Паскаль заңы Атмосфералық қысым Сабақ жоспары

  • docx
  • 03.05.2020
Публикация на сайте для учителей

Публикация педагогических разработок

Бесплатное участие. Свидетельство автора сразу.
Мгновенные 10 документов в портфолио.

Иконка файла материала Паскаль заңы Атмосфералық қысым Сабақ жоспары.docx

Сабақ жоспары

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

Статика және гидростатика

Мектеп:

Күні:

 

Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып: 10

 

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақтақырыбы

Қатынас ыдыстар. Паскаль заңы. Торричелли тәжірибесі. Атмосфералық қысым.

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

- Паскаль заңын және оның қолданылуын сипаттау;

- «Гидростатикалық қысым» терминін түсіндіру

 

Жетістік критерийлері

- Паскаль заңының тұжырымдамасын біледі;

- Паскаль заңының қолданылуына мысалдар келтіреді;

- Торричелли тәжірибесін сипаттайды және осы эксперимент нәтижесінде жасалған қорытындыларды біледі;

- атмосфералық қысымның өлшем бірліктерін біледі және мм.сын.бағ. Па-мен түрлендіреді;

- гидростатиқалық қысым терминін біледі және есептей алады;

- гидростатикалық қысыммен негізделетін құбылыстарды түсіндіреді.

 

Тілдік  мақсаттар

Пәнге тән лексика мен терминология:

Қысым, гидростатикалық қысым, қатынас ыдыстар, атмосфералық қысым

 

 

Құндылықтардыдарыту

ü  Оқушылардың ынтымақтастығын топтық жұмыс ұйымдастыру арқылы дамыту;

ü  Өзіндік жұмыс ұйымдастыру арқылы еңбекке баулу және коммуникативтік дағдысын жетілдіру;

ü  Саралау әдісі көмегімен ғылыми зерттеу дағдыларын дамыту;

Пәнаралықбайланыстар

Атмосфералық қысымды зерттеу туралы тарихи мағлуматтарға шолу жасау, атмосфералық қысымның ауа райына тәуелділігін география пәнінен еске түсіру, биология пәнінен «Магдебург шарлары» эффектісі адамның жамбас буынында кездесетінін атап өту.

Бастапқы білім

Физика (қатты денелердің түреуге жасайтын қысымын анықтайтын формула қысым=күш/аудан, сұйықтардағы қысым, Паскаль заңы)

 

Сабақбарысы

Сабақтыңжоспарланғанкезеңдері

 

5 мин

Сабақтың осы кезенінде оқушылармен қатты заттардыңқысымы туралы 7 сыныпта алған білімдерін қайталауға болады.

Сұйықтар мен газдардағы қысымды қарастыру үшін оқушыларға келесі құралдар ұсынылады:

1.Пішіндері әртүрлі ыдыстарға бірдей деңгейге су құйылған.

2. Пішіндері бірдей ыдыстарға бірдей деңгейге әр түрлі сұйықтар құйылған.

3.Қатынас ыдыстардың екі жағына әр түрлі сұйықтар құйылған.

Сыныпқа тапсырма. Осы құралдарға қарап, келесі сұрақтарға жауап беріңдер:

1.Қалай сұйық ыдыс түбіне қысым түсіреді?

2.Сұйықтың ыдыс түбіне түсіретін қысымы қандай шамаларға тәуелді?

3. Неге әр түрлі сұйық құйылған қатынас ыдыста сұйықтар деңгейі әр түрлі?

Презентация бойынша Паскаль заңының тұжырымдамасын еске түсіру.

Оқушылармен сұхбаттасу нәтижесінде сабақ мақсаты тұжырымдалады:Паскаль заңының өмірдегі көріністерін қарастыру, гидростатикалық қысым және атмосфералық қысым түсінігін енгізу.

 

Ресурстар

 

 

Қатынас ыдыстар, боялған су және май құйылған ыдыстар

 

https://www.youtube.com/watch?v=Cbngwgixn2s

 

 

 

 

 

27 мин

Жаңа тақырыпты түсіндіру,  сұхбат (5 минут)

I. Түбінің ауданы бірдей, ал үстінгі диаметрі әр түрлі ыдыстар ұсынылады. Осы ыдыстарға бірдей деңгейде су құйылса, бірінші ыдыстағы судың салмағы ең кіші, ал үшінші ыдыстағы судың салмағы ең үлкен болады.

Здесь должен быть рисунок

Осы орайда үшінші ыдыстағы судың ыдыс түбіне түсіретін қысымы да ең үлкен болу керек деп ойлаймыз. Бұны тексеру үшін әр ыдыстың түбіне резенке тағып, олар қаншалықты созылатынын анықтайық.

