Оқушылардың үйжұмысы мен өзіндік жұмыстарды орындау дағдылары бойынша қадамдық әдістемелік ұсыныстар.
Джилкибаева Р.Б
Химия-биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің
математика пәнінің мұғалімі
Шымкент қаласы
Оқу мен оқыту үдерісінде оқушыларға тек білім беріп қана қоймай, оның үй тапсырмасын беру қатар орындауына үлкен мән беруі қажет екені баршамызға аян. Оқушыларға берілетін тапсырмалар, яғниүйде орындайтын жұмыстары сыныпта өтілген сабақтың жалғасы және сол пәнді оқушының қаншалықты түсініп, меңгергендігін көрсететін негізгі көрсеткіш болып табылады. Үй тапсырмаларының сапалы болуы өз бетімен жұмыс істей біліуіне қаншалықты үйренгеніне байланысты болып келеді. Ал, мұғалімдер оның қалай орындалуына үлкен назар аудару қажет. «Біз жан – жақты жеке тұлға тәрбиелегіміз келсе, ол тұлғаны жан – жақты зерттеп білуіміз керек» - деген ұлы педагог К.Д.Ушинскийдің сөзі бар. Сондықтан берілген тапсырмалар оқушыларға қалай әсет ететін алдын ала зерттеп алу қажет деген ойдамын.
Іс-әрекетті зерттеу (Action Research)мұғалімдерге жүйелі түрде тәжірибе туралы ойланудың күшін көрсете алады. Мен зерттеу нысанына екі сыныпты алдым. Себебі бұл сыныптардың білім деңгейі екі түрлі.
Іс-әрекеттегі зерттеу жүргізудің ең басты мақсатым:Оқушылардың үй жұмысы мен өзіндік жұмыстарды орындау дағдылары бойынша сабақ сапасын жақсарту.
Осы зерттеуден күтілетін нәтижем:
ü Оқушылардың үй жұмысы мен өзіндік жұмыстарды орындау жолдарын қадағалап, үй жұмысының тапсырмаларын саралау;
ü Іс-әрекетті зерттеу барысында туындаған сұрақтарға жауап алу.
Алынған мәліметтер:Жұмысты алдымен іс-әрекеттегі зерттеуге қарай жасалатын бес қадамға негіздеуден бастадым. Алдымен туындаған сұрақты анықтадым және зерттеуге арналған сауалнамаларды дайындадым. Жасалатын жұмыстың жоспарын төмендегіше құрдым:
• Үй тапсырмаларын әр түрлі әдістермен құрастыру;
• Оқушылардың үй жұмысын күнделікті орындалуын қадағалап отыру;
• А тобындағы оқушылардың қызығушылығын арттыратын есептерді жинақтау және С тобындағы оқушылардың деңгейін бақылап отыру;
• Ата-аналармен жүздесу;
• Сыныптың кураторларымен кездесу;
• Оқушылардан анкета алу, сауалнама жүргізу;
• Ауызша және жазбаша түрде кері байланыс жасау;
ARзерттеу жұмысын жүргізу барысында ата- аналармен кездесу кезінде «Балаңыздың үй жұмысын орындауына кім көмектеседі?» деген сұрақ қойдым. Бірнеше ата-ана: «Өз бетінше орындайды. Көмек қажет болса интернет желісінен көреді» десе, ал көп ата- аналар «Мектепте сыныптастармен орындап келдім деп айтады.» деп жауап берді. Яғни көптеген оқушылар сыныптасымен бірге орындайтыны белгілі болды.
Оқушылардан сабақ барысында жазбаша және ауызша сауалнамалар жасалынды. Сауалнама жүргізіліп оқушылар тарапынан көптеген тың идеялар алынды және сабақты жақсартуға жаңаша көзқараспен қарауға мүмкіндік беруді. «Үй жұмысын орындауда кімнің көмегі көбірек қажет болады?» деген сұраққа оқушылардың
ü Ата-анамның, аға- әпкелерімнің–2%
ü Сыныптас достарымның-23%
ü Интернет желісіне-35%
ü Өз бетімше орындаймын-40% жауап берді.
Яғни, оқушыларға ешкімнің көмегі жүгінбейді, тек интернет желісі бойынша көмек алуға болады екен. Бірақ, барлық отбасында интернет желісі толық қамтылмаған,оқушы өз-өзінен ғана көмек күтеді.
