"Педагогикалық үрдісті құзыреттілікпен оқыту негізінде ұйымдастыру негіздері"
Оценка 4.8
Контроль знаний
doc
воспитательная работа
7 кл
03.04.2017
Егеменді еліміздің болашағын жалғастырушы ұрпақты туған жерімен елін сүюге, оларды қорғай білуге тәрбиелеу, сөздік қорларын молайтып, тілдерінің дамуына ықпал ету.
- желтоқсан «Елбасы күні» болып жарияланған.
Нұрсұлтан атамыздың өмірі мен еңбек жолына арналған шағын шағын бейнекөрсетілім. Қане балалар, назар аударайық.
(Бейнекөрсетілім)
Елбасы мектепте тек «бестікке» оқыған. Ол сол кезде ақ біліммен қатар өнерді бойына сіңіріп өскен. Домбыра тартып, ән салған, спортпен шұғылданған. Өте мейірімді, үлкенге де, кішіге де әркез көмектесе кететін елгезек, ұқыпты бала болған екен. Елбасы болып сайланғаннан бері осы жылдар ішінде ол еліміз үшін, сендер сияқты бүлдіршіндер үшін, ана, ата, әжелеріміз үшін аурухана, балабақша, мектеп тұрғын үйлер салдырып көптің алғысына бөленді.1. Оқушылар жасырылған дыбыстарды анықтайды ,тілдерін жаттықтырып, мәнерлеп оқиды.
2. Осы дыбыстарға сипаттама береді.
Келесі үй жұмысын тексеру кезеңінде мұғалім әңгімелеу, мазмұндау тәсілі арқылы және төмендегідей мақсатты көздедім.
Кезеңнің мақсаты: үйге берілген тапсырмаларды дұрыс орындауын тексеру үшін оқушылар
Әлия мен Маншук туралы туралы әңгімелейді.
Оқушылардың қызығушылығын мотивациялау үшін, жаңа тақырыпқа дайындалып, сұрақ- жауап арқылы жаңа сабаққа мұғалім оқушылардың назарын аударды:
- осы үзіндіден қандай ой түйіндедіңдер?
Оқушылар «Қазақстан» тақырыбына байланысты видео сюжет қарайды.
(видео сюжет бойынша ой- қозғау).
Сонымен мұғалім оқушылардың жаңа тақырып бойынша алған білімдерін қорытындылауға, белгілі бір мәселені шешуге, жоғары белсенділіктерін дамытуға, өз пікірін айта білуге бағытталған проблемалық сұрақ ұсынады.
Самоанализ урока.doc
Тақырыбы: Ұлттық тағамдар.
Сабақты өзіндік талдау
Беріліп отырған жаңа сабақ саралап –деңгейлеп оқыту технологиясы негізінде және оқушылардың
білім деңгейіне сай құрастырылған. Сабақ барысында берілген тапсырмалар оқушылардың білімдерін
жинақтау, саралау және интерактивті тақтаның мүмкіндіктерін жанжақты қолдана отырып, оқушыларды
ауызекі сөйлеу дағдыларын қалыптастыру.. Сабақты жоспарлай отырып, мұғалім мынандай мақсаттар
мен міндеттерді көздейді:
Білімділік: ұлттық тағамдар туралы түсінік беру. Оқушыларды ұлттық тағамдардың түрлерімен
таныстыру.
Грамматика бойынша сын есім, зат есім ажырата білуге дағдыландыру.
өтілген материалдарын қайталау арқылы оқушылардың меңгерген білімдерін жүйелеу, бекіту, жаңа
сабақты меңгерту, тақырыпқа байланысты өз ойларын айта білуге үйрету. Тапсырмалар орындау арқылы
сан есім туралы алған білімдерін еске түсіруге жағдай жасау.
Дамытушылық: проблемалық жағдай туғыза келіп, оқушының ойлау, сөйлеу дағдыларын, танымдық
қасиеттерін, логикалық ойлау қабілетін, тілін, шығармашылығын дамыту.
