Педагогикалық оқу: Оқушылардың мамандық таңдауында қосымша білім берудің рөлі
Оценка 4.9

Педагогикалық оқу: Оқушылардың мамандық таңдауында қосымша білім берудің рөлі

Оценка 4.9
Научные работы
docx
администрации +1
Взрослым
15.02.2018
Педагогикалық оқу: Оқушылардың  мамандық таңдауында қосымша білім берудің рөлі
Индер аудандық білім бөліміне қарасты оқушылар шығармашылық орталығында аудан орталығы басындағы мектептерден 19 үйірмеге 661 оқушы ғылыми-техникалық, эстетикалық-көркемдік, экологиялық-биологиялық, туристік-өлкетану, әскери-патриоттық, экономикалық-математикалық бағыттар бойынша үйірмелерге тартылып, тұлғаның жан-жақты дамуына, оның шығармашылық қабілеттерін ашуға, алдын ала кәсіби бағдарлануына бағытталған жұмыстар атқарылуда, нәтиже де айтарлықтай. Мысалы: «Іскер», «Тұлпар», «Шебер» үйірмелері оқушыларды автокөлік жүргізуші мамандығына бейімдесе, «Ұшақ модельдеу» , «Роботтехникасы» үйірмелері балаларды өнертапқышттыққа, жаңашылдыққа бағдарлайды. «Сән», «Өрнек» үйірмелері балаларды тігіншілікке, тоқу өнеріне баулыса, «Ақдастархан» үйірмесі аспаздық өнерге қызығатын оқушыларды тәрбиелейді.«Білім беру мазмұнын жаңарту жағдайында педагогтың кәсіби құзыреттілігі мен білім сапасын арттыру» тақырыбындағы білім беру қызметкерлерінің аудандық педагогикалық оқуларына қатысуға
педоку Шакимова Г.docx
1. Автордың толық аты­жөні, тегі (жеке куәлік бойынша) 2. Жұмыс оны, лауазымы 3. Мамандығы   бойынша   диплом және жеке куәлік көшірмесі Шакимова Гульжан Женисовна Индер   аудандық   білім   бөлімінің оқушылар шығармашылық орталығы. «Ақ дастархан» үйірмесінің қосымша білім беру педагогі 5ВО12000 – Аспаз­кондитер,  №0066313. Диплом Ж.к № 025710400 Ғылыми дәрежесі Секциялық жұмыс бағыты      Баяндама тақырыбы 4. 5. 6. 7. 8.       Қосымша білім Оқушылардың мамандық таңдауында   қосымша   білім   берудің рөлі 87123421461 87028125859 Shakimova1970@mail.ru Байланыс   телефондары   (ж/т; ұ/т) Электрондық почтасы e­mail: «Білім беру мазмұнын жаңарту жағдайында педагогтың кәсіби құзыреттілігі мен білім сапасын арттыру» тақырыбындағы білім беру қызметкерлерінің аудандық педагогикалық оқуларына қатысуға сұраныс Тақырыбы: Оқушылардың  мамандық таңдауында қосымша білім берудің рөлі Шакимова Гульжан Женисовна Атырау облысы, Индер ауданы, Индербор кенті Индер аудандық білім бөлімінің оқушылар шығармашылық орталығы «Ақ дастархан» үйірмесінің қосымша білім беру педагогі Кіріспе 1.  Қосымша білім беру мектептен тыс ұйымдарының мақсаты 2.   Орта   мектеп   оқушыларына   кәсіби   бағдар   берудің   өзекті   мәселелері 3. Балаларды мамандыққа баулуда  қосымша білім беру ұйымдарының        ата­анамен  өзара байланысы  Қорытынды     Қосымша білім беру жүйесінің  басты  мақсаты ­ балалардың  шығармашы­  лық  қабілеттерін дамыту, қазіргі қоғамдағы жедел өзгерістерге  бейімделу  дағдыларын қалыптастыру және  бос уақыттарын тиімді пайдалануды  ұйымдастыру болып  табылады.  Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев: «Еліміздің ертеңі бүгінгі жас  ұрпақтың қолында, ал жас ұрпақтың тағдыры ұстаздардың қолында»­ дегенін  барлығымыз білеміз. Қосымша  білім беру  саласы  мемлекеттік  саясатты іске  асыру,  балалардың шығармашылық   қабілеттерін   қалыптастыру   және   дамыту,   зияткерлік адамгершілік тұрғыда және оның денесін жетілдірудегі жеке қажеттіліктерін қанағаттандыру,   жасөспірім   балалардың   қоғам   өміріне   әлеуметтік бейімделуін қамтамасыз ету, қазіргі қоғамдағы жүргізіліп жатқан өзгерістер маңызды   дәрежеде   білім   беру   ұйымдарының   барлық   түрлерін   жетілдіру қажеттілігі   мен   ерекшеліктерін   анықтайды,     соның     ішінде     тұлғаның шығармашылық  әлеуетін  дамытуды көздейді.[1]     Қазіргі уақытта балаларға қосымша білім беру әлеуметтік тұрғыда қажетті және мемлекет пен қоғам тарапынан тұрақты назар аударуды, қолдауды қажет етеді. Ол тұлғаның жан­жақты дамуына, оның қабілеттерін ашуға, алдын ала кәсіби бағдарлауына көмектеседі.          Балаларға қосымша білім беру ұйымдарының құндылығы жалпы білім берудің вариативтігін іске асыруға, мектепте алған білім, білік дағдыларын пайдалануға,   білім   алушылардың   танымдық   уәждемесін   ынталандыруға мүмкіндік     береді.     Ең     бастысы–қосымша     білім     беру     жағдайындағы балалардың шығармашылық әлеуеттері, қазіргі қоғамға бейімделу дағдылары дамиды және бос уақыттарын тиімді ұйымдастыруға мүмкіндік алады. Қосымша білім берудің сапасы мен қолжетімділігіне кепілдік беру, тәрбие мен   оқыту   үдерісінде   балалар   мен   жасөспірімдердің   жан­жақты қажеттіліктерін  қанағаттандыру.     Қазіргі кезеңдегі ең өзекті мәселенің бірі – бәсекелестікке қабілетті, еңбек нарығында сұранысқа ие бола алатындай кәсіби мамандар дайындау.        Балаларға қосымша білім беру мазмұны, оны ұйымдастыру түрі, әдістері мен   технологиялары   сапасын   көтеру,   педагогикалық   шығармашылық жұмысты бағдарлы түрде ұйымдастыру көзделген. Қазақстандағы қосымша білім   беру   жүйесі   білім   беру   кеңістігінің   ең   динамикалық   және   дамушы құрамды   бөлігі   болып   табылады,   ол   стандартты   жүйеге   қарағанда   ерекше ашық   және   еркін   дамуды   қалыптастырады   (үнемі   балалармен   жұмыс   істеу мазмұны,   әдісі   мен   формалары   өзгерісте   болады),   педагогтық   авторлық шығармашылығы позициясын  дамытуда  жаңа технологияларды  қолдану.