«Оқушылардың жазба жұмыстары арқылы шығармашылығын дамыту» тақырыбы бойынша мәлімдеме
Оценка 4.8

«Оқушылардың жазба жұмыстары арқылы шығармашылығын дамыту» тақырыбы бойынша мәлімдеме

Оценка 4.8
Памятки
docx
русский язык +1
Взрослым
02.06.2017
«Оқушылардың жазба жұмыстары арқылы  шығармашылығын дамыту» тақырыбы бойынша  мәлімдеме
Мектеп жасындағы балалардың қарапайым білім негіздерін неғұрлым тереңірек меңгерту үшін олардың ой - өрісін, білімдағды деңгейін кеңейту, сана - сезім, таным қабылдау әрекетін дамыту, білуге деген қызығушылығын арттырып, өздігінен еңбектену белсенділігін қалыптастыру қажеттігі белгілі. Бұрынғы балаларға қарағанда, қазіргі балалардың даму деңгейі өте жоғары озықтығын, білуге, білімге ынталы екендігі дәлелденіп отыр. Осыған байланысты балалардың теориялық ойлау, логикалық ойлау, дамытушылық ойындар арқылы дамыту, олардың белгілі бір объектінің ішкі сырын ұғып, оның себеп-салдарын, байланыстарын таба білуге қарапайым ой қорытындысын жасай білуге үйретеді. Жүргізілдген әр жұмыстың соңында міндетті түрде жазба жұмыстары арқылы оқушылардың шығармашылығы шыңдалып, дамып отырады. Жазбаша сөйлеу дағдылары қалыптасады. Өз ойын еркін қағазға түсіріп машықтанады. Олардың психо-физиологиялық мүмкіндіктерін дамыту, сезім, таным, ерік әрекеттерін барлық жағынан жетілдіру, мектептегі оқу ісіне, ой еңбегіне
Доклад на субб.docx
Мектеп жасындағы балалардың қарапайым білім негіздерін неғұрлым тереңірек меңгерту үшін олардың ой - өрісін, білімдағды деңгейін кеңейту, сана - сезім, таным қабылдау әрекетін дамыту, білуге деген қызығушылығын арттырып, өздігінен еңбектену белсенділігін қалыптастыру қажеттігі белгілі. Бұрынғы балаларға қарағанда, қазіргі балалардың даму деңгейі өте жоғары озықтығын, білуге, білімге ынталы екендігі дәлелденіп отыр. Осыған байланысты балалардың теориялық ойлау, логикалық ойлау, дамытушылық ойындар арқылы дамыту, олардың белгілі бір объектінің ішкі сырын ұғып, оның себеп-салдарын, байланыстарын таба білуге қарапайым ой қорытындысын жасай білуге үйретеді. Жүргізілдген әр жұмыстың соңында міндетті түрде жазба жұмыстары арқылы оқушылардың шығармашылығы шыңдалып, дамып отырады. Жазбаша сөйлеу дағдылары қалыптасады. Өз ойын еркін қағазға түсіріп машықтанады. Олардың психо-физиологиялық мүмкіндіктерін дамыту, сезім, таным, ерік әрекеттерін барлық жағынан жетілдіру, мектептегі оқу ісіне, ой еңбегіне дайындау арқылы қарапайым білім негіздерін меңгерту, дамыта оқу ісіне баса көңіл бөлу керек. Қазіргі уақытта әрбір тәрбиеші , педагогтың алдына жеке қызмет практикасымен шағын және үлкен топтар құрамындағы қызметті қамтамасыз ету кезіндегі бүлдіршіндердің әлеуметтік, интеллектуалдық және эмоцияналдық дамуын қалыптастыру негізгі мақсат етіп қойылды.             Бастауыш сынып мұғалімдері педагогикалық ғылым жетістіктерін, оқыту методикасы негіздерін жан­ жақты меңгеруімен қатар, балалардың жасына сәйкес физиологиялық, психологиялық ерекшеліктерін де жете білуі шарт. Тәжірибеде байқалғанындай, қайсыбір мұғалімдер оқушыға өздігінен жұмыс істеудің бірсарынды ырғағын ұсынып, негізгі ұғымдарды қалыптастыруда оның өзіндік психологиялық ерекшеліктерін ескермейді. Дидактикалық   ойындарға   қойылатын   талаптарға,   оны   ұйымдастыру,   жүргізу   методикасына   жете   мән бермейді. Ойынның негізгі мақсаты – баланы қызықтыра отырып, өткен материалды берік меңгерту. Сондықтан да ойынның пәндік мазмұны басты назарда болуы тиіс. Сонда  ғана ол оқушының ойлау қабілетін дамытып, білімдік, тәрбиелік мақсаттарға жеткізеді.                       1. Сұраққа жауап алу. Қарапайым сұрақ арқылы табиғаттағы өзгерісті байқату. 1. Қазір жылдың қай мезгілі? 2. Табиғаттан қазір қандай өзгерістер байқадың? 