Поурочный план информатика 8 класс по теме "ДК архитектурасының қазіргі заманғы даму тенденциялары."
Оценка 4.7

Поурочный план информатика 8 класс по теме "ДК архитектурасының қазіргі заманғы даму тенденциялары."

Оценка 4.7
Документация +1
doc
информатика
8 кл
03.05.2017
Поурочный план информатика 8 класс по теме "ДК архитектурасының қазіргі  заманғы даму тенденциялары."
ДЕРБЕС КОМПЬЮТЕР АРХИТЕКТУРАСЫ Компьютер (ағылшынша: computer -«есептегіш»), ЭЕМ (электрондық есептеуіш машина)-есептеулерді жүргізуге, және ақпаратты алдын ала белгіленген алгоритм бойынша қабылдау, қайта өңдеу, сақтау және нәтиже шығару үшін арналған машина. Компьютер дәуірінің бастапқы кезеңдерінде компьютердің негізгі қызметі-есептеу деп саналатын. Қазіргі кезде олардың негізгі қызметі-басқару болып табылады. Негізгі принциптері: Өзінің алдына қойылған тапсырманы орындау үшін компьютер механикалық бөліктердің орын ауыстырылуын, электрондардың, фотондардың, кванттық бөлшектердің ағынын немесе басқа да жақсы зерттелген физикалық құбылыс әсерлерін қолданады. Көбімізге компьютерлердің ең көп таралған түрі-дербес компьютер жақсы таныс.Микропроцессор – ДК-дің орталық блогы, машинаның барлық блоктарының жұмысын басқаруға және арифметикалық-логикалық операцияларды орындаға арналған
Урок №14+.doc
Сабақ тақырыбы Программалық дидактикалық қамтылуы Сабақ мақсаты Сабақ түрі Білім және біліктілікке қойылатын талаптар Сабақ №14 ДК архитектурасының қазіргі  заманғы даму тенденциялары. Оқулық, жұмыс дәптері. Оқушыларды ДК­дің негізгі және қосымша құрылғыларымен, оның қызметімен таныстыру. Пікірлесіп­түсіндіру. Оқушы білуі тиіс: ­ ДК­дің негізгі құрылғыларын; ­ ДК­дің қосымша құрылғыларын. Оқушы үйренуі тиіс: ­ ДК­дің негізгі және қосымша құрылғыларының қызметі бойынша       ДК­лерді салыстыра білу. ДЕРБЕС КОМПЬЮТЕР АРХИТЕКТУРАСЫ Компьютер (ағылшынша: computer ­«есептегіш»), ЭЕМ (электрондық есептеуіш машина)­ есептеулерді жүргізуге, және ақпаратты алдын ала белгіленген алгоритм бойынша қабылдау, қайта  өңдеу, сақтау және нәтиже шығару үшін арналған машина. Компьютер дәуірінің бастапқы кезеңдерінде  компьютердің негізгі қызметі­есептеу деп саналатын. Қазіргі кезде олардың негізгі қызметі­басқару  болып табылады.     Негізгі принциптері:  Өзінің алдына қойылған тапсырманы орындау үшін компьютер механикалық  бөліктердің орын ауыстырылуын, электрондардың, фотондардың, кванттық бөлшектердің ағынын  немесе басқа да жақсы зерттелген физикалық құбылыс әсерлерін қолданады. Көбімізге  компьютерлердің ең көп таралған түрі­дербес компьютер жақсы таныс.     Компьютер архитектурасы алға қойылған мәселені зерттеліп отырған физикалық құбылысты  максималды айқын көрсетіп, модельдеуге мүмкіндік береді. Мысалы, электрондық ағындар бөгеттер  салу кезіндегі су ағынының үлгісі ретінде қолданылуы мүмкін. Осылай құрастырылған аналогтық  компьютерлер ХХ ғасырдың 60­жылдары көп болғанымен, қазір сирек кездеседі.     