[1]        Қосымша білім беру ұйымдары кез­келген әлеуметтік топта балалардың қарым­қатынасты реттей алатын және қосымша білім беру ұйымдарындағы қызметте өзін өзіндік тұлға ретінде көрсетуге қалыптастыратын қабілеттерін дамытатын ашық ақпараттық, білім беру, қызметтік және коммуникативтік әлеуметтік кеңістігін құруда оқушының жеке танымдық мүмкіндіктері мен қабілеттерін ескере отырып, жеке тұлға ретінде дамуына, әлеуметтік бағдар алуына тиімді жағдай жасаушы жүйені дамыту.         Оқушыны шығармашылық жұмысқа тарту арқылы танымдық қабілеттерін, қызығушылығын   арттыру,   жетістіктерін   бағалап   көрсету,   белсенділігін қалыптастыру,   өздігінен   еңбек   етуге   дайындау,   іскерлігін   дамыту,   он саусағынан өнері тамған дарынды баланы тәрбиелеу. Жастарымыздың өнерлі болуы қоғамдық өмірімізге үлкен әсерін тигізеді, өнер мен білім беру ісін бір ­ бірімен   ұштастырып,   бала   санасына   ұялатуда   үлкен   жүрек,   мол мейрімділікпен   қоса   кәсіби   дарын,   іздемпаздық,   іскерлік   екендігі   адамның адамгершілік   дүние   танымын   қалыптастырып   үйретеді.   Жоспарланған жұмыстың түрлері: әңгімелесу, талдау, теориялық, машықтық, жеке, топтық, технологиялық   нұсқау   карталар,   үлгі   суреттер   арқылы   орындалуы   жүзеге асырылады.            Күтілетін   нәтижелер:   оқушылар   өздерінің   бағдарламаға   сай   жасаған туындыларының   нәтижесін   мектепішілік,   аудандық,   облыстық   байқауларда, көрмелерде   көруі.   Бағдарламаны   жүзеге   асырудың   қорытынды   түрі мектепішілік,   аудандық,   облыстық   байқауларда,   көрмелерде   жұмыстарын шығару   арқылы.   Әрбір   жетекші   оқушыны   үйірмеге   қызықтыру   үшін   үнемі ізденіс үстінде болу керек, жұмыс жасауға қажетті материалдарды көркем әдебиеттерден, баспасөз беттерінен, ақпарат құралдарынан іздестіре отырып, тақырыпқа   байланысты   элементтерін,   дайын   бұйым   түрлерін,   слайд   ­ фильмдерді,   әсіресе   компьютер   арқылы   фото   туындылары   т.б.с.с.   көрнекі материалдарды барынша пайдаланып, көп еңбектенуге тура келеді. Қазір   оқушыларымыз   өнердің   барлық   түрлерін,   бейнелеуге   икемділіктерін үйірме   жұмыстарымен   айналыса   отырып   толық   меңгеруге   тәрбие   берудің деңгейін   көтеріп,   мақсатқа   жету   үшін   түрлі   әдіс   ­   тәсілдер   қажеттілігінің туындауын   шығармашылық   іс   ­   әрекеттерімен   көрсетуде,   сол   арқылы   өз қызуғушылықтарын   арттырып келеді. .[2]  Оқушының  бос уақытын  тиімді  ұйымдастыру.     Әр адам бос уақытын өзінше бір нәрсеге арнайды. Бірақ, бос уақытты  ұтымды етіп өткізу әлдеқайда тиімді. Дұрыс тиімді ұйымдастырылған бос  уақыт ­ олардың  рухани өмірін, көзқарасын толықтырылуын қамтамасыз  етеді. Баланың бос уақытын оның өз қалауымен өткізуге атсалысу, оған аса  мән беру ­ қазіргі таңның басты мақсаты саналуы тиіс. Бүгінгі таңда жаңа  білімді адамды қалыптастыру барысында  үйірме жұмыстары күннен­күнге  ұлғая түсуде. Мектептен тыс орталықтарда жүргізілетін тәрбие жұмыстары,  сабақ үстінде жүзеге асыратын тәрбие жұмысын толықтыра және тереңдете  отырып, ең алдымен балалардың таланттары мен қабілеттерін неғұрлым толық ашудың, олардың бір нәрсеге қызығушылығы мен ынтасын оятудың құралы  ретінде қызмет атқарады, ол оқушылардың бос уақытын ұйымдастырудың  және олардың адамгершілік мінез құлыққа жаттығуын ұйымдастырудың  формасы болып табылады. Біріншіден, оқудан тыс әр тарапты әрекет баланың сабақта мүмкін  болмайтын жан ­ жақты дара қабілетін ашуға ықпал етеді. Екіншіден, сыныптан тыс әр түрлі үйірме жұмысының түрімен айналысу  баланың жеке әлеуметтік тәжірибесін жандандырып, жетілдіреді, оның  адамзат құндылықтарына негізделген білімдерін байытып, қажетті  практикалық іскерлігі мен дағдысын қалыптастырады. Үшіншіден, зертханалық жұмыстар, сыныптан тыс түрлі тәрбие жұмысы  оқушыларда әрекеттің әртүріне қатысты қызығушылығының дамуына, оған  белсенді қатысуға деген құлшынысын тәрбиелеуге нәтижелі ықпал етеді.  Егерде балада еңбекке деген тұрақты қызығушылық және белгілі бір  мамандыққа деген практикалық дағды қалыптасқан болса, онда ол өз бетінше  тапсырманы   нәтижелі орындауды  қамтамасыз ете алады. .[3] Үйірме оқушысының моделі Бағдарлы   кәсіби   тұрғыда   үйірмеде   жаңа   технологиямен   білім   беру. Қазіргі кезеңде Республикамызда қосымша білім берудің жаңа жүйесі жасалып, Қазақстандық білім беру жүйесі әлемдік білім беру кеңістігіне енуге бағыт алуда. Білім беру саласы қызметкерлерінің алдында қойылып отырған басты   міндеттердің   бірі­оқытудың   әдіс­тәсілдерін   үнемі   жетілдіріп   отыру және қазіргі заманғы педагогикалық технологияларды меңгеру. Қазіргі білім беру саласындағы оқытудың озық технологияларын меңгермейінше сауатты, жан­жақты маман болу мүмкін емес. Жаңа технологияны меңгеру мұғалімнің интеллектуалдық, кәсіптік, адамгершілік, рухани, азаматтық және басқа да көптеген адами келбетінің қалыптасуына игі әсерін тигізеді, өзін­өзі дамытып, оқу­тәрбие   үрдісін   тиімді   ұйымдастыруына   көмектеседі.   