3. Адамдар қалай киінген? Жеке   сұраққа   жауап   алу   арқылы   үндемей,   тұйықталып   отыратын   оқушылардың   сөздік   қорын байқатып, сөйлем байланысына алғашқы бағыт беріп, осы сөйлемдерді жинақтап, шағын мазмұндап беруді талап етем. Бұл, біріншіден, ұялшақ, ұғымы төмен балалардың сөйлеуіне жетекшілік етсе, екіншіден, өзін қоршаған ортаның табиғатын, оның маусымдық өзгерісін тани білуге машықтандырады. 2. Шығармашылық жұмыс – байланыстырып сөйлетудің жолдарының бірі.                   1) Суретті көру бойынша жазба жұмысын жүргізу.. Ата­анаға көмек. Әния мектептен келді. Еденді жуды. Інісін шомылдырды. Шәй әзірледі, анасы мен әкесі риза болып қызының бетінен сүйді.       2) Дифференциалдау әдісі ­  тірек сөздер арқылы іске асды. Бұл жұмысты 3­4 сыныпта жүргізген тиімді. Мысалы: күртік қар, үскірік жел, сықырлаған аяз, т.б. Тірек сөздерін қалыптастырып сөйлем құратып төмендегідей шығарма жаздырдым. Қыс Алдымнан   үскірік   жел   есіп,   боран   күшейе   түсті.   Ажар   күртік   қарды   омбылап   жүре   алмады. Сықырлаған   аязға   шыдай   алмай   беті­қолы   тоңды.   Мен   оның   бетін,   қолын   уқалап   жылытып,   аман   алып қалдым.         3.  Шығармашылық   жұмыстың  түрінің   бірі   үлестірмелі   карточкаларды   байланыстыра   сөйлету жаттықтыратын   материал,   баланың   ойлау   қиялын   қанаттандырып,   ойын   ашық   айтуға   машықтандырады. Үлестірмелі   карточкалардың   мазмұны   сыныптың   ерекшелігіне   сай   беріледі.   Бұл   жұмыс   үлгерімі   нашар оқушының байланыстырып сөйлеуіне көп көмегін тигізеді.      4.  Техникалық құралмен жұмыс.  Техникалық құралмен жұмыс жасап, диафильм сюжетін нақтылап баяндауын талап ете отырып, көру бойынша шығарма жаздырамын. Мысалы: «Бір уыс мақта», «Қарға мен бөдене» диафильмдерін көргеннен кейін мазмұнын баяндатып, шығарма жаздыртып, оқытып, нашар жазған оқушылардың шығармасын тақтаға жаздырып, қатесін түсіндіртемін. Бірнеше оқушыға жазғанын  дауыстатып оқыта отырып, шығарманың қайсысы мазмұнды шыққанын таптырамын. Байқағаным бала ойының қателігін жекіріп­ұрыспай, шағын шығармасын аяқтап жазуға бағыт беруге болады. Текстегі берілген ойды анықтап, басқы, ортаңғы, соңғы бөліктерге бөліп, бір сөзді қайталанбас үшін жуық мәнді сөзді пайдалану, өмірмен ұштастыру үшін текске қатысты логикалық байланысын сақтап жоспар бойынша жазуға дағдыландырамыз. Шығармадағы нәрсені сипаттау, көркемдік ретімен дамытылып, оқушылардың адамгершілік сезімін оятып, оларға эмоциялық әсер етеді. Ұлы педагог К.Д.Ушинский: «Ана тілін толық меңгермей, сөз байланысын ажырата алмаған бала өзге пәнді жете түсіндіріп бере алмайды. Ана тілі – басқа пәндерді жиыстыратын өзекті пән». «Білім – ойлау материалы». «Тіл, сөз жоқ, ойды ұштайды», ­ деген еді. Ендеше, ана тілдің бөлінбес бөлшегі өзара қарым­ қатынас, хат жазу арқылы да дамиды. Диагностикамен зерттеген жұмыстың түрі – хат таныту.      5. Хат таныту. Хат жазу – сөйлетудің бір түрі. Бұл жұмыс екінші кластан бастап іске асырылды. Хат жазу әр түрлі мазмұнда болуы мүмкін. Мақсатым – баланың тілін дамыту, байланыстырып сөйлеп, сауатты жазуға дағды беру. Хат жазу түрлері: 1. Бір күнгі көріністі бейнелеу. 2. Қуанышты күн. 3. Жанұя сыйластығын баяндау. 4. Дос­жолдасына хат жазу. 5. Ұстазбен сырласу. 6. Табиғатты бейнелеу (Табиғат және біз). Бұл   жұмыстың     орындалысын  диагностикалық   картамен  тексеріп,  түсінігі   аз  оқушылармен   жеке жұмыс   жүргіздім.   2­3   сөйлемдік   хат   жазудан   бастап,   сөйлеу   мәнерін   жүйеге   келтіріп,   сөз   байланысын дамытуға дағды бердім.      