 

Здесь должен быть рисунок

 

Резенкелердің бірдей денгейге дейін созылуын, яғни, осы ыдыстардағы сұйықтардың ыдыс түбіне түсіретін қысымы бірдей болатынын бақылаймыз. Осы эксперимент нәтижесінде келесі қорытынды жасаймыз: сұйықтардың ыдыс түбіне жасайтын қысымы ыдыс пішініне тәуелді емес.

Біз парадоксқа куә болдық (грекше «парадоксос» – күтілмеген жағдай). Бұл гидростатикалық парадокс деп аталған(грекше  «гидор» – су, «статос» – қозғалмайтын).Оның физикалық мағынасы мынадай: сұйықтың ыдыс түбіне түсіретін қысымы сұйық салмағына тәуелді емес. Бұл парадоксты қалай түсіндіруге болады?(Сыныппен жұмыс)

Сұйықтың ыдыс түбіне түсіретін қысымын қалай анықтауға болады? p=F/S

F=mg,   m=ρV,   F= ρVg,    p= ρVg/S= ρgh

Формуладасұйықтың массасы да, салмағы да жоқ. Қорытынды: ыдыс түбіне түсірілген қысым сұйық массасы мен салмағына тәуелді емес, ол тек қана сұйық тығыздығына және сұйық бағанының биіктігіне тәуелді.

II. Гидростатикалық қысым түсінігі енгізіледі.

Ыдысқа құйылған сұйық бағанының салмағымен ыдыс түбіне түсірелетін қысым гидростатикалық қысым деп аталады.

III. Оқушылардың зерттеу дағдыларын дамыту үшін саралау принципі бойынша әр түрлі деңгейдегі үш топқа тапсырмалар беріледі.

(топтарда өзіндік жұмыс - 7 минут +жұмысты талқылауәр топ үшін 3 минут+ мұғалімнің презентация бойынша қорытындылауы әр топтан кейін 2 минут).

1-ші топ( визуалды, экзистенциалды интеллекті бар оқушылар)

I.Торричелли тәжірибесі

1. Өзінің тәжірибесінде Торричелли бір ұшынан бекітілген, ұзындығы 1 метр шыны түтікшені қолданды. Осы түтікті сынаппен толтырып, ашық шетін саусақпен жауып тұрып, сынап құйылған кең ыдысқа төңкерді. Саусағын алғаннан кейін, ыдыстан барлық сынап төгілмегенін бақылады.  Сұрақ: неге барлық сынап төгілмеді?

2. Түтікте қалған сынап бағанының биіктігі 760 мм болды. Осы нәтиже бойынша қандай қорытынды жасауға болады?

3. Сынып бағанының биіктігі ауа температурасына және географиялық ендікке тәуелді ме?

4.Атмосфералық қысымды өлшеу үшін қарапайым құралды ұсыныңыз.

 

Тәжірибе бойынша қорытындылау:

Атмосфералыққысым бұл ауа бағанына әсер ететін ауырлық күшінің Жердің бірлік ауданына түсіретін қысымы.

1664 жылы жасалған Торричелли тәжірибесі атмосфералық қысымды өлшеуге мүмкіндік берді.

760 мм сынап бағанының қысымына тең атмосфералық қысым 0 °С температурада тұрақты атмосфералық қысым деп аталады.

Осы қысымды Па-мен анықтау үшін гидростатикалық қысым формуласын қолданайық:

p = ρgh

ρ = 13595,1 кг/м3(сынап тығыздығы 0 °С), g = 9,80665 м/с2(еркінтүсуүдеуі) жәнеh = 760 мм = 0,76 м

p = 101 325 Па.

Бұл тұрақты атмосфералық қысым.

Тұрақты атмосфералық қысым теңіз деңгейінде кездеседі, тауларда қысым азаяды.

 

II-ші топ(лингвистикалық және логикалық интеллекті бар оқушылар).

Гидравликалық пресстің жұмыс істеу принципімен танысыңыздар және келесі сұрақтарға жауап беріңіздер:

1.Гидравликалық пресс деп нені атайды?

2.Гидравликалық пресстің құрылысы қандай?

3.Паскаль заңы негізінде гидравликалық пресстің күштен ұтыс беретінін түсіндіріңіз.

4.Гидравликалық домкрат пен гидравликалық тежегіштің жұмыс істеу принципін түсіндіріңіз.

 

Негізгі қорытындылар:

– Гидравликалық машина – Паскаль заңы негізінде жұмыс істейтін машина.

– Гидравликалық пресс –пресстеу үшін қолданылатын машина.