Ғылым   мен техниканың,   ақпараттың   дамыған   заманында   озық   ойлы,   шығармашылығы жоғары   оқушы   тәрбиелеу   әр   ұстаздың   басты   міндеті.     Оқушылардың шығармашылық іскерліктерін арттырып, заман талабын ескере отырып, әрбір кезеңде   жаңашыл   педагогтардың   әдіс­тәсілдерін,   озық   технологиясын басшылыққа   алып,   оқыту   үрдісінде   СТО,   кіріктірілген   сабақ   түрлерін   көп қолданып, сабақтар өткізу қажет. Сыни тұрғыдан ойлау мен сабақ үдерісінде ақпараттық ­ коммуникативтік технологияны қолдану оқушылардың тәуелсіз ойлауына, ой қорытуына, қабілетіне, визуалды және ауызша түрдегі ақпарат алуына,   өзін­өзі   бағалауына,   өз   бетімен   ізденуіне   ықпалын   тигізеді.   Сыни тұрғысынан   ойлауды   қалыптастырып,   балалардың   өз   білімдерімен   жаңа білімдерін   ұштастыра   отырып   тақырыпты   түсінуге   бағыт   беріледі.   Сыни тұрғыдан ойлаудың стратегиялары өте көп. Ол іс әрекеттер оқушыларға еркін ойлауға   мүмкіндік   береді,   ақыл   ойын   дамытады,   ұжымдық   іс   әрекетке тәрбиелейді, тіл байлығы жетіледі, жан жақты ізденеді, өз ойын жеткізеді. Бұл технологияның   ішкі   құрылымында   ерекшелік   бар.   Үйренгенін   қабылдайды, іштей ойлануға үйренеді, ой алмасады. Белсенді түрде өз білімін нақтылау жолын қайта қарап, өзгерістер енгізеді. Сол білім арқылы өзінің өзгергенін сезеді.[4]   Мамандықтың бәрі жақсы.           Әлемде   40   мыңға   жуық   әр   түрлі   мамандықтар   бар.   Мамандардың зерттеулері       бойынша           жыл сайын 25 млн. адам өзінің жұмыс орнын ауыстырып, оның 25%­ы қайтадан өз орнына қайтып оралады екен. Бұдан, мамандықты  таңдауда әр  маман  қателеспепті  деуге бола ма?  Әлде өзінің болашақтағы   кәсіби     қызметіне   жан­жақты   дайындалу   керек   шығар? Қоғамға,   адамдарға   пайдасын   тигізетін   мамандықтарды   қалай   таңдауға болады?            Профессия — латын сөзінен шыққан, “professio”, ­анықталған іс,мамандық           дегенді    білдіреді.   Мамандық — қарапайым өмір сүру көзі болып            табылатын және қандай да    бір    дайындықты, жауапкершілікті  талап                 ететін еңбек қызметінің маңызды     бөлігі. Кәсіп әлемі қашан да өзгермелі, кейбір мамандықтар келмеске кетсе, жаңадан мамандықтар   дүниеге   келіп   жатады.   Оқушылар   мамандық   таңдап,   кәсіп иеленерде түрлі мамандықтар туралы деректерді қашан да қажет етеді. Дәл осы кезеңде қосымша білім беру педагогі бұл жұмысты ұйымдастыра алады.           Мектептерде   жеке   адамның   қалыптасуына   байланысты   кәсіби   бағдар жұмысы аз  жүргізіледі.  Жалпы  білім беретін мектептер  оқушыларға бағыт береді. Бірақ, өмірлік ең маңызды міндетті шешу үшін ерекше толықтырылған дайындық керек. Ол міндет еңбекті өз бетінше және саналы таңдау. Әзірше мектепте арнайы мамандық таңдау бойынша оқу пәні жоқ.      Ж. Аймауытұлы өзінің «Жан жүйесі және өнер таңдау» атты еңбегінде, әр адам белгілі бір кәсіптің түрін таңдап алатынын, мұнда ол өзінің тумысынан берілетін ерекшеліктерін, іс – әрекеттің қандай түріне бейім екенін аңғара алуы  керек  дейді. Сонда  ғана  ол  өзіне  қажетті  мамандықты  дұрыс   таңдай алады.   Мұндағы   негізгі   мәселе   –   мамандықтың   әлеуметке,   қоғамға   қанша пайда   келтіретіні.   Бұл   жерде,   біз   назар   аударатын   бір   мәселе,   мамандық таңдауда адамның тегіне, геніне байланысты жайтқа да ерекше мән беру.   Ол осыған өзінің көзқарасын білдіріп, адамға табиғат сыйлаған қасиеттермен санаспаса болмайды деп, іштен туа біткен қабілетке үлкен мән береді. [ Ұлт тағылымы.­2014,­№2    256­259 бет] .[4]       14 – 18 жас өзін – өзі анықтау жасы. Кім болам? Қандай болу керек? Мен не   нәрсеге   қабілеттімін?   Мен   қай   жерге   керекпін?   Міне   жоғары   сынып оқушыларының   алдында   осы   сұрақ   тұрады.   Қызықтыратын   мыңдаған мамандық бар – олар қандай? Еңбектің түрі адамнан түрлі қасиеттерді талап етеді. Бір жағдай адамнан қарым – қатынас, басқалардан бағынуды талап етсе, басқа кезде қозғалыстың мәдениетін, зейіннің өткірлігін талап етеді. Сүйікті мамандыққа сай қасиеттерді меңгермесе не істеу керек? Осындай көптеген сұрақтар  оқушыға көп ойлануды қажет етеді. Шешім   қабылдаудан   бұрын,   дербес   адам   тәжірибелі   үлкендермен, құрдастарымен,   кітаппен   ақылдасады.   Бірақ,   әрбір   жас   адам   шешімді   өз беінше қабылдауы керек.  Қазіргі   заманда   жасөспірімдердің   кәсіби   бағдарлануы   қоғамның әлеуметтік,   экономикалық   дамуына   тәуелді   болып   келеді.   Сонымен   қатар оқушылардың кәсіби бағалануына отбасы да маңызды ықпал етеді.  Мектепте, оқушылар дұрыс мамандық таңдау үшін мамандықтандыру пәнін немесе кәсіби кеңес беруді еңгізу керек. Дәл осы кезеңде қосымша білім беру   ұйымдары нәтижелі жұмыс көрсете алады. Себебі түрлі үйірмелерге қатысу арқылы  оқушы өзі қалаған мамандықты таңдауға мүмкіндігі бар және қалаған мамандығы  туралы мәлімет жинап алуға болады.  