ОҚУШЫЛАРДЫҢ ЖАС ЕРЕКШЕЛІКТЕРІНЕ СӘЙКЕС ОҚЫТУ ЖӘНЕ ОҚУ
Оценка 4.6
Научно-исследовательская работа
docx
психологическая работа +1
Взрослым
03.04.2017
Танымдық даму - баланың оқу және проблемаларды шешу қабілеті. Оқу үдерісі жас ерекшеліктері тұрғысынан «Зерде теориясы» (ЗТ) – бұл басқаларды зерделі делдал ретінде түсінудің ерекше когнитивті қабілеті, бұл олардың көзқарасын сенім мен тілек сияқты теориялық тұжырымдама терминдерін түсіндіру үшін қажет. Зерде теориясы деп іс-әрекеттерге әкелетін ақыл-ой күйінің кең спектрін (сенім, тілек, ниет, елестету, эмоциялар және т.б.) түсінеміз.Танымдық даму - баланың оқу және проблемаларды шешу қабілеті. Оқу үдерісі жас ерекшеліктері тұрғысынан «Зерде теориясы» (ЗТ) – бұл басқаларды зерделі делдал ретінде түсінудің ерекше когнитивті қабілеті, бұл олардың көзқарасын сенім мен тілек сияқты теориялық тұжырымдама терминдерін түсіндіру үшін қажет. Зерде теориясы деп іс-әрекеттерге әкелетін ақыл-ой күйінің кең спектрін (сенім, тілек, ниет, елестету, эмоциялар және т.б.) түсінеміз.
Жас ерекшелік макалы Та5ылым журналы.docx
ОҚУШЫЛАРДЫҢ ЖАС ЕРЕКШЕЛІКТЕРІНЕ СӘЙКЕС
ОҚЫТУ ЖӘНЕ ОҚУ
Джумадилова А.Қ. «Педагогика және психология» ПЦК меңгерушісі
Танымдық даму баланың оқу және проблемаларды шешу қабілеті. Оқу
үдерісі жас ерекшеліктері тұрғысынан «Зерде теориясы» (ЗТ) – бұл
басқаларды зерделі делдал ретінде түсінудің ерекше когнитивті қабілеті, бұл
олардың көзқарасын сенім мен тілек сияқты теориялық тұжырымдама
терминдерін түсіндіру үшін қажет. Зерде теориясы деп ісәрекеттерге әкелетін
ақылой күйінің кең спектрін (сенім, тілек, ниет, елестету, эмоциялар және т.б.)
түсінеміз. Қысқаша айтқанда, зерде
теориясы – өз санаңның және басқа
адамдар санасының мазмұнына ой
жүгірте білу деген сөз.
«Жалған ұстаным»
ЗТ
даму
тұжырымдамасы
психологиясынан шығады. Балалар
ниетті және басқа да маңызды
саналы операцияларды (көз тігу
бағыты, назар аудару, талаптану)
түсіну қабілеттерін ерте көрсетеді.
Соған қарамастан, 80жылдардың
басында Г.Виммер мен Дж.Пернер
3–4 жасқа жеткенге дейін ЗТ толыққанды дамымайтынын көрсетті.
Шығармашылық оқушылардың жас ерекшеліктері тұрғысынан
Шығармашылық үдеріске,
өнімге немесе жеке тұлғаға қатысты
қарастырылады (Barron, 2002) және ол арқылы бірегей, жоғары сапалы және дана
нәтижелер шығатын тұлға аралық әрі тұлға ішілік үдеріс деп сипатталады.
Бастауыш мектеп жасындағы балалармен жұмыс істеу барысында шығармашылық
әлеуетінің негізі ретінде қаралатын өзіндік идеяларды дамытуға немесе өндіруге,
яғни үдеріске көңіл аудару қажет. Мұндай үдерісті түсіну үшін конвергентті және
дивергентті ойлау арасындағы Гилфордтың (1956) айырмашылықты шектеу
түсініктерімен танысқан пайдалы.
