Презентация дизайны
Оценка 5

Презентация дизайны

Оценка 5
docx
14.04.2024
Презентация дизайны
цс 15-22.04.2024.docx

Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігі

Қысқа мерзімді жоспар

Презентация  дизайны

Бөлімі:

Презентациялар (ортақ тақырыбы:  «Су – өмірдің қайнар көзі»)

Педагогтің аты-жөні:

 Нузирова Махмуна

Күні:

 15.04.2024 ж

Сыныбы:

Қатысушылар саны:13                  Қатыспағандар саны: 0

Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаты

3.2.3.3 таныстырылымды (презентацияны) безендіру үшін, дайын дизайнды пайдалану;

Сабақтың мақсаты:

Таныстырылымды безендіру үшін, дайын дизайнды пайдалануды үйренеді.

Сабақтың барысы:

Сабақтың кезеңі/уақыты

Педагогтің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Ұйымдастыру кезеңі: 

1-7 мин.

 

 

Сәлемдесу, оқушыларды түгендеу

І. Қызығушылықты ояту: «Алма, шие, өрік, банан» әдісі

Оқушылар орындықтарды шеңберлей орналастырып жайғасады. Мұғалім оқушыларды отырған ретімен жемістер атауымен санап шығады: «Алма, шие, өрік, банан» деп. Осыдан кейін мұғалім бір не бірнеше жемістің атын атайды (мысалы, «Шие!» деп, не «Алма, өрік!» деп  немесе «Алма, шие, өрік, банан!» деп), сол кезде жемісі аталған оқушылар

 

 

орындарын алмастыру қажет. Ал мұғалім бір бос орынға отырады. Орын жетпей қалған оқушы жүргізуші болып, жемістердің атын атайды. (бірнеше оқушымен осы әдіс бойынша жалғасады).

Топтастыру:

Топтастыру: Оқушылар шеңбер бойымен тұрған сәтінде алма, өрік, банан жемістерін кезекпен атау арқылы үш топқа бірігеді.

І  топ: «Алма»

ІІ  топ: «Өрік»

ІІІ  топ:  «Банан»

Мақсаты: Белсенді оқу, оқушының мұғалімді мұқият тыңдап қана қоймай, белсенді жұмысқа тартылуын көздейтін оқыту мен оқу әдістерінің бірі болғандықтан, оқу мақсаттарына қол жеткізуде оқушылардың қажеттіліктерін, қабілет деңгейлері мен қызығушылығын ескере отырып топтастыру жоспарланды.   

Тиімділігі: Топтық жұмыста – бір-бірімен ой бөлісіп, пікірлесуге, өз ойын ортаға салуға; жұптық жұмыста –  ақылдасып, келісімге келуге, өзгенің пікірін тыңдап, құрметтеуге; жеке жұмыста – өзіндік пікір қалыптастырып, сын тұрғысынан ойлануына мүмкіндік болады.

Саралау: Оқытудың қажеттілігіне қарай топ құруда саралаудың «Жіктеу» тәсілі

қолданылады.                                                                                                                                   

Ой қозғау. «Миға шабуыл»  әдісі.  

Мұғалім төмендегі сұрақтарды оқушыларға қойып,

суреттерді интерактивті тақтадан көрсетеді.          Оқушылар ұжымдық          үлгіде білгендері бойынша өз ойларын айтып, жауап береді.

ü Еліміздегі өзің тұратын аймақтағы қандай  ірі су көздерін  білесің? (1-сурет)

ü Судың

табиғаттағы және адам өміріндегі маңызы туралы

презентацияны

       қалай         құрып, 

безендіруге болады? 

Қалыптастырушы бағалау           «Мадақтау сөз»   әдісі           арқылы бағалау

Жарайсың!, Жақсы!, Талпын!

 

Интерактивті

тақта

 

Оқулық 

 

Жұмыс

дәптерлері

Жаңа сабаққа дайындық.

 

Мақсаты: Алдыңғы білім мен жаңа білімді ұштастыру үшін, жетелеуші әрі түрткі сұрақтарды талқылау.

Тиімділігі: Оқушыға сұрақ қою, проблеманы зерттеу арқылы ой-өрісін дамытады, ойын еркін жеткізеді. Пікірлерінің еркін айтып, ешқандай сынға ұшырамауы керек, қағазға түсіруге де, ауызша талқылау жұмысын жүргізуге де болады.

