Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер. Өзін-өзі реттеудің тиімділігі.
Оценка 4.9
Руководства для учителя
docx
психологическая работа +1
Взрослым
20.12.2018
Адамның өмірдегі орнын өзі белгілеу мәдениеті тәрбие мазмұнының маңызды бөлігі болып саналады. Адамның өмірдегі өз орнын өзі белгілеу мәдениеті оны жеке өмірінің және жеке бакытының жауапты субъектісі ретінде сипаттайды. Тұлғаның коғамдық сана-сезімінің дамуының белгілі бір сатысында, адам өзінің жеке басы үшін тек сыртқы мақсаттарды ғана емес, сонымен қатар өзін-өзі тәрбиелеу мақсаттарын да түсінеді. Ол өзіне-өзі тәрбиенің субъектісі ретінде қарай бастайды. Өзінің тұлға ретінде қалыптасуы, оның жеке белсендігінсіз мүмкін еместігін түсіне бастайды.
Өзін-өзі тәрбиелеу – адамның өз тұлғасын қалыптастыруға, өмірдегі өз орнын өзі белгілеуіне, өзін-өзі дамытуға, өз қабілеттерін өзі іске асыруға бағытталған мақсатты, саналы, жүйелі түрде өздігінен жүргізетін іс-әрекеті. Өзін-өзі тәрбиелеу тәрбие процессінің құрамды бөлігі және тұлғаның өзін-өзі дамытуындағы ең маңызды күш болып саналады. Өзін-өзі тәрбиелеу адамның жеке «Мендігін»- жүйелі түрде зерттеуін, қажымас қайраттылықты, үлкен ерік-жігерлік күшті қажет етеді. Өзін-өзі тәрбиелеу мектебі адамнан көптеген күш-қайратты жоғары дәрежедегі ұйымдастырушылықты, өзіне деген сын көзбен қарауды талап етеді. Неміс ақыны Ф. Логау былай деп тегін айтпаған шығар:
«Өзіңмен өзің түскен күрес – ең қиын күрес,
өзіңді өзің жеңген жеңіс – ең ұлы жеңіс».
өзін-өзі реттеу№2 сабақ.docx
№6 гимназиясының тренері:Шакенова А.Р
Коучинг №52 САБАҚ
Коучингтің тақырыбы:Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер. Өзінөзі реттеудің тиімділігі.
Мақсаты: Өзінөзі тану, тұлғалық даму тәсілдерін таба білу, көңілкүйді және
эмоцияны реттеу;
байланыс және өзара әрекеттесу мүмкіндігін қамтамасыз ету.
Күтілетін нәтиже: 1. Өзінөзі реттеу туралы түсініктері қалыптасады.
2. Сенімді мінезқұлық пен өзінөзі реттеу дағдыларын жетілдіреді;
3. Ішкі тұрақтылық сезімі мен өзіне деген сенімділікті қалыптастасады.
Әдістәсілдері:Тренинг, қызығушылығын ояту, ассоциация, ЖИГСО әдісі, ақиқат
орындығы, өзінөзі
реттеу жаттығуы, ой толғаныс.
Ресурстар:постер, қаламдар, қиықшалы мәтіндер, АКТ, слайд.
Өтілетін күні:____________
Барысы:
1. Психологиялық тренинг. «Танысу жаттығуы»
Ең алдымен таныспас бұрын шеңбер жасалған орындыққа отырайық.
Қолымдағы допты қатысушыға беріп есімдерін ататқыза отырып, өз бойындағы үш қасиетін
кезекпен айтады.
Ризагүл –рақымды, гүлдей ризалы.
2. «Өміршендік ережесі»
Әр адамның ережесіөз жүрек қалауымен жүру және батыл әрекет жасау. Сол сияқты
иығыңды тіктеп,
жарқын көңілмен іштей табысқа жетуге талаптанып,
Өміршеңдік ережелерін айтайық.