Тәрбиелік: қазақ халқының салтдәстүрлерін білуге, құрметтеуге тәрбиелеу..
Сабақтың міндеттері:
жаңа тақырыпты аша отырып, оқушылардың білім деңгейін өсіру; сөз мағынасын түсіне білу, оқу, жазу
арқылы оқушының ой қорыта және қорғай білуіне қол жеткізу. Өзөзіне баға бере білуіне тәрбиелеу.
Оқушылардың дүниетанымын қалыптастыру, қабілетін дамыту, оларға білім, білік, дағдыны меңгерту
жолындағы мұғалім мен оқушылардың өзара біліктегі атқаратын жұмыстарының тәсілі:
Сабақтың мақсатына жету үшін мұғалім мынандай әдістәсілдер мен көрнекіліктер
падаланылады: интерактивті оқыту әдісі, мәтінмен жұмыс, аударма, сұрақжауап, сөз тіркестер мен
сөйлемдер құру, түсіндіру, сұхбаттасу, интернет желісіне шығу, іздену, деңгейлеп оқыту.
Сабақтың түрі: дәстүрлі сабақ.
Сабақтың типі: жаңа білімді меңгерту.
Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта, видеоролик.
Оқушылардың білімін бір ғана пәнмен шектемей пәнаралық байланыс жасалды: Қазақстан тарихы,
қазақ әдебиеті.
Сабақта оқушылардың жоғары белсенділігін дамыту әдісін пайдалануда, төмендегідей шарттар
орындалды:
Ең алдымен сабақтың мақсатын айқындау. Мұғалім оқушылар тобына орындалатын жұмыстардың
мақсатын, ережесін түсіндіреді.
Сабақтың ұйымдастыру кезеңі сабақтың мақсатына сай ұйымдастырылды.
Кезеңнің мақсаты: оқушылардың зейінін сабаққа аудару. Осы кезеңде мұғалім мынандай жұмыс
түрлерін өткізді. Қолданылған әдістәсілдер: сұрақжауап, баяндау.
А) оқушылармен сәлемдесу.
Ә) кезекшімен сұхбат.
В) сабақтың тақырыбы мен мақсатымен таныстыру.
Оқушылардың тілдерін дамыту мақсатында «Қыс» туралы сұрақ – жауап тәсілі арқы өткіздім.
Оқушылардың ынтасын сабаққа аудару. Ойшақыру:
Біз қай мемлекетте тұрамыз?
Қазақстан қандай мемлекет?
Тәуелсіз деген ұғымды қалай түсінесіңдер?
Өзіміздің рәміздеріміз, астанамыз, президентіміз, теңгеміз, мемлекеттік тіліміз бар.
Фонетикалық жаттығудың мақсаты: оқушылардың тілдерін жаттықтыру. Тән дыбыстарды қайталау:
қ,ә,і,ң,ғ,ү,ұ,ө,һ
Сөздерді дұрыс тасымалдау мақсатымен буындармен жұмыс жасадым.
1.Ашық, тұйық,бітеу буын жаса (қо,ға,ғу,ға; ақ,оң,ағ; қақ,сақ...);
2.Буындардан сөздер құрастыру: қа....қалам,қағаз,қара,қалың; ға ... ғалым, ғарыш...;
3. Жаңылтпашыт дұрыс, тез айттыруға жаттықтыру: а)Тары ақта,
Қапқа қақта.
ә)Шеше неше кесе сыңды кеше?
Әдістәсіл: сұрақжауап, баяндау.
1. Оқушылар жасырылған дыбыстарды анықтайды ,тілдерін жаттықтырып, мәнерлеп оқиды.
2. Осы дыбыстарға сипаттама береді.
Келесі үй жұмысын тексеру кезеңінде мұғалім әңгімелеу, мазмұндау тәсілі арқылы және төмендегідей
мақсатты көздедім.
