1-мәтін
Қазақ атаулы түгел білетін шоқ жұлдыздың бірі – Жетіқарақшы (Большая Медведица). Жетіқарақшы Темірқазықты (дәлірек айтқанда дүние полюсін) тәулігіне бір рет айналып өтеді. Оның іңірдегі, түн ортасындағы, таң алдындағы орны жыл мезгілдеріне қарай әрқилы өзгеріп отырады. Мал шаруашылығымен шұғылданған ата-бабаларымыз Жетіқарақшының 91 қозғалысын бақылай отырып, оны түн мезгілдерін анықтайтын аспан сағаты есебінде пайдалаған. Жетіқарақшы туралы этномәдени когнитивтік ақпарат төмендегі аңызда кеңінен баяндалады.
2. «Жетіқарақшы бара жатқанның балтасын, келе жатқанның кетпенін ұрлаған баукеспе ұры болыпты. Халық болып соңына түскен соң қылмысы басынан асқан жеті ұры жеткізбей аспанға қашып шығып кеткен. Бастаған – алдыңғы төртеуі, ана артындағы үшеуі ерер-ермес болып жүрген олардың құйыршығы. Екі бүйірдегі жарық жұлдыз – екі батыр. Сонау қатар тұрған екі жұлдыз Ақбозат пен Көкбозат батырлардың аттары. Олар Темірқазыққа арқандаулы. Шұбатылған арқаны да көрініп тұрады. Аттар Темірқазықты айнала оттайды. Оларды аңдыған жеті ұры да түнімен төңіректеп, айналып жүреді. Ұрылар қайтсе де, осы аттарды түсіріп алмақшы. Сақ күзетші алдындағысынан көз жазбайды. Сөйтіп жүргенде таң атады. Таң атысымен Жетіқарақшы көзден тайып, тасаланады. Ертеңінде тағы солай болады. Ұрылар жетеу ғана емес. Қалың жау – қырық қарақшы алыста торуылдап жүр. Анау Босаға мен Жетіқарақшының арасынан көрінген ұсақ жұлдыздар Қырыққарақшы жұлдызы. Жетіқарақшы – олардың барлаушысы. Алдымен батырлардың мықты аттарын қолға түсіріп алып, Қырыққарақшы содан кейін елді шаппақшы деген халықтың дүниетанымында қатталған аңыздың көне нұсқасы мифологиялық наным-сенімнен бастау алса керек.
3. Жетіқарақшы (Большая Медведица) ожау бейнесі бар жеті жұлдыздан (алдыңғы төртеу ожаудың басы, соңғы үш тізілген жұлдыздар ожаудың сабы) тұрғандықтан, әрі халық түсінігі бойынша елді күзететін қарақшы ретінде танылғаннан кейін «Жетіқарақшы» атанған болуы керек.
1. Мәтін бойынша Жетіқарақшы дүние полюсін бір рет айналып өтетін уақыт
A) 12 сағат
B) 34 сағат
C) 24 сағат
D) 18 сағат
2. Мәтін мазмұнына лайықты ақпарат
A) Жеті ұры аспанға қашып шығып кеткен екен деп аңыздарда айтылады.
B) Жетіқарақшы күндізгі уақытты анықтайтын арнайы сағат ретінде болған.
C) Жетіқарақшыны түн уақытын анықтайтын аспан сағаты ретінде қолданған.
D) Жетіқарақшы содан кейін елді шаппақшы болған екен дейді.
3.Мәтін бойынша тұжырым
A) Жетіқарақшыны қазақ халқы тұрмыстық өмірінде де бағыт анықтауда қолданған.
B) Жетіқарақшы туралы аңыздар көп болғандықтан, Жетіқарақшы деп аталған.
C) «Жетіқарақшы» атауы ұры қырық қарақшымен байланысты болған.
D) Жетіқарақшы қырық қарақшы жұлдыздың барлаушысы болған деседі.
4.Ата-бабамыз Жетіқарақшының 91 қозғалысын бақылай алуының себебі
A) Ата-бабамыз түнгі аспанды көп бақылап, табиғат сырын түсінгісі келгендіктен
B) Мал шаруашылығымен айналысып, күндіз-түні табиғаттың сырын терең меңгергендіктен
C) Жетіқарақшы туралы аңыз сырларын көп біліп, терең меңгергендіктен
D) Ата-бабамыз мықты астроном болып, жұлдыздар сипатын зерттегендіктен
5.Мәтіннің түйіні
A) Жеті қарақшыны таныған адам, Жеті қараңғы түнде адаспайды.
B) Үйінде ұл-қызы бардың, Көгінде сөнбес жұлдызы бар.
C) Жаяудың жұлдызы болмас, Қалың құлан жаусыз болмас.
D) Жұлдыз жиі болса, күн ашық болады.