1 Жігер деген – Мен
2 Күш деген – Мен
3 Кешірім деген –Мен
4 Құдірет деген – Мен
5 Денсаулық деген – Мен
6 Адалдық деген – Мен
7 Бар ғажайып деген – Мен
Хормен: Бәрі маған байланысты,
Бәрі менің қолымда.
3. Топқа бөлу. Қатысушыларға түсті таяқшалар ұсынылады. Әрқайсысы өзі ұнатқан түске
қарай бөлінеді.
4. Қызығушылығын ояту.
Қатысушыларға дидактикалық суреттер беріледі. Осы суреттерді ретіне қарай жинақтайды
немесе топтастыра отырып, коучингтің тақырыбын анықтайды.
5.Ассоциация. Өзінөзі реттеу дегенді қалай түсінесіңдер?
(Видео қарау)
6. Мәтінмен жұмыс. (Қиықша таратылады)
Мәтінді ЖИГСО әдісімен талдау
1 Топтарға бөлу («жанұяға»1,2,3,4). Мәтін бойынша 4 топқа бөлу.
2 Топтың әр мүшесіне тапсырма беріледі. Берілген бөлік мәтінді түсініп оқу.
3 Сараптау топтарын бөліну (1+1+1+1, 2+2+2+2+2, 3+3+3+3, 4+4+4+4)
4
«жанұя» тобына барып, сараптау тобында түсініп келгендерін бірібіріне үйретеді.
1топ: Өзінөзі билеушілікті (күшжігерді) қалай қалыптастыруға болады?
Көп адамдар өзінөзі билеушілік туралы ойланады. Сонымен өзінөзі билеушілік мінез
құлықтың ең маңызды белгісі. Кейде мықты өзінөзі билеушілік қасиеті бар адамды, мықты
мінезқұлықты адам деп жатады. Өйткені өзінөзі билеушілік қасиетін мінезқұлықпен
алмастыруға болады. Сонынмен, өзінөзі билеушілік деген не? Жігер – ауыр қиыншылықтарға
қарамастан алға қойылған мақсатқа жету деген сөз. Жігерді адамның мықты жағы деп
қарастыруға болады. Бұл бұрындары да, қазір де өте қатты бағаланады. Жігердің бар болуы
өмірімізде үлкен көмектер көрсетеді. Осыдан мынан сұрақ туындайды: қандай жігер көмек
көрсете алады? Кезкелген бе, әлде күшжігер ме?
Адамды істегісі келетін емес, істеу керек ісәрекеттерге итермелейтін не нәрсе? Өзіңіздің
ырқыңызды, қалауыңызды басқара алу қасиеті күшжігер деп аталады. Күшжігер көмектеседі,
алға жылжуға өз септігін тигізеді.
Психологтардың айтуы бойынша күшжігерді құрайтын белгілер:
• Сенім. Күшжігерге сену. Осы арқылы сіздің қалауыңыз мақсатқа айналады.
• Қалау. Біздің қалауымыз неге, қайда ұмтылуды көрсететін жол. Әр адамның өз жолы
бар.
• Батырлық. Егер адам батырлық танытпаса, маңызды шешім қабылдай алмайды.
• Сабырлық. Сабырлық арқылы өз мақсатымызға деген сенімді сақтап, тек алға
ұмтыламыз.
Кейде күшжігерді қыңырлық көрсетумен шатастырады. Қыңырлық ол жақсы қасиеттке
жатпайтындықтан, ол екеуінің аражігін ажыратып алу керек.
Күшжігер туа біткен қасиет емес, ол өмір жолында пайда болған, қалыптасқан нәрсе.
Сондықтан оны дамытуға және тәрбиелеуге болады. Бірінші кезеңде күшжігер қоршаған
ортаның әсер етуінен қалыптасады (үлкендердің балаларға), ал кейін жеке тұлғаның өзөзін
бақылауы арқылы қалыптасады. Күшжігерді реттеу адамның өзіне байланысты. Күшжігерді
дамыту адамның сенімі,
арқылы қалыптасады. Күшжігерді
қалыптастыратын әдістер барлығына бірдей тиімді емес. Бұл үдерісті тоқтатуға болмайды.
