Поурочные планы по физике 8 класс
Оценка 4.9

Поурочные планы по физике 8 класс

Оценка 4.9
Лекции +1
doc
физика
8 кл
10.02.2017
Поурочные планы по физике 8 класс
Поурочные планы по физике 8 класс
Публикация является частью публикации:
саб 22.doc
7 сынып                                                                                                                                                  ______________ Сабақтың тақырыбы: Дененің салмағы. Салмақсыздық.  Сабақтың мақсаты:  1. Білімділік мақсаты: оқушыларға  масса туралы жете түсіндіру.                           2. Дамытушылық мақсаты: оқушылардың логикалық ойлау қабілетін дамыту.      3. Тәрбиелік мақсаты: Адамгершілікке, ұқыптылыққа, алғырлыққа, имандылыққа баулу. Сабақтың түрі: жаңа білімді қалыптастыру. Сабақтың әдіс­тәсілдері: Әңгіме, жаттығулар орындау. Сабақтың көрнекіліктері: плакаттар, суреттер, электронды оқулық, арбаша, болат, шар, ағаш, сызғыш, құм  салынған қапшық.  І. ДК. Ұйымдастыру кезеңі: Оқушылардың көңілін сабаққа аудару, құралдарын тексеру. ІІ. ДК. Жаңа сабаққа дайындық. Сабақтың барысы: 1. Кеңістік деген не? 2. Жылдамдық. 3. Уақыт деген не? ІІІ. ДК. Жаңа сабақты түсіндіру.  Электрондық оқулық арқылы түсіндіру.                           1. Массаға  арналған мысалдар. § 8. Денелердің өзара әрекеті. Масса  Тәжірибені жалғастыралық. 18, a­суретте арба бейнеленген, оған серпімді пластина бекітілген. Пластина иілген және жіппен байланған. Арба үстелге қатысты тыныштықта тұр. Егер пластина түзелсе, онда арба қозғала бастай ма? Бұл сұраққа жауап алу үшін жіпті кеселік. Пластина бірден түзеледі, бірақ арба алғашқы орнында қалады (18, б­сурет).  Енді бірінші арбамен қатар екінші арбаны қоялық (19,  a­сурет). Жіпті жағып   үзгеннен   кейін   екі   арба   да   қоғалысқа   келеді   де   қарама­қарсы жаққа   кетеді.   Олардың   екеуінің   де  жүрген   жолдары  әр  түрлі   болады екен(19,  б­сурет).   Бұл   пластинаның   түзелу   процесінде   арбалар   әр түрлі   жылдамдық   алғанын   білдіреді.   Мысалы,   сол   жақтағы   арбаның жылдамдығы осы уақытта 0­ден 40 см/сек­қа, ал оң жақтағы арбаның жылдамдығы 0­ден 20 см/сек­қа дейін өседі. Бұл сандар сол жақтағы арбаның жылдамдығы оң жақтағы арбаның жылдамдығына қарағанда екі есе шапшаңырақ өзгергені туралы айтады. Арбалардың жылдамдықтарының өзгеруіне   олардың   бір­ біріне   әрекеттері   себеп болды.   Денелердің   бір біріне әрекетін олардың өзара әрекеті деп атайды. ӨӨзара әрекеттің нәтижесінде денелердің жылдамдықтары өзгереді,   алайда   әр   түрлі   денелерде   олар   түрліше   өзгереді.    Өара   әрекет   кезінде   өз   жылдамдығын   баяу өзгертетін дене жайында ол тым инертті және үлкен массасы бар деп айтады. Ал сол кезде өз жылдамдығын тез өзгертетін дене жайында оның инерттілігі аз және массасы кіші деп айтады.   Масса  дененің инерттілігін  сипаттайтын  физикалық  шама  болып саналады. Дененің массасы неғұрлым үлкен болса, ол солғұрлым инертті болады. Масса ұғымы келешекте физиканы оқып үйренген сайын ашылады. Әзірше әрбір дене – адам, үстел, Жер, су тамшысы – массаға ие екендігін еске сақтау керек. Денелердің   массасын   бір­бірімен   әрекеттесу   кезінде   олардың   жылдамдықтарының өзгеруі бойынша салыстыруға болады.  Егерде   екі   дене   бір­бірімен   әрекеттесу   кезінде   өздерінің   жылдамдықтарын   бірдей өзгертетін   болса,   онда   олардың   массасы   тең.   Егерде   олардың   жылдамдықтары   әр түрлі өзгеретін болса, онда олардың массасы әр түрлі.  