Оқу-тәрбие үрдісін интерактивті оқыту негізінде дамыта оқыту технологиясы арқылы оқушылардың таным белсенділігін арттыру
Оценка 4.6

Оқу-тәрбие үрдісін интерактивті оқыту негізінде дамыта оқыту технологиясы арқылы оқушылардың таным белсенділігін арттыру

Оценка 4.6
Научные работы
doc
Междисциплинарный 4
Взрослым
13.10.2017
Оқу-тәрбие үрдісін интерактивті оқыту негізінде дамыта оқыту технологиясы арқылы оқушылардың таным белсенділігін арттыру
ХХІ ғасыр ғылым мен техниканың көз ілеспес жылдамдық пен даму заманы, сондықтан уақыт талабына сай білімді де парасатты, жан дүниесі кемелденген, намысшыл ұрпақ тәрбиелеу басты мақсат. Еліміздің саяси, әлеуметтік – экономикалық өзгерістерге сай білім беруді жетілдіру бағыттарының бірі білім беруді ақпараттандыру. Білімді ақпараттандыру – оқыту мен тәрбиелеу ісінің психологиялық – педагогикалық мақсаттарын жүзеге асыру бағытында білім беру саласын қазіргі кездегі жаңа ақпараттық технологияларды жасау және пайдалану жұмыстарының теориясы мен практикасын қамтамасыз ету үрдісі. Қазіргі заманда әлемдік оқу үрдісінің өзегі - инновациялық технологиялар. Әр мұғалімнің алдындағы мұраты, ең қасиетті міндеті - рухани бай, жан-жақты дамыған жеке, дарынды тұлға қалыптастыру және өз пәнінен білім беріп қана қоймай, әр баланың мүмкіндігін ашу, оны шығармашылық тұлғаға жетелеу. Қазіргі оқу үрдісін ұйымдастыру тек қана білім берумен ғана шектелмейді, білім алушының жан-жақты дамуына, ақыл-ойы мен ойлау тәсілдеріне үйрету, талдау жасауға, салыстыруға дағдыландыру.ХХІ ғасыр ғылым мен техниканың көз ілеспес жылдамдық пен даму заманы, сондықтан уақыт талабына сай білімді де парасатты, жан дүниесі кемелденген, намысшыл ұрпақ тәрбиелеу басты мақсат. Еліміздің саяси, әлеуметтік – экономикалық өзгерістерге сай білім беруді жетілдіру бағыттарының бірі білім беруді ақпараттандыру. Білімді ақпараттандыру – оқыту мен тәрбиелеу ісінің психологиялық – педагогикалық мақсаттарын жүзеге асыру бағытында білім беру саласын қазіргі кездегі жаңа ақпараттық технологияларды жасау және пайдалану жұмыстарының теориясы мен практикасын қамтамасыз ету үрдісі. Қазіргі заманда әлемдік оқу үрдісінің өзегі - инновациялық технологиялар. Әр мұғалімнің алдындағы мұраты, ең қасиетті міндеті - рухани бай, жан-жақты дамыған жеке, дарынды тұлға қалыптастыру және өз пәнінен білім беріп қана қоймай, әр баланың мүмкіндігін ашу, оны шығармашылық тұлғаға жетелеу. Қазіргі оқу үрдісін ұйымдастыру тек қана білім берумен ғана шектелмейді, білім алушының жан-жақты дамуына, ақыл-ойы мен ойлау тәсілдеріне үйрету, талдау жасауға, салыстыруға дағдыландыру.
докад.doc
Оқу­тәрбие үрдісін интерактивті оқыту негізінде дамыта оқыту технологиясы арқылы оқушылардың  таным белсенділігін арттыру  «ХХІ ғасыр мәдениеттің, ғылым мен                                                ақыл­ой бәсекесінің ғасыры болмақ.» Н.Ә. Назарбаев ХХІ ғасыр ғылым мен техниканың көз ілеспес жылдамдық пен даму заманы, сондықтан уақыт талабына сай білімді де парасатты, жан дүниесі кемелденген,  намысшыл   ұрпақ   тәрбиелеу   басты   мақсат.  Еліміздің   саяси, әлеуметтік   –   экономикалық   өзгерістерге   сай   білім   беруді   жетілдіру бағыттарының бірі білім беруді ақпараттандыру. Білімді ақпараттандыру – оқыту мен тәрбиелеу ісінің психологиялық – педагогикалық мақсаттарын жүзеге асыру бағытында білім беру саласын қазіргі   кездегі   жаңа  ақпараттық   технологияларды   жасау   және   пайдалану жұмыстарының теориясы мен практикасын қамтамасыз ету үрдісі. Қазіргі   заманда   әлемдік   оқу   үрдісінің   өзегі   ­   инновациялық технологиялар.   