Кезеңнің мақсаты: үйге берілген тапсырмаларды дұрыс орындауын тексеру үшін оқушылар
Әлия мен Маншук туралы туралы әңгімелейді.
Оқушылардың қызығушылығын мотивациялау үшін, жаңа тақырыпқа дайындалып, сұрақ
жауап арқылы жаңа сабаққа мұғалім оқушылардың назарын аударды:
осы үзіндіден қандай ой түйіндедіңдер?
Оқушылар «Қазақстан» тақырыбына байланысты видео сюжет қарайды.
(видео сюжет бойынша ой қозғау).
Сонымен мұғалім оқушылардың жаңа тақырып бойынша алған білімдерін қорытындылауға, белгілі
бір мәселені шешуге, жоғары белсенділіктерін дамытуға, өз пікірін айта білуге бағытталған
проблемалық сұрақ ұсынады.
Тәуелсіз Қазақстанымыздың 20 жыл ішіндегі жеткен жетістіктері қандай?
Жаңа тақырыпқа түсу мақсатында мұғалім «Тамақтану» туралы сұхбат құрастыру деген тапсырма
береді. (оқушылар оқулықтағы диалогты толықтырып өзара сөйлеседі).
Жаңа сөздермен жұмыс түрін ұйымдастырылады. Өз алдына келесі мақсаттарды қояды:
жаңа сөздермен танысып, дұрыс айтылуы мен жазылуын қадағалау және оқушылардың сөздік қорын
байыту. Оқушылардың тілдерін, ойлау, сөйлеу қабілетін дамыту. Қолданған әдістәсілдер: сөз тіркес,
сөйлем құрастыру.
Сөздік карта бойынша жұмыс түрін өткізу:
Жаңа сөз
антоним
сөз
тіркесі
сөйлем
Тілдік материалдың көлемі анықталған соң, оқушыларға жаңа тақырыпқа байланысты лексикалық
тапсырмалар беріледі. Берілген материалды тыңдайды және оқиды. Ондағы мәселелерді шешу жолында
мұғалімнің сұрақтарына жауап береді. Мұндай жағдайда оқушылар бірбірін тыңдап, қарым қатынаста
өздерінің барлық білетін білімін әңгіме тақырыбын қолданады.Кезеңнің мақсаты: оқушылардың білімін
кеңейту, өз ойын жеткізу қасиеттерін дамыту.
Берілген мәтінді оқушылардың қаншалықты түсінгендігін анықтау мақсатында,
сұрақтарға жауап береді.
Сабақтың келесі кезеңінде мұғалім өткен тақырып бойынша оқушылардың білімдерін тексеру және
жаңа тақырыпқа түсу мақсатында, қазақтың ұлттық тағамдарын естеріне түсіріп кластер толтырады.
Оқушылардың грамматика бойынша алған білімдерін бекітуге бағытталған деңгейлік тапсырма түрлері
беріледі.
Ідеңгей: Сұрақтарға жауап беру:
Қазақтың басты ұлттық тағамы не?
Жылқының етінен не дайындайды?
Жылқы етінің қандай ерекшелігі бар?
ІІдеңгей: 1.Мәтіннің мазмұнн айтып беру.
2.а)Мәтіннен етістіктерді, зат есімді, сын есімді үш бағанға бөліп теріп жазу.
1 зат есімге,сын есімге морфологиялық талдау жасаңдар. (үш оқушы тағтада орындайды.)
Етне? зат есім, негізгі, дара, жалпы, жансыз.
Қуырады – не істейді? етістік,негізгі, дара, болымды, салт етістік.
Сіңімді қандай? Сын есім, дара, негізгі, сапалық. ә)Мәтіннен шартты
райда тұрған етістіктерді теріп жазып, жасалу жолын түсіндіріңдер.
