Педагогикалық қарым қатынас- білім үрдісі тиімділігінің ең маңызды шарты
Оценка 4.8

Педагогикалық қарым қатынас- білім үрдісі тиімділігінің ең маңызды шарты

Оценка 4.8
docx
11.02.2021
Педагогикалық қарым қатынас- білім үрдісі тиімділігінің ең маңызды шарты
Кабдуалиева Шынар- мақала.docx

Педагогикалық қарым қатынас- білім үрдісі тиімділігінің ең маңызды шарты

 

«Мұғалім – мамандық, ұстаздық - қасиет» деген сөз тегінен тегін айтылмаған. Осынау үлкен ұғымды ұстаздық қасиетке адамдық танытып, саналы ғұмырын осы салға арнаған, ұғымы ұшар биікпен пара- пар ұстаздардың бәрінен бәрімізде тәлім алдық, тәрбие алдық.

     Ал қазір біз білім беру мазмұнына, мектепке оқушы мен педагог тұлғасына олардың өмірі мен қызметіне деген көзқарастардың түбегейлі өзгерісіне ұшырап отырған кезеңде өмір сүріп отырмыз.

   Қазіргі мектеп мұғалімі деген кең тарапты білімді, мәдениетті ізгі келер ұрпақты тәрбиелеу мен оқытуда жаңа амал – тәсілдерді біліктілікпен қолдана білетін кәсіби шебер маманды көз алдымызға елестетеміз. Ол үшін мұғалім бүгінгі күнде білім беру саласында болып жатқан барлық жаңалықтардан хабардар болуы керек, оны салалы түрде қабылдай алатын тұлға болу керек. Кез келген мұғалім инновациялық іс- әрекетке қатыса алуы үшін педагогикалық керітартпалықтан, кәсіби артта қалушылықтан арылуы тиіс.

    Оқушы деген ынта мен белсенділіктің қалыптасуының дәрежесі оқушы-ның әр түрлі тапсырмаларды орындау барысында өз бетінше жұмыс істей алу қабілетімен, деңгейімен анықталады. Берілген тапсырмалар оқушылардың білім дәрежесіне сай болу тиіс. Білім беруді жетілдіру талабының айрықша ерекшелігі : жалпы білім беруді үздіксіз жетілдіру және оқыту үрдісін қарқындату. Бұл білімі терең және жоғары мәдениетті, ғылым мен техниканың жаңа жетістіктерін игерген азаматтарды тәрбиелеу мен тығыз байланысты. Осы күрделі үрдісте мұғалім тарапынан сақталуы тиіс педагогикалық қарым- қатынастың, яғни педагогикалық әдептің алатын орны зор.

    Оқыту үрдісіндегі педагогикалық әдеп дегеніміз мұғалімнің әрбір нақты іс- әрекетінде тәрбие мәселесінің ең ұтымды әдіс –тәсілдерін қолданып, оқушыларды еліктіріп әкететін кәсіптік сапасы. Әдеп болмаса құр білімге ешкімде құлақ аспайды, одан ауыз толтырып айтарлықтай нәтиже шықпайды. Ешқашан өз көзқарасынан танбайтын, оқушылардан теріс мінез құлықтарына көз жұмып қарамайтын, олардың кез келгеніне қатты ескерту жасаудан қаймықпайтын, бірақ оқушыларына да, өзінің педпгогикалық атына да ақылымен, құрметпен қарайтын, педагогикалық әдеппен хабары мол, ұстанымды, әдепті мұғалім оқушының жүрегіне жол таба алады. Жол таба білудің нәзік жолдары: ерлік –жігер, ұстамдылық, ілтипаттылық, дәйектілік , талап қоя білушілік, зейінділік, қалжыңдай білушілік, орынды мысқыл, ептілік, әзіл-оспаққа үйірсектік, көзқарас дауыс ырғағының мол болуы. Әдепті педагог болмай тұрып, шебер педагог болуы мүмкін емес. Педагогикалық әдеп жаттау, есте сақтау және жаттығу жолымен жасалмайды. Ол мұғалім ізденісінің нәтижесі, оның ақыл ойының көрінісі. Педагогикалық әдеп мұғалімнің жас мөлшеріне, темпарементіне, мінез құлқына тағы басқа ерекшелігіне байланысты. Педагогикалық әдеп – әр ұстаздың дара қасиетті. Әрбір нақты жағдайға оқушылардың нақты қалай қарайтынын аңғара білу педагогикалық білігін танытады. Әрбір нақты жағдай оқушылардың   қалай қарайтынын аңғаруға  білу педагогтың білігін танытады. Мұғалім мен оқушылар қарым – қатынасы ойдағыдай өрбуіне ықпал жасайтын педагог бойындағы маңызды белгілерінің бірі байқағыштық байқағышты аңғару,  сезу арқылы түсіне келе қалыптасады. Адамның жан дүниесіне жол табу тәсілдері қалай іздестірілсе, сезімталдық, байқағыштық тәсілдерде соған ұқсайды.