Әр   мұғалімнің   алдындағы   мұраты,  ең   қасиетті   міндеті   ­ рухани бай, жан­жақты дамыған жеке, дарынды тұлға қалыптастыру және өз пәнінен   білім   беріп   қана   қоймай,  әр   баланың   мүмкіндігін   ашу,  оны шығармашылық тұлғаға жетелеу. Қазіргі оқу үрдісін ұйымдастыру тек қана білім   берумен   ғана   шектелмейді,  білім   алушының   жан­жақты   дамуына, ақыл­ойы   мен   ойлау   тәсілдеріне   үйрету,   талдау   жасауға,  салыстыруға дағдыландыру. Білім   беру   үрдісін   басқару   жүйесінің   құрылымы   жеке   тұлғаның қайталанбас даралығының дамуына, шығармашылық бастама алуына бағыт беріп, жағымды орта қалыптастырудан тұрады.  Осы орайда  білім беру саласында қызмет атқарып келе жатқан 114 жылдық  тарихы  бар  білім  ордасы   М.О. Әуезов  атындағы  педагогикалық колледжінің   әдістемелік   мәселесі   –   оқу­тәрбие   үрдісін   ақпараттық­ коммуникациялық технологиясын жетілдіру. Колледжде білім беретін әр оқытушының   басты   мақсаты   ­   білім   беру   мазмұнына   жаңалық   енгізудің тиімді жаңа әдістерін ізгілендіру және оларды жүзеге асыратын болашақ мамандарды   даярлау.   2017­2018   оқу   жылы   бойында   осы   мәселе   мен мақсатты   негізге   ала   отырып,  «оқу­тәрбие   үрдісін   интерактивті   оқыту негізінде   дамыта   оқыту   технологиясы   арқылы   оқушылардың   таным белсенділігін   арттыру»   мақсатында  өзімнің   әдістемелік   жеке   мәселемен жұмыс жасап келемін. Мұндағы негізгі мақсатым ­ білімді сапалы ету, білім алушының толыққанды маман иесі   болып қалыптасуына негіз қалау. Ол үшін пән оқытушысы ретінде оқыту үрдісін басқаруда оқытудың мотивін, мақсатын,   мазмұнын,   құралдарын,   әдіс­тәсілдерін   жақсы   меңгеруді   және қолдануды жан­жақты қарастыруым керек. Сонда ғана білім алушылардың өз пәніме деген қызығушылығын арттыра аламын. Қызығу ­ адам ерекше сезінетін   қимылдың   нақты   себебі.   Білім   алушының   танымдық   қызығуы танымдық саласына қатысатынан пайда болады.  Қазіргі заман талабына сай адамдардың мәлімет алмасуына, қарым­ қатынасына   ақпараттық­коммуникациялық   технологиялардың   кеңінен қолданысқа   еніп,   жылдам   дамып   келе   жатқан   кезеңінде   ақпараттық қоғамды қалыптастыру қажетті шартқа айналып отыр. Осы орайда келешек қоғамымыздың   мүшелері   –   жастардың   бойында   ақпараттық   мәдениетті қалыптастыру   қоғамның   алдында   тұрған   ең   басты   міндет.   Ақпараттық мәдениетті, сауатты адам ­ ақпараттың қажет кезін сезіну, оны тауып алуға, бағалауға  және  тиімді  қолдануға   қабілетті,  ақпарат   сақталатын  дәстүрлі және автоматтандырылған құралдарын пайдалана білуі керек. Адамзаттың қолы жеткен ең үлкен табыстарының бірі – осы ақпарат.  Осы   ақпаратты   білім  жүйесін  құру,  қоғамды  мына  күнде  дамып отырған  әлемге  дайындау  –  бүгінгі  күннің  ең  негізгі  және  өзекті  мәселесі. Осы тұрғыда қазіргі білім жүйесінің назарға алып отырған ерекшілігі – тек біліммен қаруландырып қана қоймай, өздігінен білім алуды дамыта отырып, үздіксіз өз бетінше өрлеуіне қажеттілік тудыру.  Дамыта оқыту технологиясы арқылы оқытуда басты мақсатым ­ оқу үрдісінде   оқушылардың   шығармашылығын   дамытуға   қолайлы   жағдай туғызу.  «Өзін­өзі   тану»   пәндерінде   білім   алушылардың   шығармашылыққа, жаңа,   тың   нәрсе   жасау   тән.   Шығармашылық   әрекетке   –   оқушының проблеманы көре білуі, өз іс–әрекетінің бағдарламасын жасай білуі және ойды іске асыру үшін жаңа идеялар тудыра алуы жатады. Ал,   міндеттерім:   жеке   тұлғаның   қажеттіліктерін   қанағаттандыру; таным   үрдістерін   дамыту;   танымдық   қабілеттерін   дамыту;   сөздік   қорын дамыту; оқу себептілігінің өзгеруі.  Елімізде   білім   берудің   жаңа   жүйесі   жасалып,   оның   мазмұнының түбегейлі   өзгеруі,   оның   дүниежүзілік   білім   кеңістігіне   енуі   бүкіл   оқу­ әдістемелік жүйеге, мұғалімдер алдына жаңа талаптар мен міндеттер қойып отыр.     Оқушылардың шығармашылығын дамыту үрдісінің даму кезеңдері: I. Даярлық кезеңi. а) пәнге деген тiкелей қызығушылық; ә)   оқушының   қандай   да   бiр   оқу   пәнiнiң   әлеуметтiк   және   практикалық мәнiн бағалауы; б) оқушының оқу пәнiнiң өз жоспарындағы және рөлiн бағалауы. II. Практикалық кезең. а) жайлы көңiл­күй; ә)   танымдық   қызметтегi   өз   тәжiрибесiн   қолдану   және   жағымды   өзгерту қажеттiлiгi. III. Шығармашылық кезең. Берiлген   оқу   пәнi   материалдары   бойынша   бiлiмiн   топтау   және   бағалау қажеттiлiгi. IV. Қорытынды V. Релаксация (босаңсу, еркiн сезiну). Оқушы іс­әрекеті Мұғалім іс­әрекеті Технологияны оқытуда  оқушы ­ оқыту  субьектісі  мақсатқа дербес, өз іс әрекетімен жетуші, белсенді  тұлға.  өз­өзін, бір­бірін оқытушы.  өнерпаз,   жасампаз   еңбек иесі  өз   жетуші шығармашылық тұлға  (сапалы өнім шығарушы) ізденісімен   табысқа  жеке тұлғаға бағытталған тапсырма  ұсынушы, нақты мақсат қоюшы.  бағыт­бағдар беруші, кеңесші,  ақылшы.   оқушының жетістігін құптаушы,  ынталандырушы.  мақсатқа жетелеуші, оның тиімді  жолын ұсынушы.  қабылдап алушы, сарапшы, ақыл  кеңесші.  әділ би. Көрнекті   психолог Л.С.Выготский: «Жақсы оқыту деп, ол баланың дамуына     ілгері   жүретін,   оны     жетекке   алатын   оқуды     айтады»,   ­   деп тұжырым­дайды.  Қазіргі   ғаламдану   мен техниканың қарқынды   даму   кезінде оқу – тәрбие   үрдісін   ізгілендіру    –  жеке     тұлғаның     еркін     дамуы   үшін   оның бойында   жалпы   азаматтық құндылықтардың   қалыптасуын   қамтамасыз ететін дидактикалық  ұстаным ретінде  басшылыққа  алынуы тиіс.    Оқу   –   тәрбие     үрдісін   білім   алушылардың   өзара     іс   ­   әрекетімен   қарым   –   қатынасын   дұрыс оқытушы   мен   білім   алушының   өзара   ұйымдастыру   арқылы     білім   алушының   ойлау     белсенділігін   арттыруға, сабақта  интерактивтік  әдісті  тиімді  пайдалануға  болады. Мұнда  негізгі және  жетекші  үрдіс – іс ­ әрекетті оқытуды   ұйымдастыру.    Қазіргі   таңда     оқыту   үрдісіне     қойылатын   талаптардың     өзгеруіне байланысты оқыту технологиялары негізінен  қолданылуда. Оқу үрдісіндегі оқыту   технологиялары   дегеніміз   қойылған     мақсаттарға     және   күтілетін нәтижеге тиімді жету жолдарын  қамтамасыз ететін оқу бағдарламаларында қамтылған   білім мазмұнын меңгертудің жүйеленеген формалары, әдіс – тәсілдері.     В.В. Давыдов «Дамыта оқыту дегеніміз – ақыл – ойдың дамуының көрсеткіші ретінде жинақтай, қорытындылай алу дағдысы» ­ дейді. Дамыта оқытуда баланың ізденушілік  ­ зерттеушілік әрекетін ұйымдастыру басты назарда ұсталады.   