Қосымша   білім   беру   жүйесі   жеке   адамның   шығармашылығын белсендіруге,  әлеуметтік   процестердің   дамуын   рационалды   басқаруға   және даму   үстіндегі   қоғамның   қажеттіліктерімен   жас   азаматардың   жеке қызығушылықтарын үйлестіруге бағытталған.  Кәсіпке   бағдарлану  –   бұл   әрбір   жеке   тұлғаның   индивидуалды ерекшеліктерін және халық шаруашылығына экономикалық аудандарға, жеке салаларға   қажетті   сұранысы   бар   мамандықтарды   ескере   отырып   жастарды еркін   және   өзіндік   мамандық   таңдауға   дайындаудың   ғылыми   негізделген жүйесі. Бұл жүйенің негізгі объектісі бастауыш сыныптан жоғарғы сыныпқа дейінгі оқушылардың тұлғасы болып табылады. Кәсіптік бағдар бұл – бір – бірімен тығыз әрекеттесетін қоғамдық және жеке тұлғалық жоспарда жүзеге асатын күрделі динамикалық жүйе. Елімізде жаппай орта білім беруге көшу жүзеге асырылып жатқан кезде қазіргі нарықтық экономика және жекешелендіру саясаты жүзеге асырылып жатқан уақытта әрбір орта білім алған жастар заман талабына сай өзі қалаған белгілі   бір   мамандықты   меңгеруге   бейімделуі   тиіс.   Олар   ең   алдымен,   ата кәсіпке икемді болумен қатар кез – келген өндіріс орындарында, ұйымдасып жатқан еңбек бірлестіктеріне, жеке шаруа қожалығында жұмыс істей алуға міндетті және қажет.  Мектеп оқушыларына осындай бағыт – бағдар мектеп қабырғасында екі кезеңде іске асыруы қажет: біріншісі 5 – 9 сыныптарда мамандыққа бағдарлау болса,   екіншісі   10   –   11   сыныпта   кәсіпке   оқыту   болмақ.   Кәсіпке   бейімдеу негізінен   технология   білім   саласы   бойынша   жүзеге   асырылады.   Оқыту барысында технологиялық білім практикалық дағдыға үйренуге сипат алып, мектеп оқушыларын қоғамға пайдалы, өнімді еңбекке белсене қатысуға жол ашады.   Дұрыс   таңдау   жасалған   мамандық   адамның   икемділігі   мен қызығушылығын   арттырады.   Осы   орайда   Қытай   ойшылы     Дэн   Си   “Өзіңе ұнаған   жұмысты   таңда.   Сонда   сен   ешқашан   жұмыс   істеуге   қиналмайсың” деген. Тек сонда ғана таңдаған мамандық рахат пен қуаныш сыйлайды. Мектеп   оқушыларына   кәсіптік   бағдар   берудегі  қосымша білім беру іс­әрекеті­зерттеу   құралы.   Зерттеу   мақсаты­   оқушылардың педагогінің эстетикалық­көркемдік,   әскери­патриоттық, кәсіптік   бағдарындағы   әрекеттері   ерекшелігін   сараптау   мен   қарастыру. Қосымша білім беру педагогі қызметін оқушылардың кәсіптік бағдары әдісі мен түрлерінде анықтау.  Мамандық таңдау үшін адам ең алдымен өзін, өз бейімділігін   тануы   қажет.  Ол   үшін   алдымен   төмендегідей   әдіс­тәсілдерді қолданамыз:            ­ баланың отбасы жағдайын зерттеу       ­  ата – анасымен әңгімелесу       ­ шығармашылық қабілетін анықтау             ­   сауалнамалар,   психодиагностикалық   тренингтер   өткізу.  Сауалнама арқылы оқушылардың мамандыққа, кәсіпке деген қызығушылығын анықтауға болады.   Осындай   сауалнамалар   арқылы   өздерінің   қызығушылығы   арқылы таңдаған үйірмелерге тартып, кәсіптік бағдарын айқындауға жол көрсетеді. . [5]       Индер аудандық білім бөліміне қарасты  оқушылар шығармашылық орталығында    аудан   орталығы   басындағы   мектептерден   19   үйірмеге   661 оқушы   ғылыми­техникалық,   экологиялық­ биологиялық,   экономикалық­ математикалық   бағыттар     бойынша   үйірмелерге   тартылып,  тұлғаның   жан­ жақты дамуына, оның  шығармашылық  қабілеттерін ашуға, алдын ала кәсіби бағдарлануына бағытталған  жұмыстар атқарылуда, нәтиже де айтарлықтай. Мысалы:   «Іскер»,   «Тұлпар»,   «Шебер»   үйірмелері   оқушыларды   автокөлік жүргізуші   мамандығына   бейімдесе,  «Ұшақ   модельдеу» ,  «Роботтехникасы» үйірмелері   балаларды   өнертапқышттыққа,   жаңашылдыққа   бағдарлайды. «Сән»,   «Өрнек»  үйірмелері   балаларды   тігіншілікке,   тоқу   өнеріне   баулыса, «Ақдастархан»    аспаздық   өнерге   қызығатын   оқушыларды тәрбиелейді.   Осы үйірменің қатысушыларын зерттеу арқылы олардың аспаз мамандығына   деген   қызығушылығын   арттыру   мақсатында   түрлі   іс­шаралар өткізуді мақсат етіп алдым.  Аспаз мамандығы  адам өмірінде жайлы жағдай тудырудың   ең   маңыздысы   болып   саналады.   Аспаз   өнері   адамға   өзінің денсаулығын нығайтуға,   кейбір   өнімдердің дәмдік сапасымен рақаттануға  көмектеседі.    Дұрыс   әзірленген   тамақ   –   адамның   жақсы   көңіл­күйінің кепілдігі,   өйткені   тамақ   адамның   дене   құрылымына   барады,   оны   қуатпен және   қатетті   нәрлі   заттармен   жабдықтайды.   Аспаз   мамандығы   қандайда болмасын салада жұмыс істейді. Тамақты жақсы  дайындайтын маман барлық жерде қажет: перзентханада, балалар үйінде, зауытта, қазіргі заманғы офис  пен сәулетті   мейманханада.     Адамдар асханаға,  дәмханаға, мейрамханаға түскі асқа, демалуға, уақытын қызық өткізуге, отбасы мерекелері мен мерейтойларын өткізуге келеді.  Дәмді тағам дайындау, оған көзге тартымды  сипат, дәм түйсігі үйлесімін,   хош иіс  композициясын   беру    –   бұл өнер, рақаттану мүмкіншілігін беру. Мұндай тағамды дайындау үшін тек   белгілі бір тамақ өнімдері ғана емес,   дарынды аспаз   қажет. Аспаз   мамандығы   артықшылығының   бірі өте   сұранысты   және   туристік­өлкетану,   үйірмесі тұрақты   табысы   табу   мүмкіншілігі   бар.   