    Оқушылар мен қарым- қатынастағы мұғалімнің тағы қарым қатынстағы мұғалімнің тағы бір маңызды белгілерінің бірі- ілтипаттылық. Ұстаз оқушыларға жаңа материалдарды түсіндіру мен қатар оларға назар аудара да білу керек. Бұл да педагогтың әдеп саласына жатады. Әдептілік қасиеттері шамалы мұғалімді оқушылар тыңдай бермейді. Мұндай жағдайда оқушылар мен қарым қатынас жасау қиынға соғады.

   Педагогикалық әдеп мұғалімнің оқушылармен қарым қатынасындағы сенім арта білу қабілетінде қамтиды шәкірттерге сенім арту мәселесі А. Макеренко еңбектерінде тиісті орын алған әрбір оқушы өзінің оқудағы табысына, ынта ықыласына, ерік- жігеріне, талабына байланысты екеніне сене білу тиіс. Оқушылар өздерінің күштері мен мүмкіндіктерін әлі мүмкіндіктерін әлі толық шамалай алмайды. Сондықтан олар үлкендердің бағасына, әсіресе, өздеріне сенетін ұстаздарының бағасына сүйенеді. Сол себептіде мұғалім оқушылардың  қабілеттерін бағалайды өте сақ болған жөн.

    Мұғалім мен оқушылар арасындағы қарым –қатынаста педагогтың әдеп әлемі үшін төзім мен сабыр сақтау сияқты қасиеттердің мәні үлкен, тіпті көп жағдайда шешуші рөл атқарады. Ашу үстінде ешқанда да шешім  қабылдауға болмайды. Сабырлылық, өзін-өзі ұстай білушілік сияқты қасиеттер ұстаздың белсенді құралы болуы қажет. Ұстамдылық пен сабырлық іскерлік пен дағдыға ұқсас болады. Өзін-өзі ұстай білмеген мұғалімнің педагогтік әдеп сақтауға да ерік жігері жетпейді.

Педагогикалық әдеп мұғалімнің тұрақты шығармашылығы. К Ушинскидің сөзімен айтқанда, педагогикалық тәжірбие жинақтамас бұрын көп оқып, көздеген мақсаты, пәні және өз еңбегінің кілті жайында жатпай- тұрмай ойлану керек.

   Педагог 1) саяси сауатты , жан- жақты білімді  2) өз бойындағы білімді оқушы жүрегіне еркін шеберлікпен жеткізе білетін әдіскерлік икемдігі  3) оқушының психалогиялық ой- өрісін бақылай алатын сезімтал психолог бола білу шарт сонда ғана ол нағыз педагог.