Мұғалімдер үшін маңызы
Оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес оқыту мен оқу туралы ең
маңызды ақпарат оқудың танымдық теориясымен анықталуы мүмкін. Маргарет
Дональдсон сияқты көптеген психологтар мен педагогтер Пиаженің дамыту мен
оқудағы «кезеңдік тәсіліне» күмән тудырды, өйткені 1950ші жылдары Пиаже
идеясы әлі кеңінен таралмаған болатын. Неврология саласындағы соңғы
зерттеулер көрсеткендей, балалар да ересектер сияқты сондай неврологиялық
құрылымдарға ие болатыны дәлелденген (Goswami and Bryant, 2010). Заманауи ойлау біздің оқушылардың оқу тәжірибесін болжаулы даму
кезеңдері аясында шектемеуіміз керек деп санайды. Оның орнына біз барлық
жастағы оқушыларды бай эксперименталдық және әлеуметтік ортамен
қамтамасыз етуге тиістіміз. Оқушылар мұғалімдермен және басқа оқушылармен
өзара әрекеттестікте жиі болатын орта олардың ЖАДАсына сәйкес оқуды
қолдауға мүмкіндік береді. Оқудың танымдық теориясы балаларды – оқу
үдерісінің белсенді қатысушылары, сонымен қатар оқу мен дамытуға арналған іс
шаралардың негізгі бөлігіне кішкентай балалар бастама жасауға тиісті деп
санайды. Осы теорияны ұстанатын мектептер сыныпта ерте жастан тиісті жеке
орта мен оқу бағдарламаларын құрады.
Оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес оқыту мен оқуға арналған
зерттеулердің негізгі ерекшеліктері олардың оқу сабақтарын балалар үшін
қызықты, тартымды және маңызды етуге бағытталуы болып табылады. Мұғалім
оқушылардың не білетінін және қандай жаңа ақпарат қосу керектігін анықтаған
жағдайда төменгі жастағы балалардың назарын аударуға болатынын атап өткен
жөн. Оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес білім беру және оқу сабақтары
аясында сәтті көрініп, оң нәтиже берген жерлері: біріншіден – сынып оқушылары
жаппай жұмыс жасайды, екіншіден – бос отырған оқушы болмайды, үшіншіден –
сыныпты ұйымшылдыққа, бірбірін қайырымдылыққа тәрбиелейді, төртіншіден –
тапсырмалар оқушылардың жеке жас ерекшеліктеріне сәйкес дайындалады,
жүйеленеді, бесіншіден – оқушыда мазасыздық, зерігу секілді ыңғайсыз кері
әсерлерге ұшырамай, өз шамасында жұмыс атқаруына жағдай жасалады,
тапсырмалар сан түрлі сипатқа ие болады.
Болашақта оқушылардың танымдық, физиологиялық, психологиялық
ерекшеліктерін біліп, сабақ үдерісінде жас ерекшеліктерін ескере отырып
оқушылардың сабаққа деген қызығушылықтарын арттырып, өзімнің де көптеген
қызықты идеяларымды жүзеге асырғым келеді.
Бағдарламаның жеті модулінің бірі – оқушылардың жас ерекшеліктеріне
сәйкес оқыту және оқу болса, осы бағдарламаны өз істәжірибемізге қоссақ біздің
еңбегіміздің жанғаны. Сондықтан, жұмыс жоспарының тығыздығы мен күрделілігі
студенттердің арасындағы «өте жақсы»
және «деңгейі төмендеу» студенттердің
қарымқатынасын
шиеленістіреді.
Студенттер арасында бәсекелестік қарым
қатынас басым. Осы негізде кейбір
студенттердің өзіне деген сенімділігі
төмен, пәнді оқудың міндеттілігін сезініп,
жақсы көрсеткіштерге ұмтылғанмен, оның
барлық маңызын түйсініп, сезіне алмайды.