2-мәтін
1.Қазақ тарихында ел қорғаған атақты батырлармен бірге олардың ерекше қасиетке ие тұлпарлары қатар айтылады. Әсіресе, осындай сәйгүліктердің 52 есімдері эпостарда, тарихи жырларда, ел аузында және жер атауларында жиі кездеседі. Халқымыз атақты сәйгүліктердің, жүйрік бәйге аттарының, батырларға серік болған тұлпарлардың етін ешқашан да жемеген. Өз ажалынан өлген мұндай аттарды қадірлеп жерлеген.
2.Атап айтар болсақ, Қобыландының Тайбурылы, Алпамыстың Байшұбары, Қамбардың Қарақасқасы, Қабанбайдың Қубасы, Бөгенбайдың Қызыл аты, Ақанның Құлагері, Тілеулі батырдың Кез құлағы, Бармақ батырдың Сандалкөгі, Исатайдың Ақтабаны, Амангелді батырдың Шалқасқасы, Кейкі мергеннің Кераты, Қарабектің Қарасы, Қамыстың Шұбары, Ерқосайдың Торысы, Сегіз серінің Бозжорғасы т.б. Бұл тізімді әрмен қарай жалғастыра беруге де болар еді. Алайда, біздің мақсатымыз қазақ ұмытпайтын сәйгүліктерді атап өту емес, оларға жеке тоқталып, бүгінгі жастарымызға таныстырып өту...
3.Ертеде қазақ-қалмақ елдері бас қосып үлкен ас беріпті. Жетпіс шақырымнан асатын аламан бәйгеге үш жүзден аса ат қатысқан. Қалмақтар бәйгеден озып келе жатқан Әймәмбет бидің қара атын жолда ұстап алып, қақпа тасқа қамап қойыпты. Қара ат құйындатып шауып бара жатқан аттардың дүбірін естіп, тастан тіке секіргенде үстіндегі шабандоз бала түсіп қалған. Ал өзі алдына шығып кеткен аттарды басып озып бірінші келген көрінеді. Содан бері бұл жер «Қара ат қамаған» деп аталып кеткен. Алтай өлкесі Қосағаш ауданындағы «Қара ат қамаған» жартасының жанынан өткен халық «Шіркін-ай!» Жануардың естісін-ай, бәйгеден қалам деп істеген айласын қарашы!» деп таң қалысады екен.
4.Көкдөнен - қазақтың жоңғар басқыншыларына қарсы жүргізілген ұлт-азаттық соғысының батыры Ер Жәнібек Бердәулетұлының (1714-1792) тұлпары. Бірде бала Жәнібек нағашыларының ауылына барады. Көп жылқының арасынан Көкдөненге көзі түсіп, сол сәйгүлікті сұрайды. «Барлық жылқыны ал, бірақ Көкдөненді бере алмаймыз» депті туыстары. Жәнібек айтқанынан қайтпай тұрып алады. Жиендері өкпелеп кететін болған соң нағашылары еріксіз атты берген екен. Көптеген шайқаста Жәнібек осы тұлпармен ерліктер жасаған.1750 жылы сексен күндік Шорға соғысында қазақ-қалмақтан он мыңдаған жауынгер қатысқан жан алысқан ұрыс болады. Абылай ханның аты оққа ұшып, жаяу қалады. Сол мезетте жан-жанындағы жауды қоғаша жапырған Жәнібек Абылай ханның жанына шауып келіп, Көкдөненді кесе көлденең тартқан екен. Абылай хан атқа мініп жатып: – Өзің жау қолында жаяу қалдың ғой, - дейді. Сонда Жәнібек: – Мен өлсем, қазақтың екі әйелінің бірі батыр табар, сіз өлсеңіз қалың қазақ хансыз қалар - деген екен. Осы ұрыстан кейін ел Жәнібектің арғымағын «Абылайдың өзін құтқарған Көкдөнен» деп қадірлеген. Сол заманнан хабар беретін «Жәнібектің Көкдөнені» атты күй бар. Айта кетейік, қолбасшының аты өліп, 53 оны жауынгердің бірінің атына мінгізіп, соғыстан аман алып қалуды «ат сүйек беру» деп атайды. Бұл – ежелден келе жатқан әскери ғұрып.
6.Қазақ-қалмақ асында қатысқан аттар саны
A) 53-тей
B) 300-ден аса
C) 500-дей
D) 100-дей
7.Мәтін мазмұнына лайықты ақпарат
A) Нағашылары өкпелеп кететін болға соң, жиені еріксіз ат береді.
B) Жәнібектің көп жылқы ішінде Көкдөненге көзі түседі.
C) Әймәмбет би қара атты ұстап алып, қамап қояды.
D) Жау қолынан өлген аттарды қадірлеп жерлеген.