– Гидравликалық пресс күштен сонша есе ұтыс береді, қанша есе үлкен поршень ауданы кіші поршень ауданынан үлкен. –Гидравликалық престің жұмыс істеу принципі Паскаль заңына негізделген.

 Ендері әр түрлі екі қатынас ыдыс бірдей сұйықпен толтырылған және аудандары әр түрлі S1және S2 (S2> S1)екі поршеньмен жабылған. Паскаль заңы бойынша екі ыдыстағы қысым барлық жаққа бірдей беріледі  p1=p2 , Сондықтан,F2  күш F1күштен сонша есе кіші, қанша есе S2 аудан S1 ауданынан үлкен.

III-ші топ.

 

Поршеньді сорғының жұмыс істеу принципімен танысыңыз және келесі сұрақтарға жауап беріңіз:

1. Поршенді сұйықтық сорғының құрылысы қандай?

2. Поршенді сұйықтық сорғының жұмыс істеу принципі қандай?

3. Су құбырының жұмыс істеу принципі қандай?

Қорытынды:

Поршенді сұйықтық сорғының жұмыс істеу принципі атмосфералық қысымның әсерінен сұйықтың поршень көтерілген кезде қысымы азайған аумаққа көтерілуіне негізделген.

Қосымша1,

Қосымша 2,

Қосымша 3,

Қосымша 4-

Үлестірме материал сабақ соңында барлық оқушыға таратылады

Презентация, гидравликалық парадоксты демонстрациялайтын қүрал,гидравликалық пресс пен сорғыныңмодельдері.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қосымша 1

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қосымша 2

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қосымша 3

10 мин

Алған білімді қолдану, сапалы есептерді шығару.

1) Шыны стаканды суға салыңыз, оны судың астында төңкеріп суға толтырып алыңыз, баяу көтеріңіз. Неге стакан жиегі су астынан шыққанша дейін су төгілмейді?

2) Стаканды сумен толтырыңыз, оның бетін бір парақ қағазбен жабыңыз. Парақты қолмен ұстап тұрып, стақандды тез төңкеріңіз. Енді қолыңызды алған кезде су төгілмейтінін түсіндіріңіз.

3)Неге атмосфералық қысымды су бағанының қысымы сияқты есептеуге болмайды?

4)  1648 ж.  Блез Паскалькелесі экспериментті жасады. Олағашбөшкегеөтежіңішкеұзынтүтіктіорнатты, соданкейінүйдің екіншіқабатынакөтеріліп, түтікке бір стакан су құйды. Түтік жіңішке болғандықтан, су деңгейі өте жоғары болды. Бөшкенің темір құрсауларыүлкен қысымға шыдай алмай үзілді, бөшке жарылып кетті. Түсіндіріңіз, неге? 

5) 1654 ж. Герике әйгілі «магдебург жартышарлармен» эксперимент жасады. Экспериментті тамашалауға император Фердинанд III және Регенсбургск рейхстаг мүшелері келді. Олар ауа сорылып алынған екі жартышарды бірнеше қос аттардың айырып алмағанының күәсі болды. Түсіндіріңіз, неге? 

6) Атмосфералық қысымның табиғаттағы көріністеріне мысалдар келтіріңдер(презентация, бейнефильм көрсету арқылы)

Презентация, бейнефильм

 

https://www.youtube.com/watch?v=-ltKOK8AGcQ

 

 

 

3мин

Сабақ соңында оқушылар рефлексия жасайды.

- Бүгінсабақтажаңа не білдім?

Оқушылар кезекпен бір-бірінің жауаптарын толықтырып, сұраққа жауап береді:

Бұгін сабақта мен…… білдім

Презентация

 

Саралау – оқушыларға қалай  көбірек қолдау көрсетуді  жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Тапсырмалар оқушылардың қабілеттеріне сай беріледі (Гарднердің теориясы).

Саралау оқыту уақытын ескере отырып жаңа тақырып түсіндіру кезінде қолданылады.

Бағалау оқушылардың өздігінен жұмыс жасау нәтижесін көрсеткен кезде, сапалы есептерді талқылау кезінде және рефлексия барысында жасалады.

Топтық жұмыс кезінде оқушылардың сыныпта сумен эксперимент жасағанда қауіпсіздік ережелерін сақтау

 

Жалпы баға

 

 

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

 

2:

 

Сабақтыжақсартуға не ықпалетеалады (оқытутуралы да, оқутуралы да ойланыңыз)?

1:

 

2:

 

Сабақбарысындасыныптуралынемесежекелегеноқушылардыңжетістік/қиындықтарытуралыненібілдім, келесісабақтарда неге көңілбөлуқажет?

 

 

 


 

Скачано с www.znanio.ru

Посмотрите также