Открытый урок по математике во второй младшей группе на тему "Волшебные фигуры"
Оценка 5

Открытый урок по математике во второй младшей группе на тему "Волшебные фигуры"

Оценка 5
Разработки уроков
docx
математика
Детсад
26.02.2019
Открытый урок по математике во второй младшей группе на тему "Волшебные фигуры"
Открытый урок по математике на тему "Волшебные фигуры" цель урока: закрепить знание детей о геометрических фигурах,называть фигуры на 3 языках, сравнивать фигуры с окружающими предметами, закрепить понятие большой-маленький,высокий-низкий.развивать у детей мелкую моторику,воображение, умение работать в группах, развивать речь детей, обогащать словарный запас детей
ашық сабақ матем.docx
КМҚҚ «Балерке» балабақшасы ҚМҰҚ пәнінен өткізген ашық ұйымдастыру оқу іс­қызметі Тақырып: «Кішкентай құрылысшы» «Жұлдыз» ІІ кіші топ                                                                  Тәрбиеші:   Нурмухамбетова О.Н 2018­2019 оқу жылы Білім беру саласы: Таным. Шығармашылық. Білім беру бөлімі:  Қарапайым математикалық ұғымдарды қалыптастыру. Тақырыбы:  «Кішкентай құрылысшы» Мақсаты: . Балалардың геометриялық пішіндер туралы білімдерін қалыптастыра отырып,  қарапайым математикалық ұғымдарын бекіту, пішіндерді ажыратып айта білуге, оларды  қоршаған ортамен салыстырып, түр – түсін, заттардың көлемін анықтай білуге  дағдыландыру  (үлкен­кіші, биік­аласа), кеңістікті бағдарлау. Балалардың ой ­ өрісін, қол  моторикасын, логикалық ойлау қабілеттерін ойын арқылы дамыту, зейіндерін,  белсенділіктерін арттыру. Балаларды ұйымшылдыққа, тапқырлыққа тәрбиелеу. Дидактикалық ойын: «Пішіндерден заттарды құрастыр» Аралас сабақ: қоршаған орта, сөйлеуді дамыту, құрастыру сабағы. Сөздік жұмыс: Үшбұрыш, төртбұрыш, дөңгелек, тіктөртбұрыш пішіндер. Құрал­жабдықтар: Видеопроектор, үнтаспа.әр түрлі дидактикалық материал. Билингвальді компонент: Үшбұрыш­треугольник­трайэнгл, төртбұрыш­квадрат­скуэ,  дөңгелек –круг­раунд, тіктөртбұрыш­прямоугольник­ректэнгл. Сабақ барысы: Балалар жарты шеңбер бойымен тұрады. Амандасу: Музыка әуенімен әндетіп: ­Үлкенге де сіз,сіз. Кішіге де сіз,сіз. Сәлем бердік сіздерге Құрметпенен біз, біз. ­ Балалар, жылу шеңберіне тұрайық. Жылулық шеңбері: (Балалар қимылмен көрсетеді) ­ Алақанды ашайық, Күн нұрын салайық. Жүрек жылуын салайық. Жиналған жылу шуақтарды, Қонақтарға сыйлайық. ­Балалар, бүгінгі оқу қызметіміздің тақырыбы: «Кішкентай құрылысшы». Балалар біздің үстімізде не жапсырған Балалар: ­Пішіндер Тәрбиеші:  ­ Балалар бүгін біз сендермен « Сиқырлы пішіндер» әлеміне  саяхатқа барамыз.                      Тәрбиеші: ­ Ал саяхатқа  қандай көліктермен баруға болады? Балалар: ­ Поездбен. Тәрбиеші: ­ Жарайды. Ендеше, поездбен барайық. Ал кеттік. Поезға отырып, музыка әуенімен: Қимылды ойын: «Поезд» Тіл ұстарту жаттығу. Пыш ­ пыш, пыш ­ пыш біз кеттік, Жүрісті үдеттік. Гу ­ гу, гу ­ гу гуілде, Қалып қойма біріңде. Тәрбиеші: ­ Қане, балалар, тоқтайық. Пыш ­ ш ­ ш.  Балалар қараңдаршы Пішіндер әлемі өте әдемі екен.  Тәрбиеші: ­ Ой, балалар, әртүрлі пішіндерді қараңдаршы.  Сиқырлы пішіндерге қандай пішіндер жатады екен, сұрап, көрейікші: ­ Сен қандай пішінсің?  Айару:­Төртбұрышпын, төртбұрышпын. Төрт қабырғасы бар бұрышпын, Қай жағынан қарасаңда, Төрт қабырғам тең бұрышпын. Тәрбиеші: ­ Неге төртбұрыш дейді екенбіз, қанекей төртбұрыштың қабырғаларын, бұрышын  санайық. (санайды) Төртбұрыштың түсі қандай? Үшбұрыш: Айзере:­Үшбұрышпын, үшбұрышпын, Үш қабырғам бар бұрышпын, Төрт бұрыштан аз болсам да, Орны бөлек үшбұрышпын. ­ Ал, үшбұрышты неге үшбұрыш дейді екенбіз, бұрыштар мен қабырғаларын санайық.  Үшбұрыштың түсі қандай екен? Дөңгелек: Жанерке:­ Домалақпын, домалақпын, Дөңгелек боп домаладым. Ай сияқты, күн сияқты Шар сияқты домалақпын. ­  Дөңгелектің бұрышы бар ма? ­ Пішіннің түсі қандай?  Тәрбиеші: ­ Балалар,  сендер мынау кім білесіңдерме?Ол сиқырлы пішіндер әлемінің  тұрғындары Геометрика. Геометриканың сендерге арналған тапсырмалары бар екен, оларды дұрыс орындасаныз сыйлықтар аласындар , тапсырмаларды орындаймыз ба?  Балалар:  Ия Тәрбиеші:  1 тапсырманы орындап көрейік. Ол үшін төрт топқа бөлінейік.  1топ: Жанерке,Алан, Нурдана Д/о. «Сиқырлы пішіндер" Шарты: Заттардың қандай пішіндерге ұқсайтынын тауып қою керек.  