Планеталар және халқымыздың ғарыш әлемі туралы түсінігі.
Оценка 4.8

Планеталар және халқымыздың ғарыш әлемі туралы түсінігі.

Оценка 4.8
docx
14.12.2020
Планеталар және халқымыздың  ғарыш әлемі туралы түсінігі.
Ғылыми жоба Жетесова Марина.docx

        Академик С.А.Джиенкулов атындағы Байқоңыр колледжі білім беру мекемесі»

 

 

              Ғылыми жоба

      Тақырыбы: Планеталар және халқымыздың ғарыш әлемі туралы түсінігі.

      Орындаған: Жетесова Марина

      Жетекшісі: Султанай Дамира

 

 

 

 

 

 

                                                 2020-2021 оқу жылы

 

                                   Мазмұны

 

І. Кіріспе …...................................................................................................3

ІІ. Негізгі бөлім

2. 1 Аспан денелері туралы негізгі деректер.........................................5

2. 2 Жер тобының планеталары  ...........................................................12     

2.3 Алып планеталар................................................................................14                                            2. 4 Қазақ халқының аспан әлемі туралы түсініктері .....................16

ІІІ. Қорытынды...........................................................................................22  

ІҮ. Пайдаланылған әдебиеттер................................................................24

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

            Планеталар және халқымыздың ғарыш әлемі туралы түсінігі.

Түйін

Зерттеу нәтижесінде,планетаның бетін тікелей жанама әдістерімен зерттеулер негізінде планеталардың атластары құрастырылды. Олардың бетінде планеталар белгіленеді. Егер аспан денелері және олар туралы халқымыздың таным-түсініктеріне терең талдау жасап, танып білсек аспан денелері, ғарыш әлемі туралы таным-түсініктеріміз арта түсер еді, оның қыр-сырын жетік меңгеріп, өз қажетімізге тиімді жарата алар едік.  Біздің Қазақстанды өзінен-өзі бірінші ғарыш мемлекеті деп санауға болады. Бірінші жер серігі біздің жерден ұшты. Бірінші кісі, адам баласы ғарышқа біздің жерден аттанды. Ал қазақтың Байқоңырын әрбір қазақ мақтаныш тұтады.

Ұлан-байтақ кең далада мал бағып, күндерін кең табиғат құшағында мал өрісінде, түндерін жұлдызды аспан астындағы мал күзетінде өткізген қалың қазақ, табиғат құбылыстарын бақылаудан туған халықтың көп жылдық тәжірибелерін қорытып, жұлдызды аспан туралы астрономиялық түсініктер мен ілімдер жинады.                   

Кіріспе

Зерттеудің өзектілігі. Қазіргі астрономия жұлдыздардың, планеталардың және басқа аспан денелерінің қозғалысын да, ондағы өзгерістер мен процестерді де зерттейді.

Астрономиялық құбылыстар қатарына әлем кеңістігіндегі денелердің қозғалысы, сондай-ақ ол денелерде жүріп жатқан сан алуан процестер жатады. Ал ондай процестер физикалық, химиялық, биологиялық, геологиялық, т.с.с. құбылыстармен тығыз байланыста болады. Ендеше астрономия ғылымы да көптеген басқа ғылымдармен астаса отырып дамиды. Аспан денелерін тереңінен танып білу және қазақ дүниетанымындағы аспан әлеміне қатысты түсініктерді зерттеп білу, тереңінен тану зерттеуіміздің өзектілігі болып табылады.

Физика мен астрономия ғылымдарының бір-бірімен кірігуі құбылыстардың сырын тереңірек ұғуға жәрдемдеседі. Бұл екі ғылымның өзара байланысы арқасында бүкіл әлемдегі құбылыстардың табиғи бірлігі белгілі болды. Мысалы, денелердің Жер бетіне құлауы, планеталардың Күнді айнала қозғалуы бір ғана күш арқылы сипатталады. Оларды сипаттайтын заң да біреу ғана. Ол – И. Ньютон ашқан Бүкіл әлемдік тартылыс заңы.

Астрономия грекше астрон -жұлдыз, ал номос – заң деген ұғымды білдіреді. Астрономия да, физика сияқты – табиғат туралы көне ғылымдардың бірі. Оның дамуына ертедегі адамдардың тұрмыс-тіршіліге байланысты қажеттілік себеп болды. Ол кезде уақытты, бағыт-бағдарды дәл көрсететін құралдар мен жабдықтар болмаған. Сондықтан да адамдар Күн мен Айға, аспандағы жұлдыздарға қарап жыл мерзімі мен уақытты айыратын болған. Ал мұндай жұмыс аспан денелерінің қозғалысын үнемі бақылап отыруды талап етті.

Аспан денелерінің қозғалысын бақылау қажеттігінен туындаған ежелгі құрылыстардың қорымы  Қазақстанда көптеп кездеседі.

Қазіргі астрономияның зерттеу ауқымы кеңейіп, көп салалы ғылымға айналды. Астрономия ғарыш кеңістігіндегі жекелеген денелерде немесе денелер жүйесінде болып жатқан құбылыстарды зерттейді. Аспан денелеріне жұлдыздар (соның бірі – Күн), планеталар (соның бірі – Жер), планеталардың серіктері; мысалы, Жер серігі – Ай, сондай-ақ кометалар, метеориттер жатады. Жұлдыздар жүйелері мен олардың шоғырлары ғаламдарды (галактикаларды) құрайды. Шексіз әлемнің біздер орналасқан бөлігін Біздің ғалам деп атайды. Онда 150 миллиардтай жұлдыздар бар. Біздің ғаламның құрылымы көрсетілген. Күн – бізге ең жақын қатардағы орташа жұлдыз. Бір секундта 300 000 шақырым жылдамдықпен Қозғалатын жарық Күннен Жер бетіне 8 минутта, ал біздің ғаламның бір шетінен екінші шетіне жүз мың жыл жүріп жетеді.

Жер – Күнді айналып жүрген тоғыз планеталардын бірі. Оны айналып жүрген серігі – Ай. Басқа планеталардың да серіктері бар. Бұлардың барлығы Күн жүйесіне енеді.

         Біздің ғаламның сыртында тағы да жүз миллиондай ғаламдар бар екені белгілі болды. Кейбір ғаламдағы жұлдыздар құйын үйірген шаң-тозаңдай, оралма (спираль) бойымен орналасқан. Аспандағы «кұс жолы» – Біздің ғаламдағы жұлдыздар жиі орналасқан сондай оралмалардың бір бұтағы. Ғаламдардың барлығы да қозғалыс үстінде дамиды, өзгереді, өшеді, қайтадан түзіледі.

Зерттеудің мақсаты: Аспан денелері туралы түсініктерімізді кеңейте отырып, оларға қатысты ата-бабаларымыздың болжамдары мен дүниетанымына терең талдау жасау. 

Зерттеудің әдістері:

 - Аспан денелері туралы кеңінен танып-біліп, оларға сипаттама жасалу;

- Жер тобының планеталары мен алып планеталар туралы зерттеп білу.

- Халқымыздың аспан денелері туралы таным-түсініктері мен болжамдарын айқындау.

Ғылыми жаңалығы: Аспан денелерін тереңінен танып білу және қазақ дүниетанымындағы аспан әлеміне қатысты түсініктерді зерттеп білу, тереңінен тану зерттеуіміздің өзектілігі болып табылады.

