Открытый урок по познанию мира "Шөл өсімдіктері мен жануарлары" (4 сынып)
Оценка 4.9
Разработки уроков
docx
окружающий мир
4 кл
01.02.2017
Шөл өсімдіктері мен жануарлары жайлы түсіндіру. Теориялық ойлауын, сөздік қорын, табиғат құбылыстарының ұқсас болатыны, ерекшелігі туралы ойын дамыту.
Табиғатқа жанашыр, туған жерге деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу.
Шөл өсімдіктері мен жануарлары шөлдің климатына қарай бейімделедіні жайлы оқушыларға түсінік беру.Шөлді жер табиғаттының ерекшелігі неде екені түсінік беру.
дуние.docx
Пәннің аты
Уақыты:
Кабинет:
Мұғалім
Сабақтың атауы
Мақсаты
Күтілетін нәтиже
Психологиялық ахуал
Топқа бөлу
Қызығушылықты
ояту
Сергіту сәті
Жаңа сабақ
Шөл өсімдіктері мен жануарлары
Шөл өсімдіктері мен жануарлары жайлы түсіндіру. Теориялық ойлауын,
сөздік қорын, табиғат құбылыстарының ұқсас болатыны, ерекшелігі
туралы ойын дамыту.
Табиғатқа жанашыр, туған жерге деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу.
Сабақ типі: аралас сабақ
Көрнекілігі: суреттер, слайд, бейнеролик.
Әдісі: түсіндіру, әңгімелеу, көрнекілік, сұрақ жауап, талдау, жинақтау
– Балалар, айналамызда көңілкүйі көтеріңкі, жақсы
Оқушылар шеңберде
жиналып,мұғаліммен
адамдардың болғанын бәріміз ұнатамыз. Ендеше қол
бірге бүгінгі сабаққа
ұстасып, бірбірімізге жақсы көңілкүй мен саулық
тілейік.
сәттілік тілейді.
Кел, балалар, күлейік!
Күлкіменен түлейік!
Күлкі көңіл ажары !
Күліп өмір сүрейік!
Шарлар арқылы
топтарға бөлу.
Сұрақтарға жауап алу.
Шалғынды аймақ пен далалы жердің өсімдіктері мен жануарлары
тіршілігіндегі ұқсастық пен айырмашылық туралы не айта аласыңдар?
Бөдене тіршілігі мен суыр тіршілігі жайлы не білеміз?
Оларды қорғаудың қандай маңызы бар?
«Қаражорға» биі
Оқулықтағы тапсырмаларды орындау
Дәптермен жұмыс
Жаңа материалды түсіндіру кезеңі: Бейнеролик. (Шөл дала.)
Кіріспе: шөл дала дегенде көз алдарыңа қандай дала елестейді? Шөл
даланың өсімдіктері, жануарлары туралы не білесіңдер? Осы сұрақтарға
жауап алғаннан жаңа сабақты түсіндіру.
Шөл — суға тапшы аймақ. Оның ауасы, топырағы құрғақ, өсімдіктері
селдір, сирек болып келеді. Шөл — құмды, сортаңды, сазды, тақыр,
тастақты шөлдерге ажыратылады.
Құмды шөлдер жазықты жерлердің борпылдақ тау жыныстарының
үстінде қалыптасады.
Құмды шөлдерді өсімдіктер тоқтатып, бекітеді. Олар селеубояу, құм
қияғы, жүзгін, домалақ кірпіге ұқсас құмаршық, ақсексеуіл. Теңіз
табанды жазықтардың топырағы сазды келеді.
Өсімдіктері нашар дамыған. Тақыр шөлдерге өзендердің ескі
атырауындағы жерлер жатады. оның жиектерінде ғана әрегідік өскен
күйреуіктер мен жыңғылдар көзге түседі. Олардың тұқымдары мен
жемістерін тақырға жел айдап әкеледі. Олар көктемде өніп шыққанымен, өз дамуын аяқтай алмай қурап кетеді. Сортаңды шөлді жердің топырағы
тұзды келеді. Мұндағы су топырақ бетіне жақын жатады. Үнемі буланып,
жер бетіне тұз ала шығады. Тұз қабатында күйреуіктер өседі. Жер бетіне
тастары шығып жататын шөлді тастақты шөл дейді. Әр жерде тікенек
бұталар кездеседі. Тақырлар – адамның жауапсыздығынан пайда болған
шөлдер. Ол шөбін мал отап, таптап, әбден тақырлап тастаған,
бұталары тамырымен қопарылып, сындырылып жойылған тақырлар.
Мұндай жерлерді қалпына келтіруге болады. Ол үшін көп адам көп
жұмыс жүргізуі керек.
Суы мен азығы тапшы, жазы ыстық, қысы суық, тіршілікке шөлді
жерлерді мекендейтін жануарлар осындай қатал жағдайларға түрліше
бейімделеді
Қарақұйрық, ақбөкен, бұлдырық, құлақты кірпі, қосаяқ, тасбақа, сұр
келес, сарышаян сияқты жануарлар шөлде өмір сүреді7
Оқулықпен жұмыс. Дауыстап тізбектей оқыту.
Дәптермен жұмыс. Күн ретін, ауа райын жазу.. Шөл өсімдіктері мен
жануарларын жазу.
Селеубояу, ақсексеуіл, жүзгін, құм қияғы, кермек, құмаршық
өсімдіктері.
Сарышаян, қосаяқ, қарақұйрық, ақбөкен, бұлдырық, сексеуіл жорға
торғайы, құлақты кірпі, тасбақа, сұр келес, тышқан, жылан жануарлары.
Венн диаграммасы:
Топтық жұмыс:
1 топ: Шалғын өсімдіктері мен жануарлары.
2 топ: Дала өсімдіктері мен жануарлары.
3 топ: Шөл өсімдіктері мен жануарлары.
5 жол өлең: Ақбөкен.
Тест.
1. Шөлді жерді мекендейтін жануар
а) қасқыр
в) арқар
с) кесіртке
2. Дала өсімдігін ата.
а) селеу
в) жусан
с) қарағай
3. Улы өсімдікті белгіле.
а) боз
в) бетеге
с) сарғалдақ
4. Қайсысы артық?
а) шалғынды, орманды
в) дала, шөл
с) қала, ауыл
5. Күріш қай облыста өсіріледі?
а) Батыс Қазақстан облысы
в) Қызылорда облысы
с) Талдықорған облысы
Рефлексия Екі жақты күнделік стратегиясы
Кітаптағы жазбалар
Менің жаңалығым
Үйге тапсырма
Мазмұндау
Бағалау
Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау
Кері байланыс
Бағалау парақшаларын толтыру.
Смайликтер арқылы кері байланыс орнату
Күнделіктеріне жазып
беремін
Бағалау парақшасын
толтырады.
Смайликтерді өзі
қалаған нұсқаға
жабыстырады
Открытый урок по познанию мира "Шөл өсімдіктері мен жануарлары" (4 сынып)
Открытый урок по познанию мира "Шөл өсімдіктері мен жануарлары" (4 сынып)
Открытый урок по познанию мира "Шөл өсімдіктері мен жануарлары" (4 сынып)
Материалы на данной страницы взяты из открытых истончиков либо размещены пользователем в соответствии с договором-офертой сайта. Вы можете сообщить о нарушении.