Оңтүстік Қазақстан облысы. Қазығұрт ауданы. «П.Тәжібаева атындағы жалпы орта мектебі»
Тақырыбы : «Тұлғаны рұхани адамгершілік бағытында қалыптастыру үдерісінде мектеп пен отбасының өзара әрекеттестігі»
Б А Я Н Д А М А
Баяндамашы география пәнінің мұғалімі:
Жолдасова Жанар Шахидуллаевна
Құрметті ұстаздар мен бала тәрбиесіне алаңдаушы қоғам! Сіздерге «Ата-аналар университетінің» жұмыс барысымен таныстырғым келеді
Баяндамамызды дәстүрлі тәсілден ауытқып, ХХІ-ғасыр ғылым мен білім
саласында жаңа инновациялық үрдістерді пайдаланып өтсек. Жаңа білім
парадигмасы адами болмысты өзінің негізгі құндылықтары ретінде,
мақсаты ғалым тәрбиелеу емес , ұлттық мәдениет құндылықтарын
құрметтейтін еркін адам тәрбиелейді деп сенім артып отыр.Сондықтан
жас буын тәрбиесінде ата-ананың жауапкершілігін арттыруда бірге
ойласып, бірге шешім қабылдайық!
Тұлғаны рұхани адамгершілік қалыптастыру үдерісінде мектеп пен отбасының өзара әрекеттестігі.
«Дүние үмітке сүйенеді» . Абай Құнанбаев
Ата-ана оқушылардың бір ғана қажеттіліктерін
қанағаттандырумен шектелуде.
Ата-ананың санасына бала өміріне деген жауапкершілік тек
тамағымен киім-кешекпен ғана
қамтамасыз етумен көрініс табады.
Осындай қоғамның қалыптасуы кезеңінде баланың рұхани және адамгершілік сынды қажеттіліктері елеусіз, сырт қалып қоюда...
Жалпы адамзаттық құндылықтарды ,соның ішінде адамның рухани тазалығын ұғындыру біздің педагогтардың бірден-бір міндетіміз болғандықтан, ата-ана мен мектеп тығыз бірігіп, әрекет ету арқылы ұрпағымыздың сапалы тәрбие алуына қол жеткіземіз, нәтижесінде ұлттық менталитетіміздің ерекшелігін, бала мен ата-ана қарым-қатынасын жаңа сатыға көтере
аламыз.
«Тәрбиесіз берілген білім- ол адамзаттың қас жауы» деген нақыл сөздің растығына шек келтіре алмаймыз. Жаһандану заманында бала бойынан жүйелілік, өзін-өзі реттеуді, жан-жақты шешім қабылдай алатын, әлеуметтік ортада өзін еркін сезіне алатын тұлғаны қаллыптастыруды талап етуде .
Көпшілікті баурап алатын, жүрек жылуын, шапағат нұрын төге білетін адамның ішкі және сыртқы сұлулығы нәзіктік, сезімталдық, мейірімділікке байланысты болады.
Ата-аналар университетінің түйінді идеясы:
Жоспарлау →
Талқылау →
Оқыту және оқу →
тәжірибе жасау →
нәтижеге жету
Ата-аналар университетінің
Өзгерістің индикаторы мектеп оқушылары
1.Балалардың педагогикалық-психологиялық даму картасы
2.Отбасындағы баланың дамуын зерттеу
3.Тренинг жұмыстарын ұйымдастыру
4. Топтық жеке кеңес беру
«Ата-аналар» университетінің жоспары:
Зерттеу түрлері | Тақырып | Көзделген мақсат | Бақылау | Нәтижедегі басымдық |
Іс-әрекетті зерттеу (бақылау, байқау, пікірлесу, тестілеу, анкета жүргізу,хат алмасу, іскерлік ойындар өткізу) | Отбасындағы қарым-қатынас мәселелерін көтер. | | | Зерттеушінің әрекеті. |
Ой толғау
Мінсіз ата-ана
Мінсіз оқушы
Мінсіз мұғалім
О Й Б Ө Л І С У
(ата-анаға сауалнама)
1. Осы бейнежазбалардан қандай ой түйдіңіз?