Сабақтың ортасы

(26 мин)

 

ІІ. Мағынаны ашу (білімді өзектендіру үшін)

Оқулықпен жұмыс істеу. «Барлық оқушымен жұмыс істеу» әдісі

Оқулықтағы жаңа білім айдарында берілген мәтінді оқуға тапсырма беріледі. Бұл жұмыс түрі бүкіл сынып оқушыларының бір мезгілде жұмысқа жұмылдырылуын қамтамасыз етеді. Оқушылардың барлық сұрақтарына мұғалім жұмыстың алдында жауап беруі тиіс, бұл оқушыларды да, мұғалімді де алаңдатпайды. Оқушы жаңа сабақтың ақпаратымен танысады.

 

Топтық           жұмыс: «Ойлан, бірік, бөліс!» әдісі

Оқушылар ойына келген жауаптарды немесе идеяларды барынша көп жазады (Ойлан). Одан кейін олар өз идеяларын әріптестерімен біріктіреді (Бірік) және соңында мұғалім бүкіл сыныптың идеяларын

1-тапсырма

7-інші, 8-суреттерде берілген презентацияны жасауда қолданған командалар қызметін сипаттап жазыңдар. Слайдтар мазмұнына қарап 5-7 сөйлемнен тұратын әңгіме құрастырыңдар.  

Дескриптор

7-інші,8суреттерде

Қалыптастырушы бағалау

Топтағы оқушылар бір-бірінің сабаққа қатысу белсенділігі мен тапсырманы орындау деңгейіне қарай «Мадақтау сөз» әдісі арқылы бір-бірін бағалайды. Жарайсың!, Жақсы!, Талпын!

 

Интерактивті

тақта

 

Оқулық 

 

Жұмыс

дәптерлері

 

 

талқылауды бастайды

(Бөліс).

берілген презентацияны жасауда қолданған командалар қызметін сипаттап жазады.

 

 

 

Жұптық жұмыс

 2-тапсырма

Cу туралы 3 слайдтан тұратын презентация  мазмұнын жоспарлаңдар.

Тақырып үлгілері: «Судың үш күйі», «Біз қандай су ішеміз?».

Дескриптор

Cу туралы 3 слайдтан тұратын презентация  мазмұнын жоспарлайды.

Берілген тақырып үлгілері бойынша таңдау жасайды. Мысалы: «Судың үш күйі», «Біз қандай су ішеміз?».

 

Қалыптастырушы бағалау

Жұптағы оқушылар бір-бірінің сабаққа қатысу белсенділігі мен тапсырманы орындау деңгейіне қарай «Мадақтау сөз» әдісі арқылы бір-бірін бағалайды. Жарайсың!, Жақсы!, Талпын!

 

Интерактивті

тақта

 

Оқулық 

 

Жұмыс

дәптерлері

 

 

 

Жеке жұмыс

3-тапсырма Төменде берілген сұрақтар бойынша шағын есеп жазыңдар.           Презентацияларды қай жерде қолдануға болады?           Презентацияларды безендіру неге маңызды деп саналады?

        Презентацияны компьютерде және қағазға (плакат) орындаудың қандай айырмашылықтарын  айта аласың? Қайсысы тиімді? Дәлелді мысалдар келтір.

Дескриптор

ü  Берілген сұрақтар бойынша шағын есеп жазады.

ü  Презентацияны компьютерде және қағазға (плакат) орындаудың қандай айырмашылықтары бар екенін айтады.

ü  Қайсысы тиімді екенін анықтайды.

ü  Дәлелді мысалдар келтіреді.

 

Қалыптастырушы бағалау

Оқушылар өздерінің сабаққа қатысу белсенділігі мен тапсырманы орындау деңгейіне қарай «Мадақтау сөз» әдісі арқылы өзін-өзі бағалайды. Жарайсың!, Жақсы!, Талпын!

 

Интерактивті

тақта

 

Оқулық 

 

Жұмыс

дәптерлері

 

Жеке жұмыс

4-тапсырма PowerPoint-та жасалған екі слайд берілген (9, 10 суреттер).   Слайдтарды салыстырып, бағалаңдар. 

1. Слайдтардың дизайнында  3  айырмашылықты ата. 2. Слайдтардың 3 ұқсастығын көрсет.  3. Қай слайдты көпшілік ортада таныстырған болар едің?  Себебін түсіндір.

