Желінің жасалу тарихы мен міндеті
Желінің міндеті – ақпаратты жылдам жеткізу және сақтау.
1957 жылы Кеңес Одағы космостық кеңістікте бірқатар алға шыққан болатын. Бұл өз кезегінде АҚШ-да біршама алаңдатушылық тудырып, АҚШ Қорғаныс Министрлігі ақпаратты тасымалдаудың сенімді жүйесін құру туралы шешім қабылдады. Осы мақсатты жүзеге асыру үшін АҚШ-тың алдыңғы қатарлы жобаларды зерттеу агенттігі (ARPA) компьютерлік желі құруды ұсынды. Компьютерлік желі ARPANET деп аталып, 1969 жылы төрт ғылым орталықтарын біріктірді, барлық жұмыстарды АҚШ Қорғаныс министрлігі қаржыландырып отырды. ARPANET желісінің даму қарқыны өте жылдам болды, оны әр түрлі ғылым саласындағы зертеуші-ғалымдар да кеңінен қолдана бастады.
«Википедия» беттерінен
Барлық құрылғылардың бір бірімен өзара әрекеттесуіне мүмкіндік беретін байланыс желілері арқылы қосылған компьютерлердің және басып шығарғыштар мен мәтіналғылар сияқты басқа құрылғылардың тобы.
Компьютерлік желі
Жергілікті желілер:
Өз жұмыс орнынан, өзге құжаттармен жұмыс жасауға, файлдардың, құжаттардың айналымын жеңілдетуге, жұмысты қадағалауға;
Принтерлер, қатқыл дисктер, басқарушы программы сияқты құнды ресурстарды тиімді пайдалануға мүмкіндік береді.
Желі топологиясы
Компьютерді желіге қосу, жалғастыру құрылымын зерттейтін сала.
Желі топологиясы— территориялық, әкімшіліктік және ұйымдастырушылық факторларды ескере отырып, тораптардың нақты орналасулары мен жалғастыруларын көрсететін желінің жалпы схемасы.
«Бұтақтар» тәрізді топология
«Жұлдыз» тәрізді топология
«Сақина» тәрізді топология
«Шина» тәрізді топология
«Бұтақтар» тәрізді топология— тораптары бүтақтар төрізді тармақты қүрьілымда орналасқан желі топологиясы.
«Жұлдыз» тәрізді топология — барлық тораптары орталық бір тораппен жалғас- қан желі топологиясы.
«Сақина» тәрізді топология — өр торап басқа екі тораппен қосылған және барлық тораптар бірге сақина қүрайтын желі топологиясы.
«Шина» тәрізді топология — барлық тораптары жалпы бір сызықтық ақпарат-тық арнаға қосылған компьютер желісінің архитектурасы.
Сұрақтар
Компьютерлік желілер неге байланысты жергілікті немесе бүкіләлемдік деп бөлінеді? Мектеп қабырғасындағы желі қайсысына жатады, неге?
Топология түрлерін қалай ажыратады? Кішігірім сынып бөлмесінде қай топология түрін пайдаланған тиімді? Бірнеше қабатты ғимараттарда ше?
© ООО «Знанио»
С вами с 2009 года.