ІІІдеңгей: Мәтінді жалғастырындар. Жаңа тақырып бойынша білімдерін кеңейту, оқушылардың ізденушілік қабілеттерін дамыту
мақсатында интернет желісіне шығу арқылы, оқушылар мұғалімнің берілген сұрақтары бойынша жұмыс
жасайды. . «Қазақша ет даярлау» видео қарау.
Видеоны қарамас бұрын оқушылардың алдына белгілі бір мақсат қо
1 топ: қазақша ет даярлау үшін қандай азықтар керек?(ет,тұз,ұн, шұжық,пияз,бұрыш...)
2 топ: қазақша еттің даярлау жолы.(керек етістіктерді мұғалім береді:
жуу,салу,пісіру,даярлау,қосу,жаю,кесу,пісіру,дайындау,турау,құю).
Мұғалім грамматикалық материалдарды іріктеп, сөйлесім үлгілерін белгілі бір шеңберде беріледі.
Кезеңнің мақсаты: сан есімнен қайталау арқылы оқушының білімдерін тәжірибемен ұштастыру. Сан
есімдерді сауатты жазуы мен құрамына қарай ажыратылуын анықтау.
Оқушыларды ұлттық тағамдарды қадірлеу,құрметтеу тәрбиелік мақсатында тыйым сөздермен
таныстырып, ас туралы мақалдарды еске түсірдік.
Балалар, тамаққа баланысты көптеген тыйым сөздер бар. Біз оларды естерімізде
сақтап, әрқашанда орындауға тырысуымыз керек.
Тыйым сөздер:
1.Тамақты күттіруге болмайды.
2. Нанды тастауға,шашуға болмайды.
3.Жерде жатқан нан болса, көтеру керек.
4. Таңертен нан ауызтимей үйден шықпау керек.
5. Дастарханды аттауға болмайды.
3. Мақалдың жалғасын тап: 1.Ас жүрген жер ... .
2. Ат – адамның ...,
Ас адамның ... .
3.Дені саудың рухы ... .
4.Ас адамның ... .
Сабақтың соңғы кезеңінде оқушылар жағдаят шешуге тырысады. (семантикалық картаны
толтырады).
Кезеңнің мақсаты: оқушылардың жаңа тақырып бойынша алған білімдерін қорытындылау.
Мұғалім сабақтың басында берілген проблемалық сұраққа жауап бере ала отырып, сабақты
қорытындылайды. Оқушыларға баға қойылады. Сабақты өзіндік талдау
Пәні: Қазақ тілі
Сынып: 6 «Г»
Тақырыбы: Наурыз.
Беріліп отырған жаңа сабақ ақпараттық технологиясы негізінде және оқушылардың білім деңгейіне
сай құрастырылған. Сабақ барысында берілген тапсырмалар оқушылардың білімдерін жинақтау, саралау
және интерактивті тақтаның мүмкіндіктерін жанжақты қолдана отырып, оқушыларды ауызекі сөйлеу
дағдыларын қалыптастыру. Сабақты жоспарлай отырып, мұғалім мынандай мақсаттар мен міндеттерді
көздейді:
Сабақтың мақсаты:
1. Білімділік: Наурыз мейрамы тақырыбын меңгеру, қысқаша мазмұндауға үйрету,сөздік қорын
дамыту,етістіктің райлары тақырыбын жетілдіру.
2. Дамытушылық: оқушылар өз ойын еркін жеткізе білуін, тіл байлығын, қазақ тілінде еркін сөйлей
білу әрекеттерін жетілдіру.
3. Тәрбиелік: қазақ халқының салтдәстүрін, әдетғұрпын сақтай білуге тәрбиелеу.Әсемдікті сезіну,
көркемдікті түсіну.
Сабақтың типі: жаңа сабақ.
Сабақтың түрі: жаңа білім беру сабағы.
Сабақтың әдісі: топпен жұмыс, бірінбірі бағалау әдісі, сұрақжауап.
Көрнекілік: суреттер, компьютер, бейнетаспа.