2 топ: Айару, Еркебұлан,Думан Д\о. « Шыршаны сәнде» Шарты:Әр түрлі пішіндер арқылы шыршаны безендіреді 3 топ: Айзере,Аделя,Алиса Д\о. «Пішіндерді құрастыр» Шарты:санау таяқшалар арқылы пішіндерді құрастырады 4 топ: Бекнұр,Елдар,Балжан Д\о. «Матрешканы киіндір» Шарты: пішіндердің орын тауп қою керек  2 тапсырма – Балалар,  Геометриканың « Сиқырлы кілемше» бар оны  тышқандар тесіп тастады кілемді жамау керек. Шарты: «Сиқырлы кілемшені»жамау керек. Тәрбиеші: ­ Ал, балалар, тұрайық, Үлкен шеңбер құрайық. Көңілденіп біз енді, Бой сергітіп алайық. «Ойыншықтар» әнін, музыка әуенімен балалар ойыншықтарын алып, қимыл  көрсетіп айтады. Біздерде бар қуыршақ, Бұзау, қозы, құлыншақ. Ойыншықтар тыңдайды, Әмір беріп бұйырсақ. Ойыншықтар ұйықтайды, Айтқаныңнан шықпайды. Ал, қозы мен құлыншақ, Ұйықта десең ұқпайды.  3 тапсырма  «Ойыншықтардың үйін табу» деген. Шарты: ­ Мына жерде биік және аласа үй бар. Ойыншықтарды көлеміне қарай, биік  үйшікке үлкен ойыншықтарды, аласа үйшікке кішкентай ойыншықтарды апарып қою  керек. 4 тапсырма ­ Балалар,  қарандарш    пішіндердің көмегімен көптеген заттарды құрастыруға болады   екен. Ал сендер құрастыра аласыңдар ма? Тәрбиеші: ­ Балалар, құрастырып көрейікші. Ол үшін  тағыда төрт топқа  бөлінейік. (Балалар төрт топқа бөлінеді.  пішіндерді алып, ) 1­топ: Машина. Жанерке ­ Машина қандай пішіндерден тұрады? ­ Тік төртбұрыштан, төртбұрыштан, екі дөңгелектен тұрады. 2­топ: Зымыран. Айару ­ Тік төртбұрыштан,  төртбұрыштан, үшбұрыштан тұрады 3­топ:  Үй . Айзере ­ Үй қандай пішіндерден тұрады?. ­ Төртбұрыштан, үшбұрыштан тұрады. 4 топ: Құрт. Бекнұр ­ Құрт қандай пішіндерден тұрады? ­  дөңгелектен тұрады. ­ Үлкен, орташа  дөңгелектен тұрады. Балалар біз  бүгін қайда келдіқ? «Сиқырлы пішіндер» әлемінде не көрдік? Олар қандай пішіндер?  Слайд: «Геометриялық пішіндер» Пішіндерді қазақша,орысша,  және ағылшынша атайық Үшбұрыш­треугольник­трайнгл, дөңгелек­круг­раунд, төртбұрыш­четырехугольник­скуэ,  тіктөртбұрыш­ прямоугольник­ ректенгл      Тәрбиеші: Балалар,  Геометриканың тапсырмалар бітті, сондықтан  онымен  қоштасып,  сендерге  дайындаған сыйлықтарын  алып,поезға отырып тобымызға барайық. Балалар: ­ Пыш ­ пыш, пыш ­ пыш біз кеттік, Жүрісті біз үдеттік. Гу ­ гу, гу ­ гу гуілде, Қалып қойма біріңде. Балалар міне біз топқа оралдық. ­Балалар ,бүгінгі оқу қызметіне бәрілерің  өте жақсы қатыстыңдар.Геометриканың  барлық  тапсырмаларын орындадыңдар. Жақсы қатысқандарың  үшін көңілді смайлик  сыйлағым келеді.   Жарайсындар балалар, ал енді қонақтармен қоштасайық                    Біз ақылды баламыз, Айтқан тілді аламыз. Бүгінгі келген қонаққа , Сау болыңыз деп айтамыз. Сабақ аяқталды. Өзіндік талдау «Жұлдыз» ІІ кіші топ Тәрбиеші: Нурмухамбетова О.Н. Білім беру саласы: Таным Оқу іс­әрекетінің түрі: Қарапайым математика ұғымдарды қалыптастыру Тақырыбы: «Кішкентай құрылысшы» Мақсаты: Балалардың геометриялық пішіндер туралы білімдерін қалыптастыра отырып,  қарапайым математикалық ұғымдарын бекіту, пішіндерді ажыратып айта білуге, оларды  қоршаған ортамен салыстырып, түр – түсін, заттардың көлемін анықтай білуге  дағдыландыру. Балалардың ой ­ өрісін, қол моторикасын, логикалық ойлау қабілеттерін  ойын арқылы дамыту, зейіндерін, белсенділіктерін арттыру. Балаларды ұйымшылдыққа,  тапқырлыққа тәрбиелеу. Дидактикалық ойын: «Пішіндерден заттарды құрастыр» Аралас сабақ: қоршаған ота, сөйлеуді дамыту, құрастыру сабағы. Сөздік жұмыс: Үшбұрыш, төртбұрыш, дөңгелек, тіктөртбұрыш пішіндер. Құрал­жабдықтар: Видеопроектор, әр түрлі дидактикалық материал. Билингвальді компонент: Үшбұрыш­треугольник­, төртбұрыш­квадрат, дөңгелек –круг  тіктөртбұрыш­прямоугольник. Ұйымдастырылған оқу қызметіне 16 бала қатысты. Жоспарланған мақсатқа жету үшін, ең алдымен балалармен амандасып шаттық шеңбер  құрудан бастадым. Балалар сұрақтарға дұрыс жауап беріп алған білімдерін көрсете алды.  Дауыс ырғағым жағымды,балаларға түсінікті,нақты болды деп ойлаймын. Әр тапсырма берілген сайын балалар қызығушылықтарымен және  белсеңділіктерімен  орындады.Ортасында балалар аздап тынығып алсын деп сергіту жаттығуларын  жасаттым.Балалардың есте сактау қабілеттерін  және ұсақ қол маторикасының дамыту  үшін неше түрлі дидактиқалық ойындар ойнаттым.Әрекеттің барлық кезеңдері сақталды.  Мектепке дейінгі  балалардың сабаққа қызығушылықтары жоғары, өздерін еркін ұстауы,  білім дағдылары дұрыс қалыптасуда. Ұйымдастырылған оқу іс­әрекеті қызықты өтті деп  ойлаймын. Балалар геометриялық пішіндер  туралы жалпы мәлемет біледі,түстерді  ажыратады,геометриялық пішіндерді қоршаған ортадағы  заттарымен  салыстырады,құрастырылады.