Физика мен астрономия ғылымдарының бір-бірімен кірігуі құбылыстардың сырын тереңірек ұғуға жәрдемдеседі. Бұл екі ғылымның өзара байланысы арқасында бүкіл әлемдегі құбылыстардың табиғи бірлігі белгілі болады.

2 Негізгі бөлім

 

2.1 Аспан денелері туралы негізгі деректер

 

Мыңдаған жылдар, ғасырлар бойы адамзат Күнді, Айды, планеталарды және белгілі бір жұлдыздарды ғана бақылап келді. Көптеген аспан шырақтары, барлық қоршаған орта тәрізді, оларға өзгермейтін сияқты болып көрінді.

Аспан денелері мен олардың жүйелерінің (мәселен галактикалар) эволюциялық өзгерісіне тұрақсыз құбылыстар және жарылыс процестері (жұлдыздың тұтануы, жаңа жұлдыздардың жарылуы т. б.) негізгі себепші болған.

Планеталардың пайда болуы жөнінде көптеген болжамдар мен теориялар айтылған. 1944-жылға дейін планеталардың күннің жарылысы нәтижесінде күннен бөлініп шыққан деген пікір басым еді. Кейін неміс астрономы Кеплер, планеталардың пайда болуы жөнінде жаңа теория ұсынған. Бұл теория бойынша протопланеталық газ-шаңды бұлттарда да заттардың осы айналу жылдамдығы сақталған. Орталыққа тартқыш күштердің әсерінен, бұлттағы қатты бөлшектер бір-бірімен соқтығысып, бір-біріне жабысып, қар түйіршіктері секілді жинақталып ірі ірі денелер түзген.

http://alemanow.narod.ru/bigbang.jpghttp://galspace.spb.ru/index60.file/xro.jpg

Бұдан 15 млрд жылдай бұрын алапат жарылыс біздің әлемді жасады. Кеңістікті, уақытты, барлық материяны және бізді қоршаған энергияны тудырған "Үлкен жарылыс" деп аталған табиғат өзгерісінен кейін барлық әлем пайда болды деп айту ақылға қонымсыз сияқты.
Әлем пайда болды.
Ғарыш кеңістігі, ондағы денелер физиктер үшін тамаша зертхана болып табылады. Мысалы, Жер бетінде ауасыз кеңістік (терең вакуум) алу немесе денелердің температурасын миллиондаған градустарға көтеру аса қиын жұмыс. Ал ғарышта бұл жағдайлардың барлығы да бар. Мысалы, Ай бетінде ауа мүлдем жоқ. Сондықтан онда Жердегідей терең вакуум алатын күрделі қондырғысыз-ақ тәжірибелер жүргізіп, ғылыми-зерттеу жұмыстарын жасауға болады. Ай – Жердің табиғи серігі. Ол Жерге ең жақын тұрған аспан денесі. Оған бірінші рет адамзат ұрпағының табаны 1969 жылы тиді. Америка азаматтары Армстронг пен Э.Олдриннің ғарыш кемесінен шығып, Айға табан тіреген алғашқы сәті көрсетілген.

Ю. А. Гагариннің тұңғыш рет ғарышқа көтерілуінен бастап, астрономияның жаңа саласы — космонавтика (грекше космос — ғарыш және наутик- кеме жүргізу) жедел дамып келеді. Космонавтика әлем кеңістігіндегі ғарыш аппараттарының қозғалысын талдап зерттейді.

Казіргі астрономия сонымен қатар бірнеше басқа салаларды да қамтиды. Аспан денелерінің пайда болуын және дамуын зерттейтін астрономия тарамын космогония деп атайды. Космогония әлемдегі ғаламдар мен жұлдыздар және басқа денелер қашан және қалай пайда болды? Оларда қандай өзгерістер жүріп жатыр? деген сұрақтарға жауап береді.

Сондай-ақ бүкіл әлем туралы, оның жалпы қасиеттері туралы астрономия ілімін космология дейді.

Қазіргі астрономияның басты мақсаты – аспан денелерінің қозғалысы мен даму заңдарын тағайындау болып табылады. Астрономия ғарыш кеңістігіндегі жекелеген денелерде немесе денелер жүйесінде болып жатқан құбылыстарды зерттейді. Аспан денелеріне: галактикалар, жұлдыздар, планеталар, олардың серіктері, астероидтар мен кометалар, метеориттер мен шаң – тозаңдардан тұратын бұлттар жатады. Тұңғыш рет аспан денелерін жай көзбен емес, арнайы құрал – үлкейткіш оптикалық түтіктің жәрдемімен зерттеген итальян оқымыстысы Г.Галилей болды. 1608 жылы Голландияда денені үлкейтетін дүрбі жасалғанын біліп, онымен түнгі аспанды бақылап көрейін деп шешті. Ол өзі де бар болғаны кішісі - 3 есе, үлкені 32 есе ғана үлкейтетін оптикалық түтіктерді құрастырып, ұлы жаңалықтар ашты.

Ол: 1. Ай – теп-тегіс «хрусталь шар» емес,  жер сияқты ойпаттар мен қыраттардан тұратынын;

     2. Шолпанның – планета екендігін, ол күн сәулесін шашырататынын, пішінін өзгертетінін, жерді айналатынын;

     3. Күннің бетінде дақтар бар екенін, өз осінен айналатынын;

    4. Алып планета – Юпитердің төрт серігін ашты.

    5. Ай – жердің табиғи серігі екендігін;

    6. Жер де басқа планеталар да Күнді айнала қозғалады деді.

   7. Құс жолының орасан мол жұлдыздардан тұратынын  ашқан болатын.

Осылайша ол Джордано Бруно мен Николай Коперниктің ілімінің дұрыстығын дәлелдеп берді. 1633 жылы шіркеу діншілдері сот ұйымдастырып, өз ілімінен «қайттым» деуге мәжбүр етті.

Физика мен астрономия ғылымдары бір – бірімен бірігіп табиғат заңдарын ұғынуға жәрдемдеседі. Мысалы, И.Ньютонның ашқан Бүкіләлемдік тартылыс заңы бойынша денелердің жерге құлауы, планеталардың Күнді айнала қозғалуы түсіндіріледі.  Көптеген физикалық жаңалықтардың ашылуы аспан денелерін зерттеумен тікелей байланысты. Мысалы, гелий газы әуелі Күннен табылды. Ол спектрлік талдау деп аталатын физикалық зерттеу әдісін қолану арқылы анықталады. Ең алғаш бұл газ Күн құрамынан табылғандықтан, оны гелий ( грекше гелиос – Күн) деп атаған. Кейінірек ол Жердегі ауа құрамында да бар болып шықты. Астрономия нысандарын физикалық әдістермен зерттейтін ғылым саласы – астрофизика деп аталады.

Галактика деп бәріне ортақ бір центрден айналатын сансыз мол жұлдыздардың алапат үлкен жүйесін айтады.  Аспандағы жай көзбен көрінетін самсаған 6000 жұлдыз Біздің Галактика деп аталатын бір ғана галактикаға жатады. Кейде «Сүт  Жолы» деп те атайтын Біздің галактикада жай көзге көрінбейтін 200 миллиардтай жұлдыз бар. Оған аспан күмбезін белдеулеп жатқан, шашырап төгілген сүтке ұқсас, ақшыл жолақ та кіреді. Бұл жолақты Сүт жолы, ал қазақтар Құс жолы деп атайды.

