Абай -адамзаттың алыбы. Даналықтан дән іздейік
Оценка 4.7

Абай -адамзаттың алыбы. Даналықтан дән іздейік

Оценка 4.7
docx
30.11.2020
Абай -адамзаттың алыбы. Даналықтан дән іздейік
Даналықтан дән іздейік.docx

                      Абай –адамзаттың алыбы. Даналықтан дән іздейік

    Қай елде, қай жерде болмасын, бала тәрбиесіне ерекше мән беріледі. Сондықтан бүгінгі ұрпақтың ұлттық сана-сезімін оятып, тәрбиелеп, қалыптастырып қана қоймай, ата-аналарды да осы бағытқа жұмылдыруда Абайдың қарасөздерінің орны ерекше. Халқымыздың ардақты азаматы Мұстафа Шоқай: «Ұлт мәдениетінен жұрдай рухта тәрбиеленген ұрпақтан халқымыздың қажетіне пайдалы азамат шықпайды», - ұлт болашағын сақтауды мектеп табалдырығынан бастау  қажеттігін атап көрсетті. Абайдың қарасөздері баланы ұлттық рухта, адамгершілігі мол, жан-жағындағы ақ пен қараны айыра білетін азамат етіп тәрбиелеудің бірден-бір жолы деп айтсақ қателеспейміз.

     Абай ең алдымен халқының бірлігін ойлады. Алтыншы сөзінде «Бірлік қандай елде болады... Қазақ ойлайды, бірлік ат ортақ,ас ортақ, киім ортақ, дәулет ортақ болса екен дейді... Жоқ, бірлік-ақылға....бірлік емес пе?» Шұрайлы жерінен айрылып, берекесі қашқан халықтың санасына алдымен ақыл бірлігі, содан кейін саяси ой бірлігі, одан кейін тәуелсіздік керек екенін түсіндіреді. Сонда қандай істе болсын,  алдымен бірлік керек екенін, қай жағынан бірігу керектігін айтады. Яғни, барлық жақсы істің бастауы бірлік екенін өсиет етеді.

    Ұлы ойшыл адамның өсіп, жетілуіндегі тәрбиенің рөліне де ерекше тоқталады. 19-қарасөзінде «Адам туа сала есті болып тумайды. Естіп, көріп, ұстап, татып, естілердің айтқандарын есте сақтап қана естілер қатарында болады» - дейді. Яғни, ақыл-естің тәрбие жемісі екенін түсіндірген. Абай «сүйекке біткен мінез сүйекпен бірге кетеді» деген теріс көзқарасты әшкерелеп, адам мінезі өмір барысында, өзін қоршаған адамдармен тікелей байланысты екенін де айтады. Бұл жас ұрпақтың айналасына үңіліп, кімнен не үйрену керек екенін пайымдауына жол ашады. Өз сөздерінде де, өлеңдерінде де жақсы, жаман мінездерді, әдеттерді жіктеп берді. «Егер есті кісі қатарында болғың келсе, күніне бір мәртебе, болмаса жұмасына бір рет, ең болмаса айында бір рет өмірді қалай өткізгенің туралы өз-өзіңнен есеп ал» - дейді. Яғни, адамның өзін-өзі тәрбиелеудің маңыздылығына ерекше тоқталады. Абай «Адам баласы бір-бірінен ақыл, ғылым, ар, мінез деген нәрселермен ғана оза алады» - деп,  қоғамдық ортаның тәрбиеге әсерін ерекше көрсете білді.

        Иә, мінез-құлық –адамның ішкі жан дүниесінің айнасы. Ұлы Абай да адамда ең алдымен әсем мінез болу керектігін, сол арқылы ол адамның басқалармен жақсы қарым-қатынас орната алатынын атап айтқан болатын.