Оқушылардың білімін бір ғана пәнмен шектемей пәнаралық байланыс жасалды: Қазақстан
тарихы, қазақ әдебиеті.
Сабақта оқушылардың жоғары белсенділігін дамыту әдісін пайдалануда, төмендегідей шарттар
орындалды:
Ең алдымен сабақтың мақсатын айқындау. Мұғалім оқушылар тобына орындалатын жұмыстардың
мақсатын, ережесін түсіндіреді.
Сабақтың ұйымдастыру кезеңі сабақтың мақсатына сай ұйымдастырылды.
Кезеңнің мақсаты: оқушылардың зейінін сабаққа аудару. Осы кезеңде мұғалім мынандай жұмыс
түрлерін өткізді. Қолданылған әдістәсілдер: сұрақжауап, баяндау.
1.Амандасу.
2. Оқушыларды түгелдеу, кезекшімен сөйлесу.
3. Сабақтың тақырыбы, мақсатымен таныстыру.
Оқушылардың тілдерін дамыту мақсатында «Қыс» туралы сұрақ – жауап тәсілі арқы өткіздім.
Оқушылардың ынтасын сабаққа аудару. Ойшақыру:
Біз қай мемлекетте тұрамыз?
Қазақстан қандай мемлекет?
Тәуелсіз деген ұғымды қалай түсінесіңдер?
Өзіміздің рәміздеріміз, астанамыз, президентіміз, теңгеміз, мемлекеттік тіліміз бар.
Фонетикалық жаттығудың мақсаты: оқушылардың тілдерін жаттықтыру. Тән дыбыстарды қайталау:
қ,ә,і,ң,ғ,ү,ұ,ө,һ
3. Жаңылтпашыт дұрыс, тез айттыруға жаттықтыру: Қыста құлағым үсіп кетті,
Үсіп, ісіп кетті.
Әдістәсіл: сұрақжауап, баяндау.
3. Оқушылар жасырылған дыбыстарды анықтайды ,тілдерін жаттықтырып, мәнерлеп, жылдам оқуға
жаттыға.
4. Осы дыбыстарға сипаттама береді.
Келесі «Мерекелер» деген өткен тақырыпты «Сандарды сөлетейік» ойыны арқылы тексеріледі.
Мұғалімнің оқушылар алдына қойған мақсаты, оқушылардың өткен тақырыпты меңгеру деңгейі.
Үй жұмысын тексеру кезеңінде мұғалім әңгімелеу, мазмұндау тәсілі арқылы және төмендегідей
мақсатты көздедім.
Кезеңнің мақсаты: үйге берілген тапсырмаларды дұрыс орындауын тексеру үшін оқушылар
Халықаралық әйелдер күні туралы не білесіңдер? (мазмұндау).
Аналарына, апаларына, сіңілі, қарындастарына қандай тілектер айтар едіңдер? ( жатқа тілектер айту).
Оқушылардың қызығушылығын мотивациялау үшін, жаңа тақырыпқа дайындалып, сұрақ
жауап арқылы жаңа сабаққа мұғалім оқушылардың назарын аударды:
осы үзіндіден қандай ой түйіндедіңдер?
Оқушылар «Видео» тақырыбына байланысты видео сюжет қарайды.
(видео сюжет бойынша ой қозғау).
Содан кейін жаңа сөздермен жұмыс түрін ұйымдастырылады. Өз алдына келесі мақсаттарды қояды:
жаңа сөздермен танысып, дұрыс айтылуы мен жазылуын қадағалау және оқушылардың сөздік қорын
байыту. Оқушылардың тілдерін, ойлау, сөйлеу қабілетін дамыту. Қолданған әдістәсілдер: сөз тіркес,
сөйлем құрастыру.
Сөздік карта бойынша жұмыс түрін өткізу.