Сонымен   қатар   мансапқа   жету мүмкіндігі бар,   аспаздың көмекшісінен беделді орында   жұмыс істейтін бас аспаз болып өсуі   мүмкін. Таңдаған мамандығыңның жетістіктеріне жетуге, шебері болу үшін тек жақсы оқу ғана керек емес, сонымен қатар өзіңнің жеке және шеберлік сапаларыңды дамыту қажет, ешбір кедергісіз алға қарай ұмтылу керек.  Еңбекті әрі сүю, әрі жүйесін   тауып   істей   білу,   одан   ләззат   ала   білу   керек.   Баспалдақтардың басқыштарын   тек   сол   жерде   ұзақ   тұру   үшін   емес,   басқыштар   арқылы жоғарыдан­жоғарыға   үздіксіз   көтерілу   үшін   тапқан.   Сол   жолда,   яғни баспалдақта жақсы оқытушыны кездестірген ғана жақсы жетістіктерге жетеді деп ойлаймын.      Осы орайда, оқушылар шығармашылық  орталығының жетістіктеріне де тоқтала кетсем:  үйірмелерге тартылған балалардың   жан­жақты дамуына, оның  шығармашылық  қабілеттерін   ашуға,   алдын   ала   кәсіби   бағдарлануына бағытталған жұмыстар атқарылуда, жетістіктер де аз емес. Атырау қаласында өткізілген «Алтын қазына»   көркем және сәндік­қолданбалы   өнер бойынша балалар  шығармашылық байқауына  Тасқалиев Алтынбек ІІ орын, Талғатова Асылай,   Асылбекқызы   Алина   ІІІ   орын   иеленді.   Алматыда   өткізілген республикалық   көрме     байқауға   А.Тасқалиев   қатынасып,   сертификат иеленді.Техникалық   бағытта   «Ұлы   өнертапқыштыққа   алғашқы   қадам» инновациялық идеялар байқауына Есболатов Алтынбек, Меңдіғалиев  Алихан І   орын,   Алмашев   Ермахан,   Ғазизов   Дамир   ІІ   орын   иеленіп,   Қарағанды қаласында өткізілген  республикалық байқауға  А.Меңдіғалиев, А.Есболатов, Д.   Ғазезов   қатынасып   сертификат   иеленді.   Атырау   облысы   қалдықтардан жаңа   туынды     жасау   арқылы   еліміздің     экологиялық   мәдениетін   дамыту мақсатында   өткізілген     «Қалдықтардың   екінші     өмірі»   қолдан   жасалған бұйымдар   конкурсының   «Шебер»   үйірмесінің     мүшесі   Қайратов   Бекет   І дәрежелі   орын   иеленді.     Республикалық   техникалық   шығармашылық   және өнертапқыштардың (әуе,зымыран, көлік, кеме құрастыру, робот техникасының қолданыстағы     модельдері)   жарыстарына   қатынасып,   Тұрланов   Аманжан сертификат     иеленді.     «Жас   кәсіпкер»   конкурсына     «Іскер»   үйірмесінің мүшесі     А.Тұрашевтің     «Тұрғын   үй   құрылысында,   жылу   жүйесіне   қажетті жылу батареяларын құбырлармен жалғайтын   оймалы құбырлар (сгон) және бекіткіш   бұранда     дайындап   сату»   ,   «Шебер»   үйірмесінің   мүшесі Н.Зинелғабиденовтің     «Күркетауық   өсіру   шаруашылығын   ауылдық   жерде дамыту»   ,   «Мейрамхана   ісі»   тақырыбындағы   шығармашылық   жұмыстары жіберіліп,   І   дәрежелі   орын   иеленді.   Республикалық     «1:10   масштабтағы радиоқозғалтқыш   автомодельдері»,   «Әуе   модельдері»,   «Кеме   модельдері», «Зымыран модельдері» және «Робот техникасы» бағыттары бойынша топтық сайыс   түрінде   өткізілді.   Атап   айтар   болсақ,   «Іскер»   үйірмесінің   мүшесі Тұрашев Алтынбектің (жетекшісі: Көкшеев Берікқали) «Радиоқозғалтқышпен қашықтықтан   басқарылатын   Hummer   H2   автомоделін   дайындау»   және «Тұлпар»   үйірмесінің   мүшелері   Алмашев   Ермахан   мен   Антепов   Ситештің (жетекшісі: Мусағали Жәнібек) «Багги автокөлігін дайындау технологиясы» тақырыбындағы жобалары қорғалу жағынан да, жүргізу жағынан да алдына жан   салмады.   «Тұлпар»   үйірмесінің   мүшесі   Демеуов   Өтемістің   «Моска» ұшағының   макеті»  масштаб   бойынша   жоғары   орындалу   шеберлігімен   көзге түсті.   «Шебер   қолдар»   үйірмесінің   мүшесі   Есболатов   Алтынбектің (жетекшісі:   Қоңыров   Асылбек)   «Әуеүлгі   дайындаудың   техникасы   мен технологиясы» тақырыбындағы жобасы өзінің тың жаңалығымен ерекшеленді. Себебі: оның жасаған «CESSNA 150»ұшағы облыс бойынша радиобасқарылу арқылы ұшырылатын алғашқы әуеүлгі болатын. Осындай тың жобалардың бірі «Сызу   және   жобалау»   үйірмесінің   мүшелері   Хайруллин   Ерлан,   Ғаббасов Данияр   және   Турланов   Аманжанның   дайындаған   «S6A   зымыран   үлгісін құрастыру жолдары» тақырыбындағы жұмысы болды. Олар зымыранды жасау технологиясын көрсетумен қатар, ұшыру кезіндегі қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында қашықтан басқару арқылы ұшыру жобасын ұсынды. «Мәңгілік ел   ұландары»   тақырыбындағы     «Ақ   дастархан» үйірмесінің   мүшесі   Ермекқалиева   Ақжарқын   «Мен таңдаған мамандық» тақырыбындағы     байқауға     қатынасып,   І   орын     иеленсе,  «Аспазшылар сайысында»       «Ақ дастархан» үйірмесінің оқушысы   Сарсенова   Гүлназым «Шебердің   үздік   тағам   дайындауы»   атты   бейнеролигімен   ІІ   дәрежелі дипломмен   марапатталды.     «Балалар   бастауы­2017»   балалар   әлеуметтік   облыстан   І   орынды   иеленіп, жобалар   байқауында,   Ә.Меңдіғалиев   республикалық   байқауға   және   ЕХРО   2017   көрмесіне   жолдама     алды.   орталығы «Еуразиялық   гендік   қор»   ғылыми­өндірістік   ұйымдастырған   Республикалық   «Табиғи     материалдан   жасалған   ойыншық» қолданбалы   өнер   байқауына   қатынасып,   дипломмен марапатталды.