6. Көрініс жасау. Мен бұл тұрғыда 1­сыныпта «Бауырсақ» ертегісінен, 2­сыныпта «Көлеңке театрынан», «Үй жануарының адамға пайдасы» Жұмыстың   қандай   түрі   оқушы   танымында   қазақ   халқының   тыныс­тіршілігінен   мәлімет   беріп, актерлік қабілетін ұштап, оқиғаға сай дауыс ырғағын келтіріп айтуға үйретуге көмектеседі. Ауызша сөйлеп дағдыланған оқушы өз ойын дәптерге эссе, мәтін, шығарма түрінде жазып, оның жазбаша сөйлеу қабілеті дамиды.       7.  Сыныптан   тыс     оқу.  Мақсатым   –   оқуға   үйрету,   жетілдіру,   балалардың   өздігінен   кітап   оқуға құмарлығын арттыру. «Кітапсыз білім жоқ» нақыл сөзі білім өрісінің кеңейіп жетілуіне бағыт бере отырып, жоғарыдағы үлгідегі тізім жасалды. Бұл біріншіден, есеп жұмысына, екіншіден, әрбір оқушыны оқығаны бойынша әңгімелеуге мүмкіндік береді, үшіншіден тағы да ой­өрісін жазбаша түрде жеткізу шығармашылығы дамиды. Кітап оқыған кезде оқушы түсінігіне ауыр тиетін сөздер жиі кездеседі. Оны фамилиясын көрсетіп «Сұрақ­жауап» жәшігіне салады. «Сұрақ­жауап» оқушы пікірі, ата­ана ойы, ұстаз қорытындысымен ұласады. Сыныптан тыс жұмыс. 1. Кітап мұқабасы, аты, авторы, басылымын әңгімелеймін. 2. Кітап тілі, сурет астындағы жазуға көңіл бөлгіземін. 3. Жазылған сөз мазмұнында, идеясына назар аударамын. Екінші, үшінші сыныпта дауыстап, мәнерлеп, дұрыс оқудың үлгісін көрсетіп, оқу әдісіне үйретемін. а) Ұйымдасқан түрде оқу. ә) Топқа бөлініп оқу. б) Өз таңдаулары бойынша оқу. Оқушылар сыныптан тыс оқуға күнделік арнайды. Онда кітап авторы, оқыған әңгіме туралы қысқаша пікірі, көрген киносы, тәрбие сағаты мен көріністен алған әсерін жазады. Дұрыс толтырылған кітап мазмұнын айқындайтын үлгілі күнделікті көрмеге қоямын. Сыныптан   тыс   оқуда   «Мөлдір   бұлақ»,   «Ақ   желкен»,   «Балдырған»   журналында   жазылған шығармаларды оқытып, талдау, ана тіліндегі сөз өнерін көркем сөзбен бейнелеуге, халқымыздың тарихи асыл мұрасы – тілді болашақ ұрпаққа жеткізуге төселдіретін игі іс. Сөйтіп, сыныптан тыс жұмыс баланың қиялын, творчествосын дамытады, оның қанат жаюына көмектеседі.                                        Ойын түрлері оқулықтарда берілгендей, әңгіме, ертегі, өлең түрлерінен бөлек, оқушының ізденушілігін, зерттеушілігін қалыптастыратындай, ойлауға, пайымдауға, дәлелдеуге үйрететіндей оқушының тілін ұстартып, сөз байлығын молайтатындай етіп беріліп отырды.  Мысалы. Дидактикалық ойын: «Ұйқасын тап».  Баланың шығармашылығын дамытып өлең жазуға баулиды.  а) у­у­у (Жауабы: жақсы оқу, көмекке бару, еденді жуу, малды қайыру, суды тасу.....)  ә) –ға­ға­ға (Жауабы: бардым ауылға, шықтым далаға, жеттім қалаға, бердім балаға....)  б) Ауылға барамын,        ­/­/­/­/­/­/­/­/­/­  (Жауабы:   төлдерді   бағамын,   бақшаға   соғамын,   жайлауға   қонамын,   ағашты   шабамын,   отынды жарамын......)  2­ші сыныпта ойын түрі күрделеніп, оқушылар төрт жол ұйқастарын жазуға дағдыланады. Өздерінің шығармашығы жоғарылағанын байқаған оқушылар ұйқастарды жазуды қуана орындайды.  Мысалы: Жаз келді алақай, Оқушы төрт жол ұйқасты өз бетінше жалғастырады. Олар мынадай болуы мүмкін.  а)    Жүгірді балақай,  Өзен мен тоғайда, Көп екен қалақай.  Тау менен тастарды  Аралап шаршамай Ойнайды балақай.  ә)  Келесі   дидактикалық   ойын   «Жалғасын   тап»   оқушының   ой   ұшырлығы   мен   сөз   байлығын, шығармашылығы   мен   қиялының   биіктігін   байқатады.   Оқушыларға   кез   келген   тақырып   беріледі.   Ол тақырыптың мазмұнына сай ертегі, әңгіме құрастыру керек. Оқушы ойын дамыту үшін тақырыпты ашатын сұрақтар қойылады. Әр оқушы ой ұшқырлығына қарай жауап табады. Ойын барысында оқушыларға қағаз таратылады. Оқушылар жауабы осы қағазға жазылады. Әр жауап бүктетіліп жабылады  да, келесі оқушы алдыңғы   оқушының   жауабын   көре   алмайды.   Жалғастырып   өз   жауабын   жазады.   Жұмыс   жалғаса   береді. Соңында барлық жауап жазылып болған соң мұғалім жауаптарды оқиды. Нәтиже қызықты, күлкілі оқиғалар, қысқа  мазмұнды  әңгімелер  туып  жатады.   