·  Күн – Жерден орташа алғанда 150 млн. км  қашықтықта орналасқан.

·  Ол осы Галактиканың кішігірім жұлдызы.

·  Жарық Жер бетіне секундна 300000 км жылдамдықпен 8 минутта жетеді.

·  Жарық бір жылда 9 460 528 405 000 км жол жүреді. – осы қашықтық астрономияда бір жарық жылы деп аталады.

·  Біздің Галактиканың бір шетінен қарсы шетіне жарық 100 мың жылда жетеді.  Әлемнің кеңдігі сондай,  Біздің Галактикамен шамалас миллиардтаған галактикалар бар. Ал біздің галактикаға жақын көршілес екі галактика бар. Олардың бірін - Үлкен Магеллан Бұлты, екіншісін Кіші Магеллан Бұлты деп атайды. Біріншісінен жарық бізге 169 000 жылда, екіншісінен 180 000 жылда жетеді.

Өткен ғасырдың 20-жылдары Э. Хаббл  галактикаларды пішіні бойынша үш топқа бөлген болатын:

1.  Жұлдыздарды спираль бойымен орналасқан спиральдық галактикалар;

2.  Эллипсоид пішіндес эллипистік галактикалар;

3.  Белгілі бір пішіні жоқ бұрыс галактикалар.

Біздің Галактика  спиральдық галактикалар қатарына жатады.

Галактикалардың барлығы да қозғалыс үстінде дамиды, өзгереді, өшеді, қайтадан пайда болады. Бұдан 15 миллиард жыл бұрын Әлем болмаған. Қазіргі ғаламат әлем тығыздығы шексіз үлкен, ал көлемі шексіз кіші нүктедей ғана белгісіз заттың жарылысынан пайда болған. Әлемнің бастауында тұрған жарылысты астрономияда «Үлкен Жарылыс» деп атайды.

Расында да, қазіргі жан-жаққа бытырай алшақтап бара жатқан галактикаларды кері қарай қайыра жинақтайтын болсақ, олардың 15 миллиард жылдан кейін бір нүктеде түйісетіндігін ғылым дәлелдеп отыр. Міне, сондықтан әлемнің негізгі құрылымы – Галактикалардың жасы 12-15 миллиард жыл аралығын құрайды. Галактикалардағы жұлдыздардың жасы да бірдей емес. Олардың центріне жақын орналасқан жұлдыздар кәрі, ал шеткері орналасқан жұлдыздар жас жұлдыздар болып табылады.

Біздің Галактиканың жасы 12 миллиард жылдай. Күн оның спираль бұтағының шеткергі аймағында орналасқан. Күннің пайда болғанына 5 миллиардтай жыл болды. Оның құрамындағы элементтердің ядролық отындарының қоры тағы да 5-10 миллиард жылға жетеді.

Галактикадағы барлық жұлдыздар оның ядросын (центрін) айнала қозғалады. Күн Галактика центрінен 25000 жарық жылындай қашықтықта орналасқан. Ол Галактика центрін секундына 250 километр жылдамдықпен 480 миллион жылда бір рет айналып шығады. Бұл уақыт аралығын бір галактикалық жыл дейміз.

Көптеген жұлдыздарды төңіректеп олардың планеталары айналып жүреді. Күнді айналатын планеталар мен денелер толығырақ зерттелген. Олардың қатарын Күнге жақындарынан бастап санағанда мына сегіз планета құрайды:  

1.Меркурий (Кіші Шолпан);

2. Шолпан;

3 Жер;

4.Марс (Қызыл жұлдыз);

5.  Юпитер (Есекқырған);

6. Сатурн;

7. Уран;

8.  Нептун.  

Күнді Нептуннан кейін айналатын 9 – планета саналатын – Плутонды кіші планеталар (астероидтар) қатарына қосайық деген келісім астрономдар арасында 2004 жылы қабылданды. Сонымен қатар Күнді төңіректеп, негізінен Марс пен Юпитердің арасында мыңдаған астероидтар («кіші планеталар») қозғалады. Олардың ең үлкені – Церераның диаметрі 1003 км. Астероидтардан кіші Күн төңірегіндегі кезбелерді кометалар (қазақша «құйрықты жұлдыздар»), ал олардан да кішісін метеориттер деп атайды. Кометалар Күнге жақындағанда оның қатқан тоңы мен мұзы еріп, буланады да, шұбатылған түтік  тектес із қалдырады. Күн жалынының шарпуынан туған «күн желі» кометаның шұбатылған «құйрығын» үнемі Күнге қарсы жаққа үргілеп, бұрып отырады.

Аспан денелерінің бір-бірімен соқтығысуы – жиі болатын құбылыс. Әсіресе астероидтармен, кометалармен, метеориттермен кездесу көбірек орын алады. Планеталардың және олардың серіктерінің беттеріндегі үлкенділі-кішілі кратерлердің пайда болуы сондай соқтығысулардың салдары. Аса ірі соқтығысуларда Жердің айналу осі кенеттен үлкен бұрышқа бұрылып, жанартаулар атқылап, мұхиттардың топан сулары құрлыққа қарай жөңкілуі мүмкін. Міне, сондықтан астрономдардың бір бөлігі Жерге жақын қозғалатын аспан кезбелерін бақылаумен шұғылданады. Олардың қозғалу бағыттары туралы алдын ала болжамдар жасап, сақтандыру шараларын ұйымдастыруға жәрдемдеседі.

Планеталардың Күннен орташа қашықтығы және беткі температурасы

Планета

Күннен орташа қашықтығы  (млн.км)

Беткі температурасы (С)

Меркурий

57

+400- ден -200 – ге дейін

Шолпан

107

+400

Жер

149

+40- тан -50-ге дейін

Марс

276

+25-тен -110 – ға дейін

Юпитер

773

-138

Сатурн

1417

-180

Уран

2752

-190

Нептун

4469

-220

 

2.2 Жер тобының планеталары

 

Күн жүйесі. Күн жүйесінің пайда болуын табиғи жолмен түсіндіруге тырысу әрекеті ХҮІІ ғасырда басталды. ХҮІІІ ғасырда философ И. Кант пен математик П. Лаплас Күн жүйесінің пайда болуының үйлесімді теориясын құрды. Бірақ ол теория өкінішке орай, көптеген бақылау деректерін түсіндірмеді.

Күн жүйесінің де осындай кезеңдерді басынан өткізгені ықтимал. Аса жаңа жұлдыздар жарылғаннан кейін, ауыр элементтер бүкіл әлемге шашылып кетеді де жаңа жұлдыздарды құрайтын материалға айналады. Ондай жарылыс жақын жатқан газ бен тозаңның өзгеруіне, осылайша Күннің пайда болуына әсер еткен. Аса жаңа жұлдыз жарылғаннан кейін, соққы тасқыны гравитация заңы бойынша бұлтты сияқты да центр қызып, жана бастайды. Сөйтіп, Күн пайда болады. Күн магнит өрісі арқылы өзін қоршаған заттармен байланысын сақтады. Күн магнит өрісі арқылы өзін қоршаған ортаға дөңгелек түрінде қозғалыс моментінің барлық шамасын бере алады. Дөңгелектерден планеталар пайда болады. Күнді қоршаған планеталарға дейінгі бұлттарда кездесетін бөлшектер мен салқын денелердің бірігуі нәтижесінде планета түзіледі. Оның үстіне Күннің сәуле шығаруындағы ыстық жел Күннің маңынан жеңіл ұшатын заттарды ала кетеді. Заттардың бір - біріне жабысуының нәтижесінде Күннің жанынан кішкене тығыз кремнийлік планеталар, ал Марс орбитасынан әрі қарай сутегі мен гелийден тұратын алып планеталар пайда болады.