«Қалдықтардың     екінші   өмірі»   тақырыбындағы     аудандық байқауға   Естаев   Мейрамбек   қатынасып,   ІІ   орын   иеленді.   (Жетекшісі Н.Өтепқали.  «Дарабоз»   оқу   орталығының ұйымдастырылуымен     оқушылар     мен     мұғалімдер   арасында   сайысқа   7­ мұғалім     Б.Сапанова, А.Алдоңғарова, Б.Кокшеев) 15 оқушы жүлделі   орындарға ие болды.   облыстық   форумға     Республикалық     А.Нұржанова,   Г.Шакимова,   І   дәрежелі   білім   беру   (А.Коныров,     тәрбиешісі.     Бала тәрбиесінің негізі­ бұл оның отбасы. Осы шағын әлеуметтік топ­ бала үшін   өмір   мектебі.   Отбасындағы   ата­ана   баланың   өмірлік   ұстазы және   мәдениеті отбасындағы   ата­ананың   сіңірген   еңбегіне,   тәлім­   тәрбиесіне   байланысты. Сондықтан,   мәдениетті, жан­жақты   етіп   тәрбиелеуге   міндетті.     «Балаларды   мамандыққа   баулуда қосымша   білім   беру   ұйымдарының   отбасымен   өзара   байланысы».    әрбір   ата­ана   өзінің   баласын   білімді,   Баланың болашағы, білімі, кәсіпке   бұл   факторлардың   ықпалы   тұлға өте   ата­ана   үшін   күрделі   бейім   яғни   жан­жақты   Бала   тәрбиесі   де   жауапты   міндет. Баланың   өмірге   бейімделуде   мектеп,   ұстаз   және   ата­ананың   орны   бөлек. Тәлім­   тәрбиелік   жарасымдылық   мектеп   пен   ата­ана,   әлеуметтік   орта бірлесіп   жұмыс   істеген   жағдайда   ғана   үйлесімділік   табады.  Балалардың бос уақытын тиімді ұйымдастыру, олардың күш­ жігерін дұрыс бағытта   жұмсау,   бойында   тұнып   тұрған   туа   біткен   қабілеттердің   өзектілігін көзін   ашып,   өнерге   баулу   қай   кезеңде   болмасын, жоғалтпаған   мәселелер.Баланың   болашақта   мықты,   салауатты,   болып сауатты, қалыптасуына   зор.  Айта   келе,   қазіргі   таңда   жасөспірімдер   арасында   европаға   еліктеушілік, құқық   бұзушылыққа   бейімділік,   нашақорлық   секілді   жағдайлар   белең алып бара жатыр.  Сондықтан да мемлекет баланың бос уақытын тиімді пайдалану үшін қосымша білім   беру   орталықтарын   барынша   ашуға   мүмкіндік   беріп   қойған.  Жалпы   біздің   мақсатымыз   баланың   бос   уақытын   тиімді   пайдаланып, шығармашылық   қабілеттерін   дамытып,   этикалық,   эстетикалық   тәрбиесін жетілідіріп,   өнерге   баулып,   ұнайтын   кәсібіне   бағдарлып,   іс­   шараларға белсене   қатысуларына   ықпал   жасау   және   денсаулығы   зор,   отансүйгіш, адамгершілігі   мол,   рухани   дүниесі   бай   азамат   тәрбиелеп   шығару.  Қазіргі   таңда   балаға   таңдау   көп,   демалатын,   оқитын   жерлерде   баршылық. Тек   осыларды   дұрыс   пайдалану,   дұрыс   бағыт­   бағдар   беру біріншіден ата­ ана және  ұстаздар қауымына  тікелей байланысты.   Балалар мекемелерінің ата­аналар   арасында   да   атқаратын игілікті   істері   мол. Тегінде, онда тәрбие сыңар  жақ болуы ғажап емес. Сондықтан да мектептен тыс мекемедегі білім   беру үрдісінің мазмұны қосымша   білім беру ұйымының педагогтары, балалар   мен   ата­аналардың   өзара   қарым­қатынасының   мақсаты   мен міндеттерін және оның мазмұны мен әдістерін анықтау арқылы жүзеге асады. Жанұя мен балалар   мекемелері   арасындағы   келісімді ықпал ғана   бала тәрбиесін ойлаған жерден шығармақ.     Осылайша тұлғаны тәрбиелеудегі мақсат бір жағынан өзін дамыту жолында  алдына   қоғамды   қоятын,   екінші   жағынан,   өзінің   әрбір   өскелең   мүшесінен күтетін міндет­мақсаттан, яғни үйлесімділіктен және келісуден тұрады. Қорытынды     Бүгінгі   таңдағы   Қазақстанда   іске   асырылып   жатқан     реформалар     барлық   оқу   орындары   мен   әлеуметтік   тәрбие жағдайында, мекемелерінің барлық   сатылары   мен түрлерінде   тәрбие   және   білім  мазмұнына қайта қарау қажеттілігі   өткір туып, әрі іске асырылуда. Өйткені  дамудағы   нарықтық   қатынастарға   еркін   араласуға дайын бүгінгінің   және және   кәсіби болашақтың   адамдарын тұлғалық,   жанұядағы тәрбие   интеллектуалдық   сай жүргізілмесе,     талапқа сапалық жағынан әлемдік   бәсекеге   қабілетті етіп   даярлап   шығару әсіресе тәрбие мазмұнынының сапасын әлемдік даму деңгейінің жетістіктері негізінде көтеру екендігі белгілі болды. Бұл фактор қашанда қоғам дамуының ең негізгі алғы шарты болған. Ендеше бұл күндерде нарық экономикасының талабына   сай   өркениетті   қоғамның   ерікті,   бас   бостандығын   кез­келген жағдайда   қысқа   уақыт   аралығында   қорғай   да,   қарсыласын   аргументті тойтарыс   бере   алатын   ғаламдық   тәрбие   үлгілерімен   әлемдік   ғылыми жетістіктерге негізделген озық үлгідегі технологияларды меңгерген мәдениеті жоғары, жан­жақты жарасымды қалыптасқан, тұлғалық болмысын нақты іс­ әрекет   барысында  көрсете   алатын   дағды,  білік   қалыптасқан   жаңаша   ойлау қабілеті   дамыған   дарынды   дара   тұлға   тәрбиелеу   барлық   тәлім­тәрбие мекемелерінің оның ішінде қосымша білім беру ұйымдарының басты міндеті болып   отыр.   Қазіргі   Қазақстан   жағдайында   бұл   міндеттерді   іске   асыру жүйесінде оң өзгерістер байқалуда.       Қосымша білім берудің негізгі субьектісі болып саналатын мектептен тыс ұйымдар   қызметі   жаңа   сапада   қайтадан   ұйымдастырылуда.   