Оқытудың   жаңа   технологиясын   пайдалану – сапалы   білім негізі. «Өзін­өзі тану» пәндерінде қарастыратын оқу материалдарының көпшілігі бұрыннан   бар   білімді   теориялық   негіздей   отырып,   білім   алушының шығармашылық   қабілеттерін   дамыту   мен   жетілдіруге   басты   назар аударылған. Жақсылыққа бастайтын жарық   жұлдыз   оқу. Осы жұлдызды үнемі  жарқыратып,  сөнбестей  ету, әр  тақырыптан  алған  жаңа  ақпаратты өмір тәжірибесімен ұштастырып отырса, нұр үстіне нұр болмай ма? Әрбір   оқушының   жүрегіне   жол   таба   білу,   оны   қызықтыра   білу ұстаздардың   шеберлігінің   жемісі.   Сабақтың   көрнекілік   принципін техникалық құралдар арқылы (кодоскоп, аудио – бейне материалдар, кино фильмдер)   жүзеге   асыру   –   оқушылардың   білімге   деген   қызығушылығын арттырады. Аудио – бейне материалдар, кино фильмдерді сабақта тиімді пайдалану,   сабаққа   байланысты   көп   нәрсені   ұқтыруға   мүмкіндік   береді, оқушылардың ой ­ өрісінің дамуына және өздігінен жұмыс істеу қабілетінің қалыптасуына ықпал етеді. Білім   алушылардың   үй   тапсырмасын   орындауда   ақпараттық­ технологияны   пайдалана   отырып,   шығармашылық   жұмыстар   жасау барысында   өздерін   болашақ   маман   иесі   деп   санай   отырып,   жоғары жауапкершілікпен қызығушылықпен орындайды. Мысалы: Адам мәдениетiнiң компонентi қазiргi дүниетанудaғы бастысы екенi түсiнiктi.   Әрбiр   мәдениеттi   және   тәрбиелi   адамның   өмip   сүрiп   отырған қоғамда   өзiн   қоршаған   ортаның   қалай   құрылғаны   туралы   eң   болмаса жалпылама түciнiгi болуы ксрек. Табиғатты сүю үшiн ондағы болып жатқан құбылыстарды,   қандай   заңдылыктарға   байланысты   өзгеpicтep   болып отырғанын   бiлу   қажет.   Адамның   жас   шaғында   жетiлдiрiлмеген   ойлау қабiлетi сол қалпында қалып қоятыны белгiлi.  Сезiмдi ынталандыру деген бiлiм беруге жағдай жасау, сабақ кезiнде мадақтау және көтермелеп отыру, оқытуда ойын түрлерiн тиiмдi пайдалану, алға қойған мақсатты  жүйелеу болып табылады.  Ақпараттық технология – қазіргі компьютерлік техника негізінде ақпаратты жинау,   сақтау,   өндеу   және   тасымалдау   істерін   қамтамасыз   ететін математикалық   және   кибернетикалық   тәсілдер   мен   қазіргі   техникалық құралдар жиыны. Оқытудың   компьютерлік   технологиясының   мақсаты   –   ақпаратпен жұмыс   істей   білуді   қалыптастыру   және   қатынас   қабілетін   дамыту, «ақпараттық қоғамға» түбегейлі бетбұрыс жасау.  Сондықтан   да   оқушылардың   ақпараттық   мәдениетін   көтеру   үшін әрбір пән сабақтарында компьютерді қолдануды жолға қою керек. Кезінде   Ұлы   Мұхтар   Әуезов  «Ел   боламын   десең   –  бесігіңді   түзе» деген екен, олай болса еліміздің болашағы – жас жеткіншегіміз, сондықтан олардың   саналы   білім   нәрін   алуы,   өнегелі   тәрбие   тағылымын   бойына мықтап сіңіруі  біз үшін маңызды мәселе. «Оқусыз   –   білім   жоқ,   білімсіз   күнің   жоқ»   дейді   халық   даналығы. Білім ұлттық қауіпсіздігіміздің кепілі. Болашақ 2030 бағдарламасын іске асыратын білімді де талантты шәкірт. Пайдаланған әдебиет: 1. К.Ж.   Бұзаубақава.   Жаңа   педагогикалық   технология.   (Оқулық)   Тараз. ТарМУ, 2003ж. 2. Қ.М.   Нағымжанова.   Инновациялық   оқыту   жағдайларындағы   мұғалім қызметінің психологиялық­педагогикалық негіздері. Өскемен, 1999ж. 3. Қ.Өстеміров, А.Айтбаева, Қазіргі білім беру технологиялары, Алматы, 2006ж.   4. Суворова Н. «Интерактивное обучение: Новые подходы» М., 2005. 5. Сайт www.albest.ru, www.tor.kz

