Постановка звука Р

  • doc
  • 25.01.2020
Публикация на сайте для учителей

Публикация педагогических разработок

Бесплатное участие. Свидетельство автора сразу.
Мгновенные 10 документов в портфолио.

Иконка файла материала Р дыбысын буын 27.04 (2).doc

Р дыбысын  буын, сөз ішінде  бекіту.

 

Дайындаған: Сейтказинова  Роза  Жакижановна

Дефектолог – логопед, ІІ санат

Логопедиялық сабақтың тақырыбы:

Көзі кеміс балаларға арналған облыстық арнайы

КММ №1 мектеп-интернаты

 

Сабақтың  мақсаты:  Р дыбысын  буын, сөз, сөйлем  ішінде  дұрыс, анық  айтуға  машықтандыру. Среттердің  атын  атату. Бейнелі  сурет  бойынша  сөз  қурап  айтуға  үйрету.

Түзетушілік  мақсаты: Есту зейіндерін  көре отырып,  есте  сақтау  қиялдарын  шығармашылық  елестету  қабілетін, ақыл – ой  және  фонематикалық  естулерін  дамыту.

Тәрбиелік мақсаты:    Балалардың  еңбекке  деген  сүйіспеншіліктерін  дамыту, сыныпта  тыныш отыруға.

Сабақтың  көрнекілігі: Р фонемаларының артикуляциялық  кескіні, тілге арналған  артикуляциялық   жаттығулардың   суреттері. Әріптердің кесіндісі, айна, түрлі – түсті  қағаздар.

Сабақтың  барысы:

«Баланың тілі дұрыс болса, елдің тілін көркейтіп, байытып  гүлдендіреді ...»

                                                                                              Х.Досмұхамедұлы

Олай  болса, ойындар мен жаттығуларды  бірге  орындайық!

 І.Ұйымдастыру  кезеңі.

         Үлкенге  де сіз,

         Кішіге  де  сіз.

         Сәлем  беріп  сіздерге ,

         Бас иеміз  біз.

Сендер бүгін Р дыбысын  буын, сөз ішінде  бекітуге  арналған  көптеген  тапсырмалар  орындайсыңдар, ойын ойнайсыңдар.

ІІ.Тыныс алу жаттығуларының мақсаты баланың тілдік тыныс алуын дамыту.

Алдымен дұрыс дем алу және дем шығаруға үйретеміз:

-мұрынмен дем не ауа жұту – ауыз арқылы дем шығару,

-қысқа терең дем алу – ақырындап дем шығару,

-ақырын терең дем алу – қысқа шұғыл дем шығару

1.Гүлдерді иіскейік. Балалар біз өзімізді гүлдер бағында жүрміз  деп елестетейік. Гүлдер әдемі және хош иісті болады. Кәне, гүлдерді иіскеп көрейікші. Тамаша! Жаттығу 2-3 рет қайталанады.

  2. Көбелекті ұшырамыз. 

Балалар жіп ұстаған қолдарын жоғары көтеріп, көбелекті ерін деңгейінде ұстайды. Сол мезетте мұрын арқылы ауа жұтып, ауа ағымын көбелекке қарай, оны «ұшыру» үшін бағыттайды. Жаттығу 1-2 рет қайталанады.

   ІІІ. Ерін бұлшықетіне арналған жаттығулар

Әдемі күлімде. Әдемі баланың күлкісі де әдемі. Қатты дауыс шығарып күлмеген жөн. Сондықтан әдемі, жымиып қана күлейік.

Пілдің  мұрыны:Ерінімізді жұмылдырып, алға сүйірлеп шығарамыз, бастапқы қалыпқа келтіреміз.

Қақпа: Ерінімізді кеңінен ашып, жұмылған тісті (тісті тіске тигізу)

көрсетеміз. Содан соң бастапқы қалыпқа келеміз.

Томпиған ұрт. Екі ұртты да томпитып алыңдар да, бұдан соң  алдымен біреуін, кейін екіншісін саусақпен басыңдар, бастапқы қалып.

ІY.Артикуляциялық  жаттығулар.

                               «Кімнің  тісі  таза?»

Ауызды  аздап  ашып  тілді  оңға – солға  жылжытып, тілдің  ұшымен  жоғарғы  тістерін  іш  жағынан  «тазалау»  керек.