Жоғарыда қарастырылған тәжірибеде (19­суретті қара) сол жақтағы арбаның жылдамдығы оң жақтағы арбаның жылдамдығынан 2 есе көп өзгерді. Осыдан сол жақтағы арбаның массасы оң жақтағы арбаның массасынан есе кіші екендігі шығалы. СИ   жүйесінде   масса   бірлігіне  килограмм  (1 кг)   қабылданған.   Килограмның   Халықаралық   үлгісі   (эталоны немесе прототипі) Францияда Севр қаласында сақтаулы тұр. Ол платина­иридий қорытпасынан дайындалған, диаметрі мен биіктігі 39 мм­ге жуық (20­сурет) цилиндр формалы. Басқа елдер үшін осы эталоннан көшірмесі дайындалған. Ресейде, мысалы, килограмның № 12 прототипі тұр, АҚШ­та — № 20. Практикада сондай­ақ массаның басқа бірліктері — тонна, грамм, миллиграмм және т.б. пайдаланылады. 1 т = 1000 кг, 1 г = 0,001 кг, 1 мг = 0,000001 кг.  Массаны анықтаудың бірнеше тәсілдері бар. Олардың бірі туралы, жылдамдықтардың өзгеруін салыстыруға негізделген, жоғарыда айтылды. Массаны өлшеудің екінші тәсілі —  таразыға тарту. Бұл белгілі тәсілдердің ішіндегі ең ертедегісі. Таразының кескіндерін тіпті жасы төрт мыңнан асып кеткен египед пирамидаларынан да табуға болады. Айтпақшы, таразымен өлшеу дұрыс және таразымен ұқыпты жұмыс істеуге әрқашанда үлкен мән берілген. Мысалы, XII ғасырдағы ежелгі орыс грамоталарының бірінде өлшемдер мен таразыларды дұрыс пайдаланбағаны үшін “өлімге етене дарға асылсын, ал мүліктері үшке бөлінсін: бір бөлігі София шіркеуіне, бір бөлігі Иванов шіркеуіне және бір бөлігі жүздік пен Новгородқа” деген қатал нұсқау берілген. Таразылардың қазіргі заманғы құрылымы өте әр түрлі. 21­суретте массасы 10 мг­нан   200   г­ға   дейінгі   заттарды   өлшеуге   мүмкіндік   беретін  оқу   таразысы бейнеленген.   Басқа   шектердегі   массаларды   анықтау   үшін   басқа   таразылар пайдаланылады.   Мысалы,   вагондар   мен   автомашиналарды   200   т­ға   дейінгі жүкке есептелінген транспорттық таразыларда, ал массасы 1 мг­дай және одан да аз аналитикалық таразыларда өлшейді.  Таразымен өлшеуге болмайтын денелердің массасын (мысалы, Жердің, Күннің, сондай­ақ   заттың   ұсақ   бөлшектерінің   —   атомдар   мен   молекулалардың массасын) басқа тәсілдермен — жылдамдықтарды, сондай­ақ массасымен бірге физиканың әр түрлі заңдарына кіретін басқа да физикалық шамаларды өлшеу жолымен анықтайды. 2. Итальяның атақты ғалымы Галилео Галилей. 3. Кітаптағы суретке қарап түсіндіру. ІV. ДК. Жаңа сабақ бойынша түсінігін  тексеру. А) Инерция деген не? Ә) Уақыт деген не? Б) Кеңістік деген не? V. ДК. Жаңа сабақты бекіту: Әр оқушы массаға мысалдар келтіру. VI. ДК. Үй тапсырмасын тексеру. Өзін ­өзі тексеру сұрақтарын ауызша сұрау. 1.Орын ауыстыруды координаталар айырымы арқылы қалай өрнектеуге болады? 2.Қозғалыс заңының формуласын қалай жазуға болады? Формуладағы әрбір әріптің мағынасын түсіндір. VII.ДК. Оқушылар білімін жан­жақты тексеру. А) 11 тапсырманы орындау. 1. Жылдам келе жатқан көліктің алдынан кесе көлденең өту қауіпті болатыны неліктен? 2. Биіктен секіріп түскенде адам неге сәл бүгіңкірейді? 3. Балғаны саптағанда қандай құбылыс пайдаланылады? 4. Лифтімен жүргенде, ол кенет көтерілген, сәтте немесе кілт төмен түскенде жүрегіміз қобалжып,  басымыз айналғандай болатыны неліктен? Ә) Электронды оқулық бойынша сұрақтар қою. Қарап, көріп отырып, осы сұраққа жауап береді. VIІI.ДК.Үйге тапсырма______________________________

Поурочные планы по физике 8 класс

Поурочные планы по физике 8 класс

Поурочные планы по физике 8 класс

Поурочные планы по физике 8 класс

Поурочные планы по физике 8 класс

Поурочные планы по физике 8 класс

Поурочные планы по физике 8 класс

Поурочные планы по физике 8 класс
Материалы на данной страницы взяты из открытых истончиков либо размещены пользователем в соответствии с договором-офертой сайта. Вы можете сообщить о нарушении.
10.02.2017