Бұл  дидактиалық  ойын  оқушының  сөз  қоры мен  тіл  байлығын дамытады.  Келесі дидактикалық ойында оқушының қиялын дамытып, жоғары эмоционалдық деңгейге көтереді. Дидактикалық ойын: «Ертегіні аяқта». Бұл ойында берілген оқиғаны аяқтап жазу керек. Мысалы: «Үй иесі ­ ауыл дәрігері. Бірде ол шақыртумен кеткенде үйіне ұры түспесін деп сия сауытты есіктің алдына қалдырып кетті. Дәл сол күні ұрылар келіп, есікті ашып қалды да қаша жөнелді........ » Неге? Әңгімені аяқта. Осы сияқты бірнеше ертегілер жазылды. Олар: «Мен өшіргіш болғанда», «Жолдасымның күнделігінің тағдыры», «Кітап пен дәптердің әңгімесі», «Ағаштар тоңып қалмасын». Оқушылар мұндай ертегілерді сөйлеу мәнері, ана тілі, қазақ тілі пәндерінде қызыға орындайды. Оқушылардың жазба жұмыстары арқылы жазбаша сөйлеу шығармашылығы артады. Оқушының тілін дамыту мақсатында «Халық даналығын ұмытқан жоқсың ба?»   деген ойын сабақ өткізілді. Сабақтағы көріністерден үзінді келтірсем, тақтаға «Еңбек етпеген ішіп жемейді» деген мақал ілінді. Мақалды   қалай   түсінетіндеріңді   өз   сөздерініңмен   мысал   келтіріңдер   деген   тапсырма   берілді.   Сондағы оқушылардың жауаптары мына тәріздес болды:  1. Жұмыс істемеген адамда ақша болмайды.  2. Оларда тамақ та жоқ болады, себебі жұмыс істемеген адамдар ақша таппайды.  3. Жалқау адам аш жүреді.  4. Еріншектік тамақсыз қалдырады.  «Еңбек   етсең   ерінбей,   тояды   қарның   тіленбей»   деген   мақал   бойынша   оқушылардың   айтқан жауаптары:  1. Еңбек ақшалы қылады, тамақты қысылмай аласың  2. Еңбек етудің арқасында бай боласың.    3. Үнемі жұмыс істесең тойып жүресің.   4. Білімді болсаң, тамақты боласың.   5. Оқуды жақсы оқысаң, ұялмай тамақ ішесің.   Тіл байлығы мен сөз қорын үнемі молайта түсу мақсатында дидактикалық ойынның бірнеше түрлері ұйымдастырылды. «Суретке тіл бітірейік» ойыны бойынша оқушылар өз ойларын қысылмай айтып, жансыз суреттен жақсы мәтін құрады. Мәтін бойынша табиғаттың әсемдігі суреттелді және табиғат туралы мақалдар құрастырылды.   Сулы жер ­ нулы жер.   Туған жер аясы, нулы орман саясы.   Табиғатты аяласаң жақсылыққа жетесің.   Қаз, үйректің мекені – көл.   Табиғатты қорғасаң, еліңе қызмет еткенің т.б.  Ана тілі, қазақ тілі, сөйлеу мәнері, еңбек, сурет сабақтарында оқушының тілін дамыту үшін көптеген   дидактикалық,   ұлттық   ойындар   ұйымдастыруға   болады.   Сабақ   үрдісінде   ойын   кірістіру оқушылардың тілін дамыту, қиялын ұшқырлап, шығармашылығын дамытып, іздемпаздығын, қызығушылығын арттыра түсуге көп ықпал етеді. Сабақ ұйымдастыру кезінде ойынды пайдалану жеке оқушының көз қарасын, позициясын   қалыптастырады.   Олардың   танымдық   іс­әрекетінде   қателесу,   жоғары   сезімдер,   қуаныштар, реніштер, абыржулар сияқты табиғи жағдайда өрістеп жатады. Осы тұстар  ­ баланың интеллектуалдық даму тұстары болады. Осы кезеңде баланың өң бойында, ішкі дүниесінде көптеген өзгерістер болып жатады. Бұл өзгерістердің әсерінен оқушының ойлау, сөз қоры, тілінің дамуы шыңдалып, жеке психлогиясы күрделеніп дами түседі. Сынып бойынша алған тақырыпты алдағы уақытта да дамыта түсу керек  екенін сөзге тиек етемін. Қорыта келгенде, бастауыш сыныптың оқу үрдісінде ойын түрін пайдалану мына нәтижеге жеткізеді.      Оқушылардың білім деңгейін көтеру мақсатында сабақта дидактикалық ойындарды пайдалану өте тиімді. Сабақ барысында сынып басында қолданылған бірнеше дидактикалық ойын түрлерін ұсынып отырмын. А.Байтұрсынов атындағы ұзартылған күн тобымен жұмыс жасайтын бастауыш гимназия «Оқушылардың жазба жұмыстары арқылы  шығармашылығын дамыту» тақырыбы бойынша  мәлімдеме                                                Дайындаған: Әбдіқасымова Ғ.Ж. АРҚАЛЫҚ 2013ж.