ü  Дескриптор

PowerPoint-та жасалған екі слайдты салыстырады.

ü  Оны бағалайды.

ü  Слайдтардың

дизайнында  3  айырмашылықты атайды.

ü  Слайдтардың 3 ұқсастығын көрсетеді.

Қай слайдты көпшілік ортада таныстырған болатынын айтады.

 

Қалыптастырушы

бағалау 

Оқушылар өздерінің сабаққа             қатысу белсенділігі             мен тапсырманы орындау             деңгейіне қарай           «Мадақтау

сөз» әдісі арқылы   өзін-өзі бағалайды. Жарайсың!, Жақсы!, Талпын!

 

 

Интерактивті

тақта

 

Оқулық 

 

Жұмыс

дәптерлері

Сабақтың соңы

7 мин.

 

Сабақты бекіту.

Рефлексия.

 

ІІІ. Ой толғаныс.  Рефлексия

Жеке жұмыс: «Ұялы телефон» әдісі

Оқушылар бір-біріне СМС жазу арқылы төмендегі сұрақтарға жауап жазады.

 -Бүгінгі тақырып не туралы болды? 

-                  Бүгінгі тақырыпта не ұнамады?

-                  Бүгінгі тақырып несімен ұнады?

-                  Мені қызықтырғаны ...

-                  Сабақта қандай сезімде болдың? 

-                  Тақырыпқа не қосар едің? 

-                  Тақырыптан қандай үлгі алдың?

Бүгінгі сабақтағы менің портретім

Бүгінгі сабақта болған көңіл күйдің  бет-әлпеті салынған суреттерді таңдау арқылы өз портретін көрсетіп,  сабақты бағалайды. 

Қалыптастырушы бағалау

Оқушылар өздерінің сабаққа қатысу белсенділігі мен тапсырманы орындау деңгейіне қарай «Мадақтау сөз» әдісі арқылы өзін-өзі бағалайды. Жарайсың!, Жақсы!, Талпын!

Мақсаты: Оқушы алған білімін саралай білуге дағдыланады. Тиімділігі: Тақырып бойынша оқушылардың пікірін анықтайды. Жинақталған деректердің құнды болуын қадағалайды.                

 

 

 

 


Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігі

Қысқа мерзімді жоспар

Анимация мен ауысу

Бөлімі:

 «Презентациялар» (ортақ тақырыбы:  «Су – өмірдің қайнар көзі»)

Педагогтің аты-жөні:

 Нузирова Махмуна

Күні:

 22.04.2024 ж

Сыныбы:

Қатысушылар саны: 13                  Қатыспағандар саны: 0

Сабақтың тақырыбы:

Анимация мен ауысу

Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаты

3.2.3.2  слайдтар арасында ауысуды қолдану;

Сабақтың мақсаты:

Слайдтар арасында ауысулар қолдануды үйренеді

Сабақтың барысы:

Сабақтың кезеңі/уақыты

Педагогтің ісәрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Бағалау

Ресурстар

 

Ұйымдастыру кезеңі: 

1-7 мин.

 

 

Сәлемдесу, оқушыларды түгендеу

І. Қызығушылықты ояту:  «Бірлік» әдісі

Оқушылар шағын топ құрамында бір қолын жұдырыққа жұмып, бір мезгілде саусақтарын ашады. Мақсат: оқушылардың  барлығы да бірдей саусақ санын көрсетуі керек. Ойын оқушылардың біркелкі саусақ көрсеткенге дейін жалғасады. Ойын кезінде оқушылар сөйлеспеуі керек.

/Бұл оқушыларға психологиялық жағымды ахуал туғызады, ынтымаққа баулиды/.

Топтастыру:

Топтастыру

Оқушылар шеңбер бойымен тұрып, үштікке саналып үш топқа бірігеді.

І топ: «Бірінші», ІІ топ: «Екінші»,  ІІІ топ:  «Үшінші»

Мақсаты: Белсенді оқу, оқушының мұғалімді мұқият тыңдап қана қоймай, белсенді жұмысқа тартылуын көздейтін оқыту мен оқу әдістерінің бірі болғандықтан оқу мақсаттарына қол жеткізуде оқушылардың қажеттіліктерін, қабілет деңгейлері мен қызығушылығын ескере отырып топтастыру жоспарланды.   