Елбасы Н.Назарбаев   ғылым   мен   білім   беру   қызметкерлері   алдына   көптеген   іргелі жолдардың бірі ретінде өтпелі ауыр кезеңде орынсыз жабылған балаларадың әлеуметтік­тәрбие   мекемелерін   қайтадан   қалпына   келтіріп   ұрпақ   игілігіне асыруда   қатаң  талапқа   қойуы  өз  жемісін  беруде. Елбасы  есепті  үйрететін, реттейтін,   оңтайландырудың   оңай   жолын   табуды   көрсететін   зертхана нысанына   балалардың   тәрбие   мекемелерінің   айналуына   бұдан   былай ешқандайда да жол берілмейтінін кезекті халыққа жолдауында атап айтты [6]. Нәтижеде   бұрындары   жекешелендірілген   балалар   мекемелері   қайтарылуда, жаңалары   ашылуда,   оларда   жаңаша   жұмыс   жолдары,   жағдайы,   амалдары қарастырылуда. Жаңа міндеттердің бәрі тек қана тәрбие жұмыстарының жаңа формалары мен әдістері арқылы ғана шешілуінің мүмкін еместігі басшылыққа алына отырып тәрбие процесіне педагогикалық озық тәжірбиелерді қайтадан зерделеп салыстыру арқылы пайдалану да іске асырылуда.       Қорыта айтқанда қосымша  білім беру  ұйымдары жұмысының  әлеуеті: Балаларды жалпы адамзаттық   құндылықтарға бағыттаудан ­   Адам,   отбасы, еңбек, білім, мәдениет, әлем, жер тұтастығының әсерін түсіндіру.                 Балаларға   қосымша білім   берудің сапасы,   нәтижелілігі   мәселесі жалпы ТМД елдерінде алғаш   2003   жылы   Ярославльде өткен ғылыми­ практикалық   «Балаларға қосымша білім беру мекемелері қызметінің сапасы және мәні» тақырыбында  пікірсайысын   бастап   берді,   мұның кейбір   фрагменттері   осы күнге дейін  жалғасып   келеді.   А.К.Брудновтың   «Ресей   Федерациясындағы балаларға қосымша білім беру   жүйесінің қалыптасуы   мен дамуындағы   сапа конференцияда көтерілді.   Конференция Қосымша білім беруде   таңдау құқығы ең түпкі бастаудан  бұл типтес   білім беру   мекемелерінің  білім беру мекемелері жүйесінің  айырмашылығы баламен басқаша  мәселесі» атты   баяндамасында   ерекшеліктерін былайша бөлуді ұсынды: 1.Балаларға қосымша   басқа білім беру мекемелерінен   білім жолын басып өту.  Мұнда балаға қосымша ақпарат беріп қана қойылмайды,ең бастысы бала жұм ыс істеуге тартылады. Бала адамзат еңбегінің, білімінің   бірін игергенде  ғана соған дағдыланады, өз қолының шеберлігіне мақсаттанады,өз педагогына сенеді.Сонда ғана бала таңдау және  оны игеру мүмкіндігіне ие  болады.   басталады, бұл білім берудің  қосымша жүйесін тудырып отыр; 2. «Қосымша білім беру жүйесіндегі ең басты нәрсе ол баланы тәрбиелеу, ол ө зі таңдаған пәніне қызығушылығын арттыру. Қосымша білім беру  айрықша қасиет  – тәрбиенің басым мәнге ие  болуында»; 3.  «Қосымша білім   беру бағдарламасының 80%­ы практикалық­бағыттылық. Бала   бізде   жасайды   және   бақылайды,   әрі   жүйелеп   жинақтайды,   әрі   еңбек пәніне араласу барысында білім алады. Ендігі басты міндет қосымша білім берудің ерекшеліктерін ескере отырып қосымша   білім   берудің   өз   нәтижесі   мен   оны   анықтаудың   өз   әдістемелерін жетілдіре, дамыта түсу қажет. Үйірменің үйретері көп Ғылыми­техникалық бағыт Сұңқар Іскер Ұшақ модельдеу Робот техникасы Тұлпар                           Сызу,жобалау Сәндік қолданбалы өнер Сән Өрнек                           Саяхат                     Туристік­өлкетану бағыты Туризм және спорттық бағдарлау                               Экологиялық­биологиялық бағыты Ақжайық  Қызғалдақ Әлеуметтік­тұрмыстық бағыт  Ақдастархан Қазына  Сәулет           Әскери­патриоттық бағыт          Айбын                                                             Ақындық өнер, тілдік бағыт Сөз мерген   Ағылшын бұрышы   Қаламгер \ Пайдаланылған  әдебиеттер тізімі: 1. Е.О.  Омар. Қазақстандағы   мектептен тыс  мекемелер:  Қалыптасуы  және дамуы.­ Алматы: Рауан, 2003, 297 б. 2. Е.О. Омар. Қосымша білім беру ұйымдары тәрбие жұмыстарының негізі. – Түркістан; 2004, 248 б. 3. Үздіксіз тәрбиенің тұжырымдамасы. – Алматы РБК. 1998.­32 б. 4. Б.А.   Тұрғынбаева.   Мұғалімнің   шығармашылық   әлеуметін   біліктілікті арттыру жағдайында дамыту.: теория және тәжірибе // Aлматы. 2005, 174­ бет 5. К.Құдайбергенова.Құзырлылық   –   тұлға   дамуының   сапалық   критерий «білім   сапасын   бағалаудың   мәселелері:   әдіснамалық   негізі   және практикалық.  www.google.kz    www.yandex.kz 6. Ж. Тұрманова    Жасөспірімдер белсенділігі мен кәсіптік бағдары. .[1] 7. 8. Қазақстан мектебі.­2013,­№3 89­91 бет.[2] 9. Тәрбие құралы.­2013,­№5 32­36 бет.[3] 10.Қазақстан мектебі.­ 2011,­№9   50­52 бет.[4] 11.Ұлт тағылымы.­2014,­№2    256­259 бет.[1] 12.Сыныптан тыс тәрбие жұмысы 2014№2. .[3] 13.Самашова Г.Е. – педагогика ғылымдарының кандидаты, доцент, Қарағанды мемлекеттік техникалық университеті .[1] E­mail: gsamash74@mail.ru  14.  Умирбекова М.А. ­  Қарағанды мемлекеттік техникалық университетінің магистранты  E­mail:mer.o@mail.ru 15. Егемен Қазақстан, № 11, 2014. 1 б. .[6] 16.  Жолмұқан Түрікпенұлы. Кәсіптік бағдар. ­Алматы: Санат, 1995­145 бет.  17. Мектеп және мамандық таңдау. Мектеп баспасы, Алматы: 1973­207 бет 18. Чистяков Н.Н. жәнө т.б. Еңбек пәні мұғаліміне оқушылардың   кәсіптік бағдары туралы. ­ Алматы: Мектеп, 1988­176 бет.