Тілдік материалдың көлемі анықталған соң, оқушыларға жаңа тақырыпқа байланысты лексикалық
тапсырмалар беріледі. Берілген материалды тыңдайды және оқиды. Ондағы мәселелерді шешу жолында
мұғалімнің сұрақтарына жауап береді. Мұндай жағдайда оқушылар бірбірін тыңдап, қарым қатынаста
өздерінің барлық білетін білімін әңгіме тақырыбын қолданады.Кезеңнің мақсаты: оқушылардың білімін
кеңейту, өз ойын жеткізу қасиеттерін дамыту.
Берілген мәтінді оқушылардың қаншалықты түсінгендігін анықтау мақсатында,
сұрақтарға жауап береді.
Сабақтың келесі кезеңінде мұғалім өткен тақырып бойынша оқушылардың білімдерін тексеру және
жаңа тақырыпқа түсу мақсатында, оқушылар жаңа тақырып бойынша мұғалімнің сұрақтарына жауап
беруге тырысады.
Оқушылардың грамматика бойынша алған білімдерін бекітуге бағытталған деңгейлік тапсырма түрлері
беріледі.
Грамматика: морфологиялық талдау:
Наурыз көже – не? зат есім, негізгі, күрделі,жалқы, деректі, жансыз, жекеше.
Егеді – не істейді? етістік, негізгі, дара, болымды.
Алтыбақан – не? зат есім, негізгі, күрделі, жалқы, деректі, жансыз, жекеше.
Жаңа тақырып бойынша білімдерін кеңейту, оқушылардың ізденушілік
қабілеттерін дамыту мақсатында интернет желісіне шығу арқылы, оқушылар мұғалімнің берілген
сұрақтары бойынша жұмыс жасайды. . «Наурыз көже даярлау» видео қарау.
Видеоны қарамас бұрын оқушылардың алдына белгілі бір мақсат қояды.
Наурыз көже пісіру үшін қандай азық түліктер қажет?
Содан кейін оқушылардың логикалық ойлау қабілеттерін дамыту мақсатында, оқушылар жағдаят
шешуге тырысады. Оқушыларды ұлттық тағамдарды қадірлеу,құрметтеу тәрбиелік мақсатында
тыйым сөздермен таныстырып, ас туралы мақалдарды еске түсірдік.
Балалар, Наурыз күні қазақтар міндетті түрде мерекеге байланысты салт
дәстүрлер жасайды. Мысалы:
1.Наурыз меркесінде адамдар бірбірімен төс қағыстырып, амандасады.
2. Наурыз мерекесінде ауылдың жастары бас қосып бастанғы жасап, онда ең
далаға Алтыбақан құрып қыз бен жігіт айтысын ұйымдастырады екен.
3. «Атадан мал қалғанша, тал қалсын!», «Бір тал кессең, он тал ек!» деп, қариялар бұлақ басына
ағаш егеді. 4. Наурыз мерекесінде отбасы жиналып, қасиетті Наурыз көже дайындап, келген қонақтарға көжеден
ұсынады екен.
Кезеңнің мақсаты: оқушылардың жаңа тақырып бойынша алған білімдерін қорытындылау.
Мұғалім сабақты қорытындылайды. Оқушыларға баға қойылып, үй тапсырмасы беріледі.
"Педагогикалық үрдісті құзыреттілікпен оқыту негізінде ұйымдастыру негіздері"
"Педагогикалық үрдісті құзыреттілікпен оқыту негізінде ұйымдастыру негіздері"
"Педагогикалық үрдісті құзыреттілікпен оқыту негізінде ұйымдастыру негіздері"
"Педагогикалық үрдісті құзыреттілікпен оқыту негізінде ұйымдастыру негіздері"
"Педагогикалық үрдісті құзыреттілікпен оқыту негізінде ұйымдастыру негіздері"
"Педагогикалық үрдісті құзыреттілікпен оқыту негізінде ұйымдастыру негіздері"
Материалы на данной страницы взяты из открытых истончиков либо размещены пользователем в соответствии с договором-офертой сайта. Вы можете сообщить о нарушении.