       Еңбек –өмір тұтқасы, тіршіліктің көзі. Қоғамдағы байлықтың бәрі еңбекпен жасалады. Осыны терең ойлап, топшылаған дана жалқаулықты  да сынап айтқан. «Жалға жүр, жат елге кет, мал тауып кел, Малың болса сыйламай тұра алмас ел...»- деп талаптануға, талпынуға, адал еңбек етуге шақырады. Еңбекті дәріптеп, оның бейнеті мен зейнетін көруге ұмтылдырады.

      Жас ұрпаққа «Әсемпаз болма әрнеге, Өнерпаз болсаң, арқалан, Сен де бір кірпіш дүниеге, Кетігін тап та, бар қалан»,- өмірде өз орныңды таба біл, еліңе пайдалы азамат бол деп өсиет айтады. Абай үлгі етіп ұсынған адал еңбек, ар-ождан мәселесі  қай қоғамда болмасын аса қажет, адамды қиыншылық атаулыдан аман алып шығатын тіршіліктің тұтқасы, өмірдің өзгермес заңы, жас ұрпақты алға жетелер жарық жұлдыз екені даусыз.

  Абай Құнанбаевтың көзқарасы киелі де құнарлы қазына десек артық айтқандық емес. Данышпан бабамыздың тәрбие туралы ұлағатты өсиеттері қазіргі таңда ұлтымыздың тәрбиесіне  жаңашыл көзқарастағы бағыт-бағдар беретін тағылым. Ол бала тәрбиесіне ата-ана жауапты екенін айтып, ағартушылық насихат қалдырған. Оның ойы-өркениет дәуіріндегі моральдық тұрғыдан иманды, бәсекеге қабілетті, дарынды, ізденгіш, білімді Толық адамын тәрбиелеу. «Ғылым- білімді әуелі бастан бала өзі іздеп таппайды. Басында зорлықпен, яки алдаумен үйір қылу керек, үйрене келе өзі ізденгендей болғанша. Қашан бала ғылым, білімді махаббатпен көксерлік болса, сонда ғана оның аты адам болады»-дейді.  

      Бұған дейін де ата-бабаларымыз баланың тәрбиесіне ерекше көңіл бөлген. Бұған дәлел, бала Абайдың аналарының қамқорлығында болып, солардан рухани байлыққа сусындап өскені. Қазақ халқы арнайы бала тәрбиесімен айналысатын мектеп, балабақша болмаса да, өз ұрпағын бесікте жатқанда-ақ өлең-жырмен, әңгіме, ертегі, тақпақ, санамақтармен сусындатып өсірген. Жас кезінен сусындаған сөз өнерінің алтын кестелері сөйлеу қорын дамытып, мағыналы да мәнді сөйлеуге жаттықтырған. Халықтық шығармалардағы әр жақты айқын бейнелер арқылы ойларын шыңдап отырған.

    Міне, анасының уызына мейіріммен сусындаған бала Абай  халқымыздың дана  Абайына айналып, халқының болашағына адам бойындағы асыл қасиеттердің, парасаттылықтың үлгісі ретінде ұрпақтан – ұрпаққа рухани сабақтастықпен бірге жасасып келеді.

                                                                   Алматы облысы Кербұлақ ауданы

                                                                              Д.Қонаев атындағы орта мектеп

                                                                               Қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі

                                                                               Қожахмет Сауле Ахметқалиқызы

 

 

 

 

 

 


 

Абай –адамзаттың алыбы. Даналықтан дән іздейік Қай елде, қай жерде болмасын, бала тәрбиесіне ерекше мән беріледі

Абай –адамзаттың алыбы. Даналықтан дән іздейік Қай елде, қай жерде болмасын, бала тәрбиесіне ерекше мән беріледі

Еңбекті дәріптеп, оның бейнеті мен зейнетін көруге ұмтылдырады

Еңбекті дәріптеп, оның бейнеті мен зейнетін көруге ұмтылдырады

Абай -адамзаттың алыбы. Даналықтан дән іздейік

Абай -адамзаттың алыбы. Даналықтан дән іздейік
Материалы на данной страницы взяты из открытых истончиков либо размещены пользователем в соответствии с договором-офертой сайта. Вы можете сообщить о нарушении.
30.11.2020