Оқу сауаттылығы ҰБТ тест

  • docx
  • 26.12.2024
Публикация на сайте для учителей

Публикация педагогических разработок

Бесплатное участие. Свидетельство автора сразу.
Мгновенные 10 документов в портфолио.

Иконка файла материала Ахметова_1-нұсқа_оқу сауатжауаппен.docx

 

1-мәтін

Байқоңыр – адамзаттың ғарышқа қол жалғар көпірі. Өйткені бұл мекен – адамды алғаш ғарышпен табыстырған айлақ. Қазақ Байқоңырды жердің кіндігі деп бекер айтпаса керек. Қорқыт баба туралы аңызға сүйенсек, оның дәл осы аңызақ даланы қасиетті жер деп бағалауы тегін емес. Себебі Байқоңыр мен ғарыш әлемі арасында байланыс, ғарышқа тез көтерілер «қара түнек» сынды жол бар. Жер бетіндегі алғашқы айлақтың Қазақстанға салынғанына тоқталсақ. 1955 жылы Кеңес үкіметі әскери полигон салу туралы қаулы шығарады. Мұндай полигон құрлықаралық баллистикалық зымыранды (ол кезде Р-7 зымыраны болатын) сынақтан өткізу үшін керек болды. Арнайы комиссия құрылып, олар алып құрылысты салатын алаңды іздеп, ұзақ ойланады. Негізінен төрт жер таңдап алынған. Ол Дағыстан, Астрахань облысы, Марий Эл аймағы және Қызылорда облысы.

Елді мекенді таңдауда ең алдымен ауыз су мен темір жолдың бар-жоғы назарға алынған. Бұл жағынан Қызылорда артық боп шықты. Әсіресе жерінің кеңдігі үлкен рөл ойнады. Байқоңыр жанында бос жатқан жер көп. Полигонды салуға керек 7 мың шаршы шақырым жер сайрап жатыр.

1955 жылы 2 маусымда КСРО Қарулы күштерінің Бас штабы Байқоңырды ресми түрде әскери полигон деп мо­йындап, 11 284 әскери бөлімін орналастыру туралы қаулы шығарады. Құпия нысанды ешкім білмеуі үшін құжатқа «әскери полигон салу» деп жазылады. Құрылыс жұмыстарының құпия жүргізілгені соншалық, тіпті құрылысшылар да алғашында стадион салып жатырмыз деп ойлаған. 1961 жылға дейін Байқоңырдың бар екенін ешкім білмеген.

Ең алғашқы зымыран 1957 жылы 15 мамырда ұшырылған. Р-7 баллистикалық зымыраны 98 секунд жоғары көтеріліп, бір қозғалтқышы істен шығып, 400 метр жерге барып құлап жарылып кетеді. Ал 1957 жылы 4 қазанда ғарышқа алғаш рет жасанды Жер серігі ұшырылады. Бұдан кейін ғарышқа ит-космонавтар – Белка мен Стрелка аттанады. 1960 жылы 19 тамызда «Спутник-5» атты зымыран иттерді отырғызып, Жерді 17 рет айналып, Байқоңырға қайта қонады.

1961 жылы 12 сәуірде Қазақстанның Байқоңыр аймағынан тұңғыш космос кораблі ғарышқа аттанды. Сөйтіп, Юрий Гагарин – әлемнің тұңғыш ғарышкері, ал Байқоңыр – ғарыш аймағына айналды. Яғни, 12 сәуір – адамзаттың ғарышты алғаш бағындырған күні. Сондықтан 1968 жылдан бастап Халықаралық авиация федерациясы бұл күнді Дүниежүзілік авиация және ғарышкерлер күні деп бекітті. Алғашқы ғарыш сапарынан кейінгі жылдары 500-ден аса ғарышкер аспан әлеміне сапар шегіп, ғылыми зерттеулер жүргізді.

Байқоңырдан Р-9, Р-36, УР-200, УР-100 баллистикалық зымыранының түрлі буыны ұшырылды. Р-7 базасында құрылған "Восток", "Молния", "Восход", "Союз", "Циклон", "Протон", айға қонған Н-1, "Зенит", "Энергия" және "Прогресс" сынды зымыран тасығыштар ғарышқа кетті.

Одан бергі аралықта қаншама ғарышкер аспан әлеміне сапар шегіп, ғылыми зерттеулер жүргізді. Солардың ішінде Қазақстанның үш өкілі, өз елінің батырлары, ұшқыш-ғарышкерлер Тоқ­тар Әубәкіров, Талғат Мұсабаев және Айдын Айымбетов те бар. Олардың есімдері Қазақстан тарихы бетіне алтын әріптермен жазылып, мәңгілік қалады деп есептеймін.