Сонымен бірге, төмендегі кестелер алынған сауалнамалардың қортындысы.
№1 Мұғалім сізге математика пәнінен үй тапсырмаларының қайсы түрін бергенін қалайсыз?
№ |
Үй тапсырмаларының түрлері |
V белгілеңіз |
1 |
Тест тапсырмалары |
19% |
2 |
Сыныпта шығарған есептерге ұқсас тапсырмалар |
36% |
3 |
Дәлелдеу жолдарына берілген тапсырмалар |
14% |
4 |
Өмірде қолданылатын тапсырмалар |
25% |
5 |
Жеке тапсырма |
6% |
№2 Үй тапсырманың көлемі қанша болғанын қалайсыз:
0-3 тапсырма |
3 тен көп тапсырма |
Көлемі қажет емес |
50% |
35% |
15% |
№3 Үй тапсырмасын орындауда кімнің көмегіне жүгінесің? (V белгілеңіз)
1 |
Ата-анамның, аға- әпкелерімнің |
|
2 |
Сыныптас достарымның |
V |
3 |
Интернет желісіне |
V |
4 |
Өз бетімше орындаймын |
|
№4 Мұғалімнің сенбі, жексенбі күнге арналған үй тапсырмаларын бергенін.
Іс әрекеттегі зертеу кезінде белгі болған жағдайлар және зертеу жұмысының қорытындысы.
Ø Үй тапсырмаларын бермес бұрын оның маңыздылығын анықтау;
Ø Берілген тапсырмалардың оқушыға қаншалықты әсер ететінін анықтау;
Ø Тапсырмалардың саны мен сапалығын тексеру;
Ø Келесі сабақтың оқу мақсатына бағыт-бағдар беретін тапсырмалар беру;
Ø Сабақ кестесіне қарай отырып және оқушы сол тапсырманы қанша сағат орындай алатын уақыт саралап алу керек;
Оқушылардың жауаптарын талдай отырып, әрбір пән бойынша ұсынылатын үй жұмысының көлемін шамадан тыс жүктемені болдыртпау мақсатында балалардың жеке психофизиологиялық ерекшеліктерін ескеру қажет екені анықтадым. Бұл әрине, жеке оқушының пікірі, бірақ, сынып оқушыларының көпшілгі осы мазмұнда жауап берген. Үй жұмысын берер алдын мұғалім міндеттті түрде сол сыныптың сабақ жоспарымен таныс болуы қажет. Себебі сізден басқа пән мұғалімдеріде үйге тапсырма береді. Тапсырманың көлеміне назар аудар керек.
Әрбір пән бойынша ұсынылатын үй жұмысының көлемін шамадан тыс жүктемені болдыртпау және жаратылыстану-ғылыми цикл пәндері (физика, химия, биология, география және информатика) бойынша үй тапсырмаларын бірге жоспарлау мақсатында, жаңа зерттеу жұмысымның тақырыбын белгілеп алдым. Келесі тақырыбым:«Кіріктірілген үй тапсырмаларын жоспарлау және оқушылардың үй тапсырмаларын өзбетінше орындау арқылы білім алу дағдысын қалыптастыру»
Жұмыс барысында туындайтын
кедергілерді тиімді әрі толық шешіп отыратын болсақ біз
өз мақсатымызға жетеміз деп ойлаймын. Альберт
Эйнштейннің « Мен еш уақытта өз оқушыларыма еш
нәрсе үйретпеймін - тек қана олардың оқуы
үшін жағдай жасаймын» деген сөзіменAction Research
зерттеу жұмысымды қортындылаймын.
Пайдаланылған әдебиеттер:
1. Жарықбаев Қ. Б. Психология негіздері: Оқулық. Алматы: Эверо, 2010. - 462 б.
2. Педагогикалық диалог. Ақпараттық-әдістемелік журнал: №2(4) 2013ж.
3. Қоянбаев Ж.Б – Педагогика. Алматы: «Рауан», 2000–б 126.
4. Қазақстан Республикасы жалпы білім беретін мектептері педагогтерінің біліктілігін арттыру курстарының бағдарламасы. Назарбаев Зияткерлік мектебі, Кембридж университеті. 2012 жыл. Мұғалімге арналған нұсқаулық ІІІ деңгей.
© ООО «Знанио»
С вами с 2009 года.