2. Қандай ұқсастығы мен айырмашылығы бар?
(Постер арқылы көрсетіңіз.)
3. Жолдасыңызбен бірге балаңыздың
болашағына жоспар құрасыз ба?
4. Бала айтқанды емес , көргенін жасайды
дегенді қалай түсінесіз?
5. Күніне балаңызға қанша рет кеийсіз?
Көпшілікті баурап алатын, жүрек жылуын, шапағат нұрын төге білетін адамның ішкі және сыртқы сұлулығы нәзіктік, сезімталдық, мейірімділікке байланысты болады. «Жақсы мінез –бүкіл өміріңнің сарқылмас байлығы» Осы ойды іске асыру мақсатында мектеп пен ата –ана арасындағы байланысты жаңа сатыға көтеруге «Ата –аналар университетін » ұйымдастыру жақсы нәтиже береді.
Ата-ана үшін мақсатты айқындау талаптары
Ойлаудың алты деңгейін сипаттаушы мақсаттар |
|
Білімділік | Білгендерін еске түсіру,білмегендерін айқындату |
Түсіну | Білмейтін затына,терминге,ұғымға деген қызығушылықты арттыру. |
Пайдалану | Өз тәжірибесін пайдалануына жағдай жасау |
Талдау | Білмеген затын,ұғымын, терминін т.б.өзіне таныс заттармен,ұғымдармен, терминдермен салыстырту арқылы ұқсастықтары мен айырмашылықтарын іздеттіру. |
Жинақтау | Білмеген затына, ұғымына,терминіне қатысты өз тұжырымын жасату. |
Бағалау | Бастапқы білмеген затының,ұғымының терминінің құндылығын, қажетілігін айқындату. |
Ата-аналарға ой туындату (ой қозғау) мақсатында:
«Парасатты» кірпіші атты ойын тапсырмаларын береміз:
1.Қағазды екі қатарға бөліп ата аналардың плюс және минус жағын үш сөз арқылы жеткізу, жазу, айту.
2. «Достық» кірпіші
«Үй» деген сөзді қалай түсінесіз?
Мысалы: менің қорғанысым,күтетін жер, отбасылық ұйытқысы
3.«Махаббат» кірпіші
Мимика жест арқылы өзіңіздің бала деген махаббатыңызды жеткізесіз
4. «Тапқырлық» кірпіші
Мектеп сөзінің әрбір әрпінен балаңыздың мінезін сипаттаңыз.
5. «Түсінушілік»
Сурет арқылы баланың мінезін анықтау. Бұл төбесі -жақсы көңіл күй екенін білдіреді.Тапсырма: бір минут ішінде дөңгелек ішіне баланың бақытты көңіл күйін салу керекпіз және жапсыру. Үйіміз дайын.
Отбасы мен мектеп арасындағы кедергілерді жою жолдары
- Туындаған мәселелерді білу
- Мәселенің маңыздылығын түсіну
- Маңыздылығына қарай шара қолдану
Қолданған тәсілді талдау
Туындаған мәселелердің шешімін жинақтау
Туындаған мәселелердің шешімін бағалау
Атқарылған жұмыстар
Ата-аналармен коучинг барысында
Ата-аналар университе-
тінің жанашырлары
«Бала тәрбиесі –отбасынан басталады»
Мен баяндамамды:
« Біз даналықты үш жолмен үйренеміз: ойлану –ең ізгі жол;
еліктеу- ең жеңіл жол;
тәжірибе жолы-ең ауыр жол »
деген Бенедикт Спинозаның дәйек сөзімен бітіргім келеді.
Материалы на данной страницы взяты из открытых источников либо размещены пользователем в соответствии с договором-офертой сайта. Вы можете сообщить о нарушении.