Қазіргі заманғы компьютерлердің басым бөлігінде алға қойылған мәселе әуелі математикалық  терминдерде сипатталады, бұл кезде барлық қажетті ақпарат екілік жүйеде (бір және ноль ретінде)  көрсетіледі, содан кейін оны өңдеу үшін қарапайым логика алгебрасы қолданылады. Іс жүзінде барлық  математикалық есептерді бульдік операциялар жиынына айналдыруға болатындықтан, жылдам жұмыс  жасайтын электронды компьютерді математикалық есептердің, сонымен қатар, ақпаратты басқару  есептерінің көпшілігін шешу үшін қолдануға болады. Бірақ, компьютерлер кез­келген математикалық  есепті шеше алмайды. Компьютер шеше алмайтын есептерді ағылшын математигі Аланом Тьюринг  сипаттаған болатын. Орындалған есеп нәтижесі пайдаланушыға әр түрлі енгізу­шығару  құрылғыларының көмегімен көрсетіледі, мысалы, лампалық индикаторлар, мониторлар, принтерлер  және т.б.       Компьютер­жай ғана машина, ол өзі көрсетіп тұрған сөздерді «түсінбейді» және өз бетінше  «ойламайды». Компьютер тек қана бағдарламада көрсетілген сызықтар мен түстерді енгізу­шығару  құрылғыларының көмегімен механикалық түрде көрсетеді. Адам миы экрандағы көріністі қабылдап,  оған белгілі бір мән береді.       ЭЕМ­нің құрылымы оның техникалық көрсеткіштері мен мүмкіндіктері көбінесе оны пайдаланудың мақсаттарын анықтайды. Дегенмен бағдарлама мен бастапқы деректерді машинаға енгізу қажетті  операцияларды орындау үшін керек. ЭЕМ оның құрылымдық ерекшеліктеріне байланыссыз мына  құрылғылардан тұрады:  1) Процессор  2) Негізгі жады (есте сақтау құрылғысы)  3) Шеткі аймақтық құрылғылар  Ішкі жад ТЖҚ – тұрақты және анықтамалық ақпаратты сақтауға, ақпаратты оқуға арналған. Онда ақпаратты өзгертуге болмайды. ЖЖҚ – ақпаратты уақытша жазуға, жадтауға және оқуға арналған. Компьютерді ажыратқанда жедел жадтау құрылғысының ішіндегісі өшіріледі. Қатқыл магниттік дискілер (винчестер) Сақтау, жазу, оқу, өшіру Сыртқы жад Иілгіш магниттік дискілер (флоппи дискілер) Сақтау, жазу, оқу, өшіру Лазерлік дискілер (CD­ROM) Магниттік таспалар (стримерлер) Сақтау, жазу, оқу Сақтау, жазу, оқу 20­180 Гбайт 1,44 Мбайт 700 Мбайт Міндеті Көлемі Таспа ұзындығымен шектелген Жоқ  Ақпаратты өзгерту мүмкіндігі Иә Иә Иә Оперативтік жадыға осы кезде қажетті ғана ақпарат сақталады. Компьютер өшкен кезде оперативті жадыдағы ақпарат өшеді. Компьютердің жұмыс істеу жылдамдығы оның оперативтік сйымдылығына байланысты. Тұрақты жады ақпаратты оны дайындау барысында электрондық немесе механикалық 1) ДК қайта қосқан кезде жүйелік блоктың жұмыс істеуін тексеретін тестті бағдарлама.  әдіспен жазылады.  2) Шеткі аймақтық құрылғылар (дискжетек, пернетақта, монитор және т.б.) жұмысын басқаратын бағдарлама.  3) Дискінің қай жерінде операциялық жүйе жазылғандығын білдіретін ақпарат.  Негізгі жады регистрлерден тұрады. Регистр – ақпаратты екілік кодта уақытша сақтайтын құрылғы. Регистрдегі еске сақтау құрылғысы – триггер деп аталады. Триггер деп 0 немесе 1 деген екі күйдің бірінде болатын құрылғыны айтады. Регистрдегі триггерлер саны компьютердің разрядтылығы немесе өнімділігі деп аталады. 8, 16, 32, 64 және т.с.с.              