Оқушының сабақ үлгеруіндегі ата-ананың рөлі
Оценка 4.9

Оқушының сабақ үлгеруіндегі ата-ананың рөлі

Оценка 4.9
Работа с родителями
doc
воспитательная работа +1
Взрослым
19.03.2018
Оқушының сабақ үлгеруіндегі ата-ананың рөлі
Ата-аналармен жұмыс барысында жиналысқа қолдануға болатын баяндама. Оқушының сабақ үлгеруіндегі ата-ананың рөлі қандай екені туралы айтылған. Отбасында басты мәселелердің бірі – баланың тіршілік іс - әрекетін дұрыс ұйымдастыру. Ол үшін баланың күн тәртібі, жеке басына қойылған талаптар, міндеттер, үй еңбегіне араласуы, білімі, қызығушылықтары, бос уақытын дұрыс ұйымдастыруына көмектесіп ықпалын тигізу.
баяндама.doc
Ленин жалпы негізгі білім беру мектебі Өткізген: ОТЖДО Темирханова С.Е. «ОҚУШЫНЫҢ САБАҚ ҮЛГЕРУІНДЕГІ АТА­АНАНЫҢ  РӨЛІ»          Баланы   өмірге   бейімдеуде   мектеп,   ұстаз   және   ата­ананың   орны   бөлек. Қоғамның алғашқы ұйтқысы отбасында бала ұлкендермен араласады. Баланың қоғамдық әлеуметтік дамуы жанұяда өз орнын алуынан басталады. Жас шыбық иілгіш болса, жас адам да сондай, жақсыға да жаманға да бірдей бейімделгіш. Халқымызда «Әкеге қарап ұл өсер, шешеге қарап қыз өсер» немесе «Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілерсің» деген нақыл сөздер тегін айтылмаған. Ата­ана өзінің мінезі, дағдысы, сөзі, іс ­ әрекеті арқылы баласына үлгі көрсетеді. «Сіздер баланы тек сөйлеген кезде ғана, оған ақыл айтқанда немесе бұйрық берген кезде ғана тәрбиелейміз деп ойламаңыздар, ­ деп жазады А.С. Макаренко – Сіздер оны өмірлеріңіздің әрбір минутында, тіпті өздеріңіз үйлеріңізде жоқ уақыттың өзінде   тәрбиелейсіздер,   сіздер   қалай   киінесіздер,   сіздер   басқалармен   қалай сөйлесесіздер   немесе   басқа   адамдар   туралы   қалай   қуанасыздар   және ренжисіздер, сіздер достарыңызбен қандай қарым­қатынаста боласыздар, сіздер қалай   күлесіздер,   газет­журнал   оқисыздар   –   осылардың   бәрінің   бала   үшін маңызы бар». Бала әрқашанда ата­анадан мейірімділікті, сүйіспеншілікті, жүрек жылуын қажет етіп, ата­ананы өмірдің тірегі деп санайды.       Отбасында басты мәселелердің бірі – баланың тіршілік іс ­ әрекетін дұрыс ұйымдастыру. Ол үшін баланың күн тәртібі, жеке басына қойылған талаптар, міндеттер, үй еңбегіне араласуы, білімі, қызығушылықтары, бос уақытын дұрыс ұйымдастыруына көмектесіп ықпалын тигізу.       Мектеп партасында отырған баланың жан – жақты тәрбие алуына ең бірінші ықпал   ететін   ұстаз   болса,   оның   сүйеушісі   –   ата­ана.   Сондықтан   ата­ана   өз баласының   білім   алуына   барынша   жағдай   жасауы   тиіс,   оқу   үлгеріміне күнделікті назар аударып, қадағалап отыру керек. Өкінішке орай, кейбір ата­ аналар   бұған   жеткілікті   мән   бермейді.  Тіпті,  кейде   баласының   қай   сыныпта оқитынын,  сабақтарының  жетекшісін   де  білмей  жататын  үлкендер  бар. Бала тәрбиесі   ­   өте   күрделі   үрдіс   және   ешқандай   үзіліс,   демалыс   дегенді білмейді.               Баланың жақсысы әке мен шешенің ары, ата­ананың абыройы, жаманы – қайғысы, бақытсыздығы, азабы», ­ дейді халқымыз. Бала мектепте 6,7 сағат болса,18 сағат үйде болады, сол себепті ата­ана баласының оқуын, жүріс­ тұрысын,   жолдастарын   сонымен   қатар   киетін   киімін   де   қадағалап,   аптаның соңғы күндері сынып жетекшісімен, пән мұғалімдерімен байланыс жасап сабақ үлгерімі, тәртібі жайлы мәлімет алып отыруы қажет.     