Публикация является частью публикации:
1 – Жасанды интеллект
Компьютерлік ғылымдардың ақылды ақпараттық жүйелер және ақылды бағдарламалар жасау мүмкіндігін зерттейтін сала
Белгілі жасанды интеллект жүйелері
Deep Blue шахматтық суперкомпьютер
1997 жылы Гарри Каспаровты (шахматтан әлем чемпионы) ұтты
http://ru.wikipedia.org/wiki/Deep_Blue
Белгілі жасанды интеллект жүйелері
IBM Watson – IBM компаниясынын суперкомпьютері
Watson адам тілін түсініп сұрақтарға жауап береді
2011 жылдың ақпан айында Jeopardy (Своя Игра-ға ұқсас шоу) жеңіп шықты
http://ru.wikipedia.org/wiki/IBM_Watson
Жасанды интеллект
Белгілі жасанды интеллект жүйелеріне қарап біз қандай қорытынды жасай аламыз?
Жасанды интеллект көптеген салаларда пайдаланылады
Әр ЖИ салаға байланысты ерекшеліктерден тұрады
Дегенмен барлық ЖИ жүйелері бірыңғай мәселелерді шешу арқылы жасалады
ЖИ жасау
ЖИ жасағанда келесі мәселелерге шешім табу қажет:
Ойлау қабілеті
Білім
Жоспарлау
Үйрену
Коммуникация
Заттарды қозғау
Ойлау қабілеті
Ойлау қабілеті дедукция және логикалық қорытынды жасау арқылы іске асырылады
Ықтимал теориясы, статистика, логика пайдаланады
Мысалы:
Адамдар ажалды
Сократ адам
Сондықтан Сократ ажалды
Білім
Білімді компьютер ішінде қалай сақтау керек және көрсету керек?
Бұл өте маңызды мәселе өйткені көптеген ЖИ жүйелері үлкен ақпарат көлемдерімен жұмыс атқарады
ЖИ жүйелері заттарды, олардың сипаттамаларын, категорияларды және де заттар арасындағы қатынастарды көрсету керек
Көбінесе онтология және де соңғы кезде семантикалық желілер пайдаланылады
Жоспарлау
Ақылды жүйелерде мақсат қойып оларға жету қабілеті болуы қажет
Олар болашақты болжап өздерінің іс-әрекеттері қоршаған ортаға қалай әсер ететінін білуі керек
Үйрену
Белгілі білімнен жаңа білім алу процесі
Екі белгілі алгоритм бар
Бақылаулы оқу
Бақылаусыз оқу
Мысалы, біз қолмен жазылған сандарды компьютер арқылы танитын ЖИ жүйесін жасауымыз керек
Үйрену
Бақылаулы оқу алгоритмі
Бағдарламаға үйрену үшін белгіленген деректерді береміз және олардың қай санға жататынын белгілейміз
Яғни,
0 1 2 3 4 5 6 7 8 9
Үйрену
Бақылаулы оқу алгоритмі
Содан сон алгоритмге басқа деректерді береміз және де оларға жауапты бермейміз
Алгоритм алдында көрген білім арқылы жаңа сандарды таңдау керек
Үйрену
Бақылаусыз алгоритмге үйренуге ақпарат берілмейді
Берілген ақпаратты пайдаланып алгоритм өзі қорытынды жасайды
Мысалы ұқсас сандарды бір топқа қалыптастырады
Жасанды интеллект салалары
Автоматты жоспарлау және кесте жасау жүйелері
Компьютерлік лингвистика
Робототехника
Компьютерлік көру
Жасанды интеллектті бағалау
Алан Тьюринг тесті арқылы компьютерлік жүйенің ақылдығын бағалауға болады
С және B – адамдар
А – компьютерлік бағдарлама
С компьютерлік желі арқылы А және
В мен сөйлеседі
С қайсысы адам қайсысы бағдарлама
екенін білмейді
Соңында С адамды және бағдарламаны табу керек
Егер А-ны адам десе бағдарлама ақылды болып саналады
Қазіргі кезде бір де бір жүйе бұл тестті сәтті өткен жоқ
Материалы на данной страницы взяты из открытых источников либо размещены пользователем в соответствии с договором-офертой сайта. Вы можете сообщить о нарушении.