Күн жүйесіндегі планеталар өздерінің физикалық қасиеттеріне қарай екі топқа бөлінеді – жер тобындағы планеталар және алып планеталар. Жер тобындағы планеталарға: Меркурий, Шолпан, Жер, Марс, Плутон да жатады. Жер тобының планеталары, негізінен табиғи тұздар мен темірден тұрады. Жер тобындағы планеталардың атмосфералары өте күрделі эволюцияны бастарынан өткізді: біртіндеп және апатты түрде газсыздану (вулкандар), бастапқы аккреция (бөлініп шығу, өсу) периодында әр түрлі бөлінулер, бірінші планеталық тұмандықтардан газдарды қармап алу. Жер тобындағы планеталарда серіктер аз (Меркурий мен Шолпанда олар тіпті жоқ, Марста – екі кішкене серік, Жерде – біреу). Физикалық сипаттамалар бойынша бұл топтағы планеталарға алыстағы Плутон да жататын болар.

Меркурий. Меркурийдің бетінде оған құлаған метеориттердің салдарынан шұңқырлар пайда болған. Оның ең үлкені Калорис деп аталады. Диаметрі 1300 км болатын осы үлкен шұңқырдың бүйірлерінде метеориттің соқтығысу күшінен тау үйінділері пайда болған. Меркурийдің Күнге жақын орналасуы оны бақылауға кедергі келтіреді. Аспан аясында оның Күннен ең алыс кету бұрышы 29о. Сондықтан ол күн шығар алдында (ертеңгі көрінуі) немесе кешке күн батқанда (кешкі көрінуі) көрінеді. Меркурий орбитасының эклиптикаға көлбеулігі үлкен болғандықтан оны әр уақытта көру мүмкін емес. Планета құралсыз көзге анық көрінеді. Ең жақсы көріну периодындағы жылтыруы – 1m - ге тең. Меркурийдің магнит өрісі Жердікінен 100 есе әлсіз. Планетаның шамамен төрттен үш бөлігін құрайтын ядросы темірден тұрады. Меркурийдің диаметрі Жерден 3 есе, массасы 20 есе аз, ал тығыздығы Жердің тығыздығымен шамалас (5, 43 г/см3). Меркурий Юпитер мен Сатурнның кейбір серіктерінен кіші. Планета сфера түріне ие. Меркурийдің серіктері жоқ. Егер олар болған жағдайда да планетаның алғашқы пайда болуы кезінде планетаның бетіне құлаған болуы керек.

Шолпан планетасы. Шолпанды Жердің «сіңлісі» деп те атайды, өйткені олардың массалары және өлшемдері шамалас. Шолпан өзінің Күнді айнала қозғалысына кері бағытта және Жерге қарағанда 243 есе баяу қозғалатынымен басқа планеталардан өзгешеленеді. Жас Меркурий мен Шолпан өз осьтерінен 10 сағат периодпен айналған болатын. Бұл планеталардың денелері алыс дәуірде (матия) қатып қалғандай әсер қалдырады. Егер Шолпанда магнит өрісі болса, ол өте әлсіз, оның полярлығы жердегі сияқты ғана. Шолпанның массасы Жер массасының 0, 815 бөлігін құрайды, тығыздығы 3, 24 г/см3 - қа тең. Шолпанның орбитасын дөңгелек деуге болады, оның эксцентриститілігі 0, 0068 - ге тең. Шолпан Күн жүйесіндегі Жерге ең жақын планета, оған дейінгі қашықтық 40 - тан 259 млн километрге дейін өзгереді. Шолпан планетасының серіктері жоқ. Атмосферасы, негізінен, көмір қышқыл газынан тұрады және тығыздығы жердегіден тоқсан есе артық. Планетаның бетіндегі атмосфералық қысымды жер бетіндегі мұхиттың бір километр тереңдігіндегі қысымымен салыстыруға болады. Планетаны үнемі тығыз бұлттар жауып тұрады да, планетада «парникті эффект» байқалады. Күннің жарық сәулелері қайта сәулеленіп, жылу сәулелерін шығарады. «Магеллан» зонды Шолпанда вулкандар тапты. Олардан бөлінетін қос тотықты күкірт тығыз қызғылт - сары бұлт құрайды. 50 - 100 км биіктікте одан күкірт қышқылы немесе тұз қышқылы тамшыларынан тұратын жаңбыр жаууы мүмкін. Шолпанның бетінде таулар, вулкандар (әдеттегідей емес, дөңгелек пішінді келеді), аңғарлар бар. Жалпы алғанда, бұл жер тобындағы планеталар ішіндегі ең бір тегістеу планета.

Жер планетасы. Меркурий мен Шолпаннан кейінгі тұрған біздің көгілдір планета Жер. Жердің гидросферасы жылуды сақтайды. Жердің ішкі құрылысы өте күрделі. Қатты планеталар арасынан Жер ең активті болып есептеледі. Беткі қабаты үнемі өзгерістерге ұшырап тұрады. Жер залалинның теориясы бойынша жердің сұйық және қатты ядросы анықталады. Жердің магнит өрісі өте күшті. Оның магнит осінің өз кіндігінен айналу осіне көлбеулігі 11о, 5о бұрыш жасайды. Жер көкшіл көгілдір, Ай қызғылт сары түсті. Ай Жерге тек бір жақ бетімен көрінеді. Айдың Жерді айналып шығу уақыты оның өз осімен айналып шығу уақытына тең. Меркурийдегі тәрізді Айда да атмосфера жоқ.

Марс планетасы. «Қызыл жұлдыз» планетасы Жерден әлде қайда кіші. Ол, бір жағынан, Меркурий мен Айдың арасындағы, екінші жағынан, Жер мен Шолпанның арасындағы аралық планета тәрізді, оның атмосферасының тығыздығы Жер атмосферасының тығыздығынан 10 есе аз. Марстың атмосферасы Шолпандағы тәрізді көмір қышқыл газынан тұрады. Марс планетасының екі серігі бар. Олар өлшемдері шағын, шамамен 20 км болатын Фобос және Деймос.

Марс Күн жүйесіндегі Жерден адам баласының онда жетілген жердегідей тіршілік бар деген үмітпен қарап, ерекше қызығушылық тудырған бірінші планета. ХІХ ғасырда негізгі пікірталастар мен айтыстар тудырған Марстан басқа бірде - бір планета болған емес. Қазіргі кезде Марста өсімдіктер мен органикалық өмірдің бар болуы жөнінде талас жүріп жатыр. ХХІ ғасырда бұл пікірталастың жұмбағы азайған жоқ.