                              «Сылақшы»

Жымиіп, аузын ашып, тілді  алға – артқа  жылжыта  отырып, тілдің  ұшымен  қатты таңдайды «сылау»  керек.

                               «Дәмді  тосап»

Жалпақ  тілмен  жоғарғы  ерінді  жалап, ауыз  құысына  кіргізу.

                                «Дабылшылар»

Жымиіп, аузын  ашып,  тіл  ұшымен  жағарғы  иістер  артында  «д»  дыбысын  анық  және  бірнеше  рет  қайталап  «тоқылдату» керек: д – д – д. Алғашқыда «д»   дыбысын  ақырын (баяу), бірте – бірте  жылдамдатып  айтқызу  керек.

Y.Саусаққа  арналған  жаттығу

Бала, бала, балақан,

Қане қайсы алақан?

Саусақтарың айбат,

Былай -былай ойнат.

Y. Дыбысты  айтуын  машықтандыру. Ойын « Жануарға айналамыз ».

Бір, екі, үш, жануарларға  айланамыз.

Итті бейнелеңдер, ол  қалай  ырылдайды (рррр).

Тоқылдақ  ағашты қалай тоқылдатады – тр – р – р, тр – р – р.

Мысық қалай дауыстайды (мур – р – р – р).

Қарғаның баласы  қарны  ашып анасын дауыстап  шақырады (кар – р – р – р).   

    Буындарды  қайтала (оқы).

Ра – ра – ра – ара                       Ар – ар – ар – қар                

Ро – ро – ро – ром                     Ор – ор – ор – тор

Ру – ру – ру – керу                    Ур – ур –ур – ура

Ры – ры – ры – рыс                   Ыр – ыр – ыр – отыр

     Сергіту  сәті.

     Дыбыстың талдау  мен  жинақтау   дағдыларын  дамыту.

Тапсырмалар:

Аңның  атауы Ж дыбысынан басталып,С дыбысымен аяқталады.

Бұл не? (жолбарыс). Неше  дауысты дыбыс бар? Неше  буыннан тұрады? «Р» дыбысының орнын  анықтаңдар.

-         Шашылып  қалған дыбыстарды  жинап, сөз  құрастырыңдар: «к», «і», «р», «к»,«е».

-         Буындары  шатасып  кеткен  сөздерден жануарлардың  аттарын  құрастырыңдар:  ра-зеб,   қыр-қас,  лы- ғаш-қар.

Тақпақ  оқыту:

Рамазан                                                                      Саяжан

1.     Қиын емес «Р» деген,                                2. Жолдасыңа «жүр»деген,

   Ұят оны білмеген,                                               Сөзді айтасың Р- менен,  

   Таңдайды сүйеп тілменен,                                  -Келдім де, Рахым досыммен,   

   Айтады оны үрлеген.                                          Трамвайда бірге мен.                                        

 

Аружан                                                                           Саяжан

3. Дән  ексем  жерге достық  егер  едім,                      4. Достық  бізге тым  ыстық,

Бұлт  болсам, соған тамшы  себер едім.                        Бірлік – байлық, ырыс - құт.

Жайнаған гүлден  гөрі  ыстық  құмға,                          Жарқырасқан  күніміз.

Дос  үшін  жылда  айналып  келер  едім.                      Жаса, жаса  тыныштық.

 

 Рамазан                                                                       Дана

5. Бүгін  қызық, бүгін  той.                                 Ағайын  туған  бар  адам,

Біздер  үшін  біліп  қой.                                     Адалдық  үшін  жаралған.

Әнді  шырқап, бибилеп.                                     Бар  қымбат  туыстық,

Жалғастырсын  ойды  ой.                                     Баянды  болсын  тыныштық                    

 

 Жұмбақ   шешіндер

Қай әріп екенін айтыңдар.
Райханда өлең жаттады
Раушан да өлең жаттады
Қай әріптен басталады
Екеуінің аттары «Р»

          Қорытынды.    

- Бүгін  сабақ   сендерге  ұнады  ма ?

Қандай  дыбысты  меңгердік?  Қане  қайталайықшы. 

Шаттық  шеңбері:

Қол ұстасып тұрайық                                         Сау- саламат болайық.

Шеңберді біз құрайық,                                      Сау болыңыздар

Көріскенше күн жақсы                             Балаларды  мақтап, мадақтау.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 


Скачано с www.znanio.ru