білімдерін сынап, өнерлерін тамашаладық.
Сенбе жұртқа, тұрса да қанша мақтап,
Әуре етеді ішіне қулық сақтап.
Өзіңе сен, өзіңді алып шығар,
Еңбегің мен ақылың екі жақтап,
студенттеріміз өз білімдерін көрсете білді деп ойлаймыз.
деп Абай атамыз жырлағандай
ІV. Үйге тапсырма: «Экономика негіздері» және «Нарықтық экономика
негіздері» пәндері бойынша өткен тақырыптарды қайталау.
V Сабақты қорытындылау.
Соңымен, «Нарықтық экономика жағдайындағы кәсіпорын» атты сайыс
сабағымыз өз мәресіне жетті. Жеңімпаздарды анықтап, марапаттау үшін
ортаға колледж әдіскері Гүлжан Адамбекқызын шақырамыз.