Плутон. Енді Жер тобындағы Плутон планетасын, оның серігі Харонды қарастырамыз. Бұл Күн жүйесіндегі ең салқын ең кішкене планета. Оның диаметрі 2260 км, ал бетінің орташа температурасы – 230оС. Ғалымдар планетада өте сирек азот пен метаннан тұратын салқын атмосфера бар болар деп жобалайды. Плутонның түнгі аспанында Күн тек жарық жұлдыз тәрізді көрінеді. Оның серігі Харон планетадан екі есе кіші. Күн жүйесінің соңғы планетасы 1930 жылы табылды, оған әлі ешқандай ғарыш аппараттары ұшып барған жоқ. Соңғы кезде Плутонды Күн жүйесіне кіретін тең құқықты планета арасына жатқызуға бола ма деген пікірталас та қызу жүріп жатыр. Ал Жерден алынған фотосуреттермен оның қандай да бір ерекшеліктерін анықтауға әлі мүмкіндік болмай тұр. Плутон мен Харонды зерттеу дәуірі әлі алда.

 

2.3 Алып планеталар

 

Алып планеталардың (Юпитер, Сатурн, Уран, Нептун) өлшемдері мен массалары үлкен, ал орташа тығыздығы аз (ең аз Сатурнда – 0, 7г/см3). Барлық алып планеталардың құрылымдары ұқсас. Алып планеталар Күннен өте алыс қашықтықта жатыр. Барлық алып планеталар серіктерімен қоршалған. Отыз жыл бұрын белгілі серіктердің саны отыздан аспап еді. Қазір олардың алпысы белгілі. Серіктердің бір - біріне ұқсамайтындығы таңдандырады. Қазіргі кезде Юпитерде 16, Сатурнда 17, Уранда 15, тек Нептунда ғана 8 серік бар.

Юпитер Күн жүйесіндегі ең үлкен және ең ауыр планета, түрлі түсті. Юпитердің көлемі Жерден 1320 есе, ал салмағы 315 есе артық. Юпитер кішкентай жұлдыз болып қалар еді. Әйтсе де өзінің жеке жылу көзі бар, ол заттың радиоактивті ыдырауы және сығылуы кезінде бөлініп шығаратын энергия. Юпитердің орталық ауданындағы ток өткізетін метанды сутектің өте аз айналуының нәтижесінде қуатты магнит өрісінің өндірілуі мүмкін. Юпитердің магнит өрісінің Күн желімен өзара әсерлесуінен атмосферада полюстік шұғыла мен найзағай құбылыстары байқалады. Юпитердің үлкен қызыл дағы – өлшемі жерден екі есе үлкен болатын циклон. Үлкен қызыл дақ осінен 6 күнде бір толық айналып шығады. Сыртқы серіктері планетадан құралсыз көзбен көрінбейтін қашықтықта орналасқан, ал ең алыс серіктің бетінен қарағанда Юпитер Айдан да кіші болып көрінеді.

Сатурн. Күн жүйесіндегі құралсыз көзбен бақылауға болатын соңғы планета. Оның тығыздығы Күн жүйесіндегі планеталар тығыздығының бәрінен де, тіпті қарапайым судың тығыздығынан да аз. Егер Сатурн сиятын мұхит табу мүмкін болса, онда ол мұхитта қалқып жүрер еді. Сатурн ені 275 000 км, ал қалыңдығы бір километрден артық емес, өзінің қуатты сақиналар жүйесімен ерекшеленеді. 5 млрд жыл бұрын Күннің айналасында да көптеген ұсақ денелер мен бөлшектерден тұратын осындай сақинаның бірігуі нәтижесінде планеталар пайда болады. Яғни, осы сақиналар планетаның пайда болу механизмін түсінуге көмектеседі.

Уран. Уран да барлық алып планеталар тәрізді жартылай сұйық, жартылай газ күйінде тұрады. Планетаның ішінде елеулі ірі ақты ядросы бар. Газ қабығының астында қалындығы планетаның радиусының үштен біріндей жерде су, амиак және метаннан тұратын, температурасы бірнеше жүз градус болатын тғыыз мұхит орналасқан. Ондағы атмосфераның қысымы 200 мың жер атмоферасы қысымнан кем емес. Басқа алып планеталарға ұқсас Уранның атмосферасы, негізінен, сутегінен, гелийден және метаннан тұрады және олардың салыстырмалы қатынасы Юпитер мен Сатурнға қарағанда төмен. Уранның ту көгілдір, өйткені оның атмосферасының жоғарғы қабатында сутегі мен гелийдің түтіні бар. Уранның магнит өрісі жердікі сияқты күшті, бірақ магниттік полюс географиялық полюстан шамалы 500 – қа ауытқыған. Уранда 9 сақина бар. Олар: тығыз, жіңішке, сатурынның сақина – карина мың есе жіңішке, түстері көмірдей қара.

Нептун. Күннен 4, 5 млрд км қашықтықта жатыр, бұл жерден 30 есе алыс деген сөз. Нептуннің өлшемі Ураннан аз ғана кіші және ал газды алып планеталар ішіндегі ең кішісі болып есептеледі. Оның жарықтануы жер бетінен 900 есе Юпитерден 30 есе кем. Нептун атмосферасының құрамы алып планеталарға ұқсас екенін өлшеулер көрсетті: 13% гелий, 85% сутегі және басқа заттар мен метанның қапасы бар. Нептун атмосфераның жоғары қабаттарының қозғалысы әдеттегіден өзгеше жүреді. Планетаның өз өсінен шығысқа қарай айналуына қатысты алғанда атмосфералардың қозғалысы батысқа қарай бағытталған, оның үстіне экватордағы бұлт баяу қозғалады. Күн жүйесіндегі жерлердің күштісі Нептунда соғады, оның жылдамдығы дыбыстың жылдамдығына жетеді.

 

 

2.4 Қазақ халқының аспан әлемі туралы түсініктері

 

Көшпелі жұрттың аспан әлемі туралы ілімге қосқан үлесі де ерекше. Көшпелі тұрмыс әр айдың ерекшелігіне, онда туатын жұлдыздарға байланысты ауа райының құбылуына айрықша мән беріп, аспан шырақтарына көшпелі ел өміріне байланысты ат таққан. Ұлан-байтақ кең далада мал бағып, күндерін кең табиғат құшағында мал өрісінде, түндерін жұлдызды аспан астындағы мал күзетінде өткізген қалың қазақ, табиғат құбылыстарын бақылаудан туған халықтың көп жылдық тәжірибелерін қорытып, жұлдызды аспан туралы астрономиялық түсініктер мен ілімдер жинаған.

Табиғат құбылыстарының айналып келіп отыруын, күн мен түннің, жыл мен маусымдардың, ай жаңалануының айналып келіп отыруын мұқият бақылап, есептеп ұғынудың қазақ халқының шаруашылық өмірі үшін орасан зор тіршілік тұрмыстық маңызы болды. Қазақтар осы есеп арқылы жайлауға қай уақытта көшу, күзеу мен қыстауға қай уақытта келу, қойды қай уақытта қырқу, қашан күйек салу, қай мезгілде көктеуге барып мал төлдету, соғымды қашан сою, егінді қай мезгілден бастап салу, шөпті қашан шабу сияқты шаруашылық мезгілдерін белгілеп отырды. Бұл есептен жаңылу оларды ауыр шығынға ұшыратты.

Табиғат құбылыстары: айналаны, жұлдызды, аспанды бақылаудан туған, халықтың көп жылдық тәжірибесінде жинақталған астрономиялық түсініктер мен білімдер негізінде байырғы қазақ күнтізбесі жарыққа шықты. Шексіз – шетсіз кең далада мал бағу, үдере көшу, жолаушы жүру, жоқ қарау және аң аулау, төрт жағын анық айыруды, қараңғы түндерде жұлдызды аспанға қарап бағыт – бағдарды белгілеп, өткел, суат, қоныс, құдықтарды дәл табуға үйретті.