Күшжігерді реттілік шыңдайды. Бірінші кезекте керек нәрселер:
* Барлық проблемаларыңыз бен сәтсіздіктеріңізді ойлап, жазу.
мақсаты,
ойөрісі
* Күшжігер алып келетін құндылықтарды жазу.
* Өзіңізді күшжігер иесі ретінде елестету. Осындай үлгі ұнайды ма сізге? Онда осы
кейіпке
жету үшін өзіңіздің әрекеттеріңіз бен талпыныстарыңызды іске қосу.
Күшжігерді тәрбиелеу кезінде барлығына бірдей жармасудың қажеті жоқ. Бір немесе екі
саланы таңдап, жетілу үшін әр күнге арналған жоспар құрыңыздар. Соның ішінде күн сайынғы
жаттығулар, істер, ережелер болу керек. Ештеңеге талпынбайтын және қиыншылықпен күресе
алмайтын адам, қызық емес адамға айналады. 2топ: Өзін – өзі тәрбиелеу туралы
Адамның өмірдегі орнын өзі белгілеу мәдениеті тәрбие мазмұнының маңызды бөлігі
болып саналады. Адамның өмірдегі өз орнын өзі белгілеу мәдениеті оны жеке өмірінің және
жеке бакытының жауапты субъектісі ретінде сипаттайды. Тұлғаның коғамдық санасезімінің
дамуының белгілі бір сатысында, адам өзінің жеке басы үшін тек сыртқы мақсаттарды ғана
емес, сонымен қатар өзінөзі тәрбиелеу мақсаттарын да түсінеді. Ол өзінеөзі тәрбиенің
субъектісі ретінде қарай бастайды. Өзінің тұлға ретінде қалыптасуы, оның жеке белсендігінсіз
мүмкін еместігін түсіне бастайды.
Өзінөзі тәрбиелеу – адамның өз тұлғасын қалыптастыруға, өмірдегі өз орнын өзі
белгілеуіне, өзінөзі дамытуға, өз қабілеттерін өзі іске асыруға бағытталған мақсатты, саналы,
жүйелі түрде өздігінен жүргізетін ісәрекеті. Өзінөзі тәрбиелеу тәрбие процессінің құрамды
бөлігі және тұлғаның өзінөзі дамытуындағы ең маңызды күш болып саналады. Өзінөзі
тәрбиелеу адамның жеке «Мендігін» жүйелі түрде зерттеуін, қажымас қайраттылықты, үлкен
ерікжігерлік күшті қажет етеді. Өзінөзі тәрбиелеу мектебі адамнан көптеген күшқайратты
жоғары дәрежедегі ұйымдастырушылықты, өзіне деген сын көзбен қарауды талап етеді. Неміс
ақыны Ф. Логау былай деп тегін айтпаған шығар:
«Өзіңмен өзің түскен күрес – ең қиын күрес,
өзіңді өзің жеңген жеңіс – ең ұлы жеңіс».
т.б.
3топ. Өзінөзі тәрбиелеудің тәсілдері.
Психологиялықпедагогикалық ғылымдарда өзінөзі тәрбиелеудің кең қолданылатын
тәсілдері болып өзінеөзі баға беру, өзінеөзі бұйыру, өзінөзі құптау, өзінөзі түзету
және
саналады.
Өзінөзі тәрбиелеу өзінөзі бағалаудан басталады. Өзінөзі бағалаудың негізін жеке адамның
өзі қабылдаған құндылықтар жүйесі, тұлғаның жеке маңыздылықтар жүйесі құрайды.
