Поурочные планы по физике 8 класс на темы Қайнау. Меншікті булану жылуы.

  • Контроль знаний
  • Разработки уроков
  • 10.02.2017
Публикация в СМИ для учителей

Публикация в СМИ для учителей

Бесплатное участие. Свидетельство СМИ сразу.
Мгновенные 10 документов в портфолио.

Сабақтың тақырыбы: Қайнау. Меншікті булану жылуы. Сабақтың мақсаты: 1. Білімділік мақсаты: оқушыларға сұйықтардың қайнау құбылысының физикалық мәнін ашып көрсету, қайнау кезіндегі суйық температурасының тұрақты болуын түсіндіру, әртүрлі сүйықтардың қайнау температурасы жөнінде түсінік беру, жаңа физикалық шама буланудың меншікті жылуы үғымын енгізу. 2. Дамытушылық мақсаты: Оқушылардың білім деңгейін және білім мазмұнының тұрақтылығы мен оны игерудегі іскерлік пен дағдыны бақылау. 1. Тәрбиелік мақсаты: Адамгершілікке, ұқыптылыққа, алғырлыққа, отансүйгіштікке, табиғатты аялауға, сыйластық пен әдептілікке баулу. Сабақтың түрі:жаңа білімді қалыптастыру, жалпылау Сабақтың әдіс-тәсілдері: Әңгіме, лекция, дискуссия, кітаппен жұмыс. Сабақтың көрнекіліктері: плакаттар, суреттер, Сабақтың барысы: І. ДК. Ұйымдастыру кезеңі: 1. Сәлемдесу; 2. Оқушыларды түгендеу; 3. Сынып болмесінің тазалығын тексеру; 4. Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру (жұмыс орны, отырыстары, сыртқы түрлері); 5. Оқушылардың назарын сабаққа аудару. ІІ. ДК. Үй тапсырмасын тексеру, қайталау. А) теориялық білімдерін тексеру. Ә) практикалық тапсырмаларын тексеру. Б) есептерін тексеру. ІІІ.ДК Білімді жан-жақты тексеру./ ІV. ДК. Жаңа материалды қабылдауға әзірлік, мақсат қою. Төмендегідей ұйғарымдармен келісесіңдер ме? (иә, жоқ) 1. Молекулалардың сұйықтан буға өтуі кебу деп аталады (иә). 2. Кебу қайнау температурасында жүреді (жок). 3. Сырттан жылу берілмегенде кебетін сұйықтын температурасының төмендейді (иә). 4. Еденге төгілген су, сол мөлшердегі стақандағы судан баяу кебеді (жок). 5. Сұйықгың температурасы жоғары болған сайын, кебу баяу жүреді(жок). 6. Конденсация деп молекулалардың будан сұйыққа өтуін айтады (иә). 7. Кондснсациялану кезінде энергия бөлінеді (иә).