«Оқушылардың жазба жұмыстары арқылы шығармашылығын дамыту» тақырыбы бойынша мәлімдеме

«Оқушылардың жазба жұмыстары арқылы  шығармашылығын дамыту» тақырыбы бойынша  мәлімдеме

«Оқушылардың жазба жұмыстары арқылы шығармашылығын дамыту» тақырыбы бойынша мәлімдеме

«Оқушылардың жазба жұмыстары арқылы  шығармашылығын дамыту» тақырыбы бойынша  мәлімдеме

«Оқушылардың жазба жұмыстары арқылы шығармашылығын дамыту» тақырыбы бойынша мәлімдеме

«Оқушылардың жазба жұмыстары арқылы  шығармашылығын дамыту» тақырыбы бойынша  мәлімдеме

«Оқушылардың жазба жұмыстары арқылы шығармашылығын дамыту» тақырыбы бойынша мәлімдеме

«Оқушылардың жазба жұмыстары арқылы  шығармашылығын дамыту» тақырыбы бойынша  мәлімдеме

«Оқушылардың жазба жұмыстары арқылы шығармашылығын дамыту» тақырыбы бойынша мәлімдеме

«Оқушылардың жазба жұмыстары арқылы  шығармашылығын дамыту» тақырыбы бойынша  мәлімдеме
Материалы на данной страницы взяты из открытых истончиков либо размещены пользователем в соответствии с договором-офертой сайта. Вы можете сообщить о нарушении.
02.06.2017