Өзінөзі бағалау адамның өзін басқа адамдармен салыстыру арқылы қалыптасады, және
осындай салыстыру табиғи түрде жүргізіледі де өте қызықты болды. Тұтас педагогикалық
процесстегі қатынастар жүйесіне енгеннен бастап бала өзін басқа балалармен салыстырып,
зерттеп, мынандай сұрақтарға: «Неге мен осындаймын?», «Басқалар мені қалай
қабылдайды?», «Өмірде мен қандай жетістіктерге жете аламын?»деген сұрактарға жауап
іздеп, өзінің барлық мүмкіндіктерін көрсетуге тырысады. Өзінөзі нақты бағалау, өзінөзі
тәрбиелеудің мақсаттарын дұрыс құрастыруға мүмкіндік береді. Өзінөзі бағалау
жоғарлатылған, нақты, төмендетілген болуы мүмкін. Тұрақты және жаңа ақпараттар әсеріне,
жинақтаған тәжірибесіне, қоршаған адамдардың пікірлеріне байланысты өзгеріп отыратын
бейімделгіш өзінөзі бағалау түрі адамның дамуы мен тиімді еңбек етуі үшін ең қолайлы
бағалау
саналады.
Өзінеөзі бұйыру дегеніміз адамның өзінеөзі берген қысқа, үздікүздік үкімі.
Өзінеөзі бұйыру адам өзін нақты бір ісәрекет жасау керектігіне сендіріп, енді басқаша әрекет
жасауға болмайды деп сезгенде ғана қолданылады. Бұйырықты түрде өзінен бір ісәрекетің
орындалуын талап ету қажеттілігі адамның өз кемшіліктерін анық көріп тұрып, бірақ сол
жоспарланған істі орындауға күші жетпей тұрған кезде қолданылады. Өзінеөзі бұйыру еріктік
процесспен тығыз байланысты. Өзінеөзі бұйыруда жаттығу үшін адам өзіне дауыстап бұйырық
беріп оны қайтақайта қайталап орындап отыруы қажет. Өз бұйырыгын екі апта аралығында
орындап жүрген адамда өз бұйырығын автоматты түрде орындау әдеті пайда болады.
Адамның өзінөзі тәрбиелеуде өзінөзі құптаудын маңызы зор. Әр адамның есінде өздерінің
болып үлкен жетістіктерге жеткен кездері жақсы сақталып қалады. Адамның жетістіктері оған
рухани, интеллектуалдық, күшжігерлік қорларының ішкі мүмкіншіліктерін байқатып, өмірдің
жаңа белестерін жеңе алатынына сенімділік тудырады. Кейбір өмірлік жағдайларда адам
«өткенді ойлап» осындай жағдайдан қалай жол тауып шыққанын еске түсіргені абзал.
Өзінөзі бақылау – адамның өз ісәрекеттерін, психикалық процесстер мен көңілкүйлерін
түсінуі, бағалауы және реттеуі. Бұл тәсіл адамға айналадағылармен сабырлы қарымқатынаста
болу іскерліктерін, басқа адамдардың кемшіліктеріне, әлсіздіктеріне, қателіктеріне шыдамды
болуды үйретеді. Аталған тәсіл көмегімен адам шиеленіс жағдайларды реттеп, ұстамдылыққа,
күрделі
үйренеді.
Өзінөзі түзету адамға өз мінезқұлқын, кемшіліктерін, қателіктерін және басқа адамдарға
деген қарымқатынасын өзгертуге мүмкіндік береді. Өзінөзі түзету адамның өзіне сын
тұрғысынан қарауына байланысты болады. Адамзат тарихында ұлы адамдарға өмірлік
бағдарламасын нақты орындауға көмектескен өзінөзі түзету мысалдары өте көп кездеседі.
Өзінөзі түзету өзінөзі жетілдірудің тиімді тәсілдерінің бірі.
Л.Н.Толстой «Өзін жетілдіруге деген ұмтылыстан басқа еш нәрсе адамның өз игілігі мен басқа
адамдардың игілігіне септігін тигізе алмайды»
деп бекер айтпаған.