1.Мәтін мазмұнына лайықты тұжырым

A) Белка мен Стрелка ғарыш сырын ашқан алғашқы комонавт-иттер болды.

B) Қазақстанның үш өкілі алғашқы ғарыш жаңалықтарын ашты.

C) Байқоңыр  ғарышқа жол салған адамзаттың алтын көпірі болды.

D) Жасанды Жер серіктері Қазақстаннан өте көп ұшырылды.

2. Мәтін мазмұнының түйіні

A) Бар ізгілік тек білімнен алынар, Білімменен аспанға жол салынар.

B) Адам мен адам арасы, Аспан мен жердей.

C) Аспаннан не түспейді, Жер нені көтермейді.

D) Ел қадірін көрген біледі, Жер қадірін жүрген біледі.

 2-мәтін

1.Күркетауық етінің құрамында ағза жасушаларының құрылымына өте қажетті ақуыз кездеседі. Басқа еттерге қарағанда А, Е дәруменіне бай әрі онда холестерин мөлшері аз. Сонымен қатар ол ағзаға жеңіл сіңеді және фосфор, темір, кальций, натрий, калий, магний, марганец, йодқа бай күркетауықтің еті дәмді ғана емес, диеталық ас саналады.

2.Күркетауық еті тауық еті секілді дәмді, сиыр мен бұзау еті секілді тез сіңімді. Оның құрамындағы натрий зат алмасу процесімен қанға пайдалы. Ал натрий дегеніміз тұз, яғни күркетауық еті аздап тұзды келеді, сол себепті тағамға қосқанда ас тұзын көп қоспайды. Қан қысымы жоғары және жүрек бұлшықетінде кеселі бар науқастарға бұл өте пайдалы. Ал ет құрамындағы көп мөлшердегі калийдің жүрек қантамыр жолдары мен жүйкесінде кеселі бар жандарға пайдасы тиеді. Күніне 100 гр етті тұтынып, калийдің тәуліктік мөлшерін алуға болады. Өзге ет түріне қарағанда күркетауық еті майсыз келеді. Сондықтан оны жегенде ағзаға түскен кальцийдің сіңімділігі артады. Остеопороз, остеохондроз, артрит секілді аурулардан сақтанғыңыз келсе, рационда жеңіл әрі сіңімді күркетауық етінің молынан болғаны жақсы.

3.Ас құрамын зерттеушілердің айтуынша, күркетауық етінде темір элементі тауық етіне қарағанда 1,5 есе, ал сиыр етінен 2 есе көп екен. Егер ағзада теміржетіспеушілік байқалса, осы етті кәдеге жаратуға кеңес беріледі. Еттегі РР дәрумені авитаминоз, целлюлит, ми қызметінің бұзылуы секілді аурулардың алдын алуға қабілетті. Жүкті әйелдер, қарт адамдар, ауыр жұмыс жасайтын жұмысшылардың күркетауық етін молынан жеуіне кеңес беріледі. Ауыр инфекциялық ауруларды басынан өткізген жандар ағзасы үшін де бұл еттің пайдасы зор.

4.Күрке тауық ауыл шаруашылық құстарының ең ірісі. Күрке тауық етін жеделдете өндіру оның бір тауығынан бір жылда 90-100 балапан өсіріп, 400-450кг (тірілей салмағы) ет алуға болады.
Күрке тауық балапандары өте тез өседі, 90-120 күнде ұрғашы тауықтарының салмағы 3,5-4 кг, әтештері 4,5-5 кг салмақ тартады, шығындалған азықтың 1-кг-на 3-3,5 кг өнім береді. Балапандарды еденде жеделдете өсірген кезде олардың сойыс салмағы 89 пайыз болады, тұтынылған бөлігінің салмағы 65-71 пайызға жетеді.

3 .Күркетауық етінің ерекшелігі

A) Темір элементі бес есе көп

B) Құрамында калий аз

C) Бойға тез қорытылады, сіңімді

D) Өте майлы, сіңімді

4.Мәтін мазмұнына лайықты ақпарат

A) Күркетауық етін өте майлы болады.

B) Күркетауық еті аздап тұзды келеді.

C) Жүрек ауруына тауық етін пайдаланбайды.

D) Күркетауық етін кептіріп жеу керек.

5.Мәтін мазмұнының реттілігі

1.Күркетауық етінің емдік қасиеті

2.Күркетауық етін тұтынудағы кеңестер

3.Күркетауық салмағы

4. Күркетауық етінің құрамы

A) 3,2,4,1

B) 4,1,2,3

C) 4,1,3,2

D) 2,3,1,4

3-мәтін

Қазақ дәстүрінде ырым мен салттың тәрбиелік маңызы зор. Сүйінші сұрау, түйе мұрындық сұрау, жолдық сұрау деген секілді салттарды біреу білсе, біреу білмейді. Бұларды кейде «сұрау салттары» деп те атайды. Енді сол сұрау салттарының бірнешеуіне тоқталып көрелік.