Қазақтардың жұлдыздарға қойған аттары да көшпелі шаруашылыққа байланысты қойылған. Түңгі ашық аспанға зейін қойып қарағанда кез – келген адам – Сүмбіле (Үлкен төбет шоқжұлдызы), Таразы – Шідер – Үшарқар (Орион), Үркер (Торпақ шоқжұлдызы), Персей, Андромеда, Аққу, Бүркіт, Жылан, Мерген және Бүйі шоқжұлдыздарының бойымен қоса қабаттаса ұзыннан – ұзақ түйенің ақ шудасындай созылып жатқан тұмандықты байқар еді. Бұл ақ тұмандықты халқымыз ежелден Құс жолы деп атаған. Себебі, көктемде жыл құстары осы ақ тұмандық бойымен жерімізге ұшып келіп, күзде осы жолмен кері қайтады. Ал ақиқатында бұл ақ тұмандық шоғырланған сан миллиард жұлдыздардың алыстан көрінген өте әлсіз сұлбасы болып табылады. Құс жолы аталып кеткен бұл тұмандық (еуропалықтар «сүт жолы» деп атайды)

Темірқазық шоқжұлдызы және Жеті қарақшы. Солтүстік аспан жарты шарының кіндігінде орналасқан шөміш іспеттес кіші 7 шоқжұлдызды және оған жақын орналасқан бірнеше шожұлдыздарды жылдың қай мезгілінде болмасын, әрдайым көріп отыруға болады. Жеті жұлдыздың ұшындағы жарық жұлдызды халқымыз – Темірқазық деп атап, «шөміш» түріндегі екі жарық жұлдызды Ақ боз ат және  Көк боз ат деп атаған. Егер бір сәт Темірқазық жұлдызынан төмен қарай түзу сызық жүргізсең, ол «үлкен шөміш» сияқты Жетіқарақшының түбіндегі екі жарық жұлдызды қиып өтеді. Жетіқарақшы шоқжұлдызының Темірқазықты айнала қозғалып жүруі аспан әлемінің сағат тіліне қарсы айналуының ең қарапайым белгісі болып табылады. Яғни, ғылыми тілде қазіргі уақытта аспанның солтүстік нүктесі Темірқазық жұлдызына өте дәл келеді. Темірқазық – қазақтардың түнде жол жүргенде бет алысын бағдарлайтын астрономиялық компасы. Жетіқарақшы оларға сағат қызметін атқарған. Оның қозғалысын, қосымша А-да көрсетілгендей, сағат тілінің қозғалысы ретінде пайдаланған. Түн ортасында Жетіқарақшы қайда, таң ата қайда болатынын білген, күзге таман түндер ұзарады, қой күзетушілер Жетіқарақшының орналасуына байланысты ауысып отырған.

Шідер немесе Таразы (Орион) шоқжұлдызы.

Қазақстан жерінде тамыз айынан мамыр айына дейін әлем жарты шарының солтүстік – шығыс жағында «X» сияқты немесе «ромба» түрінде 5 жұлдыз үнемі көрініп тұрады. Оны халқымыз Шідер немесе Таразы шоқжұлдызы деп атаған. Бұл шоқжұлдыз төрт түліктің жайымен жиі көшіп – қонып отырған халқымыздың белгілі бір жыл маусымдарын дәл анықтауына және соған қарай қам – қаракет жасауына игі ықпал еткен. Яғни, бұл шоқжұлдыз басқа шоқжұлдыздармен салыстырғанда Қазақстан жерінде едәуір көп көрініп тұрады. «X» немесе «ромба» тәрізді шоқжұлдыздың дәл ортасында үш жұлдыз қатар көрінеді. Мұны халқымыз «үш арқар» деп атаған.

Сүмбіле жұлдызы.

Сүмбіле (латынша – Сириус) жұлдызы - Үлкен төбет шоқжұлдызының құрамындағы ең жарық, ақшыл түсті алып жұлдыз. Қазақстан жерінде Сүмбіле жұлдызы күзді күні туады. Солтүстік аспан жарты шарынан Сүмбіле жұлдызын табу үшін Таразы шоқжұлдызынан көкжиекке қарай ойша түзу сызық жүргізсек жетіп жатыр. Мамыр айында Қазақстан жеріне көрінбей кеткенде, Сүмбіле жұлдызы аспанның оңтүстік жарты шарына ауысады.

Шолпан жұлдызы.

Көшпелілердің өмірінде – Шолпан жұлдызының ролі аз болған жоқ. Шолпан күн шықпай немесе күн батқан соң көрінеді. Әрбір жайлауға және жайлаудан көшу уақыты Шолпанның туына байланысты болған. Шолпан жұлдызы кешкі күн батарда батыста көрінсе, оны «Тұл қатын» деп атаған. Бұл атау Шолпанға, қыста күн батарда батыста көруіне байланысты қойылған. Өйткені, қыста кешке қарай аяз күшейеді. Шолпан (Зуһра, Керуен, Өмірзая) Күнді 0,61521 жылда немесе 224 тәулік 18 сағат 17 минутта айналып шығады.

Кіші Шолпан жұлдызы (Меркурий).

Шолпан жұлдызының таңмен бірге туатыны белгілі болса, Кіші Шолпан күн шығардан бұрын шығады және Шолпаннан кіші болғандықтан солай аталады. Меркурий жұлдызы күнді 0,24085 жылда немесе 87 тәулік 53 сағат 7 минутта айналып шығады. Кейде оны Болпан деп те атайды. 

Қазақтар Юпитер жұлдызын Есекқырған деп атаған. Юпитер – Күнді 11,86223 жылда немесе 11 жыл 314 тәулік 22 сағат 4 минутта айналып шығады. Он екі жылды хайуанаттар мүшелдерінің пайда болуын осы Есекқыррған нысанының Күнді айналып шығу уақытымен байланыстырады.

Марсты қазақтар Қызыл жұлдыз деп атайды. Кейде Аңырақай деген ат та кездеседі. Марс – Күнді 1,880089 жылда немесе 686 тәулік 23 сағат 13 минутта айналып шығады.

Қазақ қауымы аспан әлемін бақылау арқылы метеорларды – аққан жұлдыз деп, кометаларды құйрықты жұлдыз деп атаған.

Үркер жұлдыз шоғыры.

Үркерді білмейтін қазақ жоқ десе болады. Ол Торпақ шоқжұлдызыны құрамындағы жыпырлақ, бір – біріне жақын орналасқан ерекше жұлдыз шоғыры. Әсіресе, қысты күндері түнге қарай тас төбеде көзге шағылысып жалт – жұлт етіп тұрады. Адамдардың көпшілігі Үркердің 6 жұлдызын, көзі қарақтылары 7 - 8 жұлдызын көре алады. Телескоппен қарағанда Үркердің алқабынан 180 - 200 жұлдызды көруге болады. Б.з.д. 4000 – 3000 жылдары көктемгі күн мен түн теңелу нүктесі жуық түрде Үркер жұлдыз шоғырына сәйкес келген. Қазіргі уақытта көктемгі күн мен түн теңелу нүктесі прецессия құбылыс салдарынан Торпақ шоқжұлдызынан Тоқты, одан соң Балықтар шоқжұлдызна ауысып кеткенімен, ерте замандарда халқымыз тоғыс есебі деп аталатын күнтізбе жүйесін осы Үркер мен Айдың әрбір 27 - 28 күнде бір рет «тоғысуына» негіздеп жасаған. Яғни жыл басын қазіргідей қыс ортасы қаңтардан емес, күн мен теңелген көктемнен бастауға дағдыланған халқымыз үшін Үркер жұлдыз шоғыры өте қолайлы болған. Жер бетіндегі ең кәрі күнтізбелеріне жататын тоғыс есебінің негізіне Үркер мен Айдың Күндік жыл ішінде 13 рет «тоғысатын» күн алынған.