8. Мәтінде Қара атты есті деп санауының себебі
A) Қақпа тасқа қамап қойғаны үшін
B) Бәйгеге шапқан баланы құлатып кеткені үшін
C) Бәйгеден қалмайын деп жасаған әрекеті үшін
D) Абылайды жаудан алып шыққаны үшін
9.Мәтін мазмұнының реттілігі
1. Қадірлі сәйгүліктер туралы
2.Жәнібектің Көкдөнені
3. Қасиетті тұлпарлар
4. «Қара ат қамаған»
A) 2,3,1,4
B) 1,3,2,4
C) 1,3,4,2
D) 3,1,2,4
10. Қадірлі тұлпарларға берген автор бағасы көрінетін азатжол
A) Үшінші
B) Екінші
C)Төртінші
D) Бірінші
3-мәтін
1. Салт-дәстүр – ата-бабадан мұра болып қалған, ұрпақты тәрбиелеуші құрал. Ол әрдайым игі мақсаттар үшін қолданыста болған. Сол себепті оларды біле жүру, күнделікті өмірде қолдану артық етпес. Сондай өнегелі салт-дәстүрдің бірқатарына тоқталып кеткенді жөн көрдік.
2. Аққұла. Бұл ертеде егін егетін елдің бұлжымас дәстүрі болған екен. Қазір мүлде ұмытылған. Бұрын әр егінші өзіне қажетті дәнін сеуіп болғаннан кейін әдейі қалдырылған жерге тағы да бөлек дән себетін болған. Ол «Аққұла» деп аталатын болған. Бұл қазақшаға аударғанда «Құдай несібесі» немесе «Құдай сыбағасы» деген сөз екен. «Аққұла» өсіп, жиналғаннан кейін жетім-жесірлерге, қайыршыларға және дін жолындағы адамдарға үлестірілген. Бұл елдік дәстүрден қазақ халқының әр шаруашылық иелері тек өзінің ғана емес, жағдайы төмен кедей-кепшіктер де ұмытпағанын, зор адамгершілік міндеттер атқарғанын көруге болады.
3. Балдыз қалың. Балдыз қалың салты бойынша қалыңдығы қайтыс болса болашақ күйеу төлеген қалың малын қайтарып алмай, сол отбасының екінші қызын алуға құқы бар.Егер ол үйдің басқа қызы болмаса, төлеген малдың жартысы қайтарылады және күйеу ұрын барып, балдызын алатын болып, келіссе, үстіне «балдыз қалың» төлейтін болған. бұрынғы қалың малдың үстіне түйе бастатқан бір тоғыз қосылады. Егер ұрын келмеген болса, «балдыз қалың» төленбейді.
4. Көгентүп, жиенқұйрық. Бұл салт тек қыздан туған жиендердің құрметіне жасалатын. Ондағы мақсат құдалар арасында жиен немеренің де қадірлі екенін көрсету. Алыс жолға шыққан кезде ата-анасымен бірге еріп келген кішкентай балаларға бұзау, құлын, қозы-лақ атайды. Бұл – көгентүп беру. Атаған көгентүбін кейін бермей кету – өнегесіздік, дүниеқоңыздық саналған.
5. Ал жиенқұйрық сол отбасына жиен болып келетін балаға жасалады. Яғни, нағашы жұртына келген жиен-баланы құда күткендей сыйлап, оның үш қалауын еш қарсылықсыз орындаған. Кейбір өңірлерде «қырық серкеш»» деп атаған.
11. «Құдай несібесі» деген ұғымды білдіретін дәстүр
A) Көгентүп
B) Аққұла
C) Жиенқұйрық
D) Балдыз қалың
12.Мәтін мазмұнына лайықты ақпарат
A) Ұлттық салт-дәстүрлер
B) Жиендердің құрметіне жасалған
C) Ізгі мақсат, игі іс үшін қолданылған
D) Зор адамгершілік міндеттер үшін жасалған
13.Мәтін мазмұнын берудегі автордың мақсаты
A) Өнегелі салт-дәстүрлерді дәріптеу
B) Жиенқұйрық дәстүрін ұлықтау
C) Зор адамгершілік иелерін көрсету
D) Күнделікті өмірде қолдану
14.Мәтіннің екінші азатжолына лайықты мақал-мәтел
A) Оразаны ұйқымен өткізсең, Сауабын түсіңде көресің!
B) Сауапты іс – сарқылмайтын қазына.
C) Обалды біліп өссең, сауапқа кенелесің.
D) Жақсының соңынан көп ереді,Жаманның соңынан шөп ереді.
15. Берілген үзіндінің негізгі мәтін мазмұнынан айырмашылығы
Ұлы батырымыз Бауыржан Момышұлы айтқандай, «халықтың ізгі дәстүрі – біздің ең асыл мұрамыз» десе, батыс ойшылы В.Г Белинский: «Әдет-ғұрып замандар бойы сыннан өтеді. Қазақ халқындағы секілді орыс дәстүрінде де ер адам үйдің басшысы, отағасы, отбасының қорғаушы, қамқоршысы саналады.»
A) Салт-дәстүр туралы даналар сөзі
B) Ұмытылып бара жатқан дәстүрлер туралы
C) Игі салт-дәстүрлердің тәрбиелік мәні туралы
D) Салт-дәстүрлердің айырмашылығы туралы
Материалы на данной страницы взяты из открытых источников либо размещены пользователем в соответствии с договором-офертой сайта. Вы можете сообщить о нарушении.