Процессор немесе микропроцессор Микропроцессор – ДК­дің орталық блогы, машинаның барлық блоктарының жұмысын басқаруға және арифметикалық­ логикалық операцияларды орындаға арналған Арифметикалық­логикалық құрылғы –  сандық және символдық ақпараттарға  арифметикалық­логикалық операциялар  орындауды жүзеге асырады Басқару құрылғысы – барлық компоненттердің  жұмысын реттейді, яғни белгілі басқару  сигналдарын құрастырады және дер кезінде беріп  тұрады, операцияларды орындау үшін жад  ұяшықтары адресін ұйымдастырады және осы  адрестерді ЭЕМ­нің блоктарына беріп тұрады Процессордың сипаттамасы                             Тактілік жиілік                                                             Разрядтылық       Бұл құрылғының негізгі атқаратын қызметі машина жадына келетін ақпаратты түрлендіру.  Процессорлардың бір – бірінен өзгешелігі олардың типтерінде (модель) және оның қарапайым  амалдарды орындайтын жұмыс жылдамдығының көрсеткіші – мегогерцте.  Кең тараған түрлері:  INTEL 8088 – 5Mhz INTEL 80286 – 20Mhz INTEL 486 – 100Mhz  Pentium – 75Mhz  Pentium 4 3000Mhz  Процессордың жұмыс жылдамдығының көрсеткішіне сәйкес оның бағасы да анықталады. Кейде  құрылымның ерекшеліктеріне қарай 1 модельге кіретін процессорлардың жиіліктері әр түрлі бола  береді. Жиілігі артқан сайын оның жылдамдығы да өсе түседі. IBM тәрізді компьютерлерде INTEL  фирмасының және басқалардың үйлесімді микропроцессорлары пайдаланылады. Процессор мен негізгі  жады аналық платада орналасады. Қосымша плата контроллер арқылы дискжетек, тышқан, принтер  және т.б. магистраль проводтар (шина) арқылы байланыстырылады.  Жүйелік блок құрамы: микропроцессор, оперативті жады, аналық плата, қоректену блогы, қатқыл диск және т.б. Мәтіндік және графикалық ақпаратты шығару үшін монитор немесе дисплей қолданылады.                                                                  Шеткі аймақтық құрылғылар Принтер: мәтінді немесе графикалық ақпаратты қағазға түсіру (матрицалық, лазерлік, сия бүріккіш).  Плоттер немесе график сызғыш: үлкен форматтағы графиктік мәліметтерді қағазға шығаруға арналған. Сканер: графиктік немесе мәтіндік мәліметтерді компьютерге енгізуге арналған.  CD ROM: компакт дискілерді оқуға арналған құрылғы.  Модем: телефон желісі арқылы басқа компьютерлермен ақпарат алмасуға арналған құрылғы.  Стример: мәліметтерді магниттік лентада сақтауға арналған.  Желілік адаптер: компьютерді жергілікті желіде қолдануға мүмкіндік береді.  Үй тапсырмасы: «Интернеттен ДК архитектурасының қазіргі  заманғы даму тенденциялары»  тақырыбына ақпарат іздеп, қысқаша реферат жазу.

Поурочный план информатика 8 класс по теме "ДК архитектурасының қазіргі заманғы даму тенденциялары."

Поурочный план информатика 8 класс по теме "ДК архитектурасының қазіргі  заманғы даму тенденциялары."

Поурочный план информатика 8 класс по теме "ДК архитектурасының қазіргі заманғы даму тенденциялары."

Поурочный план информатика 8 класс по теме "ДК архитектурасының қазіргі  заманғы даму тенденциялары."

Поурочный план информатика 8 класс по теме "ДК архитектурасының қазіргі заманғы даму тенденциялары."

Поурочный план информатика 8 класс по теме "ДК архитектурасының қазіргі  заманғы даму тенденциялары."