Сүйінші – бұл әлдекімнің басына келген жақсылық пен қуанышты іске сүйіну, сол жақсылық иесін қуанту мағынасында жұмсалады. Жақсылық иесі осындай қуанышты жаршылап, екі өкпесін қолына ала «сүйіншілеп» келген адамға қашан да «қалағаныңды ал» деп, қолында барды аямай, сүйіншісін атап отырған. Ал бақуатты адамдар кейде ат-атан мінгізіп жіберетін кездері де бар. Ал қол қысқалығына қарай бір тал түйме де шүйінші орнына жарай беретін болған. Алайда «сүйінші» заттық дүниені меңзегеннен туындаған салт емес, қайта рухани көңіл-күйдің салты деп қабылдаған дұрыс.

Түйемұрындық – қазақ салтында қалыптасқан бір кәде «түйе мұрындық» деп аталады. Қызы ұзатылып көшіп келе жатқан көш көрші ауылдың тұсынан өткенде, көрші ауылдың әйелдері, көш алдынан арқан керіп тосады да, алдыңғы түйенің бұйдасынан, мұрындығынан мықтап ұстап алады, оны жүргізбей «түйемұрындық» деген атпен кәде сұрайды. Көш бастап келе жатқан кексе әйел оған жол өтеп, көйлек беріп құтылады. Оны қазақ кәдесінде «түйемұрындық» деп атайды.

Базарлық – өзінің аты да айтып тұрғандай, базарға шыққан адамның не үлкен қалаларды аралап, басқа елдерде болған кісінің сый- құрметіне лайықты алынады. Балалар тәттіге, ойыншық, елең еткізетін заттарға әуес, ал қыздардың көзі жүзікке, моншаққа әшекей заттарға түскіш. Базарлық әкелетін жол-жоба білетін игі жақсылар мұны қалт жібермесе керек.

Сарқыт – той-жиындарға сыйлы ортаға барған әке-шеше, аға-жеңге үйге қайтуда, несібемен оралуды ойлайды. Мол дастарханнан кәде, сарқыт алады. Тіпті қариялар бас табақтан да келін-кепіштерге сарқыт қалдырып жатады. Ал, жастарымыздың үлкендерге сарқыт әкелдім деп айтуы әбестік болады. Тойдан үлкендерге әкелінген тағам болса оны «сіздерге тойдан ауыз тисін» деп яки болмаса «немерелеріңізге тойдан сарқыт әкелдім, сіз де ауыз тиіңіз» деп сыпайы ұсынады. Бұл да үлкен ізеттіліктің көрінісі.

Сыбаға – сыйлы қариялар жасы үлкен ел ағалары жер шалғайынан, яки денсаулығына байланысты не басқа себептермен өзін сыйлайтын үйге көп уақыт келе алмауы мүмкін. Ондай жағдайға туыс-туғаны не сыйластары сойылған соғымнан сүбелі мүшелерін салып сыбаға жібереді. Бұл құрметтің, сыйластықтың белгісі.

6.Қыз ұзатуға байланысты салт

A)Сыбаға

B) Түйемұрындық

C) Сарқыт

D) Базарлық

7.Мәтін мазмұнына лайықты ақпарат

A) Сарқытты жастар әкеледі.

B) Базарлықты базардан алуы керек.

C) Сүйінші көңіл күй сыйлайды.

D) Бай адамдар сүйіншіге шапан кигізген.

8. Кімдерге сарқыт әкелу әбестік саналады?

A) Қарттарға

B) Жастарға

C) Келіндерге

D) Әжелерге

9.Мәтіннің бірінші азатжолына лайықты тақырып

A) Сұрау салттары

B) Сүйінші салты

C) Базарлық салты

D) Сыбаға салты

10 . Негізгі мәтін мазмұнынан берілген үзінді мазмұнының айырмашылығы:    Халқымыздың бітім-болмысын, салт-дәстүрін, әдет-ғұрпын зерттеген этнограф ғалымдар қазақ – жайшылықта тәубешіл, жаугершілікте тәуекелшіл, зерделі де ойшыл, сабырлы да төзімді, шыдамды да жомарт, елгезек те еліктегіш, кеңпейіл де кішіпейіл, ерегескенмен ерегесетін, доспен дос бола алатын, әділдікті бағалай білетін халық екенін жазған.

A) Қазақ халқының «сұрау салттарының» ұқсастығы мен ерекшелігі

B) Қазақ халқының «сұрау салттары» туралы этнографтар пікірі

C) Қазақ халқының ұлт ретінде тарихи құндылықтарын сипаттау

D) Қазақ халқының салт-дәстүрі, болмысы туралы этнографтар пікірі