Табиғат сыры біздің ата – бабаларымызға  да жақсы таныс. Ата – бабаларымыз келесі  жылдың ауа – райын қалай болатындығын немесе жыл айларының қалай басталып, қалай аяқталатыны туралы сол мезгілдегі таңнын атуы, күннің батуы, жұлдыздардың жарқырауы, Құс жолының орналасуы, Шолпанның тууына қарап болжап біліп отырған. Сондай – ақ төрт түлік малдың күй алуы, өрістен қайтуы, дыбыс шығаруы (мөңіреуі, маңырауы, кісінеуі, боздауы) да алдағы күннің райын білуге көмектескен. Мысалы, қыс қатты жылдары малдар өте күшті қоңдылық ала бермейді және сиыр, қой малы аяғын көсіліп ыңыранып күйіс көп қайтаратын болған. Ал малдар өріске беттемей мазасыздана бастаса ауа – райы онша қолайлы бола қоймайды деген сөз. Халқымыз аң – құстардың да тілін түсініп, олардың өміріндегі өзгешіліктерінен алдағы күннің қалай болатындығын жобалап, соған орай қам қылған. Атап айтсақ, қыс қатты болатын жылдары құстар улап – шулап топтасып жылы жақтарға ерте қайта бастайды. Су құстарының мезгілінен бұрын келуі – ерте көктемнің хабаршысы көрінеді. Ал керісінше қарақұс, сауысқан секілділер ерте келсе, көктем кешігіп мал шығыны өте көп болатынын білдіреді. Ата – бабаларымыз жұлдыздардың жарқырауынан да сол жылдағы қыстың аязды және қардың аз жауатынын болжаған. Күн қызарып шықса және  шығыстан ақсары шапақ сәуле аспанға көтерілсе жуық арада күн суытатынын анықтайды, яғни шығыстан суық ауа массасы келеді. Керісінше қыс, көктем айларында күн батарында қызарып батса, онда ертеңгі күн және бірнеше күнгі ауа – райы өте жақсы қалыпты жағдайда болады.

Халқымыздың «Ай қорланса – аяғынды сайла, Күн құлақтанса - күрегіңді сайла» - деп уағыздауында үлкен ғылыми болжам жатыр. «Ай қорланса аяғыңды сайла» дегені – Ай  Жер шарының мәңгілік серігі және Жерді үнемі айналып тұрады. Қазіргі география, астрономия ғылымында Жер мен Айдың параллель келу градусы тепе – тең 90°-қа келгенде Солтүстіктен және Оңтүстіктен суық ауа шұғыласы шағылыспайды да, сол кезде Жерге Ай қорлана көрінеді. Осы кезде Орта Азияда құрғақтау, жылы ауа массасы тұрақтанады. Шаруашылықта ілгері басқандық, малда амандық, төл көп ереді деген мағына береді. Жалпы ауа – райы жақсы болады. Ал «Күн құлақтанса – күрегіңді сайла» дегені – Күн құлақтанғанда, Жер шарында, әсіресе Орта Азияда күн суытып, солтүстіктен циркуляция, яғни суық ауа массасы желмен қар алып келеді. Бұл кез шаруашылыққа өте қолайсыз осыны ерте кезден білген ата – бабаларымыз табиғаттың дүлей күшіне дайын болу керек деп ескертеді. Қорыта айтсақ, табиғат заңдылықтарын зерттеудегі халықтық қағидалардың орны

Қорытынды

 

Жер тобындағы планеталар жөніндегі негізгі мәліметтер ХХ ғасырда алынады. Планетаның бетін тікелей жанама әдістерімен зерттеулер негізінде планеталардың атластары құрастырылады. Олардың бетінде планеталар белгіленеді.

Алып планеталар жөніндегі негізгі мәліметтерді ғалымдар ХХ ғасырда 70 - 80 жылдарында олардың американың ғарыш кемелері, Ваяджерлер ұшып өткеннен кейін ғана алды. Ол арқылы жерге жіберілген тамаша суреттер теориялық есептеулер нәтижесін растады және жаңа жаңалықтарды ашты.

Бүгінгі күні ғарыш технологиялары ғылымның, техниканың дамуына игі ықпалын тигізіп отыр. Осы уақытта орбитада мыңдаған жер серіктері ұшып жүр. Олар адамзат үшін қажетті аса маңызды стратегиялық міндеттерді орындауда. Ғарыш аппараттары Айға және Венераға ұшып, ол жақтың топырақ құрамын жерге жеткізді. Сондай-ақ бірнеше аппарат күн жүйесінің аймағынан шығып, әлемдік өркениет үшін қызмет етіп жатыр. Содан бері көп уақыт өте қойған жоқ.

Соған қарамастан, адамзат баласы санаулы ғана жылдардың ішінде ғарыш кеңістігін игеруде үлкен жетістіктерге қол жеткізді. Ең бастысы, әлемдік қауымдастық ғарышсыз болашақты елестете алмайтындай күйге жетті. Өйткені қазіргі заманғы жоғары технологиялардың барлығы да ғарышпен байланысты.

Бізде ғарыш технологиясын өз бетінше зерттеп, ізденіс жолында жүрген ғалымдар баршылық. Бірақ кейбір әкімшілік-құқықтық кедергілердің кесірінен көптеген технолог ғалымның жобаларына жан бітпей отыр.

Біздің Қазақстанды өзінен-өзі бірінші ғарыш мемлекеті деп санауға болады. Бірінші жер серігі біздің жерден ұшты. Бірінші кісі, адам баласы ғарышқа біздің жерден аттанды.

Ал қазақтың Байқоңырын әрбір қазақ мақтаныш тұтады. Осы жерден қаншама жер серіктері, ғылыми зерттеу станциялары және ғарыш кемелері ұшырылды көкке. Соның нәтижесінде талай жаңалық ашылып, адамзат көп нәрсеге қол жеткізді. Демек, қазақтың ғарыш айлағы күллі әлем үшін де, еліміз үшін де алар орны ерекше.

Қазақтың көшпелі тұрмысы әр айдың ерекшелігіне, онда туатын жұлдыздарға байланысты ауа райының құбылуына айрықша мән беріп, аспан шырақтарына көшпелі ел өміріне байланысты ат таққан. Ұлан – байтақ кең далада мал бағып, күндерін кең табиғат құшағында мал өрісінде, түндерін жұлдызды аспан астындағы мал күзетінде өткізген қалың қазақ, табиғат құбылыстарын бақылаудан туған халықтың көп жылдық тәжірибелерін қорытып, жұлдызды аспан туралы астрономиялық түсініктер мен ілімдер жинаған.