Дүниенің ең тамаша туындысы – тамаша тәрбие алып шыққан адам болып табылады. Адамның жеке басының алғашқы қалыптасуы отбасынан басталады. Оның   ер   жетіп   өсуі,   бойындағы   алғашқы   адамгершілік   белгілері   отбасында қалыптасады, сондықтан да туған үйдің жылуы – оның көкірегінде көп жылдар бойы сақталып, мәңгі есінде болады. Отбасы – бала тәрбиесінің ең алғашқы ұжымы. Баланың тәрбиелі болып өсуіне берекелі отбасының тигізетін әсері мол.      Ата­ана өзінің міндеті мен жауапкершілігін жақсы білуі тиіс: 1.   Мәдениетті   адам   тәрбиелеуге   және   өз   баласын   таза   өмір   сүруге бейімдеуге міндетті; 2.  Білім алуына көмектесуге міндетті; 3.  Жүйелі білім алуына жағдай жасауға міндетті; 4.   Үнемі   ата­аналар   жиналысына   қатысуға,   мұғаліммен   кездесуге, баласының мектептегі өмірімен танысуға міндетті; 5. Баланың өміріне, денсаулығына зиян келтіретін темекі, арақ, т.б. улы заттарды   қолданбауға,   олардың   балаға   зиянды   екенін   түсіндіруге міндетті; 6.   «Баланы жетіге келгенше тыйма, жетіден он төртке келгенше білім беріп қина, он төрттен кейін үлкен азамат деп сыйла» деген қағиданы берік сақтауға міндетті.   Ата – ананың жауапкершілігі:      Бала   тәрбиесі   үшін   қабылданған   барлық   қаулылардың 1.   Балаға арамза әрекет жасағаны үшін жауапты; 2. Мұғалімге, мектептің педагогикалық ұжымына балағаттау және әдепсіз қарым­қатынас жасағаны үшін жауапты; 3. орындалмағанына жауапты. 4.     Балаға   адамгершілік   тәрбие   беру   үшін,  өз   жанұясында   бірлік   пен татулықты   ұстануға   жауапты.   Үйдегі   тыныштық   баланың   мектептегі мәселелерін тиімді шешудің бірден бір жолы; 5.  Мектептен кейінгі баланың білім мен тәрбие алуына бақылау жасауына жауапты; 6.   Кәмелеттік жасқа жеткенге дейінге баланың салауатты өмір салтына сай тәрбие алуына жауапты.   Бүгінгі оқушы мемлекетіміздің ертеңгі үлкен азаматы, кәсіп иесі. Сондықтан да бала тәрбиесіне асқан жауапкершілікпен қарап, жас ұрпақты назардан тыс қалдырмаған жөн. Ата­ананың мектептегі алатын орны: Қай елде, қай кезде болмасын, бала тәрбиесін ерекше дамытушы да, ілгері  апарушы да­балалар, яғни бүгінгі ұрпақ­ертеңгі елдің болашағы. Мен  баяндамамның алғы сөзін шығыс ғұламасы Әл­Фарабидің сөзінен бастағым  келеді: «Адамға ең бірінші білім емес, тәрбие берілуі керек, тәрбиесіз берілген  білім­адамзаттың хас жауы, ол келешекте оның барлық өміріне апат әкеледі»  делінген. Осыған байланысты мектебімізде баланы өмірге бейімдеуде мектеп,  мұғалім және ата­ананың орны бөлек. Мақсаты: Мектеп, ата­ана, ұстаз болып  бірігіп, сапалы білімді, саналы тәрбиелі, салауатты ұрпақ тәрбиелеу. 1. Сынып  жетекшінің атқаратын міндеті 2. Ата­ананың атқаратын міндеті 3. Бірлесіп жасалатын жұмыс, күтілетін нәтиже Сынып жетекшінің міндеті: 1. Ата­ аналармен тығыз байланыста болу; 2. Оқушыларды, ата­аналарды сыныптық  және қоғамдық ұжымдардың іс­шараларына тарту; 3. Әр оқушының жеке  басының қасиетін, психологиялық ерекшелігін, жан­жақты бақылап, зерттеу,  олардың кәсіптік бағдарлығын, әрі өмірлік көзқарасын қалыптастыру, қабілетін және танымдық қасиетін дамыту; 4. Тақырыптық ата­аналар жиналысын өткізу;  5. Ата­аналар комитетімен кездесу; 6. Оқушылардың құқықтарын және  әлеуметтік жағдайын қорғауға көмек көрсету; 7. Өз сыныбында сабаққа  қатысып отыру және пән мұғалімдерімен жұмыс; 8. Сыныпта