презентация информатика

  • Презентации учебные
  • pptx
  • 23.11.2018
Публикация в СМИ для учителей

Публикация в СМИ для учителей

Бесплатное участие. Свидетельство СМИ сразу.
Мгновенные 10 документов в портфолио.

Публикация является частью публикации:

Иконка файла материала 7 сабақ.pptx

Ақпараттық технологиялар және телекоммуникация

Деректер қоры

1 – Деректер қоры

Деректер қоры – жүйелі ақпарат жинағы

Күнделікті деректер қорының мысалдары қандай?
Телефон кітабы
Оқу кестесі
Кітапхана жүйесі

Деректер қоры үлкен көлемдегі ақпаратты сақтау, табу және бақылау үшін қолданылады

Деректер қорымен жұмыс атқару келесі қадамдардан тұрады:
Деректерді анықтау
Деректер структурасын белгілеу процесі
Деректерді жаңарту, енгізу, өзгерту және өшіру
Іздеу
Деректерді пайдаланушыға немесе бағдарламаға тауып беру
Деректор қорының әкімшілігі
Жаңа пайдаланушыларды тіркеу және пайдаланушыларды бақылау
Деректер қауіпсіздігін қамтамасыз ету


Дерекқор түрлері

Кестелік немесе реляциялық

Иерархиялық

Желілік

Кестелік немесе реляциялық деректер қоры

Деректер кортеж түрінде көрсетіледі
(Айдар, 25), (Cәуле, 21)
Кортеждер кесте арқылы топтасады




Пайдаланушылар декларативті түрде қандай ақпарат, ол қандай түрде сақталатынын белгілейді
SQL (Structured Query Language) – ақпарат іздеу барысында SQL немесе құрылымдық сұраныс тілін пайдаланады


Есімі

Жасы

Айдар

25

Сәуле

21

Иерархиялық деректер қоры

Ақпарат ағаш структурасы ретінде сақталады
Бұл ағаш структурасында ата-ана және бала қарым- қатынастары болады
Ата-анада бірнеше бала, және балада бір ғана ата-ана болуы мүмкін

Иерархиялық деректер қоры

Реляциялық деректер қорындай кең тарамаған

IMS – IBM компаниясының Information Management System жүйесінде пайдаланылады

Қарапайым дегенмен икемді жүйе емес

Желілік деректер қоры

Объектілер және олардың арасындағы қарым қатынасты көрсететін икемді жүйе
Граф структурасы пайдаланады
Иерархиялық модельге қарағанда әрбір дерек буынында бірнеше ата-ана және бала деректері болады

Желілік деректер қоры

Кең тарамады
Реляциялық модель бұған қарағанда қарапайым түрде күрделі қарым-қатынастарды белгілеуге мүмкіндік береді
Иерархиялық және желілік деректер жүйесі реляциялық жүйеге қарағанда тезірек жұмыс істейді. Яғни үлкен ақпаратпен жұмыс істегенде қысқа уақыт ішінде керекті деректі табуға мүмкіндік береді
Дегенмен реляциялық деректер қоры кеңінен тарады өйткені компьютерлік технологиялар тез дамып олардың есеп шығару қабілеті тез артты
Сондықтан реляциялық деректор қорының қарапайымдығы жеңіп шықты

Деректер қоры

Қазіргі кезде көптеген мекемелер деректер қорын пайдаланады
Деректер қорын кітапханаларда, авиа билет алу жүйелерінде, электрондық коммерция дүкендерінде кездестіруге болады
Деректер қорын контент бойынша категорияларға бөлуге болады: библиографиялық, құжаттар, статистикалық, мультимедиа және т.б.
Сонымен бірге пайдалану саласы бойынша да бөлуге болады: бухгалтерия, кино, сақтандыру

Техникалық сипаттама бойынша категориялау

Компьютер жадындағы деректер қоры
Жауап беру уақыты маңызды салаларда пайданылады
Мысалы, телекоммуникация
Деректердің резервты көшірмесі дискқа жазылады
Бұлт ішіндегі деректер қоры
Деректер қоры қашықтықтағы компьютерлерде орналасады
Cloud computing технологиясы арқылы іске асады
Деректер қоймасы
Деректер қорынан және де басқа ақпарат көздерінен деректерді жинап сақтайтын жүйе
Көбінесе менеджерлермен трендтар шығару үшін пайдаланылады