Тиімділігі: Топтық жұмыста – бір-бірімен ой бөлісіп, пікірлесуге, өз ойын ортаға салуға; жұптық жұмыста –  ақылдасып, келісімге келуге, өзгенің пікірін тыңдап, құрметтеуге; жеке жұмыста – өзіндік пікір қалыптастырып, сын тұрғысынан ойлануына мүмкіндік болады.

Саралау: Оқытудың қажеттілігіне  қарай топ құруда саралаудың «Жіктеу» тәсілі

қолданылады.                                                                                                                                   

Ой қозғау. «Миға шабуыл»  әдісі. 

Мұғалім төмендегі сұрақтарды оқушыларға қойып, суреттерді интерактивті тақтадан көрсетеді. Оқушылар ұжымдық үлгіде білгендері бойынша өз ойларын айтып, жауап береді.

ü Елімізде орналасқан қандай су қоймаларын білесің?

ü Бұл су қоймалары не үшін салынады?

(1-сурет) 

ü Осы тақырыпта қандай презентация жасау идеясын ұсынар едің?

Ойыңды ортаға сал.

Қалыптастырушы бағалау

Мұғалім оқушыларды сабаққа қатысу белсенділігі мен сұрақтарға жауап беру деңгейіне қарай «Смайликтер» әдісі арқылы бағалайды.

 

Интерактивті

тақта

 

Оқулық 

 

Жұмыс

дәптерлері

Жаңа сабаққа дайындық.

Мақсаты: Алдыңғы білім мен жаңа білімді ұштастыру үшін жетелеуші және түрткі сұрақтарды талқылау.

Тиімділігі: Оқушыға сұрақ қою, проблеманы зерттеу арқылы ой-өрісін дамытады, ойын еркін жеткізеді. Пікірлерін еркін айтып, ешқандай сынға ұшырамауы керек, қағазға түсіруге де, ауызша талқылау жұмысын жүргізуге де болады.

 

Оқушылар сұрақтарға жауап беріп, өзара ұжымдық талқылау жасағаннан кейін мұғалім интерактивті тақтадан сабақтың тақырыбы, мақсаты, бағалау критерийлерімен таныстырады.

Сабақтың ортасы

(26 мин)

ІІ. Мағынаны ашу (білімді өзектендіру үшін) Оқулықпен жұмыс істеу. «Жауап беретін әріптес»

әдісі

Оқушылар алдымен мәтінді толық оқиды. Содан соң, оқушылар досын немесе топты өз жұмысына түсініктеме беруге, талқылауға шақырады.  Бұл үдеріс  тиімді жүруі үшін оқушылар оқу мақсаты мен табыс критерийлерін білуі қажет. Олар сонымен бірге жауап беретін әріптестің рөлін бағалауы – оқу

Дескриптор

ü Оқулықтағы

мәтінді оқиды.

ü Топта бір-бірімен топтық талқылау жүргізеді.

ü Оқулықта

берілген  практикалық жұмысты  орындайды. 

ü Бір-біріне сұрақтар қойып,

түсінбеген тұстарын толықтырады.

 

Қалыптастырушы бағалау Мұғалім оқушыларды сабаққа қатысу белсенділігі мен тапсырма орындау деңгейіне қарай «Смайликтер» әдісі арқылы бағалайды.

 

Интерактивті

тақта

 

Оқулық 

 

Жұмыс дәптерлері

 

 

мақсаттарына сәйкес құрылымды және жағымды кері байланыс ұсынуы тиіс.   

 

 

 

 

Топтық жұмыс

1-тапсырма

Өздерің тұратын  аймақтағы су көздерінің (өзен, көл ) бірін таңдап, параққа 3 слайдтан тұратын презентацияның схемасын ұсыныңдар.

1-парақта: Су көзі жайлы  жалпы ақпарат.

2-парақта: Су туралы мақал немесе өлең жолдары, жұмбақтар.

3-парақта: Су көзінің суреті.  Слайдтан слайдқа ауысу әсерінің түрі, көрсету уақыты, дыбыс таңдауы  сияқты параметрлерді жоспарлаңдар.  

Дескриптор

ü      Өздері тұратын аймақтағы су көздерінің (өзен, көл ) бірін таңдайды.

ü      Параққа 3

слайдтан тұратын презентацияның схемасын ұсынады.

