Презентация: Б.Майлин

  • Презентации учебные
  • ppt
  • 12.07.2018
Публикация на сайте для учителей

Публикация педагогических разработок

Бесплатное участие. Свидетельство автора сразу.
Мгновенные 10 документов в портфолио.

Бұл презентация сабағы қазақ әдебиетінің көрнекті өкілі Бейімбет Майлиннің "Шұғаның белгісі" повесіне, шығармашылығана арналған. Жазушының алғашқы шығармасы, әрі өзіндік орны бар елеулі шығармаларының бірі: "Шұғаның белгісі" повесі. Ол ХХ ғасырдың басындағы қазақ қоғамындағы әйелдер теңсіздігі тақырыбына арналғандықтан, оны оқушыларға түсіндіру де осы презентация да берілген.Бейімбет Майлин
Иконка файла материала Б.Майлин. Шұғаның белгісі.ppt
Сабақтың мақсаты:  Білімділігі – оқушыларды қазақ әдебиетінің ірі тұлғасы Бейімбет  Майлиннің шығармаларымен таныстыра отырып, білімдерін кеңейту,  шығарманың мазмұнын толық білу, идеясын ашу: Дамытушылығы – жазушының жанр шеберлігінде жеткен  жетістіктерін таныту, шығарманы оқыта отырып іздендіру: Тәрбиелігі – адамгершілікке, сыйластыққа, мейірімділікке тәрбиелеу.
­  Әрбір адам? Туысым, досым, жұрағат Әрбір сабақ? Үйрену, ұғу, ұлағат Әрбір ісім? Тірлік, тірек, адамдық Әрбір сөзім? Шындық, бірлік, адамдық
(1894-1938) Болашақ қаламгер 1894 жылы бұрынғы Торғай облысы, Қостанай уезі, Дамбар  болысындағы Ақтөбе деген жерде (қазіргі Қостанай облысы, Тобыл ауданы, Майлин  кеңшары) туған. Екі жасында әкесі қайтыс болып, күн көріс үшін шешесі бір байға  сауыншылыққа жалданады. Жетілерге келгенде Бейімбеттің өзі де әлгі байдың қозы­ лағын бағьп, соңынан ат­арбасына делбеші болады. Сөйтіп, ол жоқшылық зардабын өзі  де әбден біліп­танып, кәрі әжесі мен анасының зарлы кейістіктерінен, құдайға  шағынуларынан тітіркене тұшынып өседі. Алуан түрлі аңыздар мен ел іші әңгімесін мол  білетін, өмір тауқыметін әсерлі етіп өлеңге айналдыратын әжесі немересінің жасынан  қисынды, қызық сөзге, әдебиетке зауықты больш өсуіне әсер етсе керек.
Бейімбет Майлин (1896 ж. Қостанай обл. , Таран ауд., - 1937 ж.) - жазушы, қазақ әдебиетінің негізін салушылардың бірі. Әкесі Жармағамбет те, атасы Майлы да кедей адамдар болған. Жастай жетім қалған Бейімбет шешесі Құлғизар мен әжесі Бойдастың тәрбиесінде өседі. Әжесі Бойдас кезі келгенде өлең де шығарып жіберетін сөзге ділмар жан болған. Бұл үйде ақындар, жыршылар жиі қонақ болып, ұзақ таңға небір дастандар жырланып, суырып салма айтыстар болып, өлеңдер айтылып тұрған. Оның үстіне шығыстың қиссаларын жақсы көретін әжесі кейіннен Бейімбет ауыл молдасынан хат таныған соң оған ұзақ таңға жыр-дастандар оқытып, тыңдайтын болған. Осының барлығы жас Бейімбеттің сөз өнерін сүйіп, әдебиет жолына түсуіне ықпал жасады. Әуелі ауыл молдасынан сауат ашқан Бейімбет кейіннен Арғынбай қажының медресесінде екі жылдай дәріс алады. 1913 ж. Троицкідегі «Уазифа» мектебінде, оны бітірген соң Уфадағы «Ғалия» медресесінде оқиды. Медреседе оқып жүргенде татардың Ғалымжан Ибрагимов, Мәжит Ғафури сияқты белгілі жазушылармен танысады. Осында шығып тұрған «Садақ» атты қолжазба журналға белсене араласып, өзінің алғашқы прозалық туындысы, «Шұғаның белгісі» әңгімесін жариялайды. Өлеңдері «Айқап» журналында басқа да басылымдарда шыға бастайды.
Үй тапсырмасын бекіту Бейімбет Майлин әңгімелерінде терең  шыншылдық бар, адам бейнесі, қарым­ қатынастары әрдайым нанымды болып  шығады. Және бұл шығармалардың түр  үлгісінде дөңгелек келген тұтастық  айқын аңғарылады.  М. Әуезов
“Шұғамыз”­ театрдың үлкен бір ойыны.  Бұл – драма күйінде үлкен шығарманың  бірі. Бұл – бір дәуірдегі бай мен  бұқараның тұғасын көрсетеді. І. Жансүгіров
Уфадағы “Ғалия” медресесі Тарандағы Б. Майлин  атындағы мектеп