Оқу-тәрбие үрдісін интерактивті оқыту негізінде дамыта оқыту технологиясы арқылы оқушылардың таным белсенділігін арттыру

Оқу-тәрбие үрдісін интерактивті оқыту негізінде дамыта оқыту технологиясы арқылы оқушылардың таным белсенділігін арттыру

Оқу-тәрбие үрдісін интерактивті оқыту негізінде дамыта оқыту технологиясы арқылы оқушылардың таным белсенділігін арттыру

Оқу-тәрбие үрдісін интерактивті оқыту негізінде дамыта оқыту технологиясы арқылы оқушылардың таным белсенділігін арттыру

Оқу-тәрбие үрдісін интерактивті оқыту негізінде дамыта оқыту технологиясы арқылы оқушылардың таным белсенділігін арттыру

Оқу-тәрбие үрдісін интерактивті оқыту негізінде дамыта оқыту технологиясы арқылы оқушылардың таным белсенділігін арттыру

Оқу-тәрбие үрдісін интерактивті оқыту негізінде дамыта оқыту технологиясы арқылы оқушылардың таным белсенділігін арттыру

Оқу-тәрбие үрдісін интерактивті оқыту негізінде дамыта оқыту технологиясы арқылы оқушылардың таным белсенділігін арттыру

Оқу-тәрбие үрдісін интерактивті оқыту негізінде дамыта оқыту технологиясы арқылы оқушылардың таным белсенділігін арттыру

Оқу-тәрбие үрдісін интерактивті оқыту негізінде дамыта оқыту технологиясы арқылы оқушылардың таным белсенділігін арттыру

Оқу-тәрбие үрдісін интерактивті оқыту негізінде дамыта оқыту технологиясы арқылы оқушылардың таным белсенділігін арттыру

Оқу-тәрбие үрдісін интерактивті оқыту негізінде дамыта оқыту технологиясы арқылы оқушылардың таным белсенділігін арттыру
Материалы на данной страницы взяты из открытых истончиков либо размещены пользователем в соответствии с договором-офертой сайта. Вы можете сообщить о нарушении.
13.10.2017