   Оқуда да, тәрбие мәселесінде көңіл күйдің көтеріңкі болуы табыс кепілі. Өмірге құштарлық – әдепті педагогтың негізгі белгісі. Егер педагог өзінің көңіл күйін игере алмаса, онда ол ұстаздың әдепті сақтай алмауына. Мұғалім-адамды жасаушы адам мұғалім үшін баға құнды емес бала құнды. Мұғалімге қойылатын кейбір талаптар 1-10 бала қабілетінің жоғары не төмендігіне қарамастан, ол- өзінше бір тұлға, табиғаттың таңғажайып құбылысы бағаға терең үңіліп жан дүниесін түсінуге ұмтылу педагогтың басты парызы.  Кез келген мұғалім инновациялық іс- әрекетке қатыса алуы үшін педагогикалық керітартпалықтан кәсіби артта қалушылықтан арылуы тиіс. Оқуға деген ынта мен белсенділіктің қалыптасуының дәрежесі оқушының әртүрлі тапсырмаларды орындау барысында өз бетінше жұмыс істей алу қабілетімен деңгейімен анықталады. Берілген тапсырмалар оқушылардың білім дәрежесіне сай болуы тиіс. Білім беруді жетілдіруді талабының айрықша ерекшклігі: жалпы білім беруді үздіксіз жетілдіру және оқыту үрдісі қарқындату. Бұл білімді терең және  жоғары мәдениетті, ғылым мен техникалық жаңа жетістіктерін игерген азаматтарды тығыз байланысты осы күрделі үрдісте мұғалім тарапынан сақталуы тиіс педагогикалық қарым қатынастың, яғни педагогикалық әдептің алатын орны зор.

   Оқыту үрдісіндегі педагогтық әдеп дегеніміз – мұғалімнің әрбір нақты іс- әркетінде тәрбие мәселесінің ең ұтымды әдіс- тәсілдерін қолданып, оқушыларды еліктіріп әкететін кәсіптік сапасы. Әдеп болмаса құр білімге ешкімде құлақ аспайды және одан ауыз толтырып айтарлықтай нәтиже шықпайды.  Ешқашан өз көзқарасынан тынбайтын, оқушылардың теріс- мінез құлықтарынан көз жұмып қарамайтын, олардың кез –келгеніне қатты ескерту жасаудан қаймықпайтын, бірақ оқушыларына да, өзінің педагог атына да ақылымен, құрметпен қарайтын, педагог тек әдеппен  хабары мол, ұстамды, әдепті мұғалім оқушылардың жүрегіне жол таба алады. Жол таба бідудің нәзік жолдары : ерік –жігер, ұстамдылық ілтипаттылық, дәйектілік талап  қоя білушілік, зейінділік, қалжыңдай білушілік, орынды мысқыл,ептілік, әзіл-оспаққа үйірсектік, көзқарас және дауыс ырғағының мол болуы.

 

    


 

Педагогикалық қарым қатынас- білім үрдісі тиімділігінің ең маңызды шарты «Мұғалім – мамандық, ұстаздық - қасиет» деген сөз тегінен тегін айтылмаған

Педагогикалық қарым қатынас- білім үрдісі тиімділігінің ең маңызды шарты «Мұғалім – мамандық, ұстаздық - қасиет» деген сөз тегінен тегін айтылмаған

Педагогикалық әдеп – әр ұстаздың дара қасиетті

Педагогикалық әдеп – әр ұстаздың дара қасиетті

Кез келген мұғалім инновациялық іс- әрекетке қатыса алуы үшін педагогикалық керітартпалықтан кәсіби артта қалушылықтан арылуы тиіс

Кез келген мұғалім инновациялық іс- әрекетке қатыса алуы үшін педагогикалық керітартпалықтан кәсіби артта қалушылықтан арылуы тиіс
Материалы на данной страницы взяты из открытых истончиков либо размещены пользователем в соответствии с договором-офертой сайта. Вы можете сообщить о нарушении.
11.02.2021