... Не мұңдық, бұл дүниеде қыздар мұңдық, Атадан болып мұңдық неге тудық. Атадан мұңдық болып тумас едік, Бұрынғы ата­баба жолын қудық...                                          Шұғаның әнінен
Жаңа сабақ 1. Проза дегеніміз не? 2. Хикаят дегеніміз не? 3. Шығарма кімнің атынан баяндалған?
Тақырыпты аша білу: “Шұғаның белгісі” хикаятының әр бөліміне ат қою, негізгі оқиғаларға түсінік беру. 1. Қос жолаушы. 2. Сұлу қыз Шұға. 3. Кездесу. 4. Учитель Әбдірахман. 5. Ғашық жүректер. 6. Хат. 7. Жабылған жала. 8. Қоштасу. 9. Айықпас дерт. 10. Соңғы хат. 11. Шұғаның белгісі.
Топтық жұмыс Шығарма мазмұнын білгеннен  Шығарма мазмұнын білгеннен кейін сюжеттік композициялық кейін сюжеттік композициялық жоспар құру. жоспар құру.
Шұғаның хаты ... Әуре боп неге біткен ажар-көрік, Ішіңе от түсірдің қалқам көріп. Гүлдену жас өмірде мақсұт боп ед, Серттесіп, қол алысып, уәде беріп. Жолыңа құрбан қып ем жан мен тәнді, Дариға, айтылған серт болмай қалды. Көре алмай ақтық минут дидарыңды, Арманда жан тапсырған мен бір зарлы! Хаты деп ақтық жазған ғашық жардың, Есіңе ал дұғаңа мен ынтызармын. Қош сау бол ойнап-күліп жолығармыз, Астында ақ туының пайғамбардың.
Көрініс
Көріністен оқиғаның өрбуіне тірек  болған сөзді тап.
Жап­жас жігіт екен ғой, ­ деп бірер  қарайды да, Шұға отауға кіріп кетеді.
Жұптық жұмыс Тастан, топырақтан үйіп жасалған белгі Өлген адамдардың сүйегі қойылған қалың бейіт Бозбалалар мен бойжеткендердің Бас қосып өкізетін ойын-сауық кеші Кеудеге киетін астарлы жеңіл сырт киім Жеңіл бас киім Сөздік жұмыстар жүргізу төмендегі сөздердің мағынасын ашу: Обашық Қорым Қызойнақ Бешпет Желпен Белес Сықырлауық Киіз үйдің есігі
Әдебиет теориясы Әдебиет теориясы Шығарма мәтінінен троптың  Шығарма мәтінінен троптың түрлерін, тұрақты тіркестерді, түрлерін, тұрақты тіркестерді, мақал-мәтелдерді, көнерген мақал-мәтелдерді, көнерген сөздерді, одағайларды тауып, сөздерді, одағайларды тауып, дәптерге жазу дәптерге жазу
Кім жылдам? Кім жылдам? Жүрегім тас төбеме шықты  Жүрегім тас төбеме шықты Төбесі көкке тигендей  Төбесі көкке тигендей Көпке топырақ шашу  Көпке топырақ шашу Тілім байланды  Тілім байланды Олжамнан қақты  Олжамнан қақты Шаңымды аспанға шығарды  Шаңымды аспанға шығарды Бағын байлады  Бағын байлады Ат жетер жер  Ат жетер жер Серт байласқан  Серт байласқан Тілін алар  Тілін алар Көңіл қостым  Көңіл қостым Аузына қарады  Аузына қарады Аузынан тастамайды  Аузынан тастамайды Айызы қанған  Айызы қанған Инедей қиянаты жоқ  Инедей қиянаты жоқ
Әбдірахман Әбдірахман ШұғаШұға Айнабай Айнабай Оқыға Оқыға нн Сұлу Бұзы қ Нәзік Кіршіксіз адал махаббаттың иесі Арандатуш Кедей ы Ақылды Қызыл көзді бәле Ел қамқоры Өнер лі Жалақор Ақын Айлакер Паң
Аққұба Үріп ауызға салғандай Талдырмаш Көзі қап-қара Сөйлеген сөзі, жүрген жүрісі біртүрлі паң еді-ау, шіркін Жасы он алтылар шамасында Жеңілдік не екенін білген бала емес Ажары қандай болса, ақылы да сондай
Түнімен ұйықы көрмеді Қуанышты Күлдірумен болды Ән салды Елге асықты
Әбдірахманның хаты Онегиннің хаты Сіз бір айсыз нұрландырған аспанды, Буландырған, уландырған жас жанды. Біз бір ғаріп паналаған саяңда, Жас жүректе мықты жара басталды. Бір көргенде сиқырланып ақыл- ой, Бал сөзіңе қалды ынтам бір қанбай. Он сегіз мың ғаламның, бар тынысы күнде тұр, Мен сықылды сорлының ықтияры сенде тұр. Жанып, сөніп суынып қалған көңілім, Қобалжиды хатыңды көрген сайын.
Проблемалық сұрақтар
Сабақты бекіту Сабақты бекіту Тақырыпқа байланысты мақал  – мәтелдер айту.
Қорыту Азаттық Еркіндік Бостандық Тәуелсіздік Сөз бостандығы Теңдік Ар­ождан бостандығы
Үй тапсырмасы “Арманда кеткен асыл­ай” эссе жазу
Бағалау