Қорытындылай келе, ғарыштық сала – экономиканың және бүкіл қоғам мен мемлекеттің «ілгеріленуінің» белгісі. Ол әлемдік шаруашылықтың басқа да салаларына жаңа мүмкіншілік, тың технологиялар және ғылыми-жасалымдардың үздіксіз тасқынын беріп отыр. Елдің өркениетті дамуының, барлық маңызы өмірлік салалары бүгінде ғарыштық технологиялармен және жасалымдармен тікелей байланысты десек, кателеспейміз. Ғарыштық зерттеулер нәтижелері мен ғылымның осы саласының жетістіктерін енгізудің экономикалық маңызы үлкен.

 

 

 

Ұсыныстар:

1.     Аспан денелері туралы кеңінен мәлімет алу үшін бастауыш сыныпта таңдау курстары жүргізілсе;

2.     Ауданымызда аспан денелерін көретін үлкен гороскоптар болса;

3.     Халқымыздың аспан денелеріне қатысты түсініктері, болжамдары туралы кітаптар болса.

 

 

 

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:

 

1. А.Қ. Құдайбергенова «Кіші қалалардың дамуы: Байқоңыр» – Физика және астрономия журналы, №3, 2009.

2. Всемирная энциклопедия космонавтики. – М., Военный парад, Т. 1, 2002.

3. Е.П.Левитан «Астрономия» – Алматы, «Мектеп», 2002.

4. Космос, время, энергия. Сборник статей, посвященных 100-летию Д.Д.Иваненко. Ред. Совет: Э.И.Андрианкин, Р.В.Галиулин, И.С.Головнин, Я.П.Докучаев, В.Ю.Колосков, Н.С.Лидоренко, В.Ф.Панов. – М., Белка, 2004.

5. Искаков М. Қазақтың байырғы календары. – Алматы, 1960.

6. Уәлиханов Ш. Шығармалар жинағы. – Т. 4. – Алматы, 2010.

7. Әбішев Х. Аспан сыры. – Алматы, 2009.

8. Абишев Х.А. Элементы астрономи и погода в устном народном творчестве казахов. – Алма-Ата, 1949.

9. Нұрғалымова Г.С. Қазақ халқының күнтізбесі. – Алматы, 2002.

 

 

 

 

 

 

 

 


 

Скачано с www.znanio.ru

Академик С.А.Джиенкулов атындағы

Академик С.А.Джиенкулов атындағы

Мазмұны І. Кіріспе ….....

Мазмұны І. Кіріспе ….....

Зерттеу нәтижесінде,планетаның бетін тікелей жанама әдістерімен зерттеулер негізінде планеталардың атластары құрастырылды

Зерттеу нәтижесінде,планетаның бетін тікелей жанама әдістерімен зерттеулер негізінде планеталардың атластары құрастырылды

Астрономия грекше астрон -жұлдыз, ал номос – заң деген ұғымды білдіреді

Астрономия грекше астрон -жұлдыз, ал номос – заң деген ұғымды білдіреді

Зерттеудің мақсаты: Аспан денелері туралы түсініктерімізді кеңейте отырып, оларға қатысты ата-бабаларымыздың болжамдары мен дүниетанымына терең талдау жасау

Зерттеудің мақсаты: Аспан денелері туралы түсініктерімізді кеңейте отырып, оларға қатысты ата-бабаларымыздың болжамдары мен дүниетанымына терең талдау жасау

Бұдан 15 млрд жылдай бұрын алапат жарылыс біздің әлемді жасады

Бұдан 15 млрд жылдай бұрын алапат жарылыс біздің әлемді жасады

Сондай-ақ бүкіл әлем туралы, оның жалпы қасиеттері туралы астрономия ілімін космология дейді

Сондай-ақ бүкіл әлем туралы, оның жалпы қасиеттері туралы астрономия ілімін космология дейді

Ең алғаш бұл газ Күн құрамынан табылғандықтан, оны гелий ( грекше гелиос –

Ең алғаш бұл газ Күн құрамынан табылғандықтан, оны гелий ( грекше гелиос –

Жарылыс» деп атайды. Расында да, қазіргі жан-жаққа бытырай алшақтап бара жатқан галактикаларды кері қарай қайыра жинақтайтын болсақ, олардың 15 миллиард жылдан кейін бір нүктеде түйісетіндігін…

Жарылыс» деп атайды. Расында да, қазіргі жан-жаққа бытырай алшақтап бара жатқан галактикаларды кері қарай қайыра жинақтайтын болсақ, олардың 15 миллиард жылдан кейін бір нүктеде түйісетіндігін…

Күнді Нептуннан кейін айналатын 9 – планета саналатын –

Күнді Нептуннан кейін айналатын 9 – планета саналатын –

Нептун 4469 -220 2

Нептун 4469 -220 2

Жер тобындағы планеталарда серіктер аз (Меркурий мен

Жер тобындағы планеталарда серіктер аз (Меркурий мен

Атмосферасы, негізінен, көмір қышқыл газынан тұрады және тығыздығы жердегіден тоқсан есе артық

Атмосферасы, негізінен, көмір қышқыл газынан тұрады және тығыздығы жердегіден тоқсан есе артық

ХХІ ғасырда бұл пікірталастың жұмбағы азайған жоқ

ХХІ ғасырда бұл пікірталастың жұмбағы азайған жоқ

Юпитердің үлкен қызыл дағы – өлшемі жерден екі есе үлкен болатын циклон

Юпитердің үлкен қызыл дағы – өлшемі жерден екі есе үлкен болатын циклон

Нептун атмосфераның жоғары қабаттарының қозғалысы әдеттегіден өзгеше жүреді

Нептун атмосфераның жоғары қабаттарының қозғалысы әдеттегіден өзгеше жүреді

Түңгі ашық аспанға зейін қойып қарағанда кез – келген адам –

Түңгі ашық аспанға зейін қойып қарағанда кез – келген адам –

X» сияқты немесе «ромба» түрінде 5 жұлдыз үнемі көрініп тұрады

X» сияқты немесе «ромба» түрінде 5 жұлдыз үнемі көрініп тұрады

Юпитер жұлдызын Есекқырған деп атаған

Юпитер жұлдызын Есекқырған деп атаған

Мысалы, қыс қатты жылдары малдар өте күшті қоңдылық ала бермейді және сиыр, қой малы аяғын көсіліп ыңыранып күйіс көп қайтаратын болған

Мысалы, қыс қатты жылдары малдар өте күшті қоңдылық ала бермейді және сиыр, қой малы аяғын көсіліп ыңыранып күйіс көп қайтаратын болған

Жер тобындағы планеталар жөніндегі негізгі мәліметтер

Жер тобындағы планеталар жөніндегі негізгі мәліметтер

Ол әлемдік шаруашылықтың басқа да салаларына жаңа мүмкіншілік, тың технологиялар және ғылыми-жасалымдардың үздіксіз тасқынын беріп отыр

Ол әлемдік шаруашылықтың басқа да салаларына жаңа мүмкіншілік, тың технологиялар және ғылыми-жасалымдардың үздіксіз тасқынын беріп отыр

Всемирная энциклопедия космонавтики

Всемирная энциклопедия космонавтики
Материалы на данной страницы взяты из открытых истончиков либо размещены пользователем в соответствии с договором-офертой сайта. Вы можете сообщить о нарушении.
14.12.2020