Топтық жұмысты ұйымдастыру арқылы
ондағы студенттердің қарымқатынастағы
шиеленістікті жою, олардың арасында өзара серіктестік және түсіністік қарым
қатынасты орнату студенттердің сенімсіздіктерін жойып, жалпы топтағы студенттердің қабілеттерін арттыруға өз үлесін қосар еді. ІІ курс студенттерінің
шығармашылық қабілеттерін оятуға, түрткі болатындай әдістәсілдерді іске
асыруды күн тәртібіне қойдым. Осы мақсатты іске асыруда «Дейінкейін»
стратегиясын қолдандым. Әр топқа тақырыптың мазмұнына сәйкес бірбір
журнал таратылып, сол журналдың ішкісыртқы мазмұнына назар аударып,
студенттер өздерінің қабілеттеріне сай берілген тапсырманы орындап шықты.
Осындай жұмыстарды орындату арқылы топтың ішіндегі қабілетті студенттерді
анықтай алдым. Студент тапсырманы орындауда толық сипаттама беріп, өзінің
ойын көркем сөзбен жеткізе білді. Зерттеуші Фриман көрсеткен зерттеуіндегі
ойлау қабілетінің жылдамдығын ескере отырып, келесі тапсырманың мазмұны
аталған тұжырымдаманы негізге алады. Топтың жеке студенттеріне қарапайым
скрепкалар таратылып беріледі. Осы скрепкалардан әрқайсысы кезкелген зат
немесе бір нәрсе жасап шығарып, таныстыру керек болатын. Студенттер
белгіленген уақытта бірнеше пайдалы және қарапайым заттарды ойластырып,
өздерінің ерекше қабілеттерін танытты.
«Жас ерекшеліктері туралы ұғым» тақырыбын меңгертуде студенттерге
оқулықта көрсетілген кезеңдерді 4 топ өздерінің шығармашылық қабілеттеріне
қарай сипаттап постер қорғап шықты. Қорғау барысында Алма, Айғаным сынды
студенттер аталған жас ерекшеліктерді толық сипаттап, олардың негізгі іс
әрекеттерін шығармашылықпен жеткізе алды.
1. Мектепке дейінгі кезең
2. Төменгі сынып шағы
3. Негізгі мектеп шағы
4. Орта мектеп шағы
Тапсырманы орындаудағы негізгі мақсат топ студенттерінің тақырыпты
қаншалықты меңгергенін, алдағы уақытта баланың жас ерекшеліктерін сипаттай
алуын көздеу. Осы тақырыпты ары қарай шыңдау барысында «Джигсо» әдісін
қолданып, топ ішінде студенттер сараптаушы ретінде өз білімін көрсетті.
Осындай студенттермен алдағы уақытта әр түрлі күрделі тапсырмалар беріп,
білімін шыңдау керектігін түсіндім. Колледждер арасында өткізілетін әр түрлі
байқаулар мен жарыстарға қатыстырып, білімін дамыту керектігін байқадым. Ал
осы дарынды студентпен қалай жұмыс атқару керек? Міне, мені осы сұрақ
төңірегінде келешекте толғандыратын және ой салатын бірденбір мәселе
екендігін мақсат еттім.
Оқушылардың жас ерекшеліктерін ескере отырып, мұғалім нұсқауынан
гөрі өз топтарының нұсқауын алу тиімді болатынына көзім жетті. Ал бұл
студенттердің өзара әрекеттесуі
мен танымдық икемділіктерінің дамуының
маңыздылығына ерекше
көңіл бөлген
Хоу мен Мерсердің
Выготский,
соңғы зерттеулеріндегі
тұжырымдарды
растай түседі. Сабақтарымда барлық студенттерге қабілеттерін аша түсу мақсатында,
ерекшеліктерін бақылау үшін бірдей жұмыс беруге тырыстым. «Досыма хат»,
«постермен жұмыс», «Ойлан, бірік, бөліс», «Еркін ойлау», «Ойлаудың алты
қалпағы», «Ойды жалға» әдістәсілдерін қолдану барысында эссе, хат, сурет салу,
фильм бойынша өз ойларын, пікірлерін жеткізуде студенттер бірбірінен
ерекшеленді. Тапсырмаларды орындауда студенттер сыни тұрғыдан ойлана
отырып өз жұмысының ерекше болуына көңіл бөлгендіктерін аңғардым. Әрбір
тапсырмаларды орындау барысында студенттер өз қабілеттерінің
ерекшеліктерімен дараланды. Кейбір студенттерімді жаңа қырынан тани
бастадым. Ешбір студент қалыс қалған
жоқ бірі сурет салу жағынан, енді бірі
өлең, эссе, хат жазу барысында, енді бірі
қолдан гүлдің макетін жасауда ерекше
қабілеттерімен танылды.