 

Қалыптастырушы бағалау

Топтағы оқушылар бір-бірінің сабаққа қатысу белсенділігі мен тапсырма орындау деңгейіне қарай бір-бірін «Смайликтер» әдісі арқылы бағалайды.

 

Интерактивті

тақта

 

Оқулық 

 

Жұмыс дәптерлері

 

Жұптық жұмыс

2-тапсырма

Время показа слайдов бөліміндегі командалардың атауын жазып, қызметін анықтаңдар  (7-сурет).

 

Дескриптор

ü Время показа слайдов бөліміндегі командалардың атауын жазады.

ü Олардың қызметін анықтайды.   

Қалыптастырушы бағалау Жұптасқан

оқушылар бірбірінің сабаққа қатысу белсенділігі мен тапсырма орындау деңгейіне қарай бір-бірін «Смайликтер» әдісі арқылы бағалайды.

Интерактивті

тақта

 

Оқулық 

 

Жұмыс дәптерлері

 

 

 

Жеке жұмыс

3-тапсырма

ü Ауысудың

анимациялық әсерлерінің  көрсетілім кезінде қандай көмегі бар?

ü Презентацияға безендіру мен ауысуды қолданудың қандай айырмашылығы бар?

ü Слайдтарды тінтуірмен  және уақытпен ауыстырудың екі түрі де қолданылатынын білдік. Оларды қандай мақсаттарда қолданады? Қайсысын қолданған тиімді? Неге?

Дескриптор

ü Бір сұраққа жауап береді.

ü Екі сұраққа жауап береді.

ü Үш сұраққа толық жауап береді.

 

Қалыптастырушы бағалау

Оқушылар өздерінің сабаққа қатысу белсенділігі мен сұрақтарға жауап беру деңгейіне қарай өзін-өзі «Смайликтер» әдісі арқылы бағалайды.

 

Интерактивті

тақта

 

Оқулық 

 

Жұмыс дәптерлері

Сабақтың соңы 7 мин.

 

Сабақты бекіту.

Рефлексия.

 

ІІІ. Ой толғаныс.  Рефлексия

Жеке жұмыс: «ВЕЕР» әдісі

Сабақты бекіту, яғни қорытындылау үшін оқушыларға веер жасау тапсырмасы беріледі. Қағазды веер етіп  бүктеп, бірінші оқушы бір бөлігіне сабаққа қатысты сұрақтар жазып шығады, екінші оқушы екінші бөлігіне қысқаша жауап жазып тапсырады.

Қалыптастырушы бағалау

Мұғалім оқушылардың сабаққа қатысу           белсенділігі     мен тапсырманы орындау деңгейіне қарай             «Смайликтерз»          әдісі арқылы бағалайды.

Мақсаты: Оқушы алған білімін саралай білуге дағдыланады.              

 

 

 


 

Республикасы Оқу-ағарту министрлігі Қысқа мерзімді жоспар

Республикасы Оқу-ағарту министрлігі Қысқа мерзімді жоспар

Мадақтау сөз» әдісі арқылы бағала у

Мадақтау сөз» әдісі арқылы бағала у

Жеке жұмыс 3-тапсырма Төменде берілген сұрақтар бойынша шағын есеп жазыңдар

Жеке жұмыс 3-тапсырма Төменде берілген сұрақтар бойынша шағын есеп жазыңдар

Сабақтың соңы 7 мин.

Сабақтың соңы 7 мин.

Республикасы Оқу-ағарту министрлігі Қысқа мерзімді жоспар

Республикасы Оқу-ағарту министрлігі Қысқа мерзімді жоспар

Жаңа сабаққа дайындық. Мақсаты:

Жаңа сабаққа дайындық. Мақсаты:

Топтық жұмыс 1-тапсырма Өздерің тұратын аймақтағы су көздерінің (өзен, көл ) бірін таңдап, параққа 3 слайдтан тұратын презентацияның схемасын ұсыныңдар

Топтық жұмыс 1-тапсырма Өздерің тұратын аймақтағы су көздерінің (өзен, көл ) бірін таңдап, параққа 3 слайдтан тұратын презентацияның схемасын ұсыныңдар
Материалы на данной страницы взяты из открытых истончиков либо размещены пользователем в соответствии с договором-офертой сайта. Вы можете сообщить о нарушении.
14.04.2024