жағдайларда
байсалдылық,
сақтауға
сабырлық
7. Өзінөзі реттеу жаттығуы. (Музыка қосу)
Денелеріңді түзу ұстап, бастарыңды жоғары көтеріп, ыңғайланып отырыңдар. Ауаны
терең жұтып, еркін тыныс алыңдар.
8. «Ақиқат орындығы»
Мақсаты: Қатысушылардың қорқыныштары мен стресстерінен арылту, ашық болуға
шақырту.
Алдарыңызда топтың ортасында карточкалар жиыны тұр. Енді сендер кезекпен ортаға
шығып,
аяқталмаған ойлары бар карточкаларға жауап берулеріңді сұраймын.
Карточкадағы сөйлемдер
Ең үлкен қорқыныш –бұл...
Мен мынадай адамдарға сенбеймін...
Мен ренжимін, егер...
Мен ұмытпаймын, егер...
Маған көңілсіз, егер...
Егер маған дауыс көтерсе, мен...
Мен қарсыласқанда...
Егер мен сенімсіз болсам...
Менің жанымды жадыратады, егер....
9. Ой толғаныс. Сөйлемді аяқтағанда сіздер қандай сезімде болдыңыздар?
10. Түйінді идея:
«Өзіңді өзің бағындыруға, өзіңеөзің билік көрсетуге кішкентайыңнан үйрен. Құлқың
соқпаған, бірақ қажетті істі атқаруға өзіңді көндіре біл. Тиістіні тындыру – ерік, қайраттың
бірінші қайнар бұлағы»
(В.Сух
омлинский). 11. Кері байланыс.
Өзінөзі реттеу
»
қарымқатынас
сөйлеу мәдениеті
сабырлылық
тәж. бөлісу
Өзін өзі реттеу
көзқарас
3 көмекші
Техникалық ақаулар
Өз ойымызды жинақтап, қорытындылау
Оқушыларға сұрақты дұрыс қоюға үйретуде Әріптестермен
кеңесу
МАН
Ресурстар
ТРЕНЕР көмегі
Қиындықты
еңсеру
жолдары Модуль
Идеялар
байланысы
СТО
АКТ
ОЖЕСО
ОБжОүБ
ТжДБО
ОмОЖТ
ОБжК ОҚУШЫ
.
Келесі қадам:
Оқушылардың интеллектуалдық
қабілетін дамыту;
Топтық жұмыс арқылы оқушыларды сабаққа ынталандыру;
Топпен жұмысқа бейімделді; Диалогтік сөйлеу қабілетері дамыды. Сыни тұрғыдан ойланудың нәтижесінде
логикалық ойлау дағдылары артты;
Нәтиже
Сөздік қорын молайту үшін әдеби
тілде сөйлеуге итермелеу;
Жаңа әдістер арқылы ауызша сөйлеуге дағдыландыру;
Қызығушылығын ояту үшін, сабақты түрлендіру;
Шешу жолдары:
Кедергілер:
Сөздік қорының аздығы;
Ауызша сөйлеуге дағдыланбауы;
Қызығушылықтың болмауы;
Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер. Өзін-өзі реттеудің тиімділігі.
Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер. Өзін-өзі реттеудің тиімділігі.
Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер. Өзін-өзі реттеудің тиімділігі.
Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер. Өзін-өзі реттеудің тиімділігі.
Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер. Өзін-өзі реттеудің тиімділігі.
Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер. Өзін-өзі реттеудің тиімділігі.
Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер. Өзін-өзі реттеудің тиімділігі.
Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер. Өзін-өзі реттеудің тиімділігі.
Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер. Өзін-өзі реттеудің тиімділігі.
Материалы на данной страницы взяты из открытых истончиков либо размещены пользователем в соответствии с договором-офертой сайта. Вы можете сообщить о нарушении.