Педагогикалық оқу: Оқушылардың мамандық таңдауында қосымша білім берудің рөлі

Педагогикалық оқу: Оқушылардың  мамандық таңдауында қосымша білім берудің рөлі

Педагогикалық оқу: Оқушылардың мамандық таңдауында қосымша білім берудің рөлі

Педагогикалық оқу: Оқушылардың  мамандық таңдауында қосымша білім берудің рөлі

Педагогикалық оқу: Оқушылардың мамандық таңдауында қосымша білім берудің рөлі

Педагогикалық оқу: Оқушылардың  мамандық таңдауында қосымша білім берудің рөлі

Педагогикалық оқу: Оқушылардың мамандық таңдауында қосымша білім берудің рөлі

Педагогикалық оқу: Оқушылардың  мамандық таңдауында қосымша білім берудің рөлі

Педагогикалық оқу: Оқушылардың мамандық таңдауында қосымша білім берудің рөлі

Педагогикалық оқу: Оқушылардың  мамандық таңдауында қосымша білім берудің рөлі

Педагогикалық оқу: Оқушылардың мамандық таңдауында қосымша білім берудің рөлі

Педагогикалық оқу: Оқушылардың  мамандық таңдауында қосымша білім берудің рөлі

Педагогикалық оқу: Оқушылардың мамандық таңдауында қосымша білім берудің рөлі

Педагогикалық оқу: Оқушылардың  мамандық таңдауында қосымша білім берудің рөлі

Педагогикалық оқу: Оқушылардың мамандық таңдауында қосымша білім берудің рөлі

Педагогикалық оқу: Оқушылардың  мамандық таңдауында қосымша білім берудің рөлі

Педагогикалық оқу: Оқушылардың мамандық таңдауында қосымша білім берудің рөлі

Педагогикалық оқу: Оқушылардың  мамандық таңдауында қосымша білім берудің рөлі

Педагогикалық оқу: Оқушылардың мамандық таңдауында қосымша білім берудің рөлі

Педагогикалық оқу: Оқушылардың  мамандық таңдауында қосымша білім берудің рөлі

Педагогикалық оқу: Оқушылардың мамандық таңдауында қосымша білім берудің рөлі

Педагогикалық оқу: Оқушылардың  мамандық таңдауында қосымша білім берудің рөлі

Педагогикалық оқу: Оқушылардың мамандық таңдауында қосымша білім берудің рөлі

Педагогикалық оқу: Оқушылардың  мамандық таңдауында қосымша білім берудің рөлі

Педагогикалық оқу: Оқушылардың мамандық таңдауында қосымша білім берудің рөлі

Педагогикалық оқу: Оқушылардың  мамандық таңдауында қосымша білім берудің рөлі

Педагогикалық оқу: Оқушылардың мамандық таңдауында қосымша білім берудің рөлі

Педагогикалық оқу: Оқушылардың  мамандық таңдауында қосымша білім берудің рөлі

Педагогикалық оқу: Оқушылардың мамандық таңдауында қосымша білім берудің рөлі

Педагогикалық оқу: Оқушылардың  мамандық таңдауында қосымша білім берудің рөлі

Педагогикалық оқу: Оқушылардың мамандық таңдауында қосымша білім берудің рөлі

Педагогикалық оқу: Оқушылардың  мамандық таңдауында қосымша білім берудің рөлі

Педагогикалық оқу: Оқушылардың мамандық таңдауында қосымша білім берудің рөлі

Педагогикалық оқу: Оқушылардың  мамандық таңдауында қосымша білім берудің рөлі

Педагогикалық оқу: Оқушылардың мамандық таңдауында қосымша білім берудің рөлі

Педагогикалық оқу: Оқушылардың  мамандық таңдауында қосымша білім берудің рөлі
Материалы на данной страницы взяты из открытых истончиков либо размещены пользователем в соответствии с договором-офертой сайта. Вы можете сообщить о нарушении.
15.02.2018