болған төтенше  жағдайларды дереу мектеп әкімшілігіне хабарлау. Ата­ананың міндеті: 1. Балаңыздың сынып жетекшісімен тығыз байланыста  болуы; 2. Сабақтан келген балаңың күнделікті күнделігін тексеріп, көмек  көрсету; 3. Мектепішілік ата­аналар жиналысына қатысу; 4. Сыныптың ата­ аналар комитетінің төрайымымен байланыста болу; 5. Балаңыздың мектептегі  жағдайын жасау барысында өз еркінізбең оқу­тәрбие іс­шараларына қаржылық  көмек көрсету; 6. Мектептегі ашық есік күні балаңыздың сабағына қатысу; Ата­ аналармен жүргізілетін жұмыс неғұрлым тиімді болуы үшін олармен  байланыстың әрқилы түрлерін қолдану қажет. Кейбір сынып жетекшілері  тоқсанның аяғында үлгерім қорытындылары туралы ата­аналар жиналыстарын  өткізуімен және оқуға үлгермеуші немесе тәртіпсіз балалардың ата­аналарын  барлық уақытта бірдей келісіп әрекет жасамауы мүмкін. Бұдан басқа сыныпта,  мектепте болатын кез­келген жұмыстарға мектепішілік іс­шараларға, сынып  жетекшілердің ең бірінші қолдап, демеу көрсететін­сынып оқушыларының ата­ аналары. Осыған байланысты сынып жетекші ең бірінші сынып ата­аналар  төрайымымен және сынып ата­аналарымен тығыз байланыста болуы керек. Кез  келген мәселенің жауабы ата­аналармен шешімін табуға тиісті. Осы жоспарды  барлық сынып жетекшілері бұл мәселені бірлесіп дұрыс жолға қоя білсе,  көптеген жұмыстарымыздан жеңілдіктер байқалар еді. Осыған байланысты  көптеген ата­аналар сынып жетекшінің ай сайын өткізетін ата­аналар  жиналысына келмей де жатады, оқушыныңыздың ата­анасымен қалай байланыс  жасау керектігі жайлы шешілетін көптеген жолдары бар. 1. Оқушының жанұясына барып тұру. Бұл­ата­аналармен жеке жұмыс  істеудің неғұрлым кең тараған және тиімді түрі. Жанұяға барғанда сынып  жетекшісі өз оқушысының үйдегі өмірімен, тұрмыс жағдайымен танысады. Ата­ аналарымен және жанұяның басқа мүшелерімен әңгімелескенде ,сынып  жетекшісі оқушының мінезі, қызығуы мен икемділігі туралы ата­аналарына,  үлкендер мен кішілерге қарым­қатынасы туралы мағлұматтар алады. Ата­ аналарын мектепке тек баласы тәртіп бұзғанда немесе жаман оқи бастағанда  ғана шақырмау керек. Кейде оқушы өзін жаман ұстамайды, жақсы оқиды, бірақ  сынып жетекшісі оның сыныптан тыс оқуын ұйымдастыру, оны қандай да бір  қоғамдық пайдалы жұмысқа қатыстыру, оның белгілі бір саладағы дарынын  дамытуға қажетті жағдайлар жасау туралы да ата­аналармен келісіп алуы  керек. Ата­аналар мектеп мұғалімдерімен кездесіп отыру пайдалы ғана емес,  қажет те. Ол кездесулер мектеп пен жанұя арасында тығыз байланыс орнатуға,  оқушылардың оқуы мен тәртібінде кемшіліктерді болдырмауы үшін дер кезінде  шара қолдануға мүмкіндік береді.

Оқушының сабақ үлгеруіндегі ата-ананың рөлі

Оқушының сабақ үлгеруіндегі ата-ананың рөлі

Оқушының сабақ үлгеруіндегі ата-ананың рөлі

Оқушының сабақ үлгеруіндегі ата-ананың рөлі

Оқушының сабақ үлгеруіндегі ата-ананың рөлі

Оқушының сабақ үлгеруіндегі ата-ананың рөлі

Оқушының сабақ үлгеруіндегі ата-ананың рөлі

Оқушының сабақ үлгеруіндегі ата-ананың рөлі

Оқушының сабақ үлгеруіндегі ата-ананың рөлі

Оқушының сабақ үлгеруіндегі ата-ананың рөлі

Оқушының сабақ үлгеруіндегі ата-ананың рөлі

Оқушының сабақ үлгеруіндегі ата-ананың рөлі
Материалы на данной страницы взяты из открытых истончиков либо размещены пользователем в соответствии с договором-офертой сайта. Вы можете сообщить о нарушении.
19.03.2018