Сабақтың мақсаты:
Мәтіндегі бөлімдердің ,абзацтардың орналасу тәртібін , ақпараттың тақырыппен байланысын анықтап ,оған түсініктеме береміз.
Мәтін құрауда сөздердің байланысу түрлері мен тәсілдерін орынды қолданамыз.
Жаңа сөздер
Өндіріс –тұтынуға қажетті материалдық игіліктерді, құнды заттарды жасап шығатын өнеркәсіп саласы
Өндірістік –сын. өндіріске тән, өндіріске қатысты
Сарапшы- объектілерді, процесстерді, құбылыстарды бағалау саласында арнайы білімі бар тұлға. ...
Шіру – микроорганизмдердің ыдырауы.
Көму –көм етістігінің қимыл атауы. Бастырып жауып тастау
Тілдік бағдар.Меңгеру.
Меңгеру | Сөз бен сөздің барыс, табыс, жатыс, шығыс және көмектес септік жалғаулары арқылы байланысуы | Қоқысты өндеу, қалдықтарды сұрыптайды, ауамен демалу |
Барыс – кімге ?неге? – ға-ге ; қа-ке |
Мәтінді тыңдаңыз
Қалдықтар –табиғи шикізатты өндеу нәтижесінде пайда болатын заттар мен өндірістік жарамсыз заттар . Қалдықтарды өндеп ,шикізат ретінде пайдаланса, көптеген проблема шешіледі .Мысалы,злектр энергиясы үнемделеді , құрылыс материалдары пайда болады. Еліміздің халықшаруашылығында жыл сайын 1 миллион тоннадай қалдық шығады.Сарапшылардың пікірінше, жиналған қатты өндіріс қалдықтары 20 млрд тоннадай.Оның ішінде 5,2млрд тонна –түсті металлургия өндірісінің қалдықтары.Қалдықтардың 70-75% -ы тау-кен өндірістерінен , 20% -ы кен байыту өндірісінен , қалғандары металлургия кәсіпорындарынан пайда болады.
Негізгі қалдықтар тау-кен қазбаларынан , металлургия, химия, мұнай және газ қалдықтарынан шығады. Сонымен қатар ағаш, қағаз, құрылыс материалдарын өндіретін өнеркәсіптерден ,ауылшаруашылық, үй- жай шаруашылықтарынан шығады.
Өндіріс қалдықтарының көбін пайдалануға болады. Егер қалдықтарды өндеп ,қайта қолданса ,қоршаған орта жақсарады. Сонымен қатар жердегі шикізат қоры үнемделеді. Ғалымдардың болжауы бойынша шикізатты қазіргедей есепсіз пайдалана берсек мұнай мен газдың қоры 80-170 жылға мырыш, никель, мыс қоры 100 жылға ,көмір 1700 жылдай уақытқа ғана жетеді . СМұйық және қатты өндіріс қалдықтарын пайдалану арқылы шикізатты үнемдеуге болады. Түсті металлургияда пайдалы элементтердің 2-3% -ы ғана алынып , 97-98%-ы пайдасыз қалдық ретінде қоқысқа айналады. Бұл-үлкен шығын.
Пластмассадан жасалған кейбір бұйымдары қайта өндеу өте қиын. Олар шірімейді . Сондықтан оларды көмуге болмайды. Дүниежүзі бойынша жыл сайын 80млн тонна пластмасса жасалады. Пластмассадан жасалған автокөлік аккумуляторлары мен азық-түлік салатын ыдыстардың 70% -ы қалдыққа айналады. Сондықтан арзан пластмассалардың орнына қоршаған ортаға қауіп төндірмейтін түрі өндіріле бастады.
Тыңдалған мәтін бойынша сұрақтарға жауап беріңіз
1.Қалдықтар неден пайда болады?
2.Қалдықтар не үшін өнделеді?
3.Халықшаруашылықтан қалдықтар шыға ма?
4.Сарапшылар қандай пікір айтады?
5.Негізгі қалдықтар неден шығады?
6.Өндіріс қалдықтарын пайдалануға бала ма?
7.Қандай бұйымдарды қайта өндеу өте қиын?Не себепті?
Өзіңізді тексеріңіз
1.Қалдықтар неден пайда болады?
Қалдықтар –табиғи шикізатты өндеу нәтижесінде пайда болады.
2.Қалдықтар не үшін өнделеді?
Оларды шикізат ретінде пайдалану үшін өндейді.
3.Халықшаруашылықтан қалдықтар шыға ма?
Иә, халықшаруашылықтан қалдықтар шығады .
4.Сарапшылар қандай пікір айтады?
Сарапшылардың пікірінше ,жиналған қатты өндіріс қалдықтары 20 млрд тоннадай.
5.Негізгі қалдықтар неден шығады?
Негізгі қалдықтар тау-кен қазбаларынан, металлургия, химия , мұнай және газ қалдықтарынан шығады.
6.Өндіріс қалдықтарын пайдалануға бала ма?
Өндіріс қалдықтарының көбін пайдалануға болады.
7.Қандай бұйымдарды қайта өндеу өте қиын?Не себепті?
Пластмассадан жасалған кейбір бұйымдарды қайта өндеу өте қиын, себебі олар шірімейді.
© ООО «Знанио»
С вами с 2009 года.