Қабілетті
студенттердің
қажеттіліктерін ескеру мақсатында оқуды
үйрету тапсырмаларды орындау негізінде
олардың ойының ұшқырлығын, ойын ашық
айта алуын, болжам жасай алатындығына
анық көзімді
жеткізе алдым. Оқу
сабақтарында көрнекіліктерді қолдану
бойынша соның ішінде АКТны пайдаланудың пайдасы мен зияны туралы
«Айналмалы бекет» стратегиясы бойынша жалпы адамға тигізер әсері туралы
ойларын талқыға салды. Осы стратегиялық әдістерді қолдағанда мен өзімді тек
бағыттаушы ретінде сезіндім. Топта жалпы алғанда жас ерекшеліктері бір тектес
болғандықтан олардың арасында аса айырмашылық болмады. Топ білім
алушылары арасынан дарынды біреу болса, ал бәсекеге қабілетті білім алушылар
шамамен алтыжеті болды. Студенттердің қажеттіліктерін ескеру мақсатында
оқуды саралау стратегияларын топпен жұмыс істеуде бірбірінің пікірін тыңдап,
бірлесе жазуға, өз ойларын ортаға салуға үйренді. Әр студент өздерінің
пікірлерінің бағаланатынын сезіне алды. Сонымен бірге олар бірбірімен
пікіралмастырғанда студент бірінің білмейтінін екіншісі толықтырып отырды.
Өзіне сенімі аздау студент өзгелердің айтқандарын есіне сақтауға, олармен
қосылып аз да болса жазғандарын оқып беруге ынталанды. Студенттердің ойын
дамыта отырып, өзімнің де ойымның дамығанын
модуль негізімен түсіндім. Қабілетті студенттердің
қажеттіліктерін ескеру мақсатында оқуды үйрету
тапсырмаларды орындау негізінде олардың ойының
ұшқырлығына, ойын ашық айта алуына, болжам жасай
алатындығына анық көзімді жеткізе алдым. Нәтижесінде: Ойлау қабілеттері дамиды, шығармашылығы артады, сыртқы
ортаға бейімделген өзіндік «мені» бар және өзінөзі іске асыралатын тұлға
қалыптасады.
ОҚУШЫЛАРДЫҢ ЖАС ЕРЕКШЕЛІКТЕРІНЕ СӘЙКЕС ОҚЫТУ ЖӘНЕ ОҚУ
ОҚУШЫЛАРДЫҢ ЖАС ЕРЕКШЕЛІКТЕРІНЕ СӘЙКЕС ОҚЫТУ ЖӘНЕ ОҚУ
ОҚУШЫЛАРДЫҢ ЖАС ЕРЕКШЕЛІКТЕРІНЕ СӘЙКЕС ОҚЫТУ ЖӘНЕ ОҚУ
ОҚУШЫЛАРДЫҢ ЖАС ЕРЕКШЕЛІКТЕРІНЕ СӘЙКЕС ОҚЫТУ ЖӘНЕ ОҚУ
ОҚУШЫЛАРДЫҢ ЖАС ЕРЕКШЕЛІКТЕРІНЕ СӘЙКЕС ОҚЫТУ ЖӘНЕ ОҚУ
Материалы на данной страницы взяты из открытых истончиков либо размещены пользователем в соответствии с договором-офертой сайта. Вы можете сообщить о нарушении.