Открытый урок по математике во второй младшей группе на тему "Волшебные фигуры"

Открытый урок по математике во второй младшей группе на тему "Волшебные фигуры"

Открытый урок по математике во второй младшей группе на тему "Волшебные фигуры"

Открытый урок по математике во второй младшей группе на тему "Волшебные фигуры"

Открытый урок по математике во второй младшей группе на тему "Волшебные фигуры"

Открытый урок по математике во второй младшей группе на тему "Волшебные фигуры"

Открытый урок по математике во второй младшей группе на тему "Волшебные фигуры"

Открытый урок по математике во второй младшей группе на тему "Волшебные фигуры"

Открытый урок по математике во второй младшей группе на тему "Волшебные фигуры"

Открытый урок по математике во второй младшей группе на тему "Волшебные фигуры"

Открытый урок по математике во второй младшей группе на тему "Волшебные фигуры"

Открытый урок по математике во второй младшей группе на тему "Волшебные фигуры"

Открытый урок по математике во второй младшей группе на тему "Волшебные фигуры"

Открытый урок по математике во второй младшей группе на тему "Волшебные фигуры"
Материалы на данной страницы взяты из открытых истончиков либо размещены пользователем в соответствии с договором-офертой сайта. Вы можете сообщить о нарушении.
26.02.2019