ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
ТАЛДЫҚОРҒАН ПОЛИТЕХНИКАЛЫҚ КОЛЛЕДЖІ
КЕЛІСІЛДІ
Колледж әдіскері
___________ Г.А. Жанысбекова
«_____»_________2017ж.
БЕКІТЕМІН
Директорының тәрбие ісі
және құқық бұзушылықтың
алдын алу жөніндегі орынбасары
Е.С.Байдилданов__________
«_____»____________2017ж.
«Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру»
бағдарламалық мақаласы негізінде,
«1желтоқсан – Қазақстан Республикасының
Тұңғыш Президент күні» аясында
«Елімізді ертеніне жетелеген Елбасы»
білгірлер сайысы
Жауапты оқытушылар: Байдилданова М.С.
Кукшибаева М.Л.
Мамажанова И.М
Иманалинова Г.Р.
Садуакасова М.А. Талдықорған, 2017
Өтілетін орны: Акт залы
Мерзімі: 30.11. 2017 жыл.
Уақыты: 13.30
1жүргізуші:
Армысыздар құрметті қонақтар, жиналған қауым, сайысқа қатысушы
білімгерлер! Бүгінгі Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру»
бағдарламалық мақаласы негізінде,
«1желтоқсан – Қазақстан
Республикасының Тұңғыш Президент күні» аясында «Елімізді ертеніне
жетелеген Елбасы» атты білгірлер сайысы колледж бөлімдерінің және
жатақхана студенттерінің арасында өткелі отыр.
2жүргізуші:
2012 жылы Қазақстан Республикасы Парламентінің Сенат депутаттары
қолдауымен «1желтоқсан – Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президент
күні» жаңа мемлекеттік мейрамы ретінде бекітілген болатын.
1жүргізуші:
Құрметті қонақтар, сайысқа қатысушы білімгерлер! «1желтоқсан –
Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президент күні» аясында өткізгелі
отырған «Елімізді ертеніне жетелеген Елбасы» атты білгірлер сайысын ашық
деп жариялаймыз.
РҚ Гимні
1. Келесі сөз кезегі Талдықорған политехникалық колледжінің әдіскері
Жанысбекова Гүлжан Адамбекқызына беріледі.
1жүргізуші:
Елбасымыз: «Елімнің ұлы болсаң, еліңе жанын ашыса, азаматтық намысын
болса, қазақтың ұлттың жалғыз мемлекетінің нығайып, көркеюі жолында жан
теріңді сығып жүріп еңбек ет, жердің де, елдің де иесі өзін екеніңді ұмытпа»
деп «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласында айтып
өтіп, жастардың болашаққа деген сенімін айқындап, келешекті кемел ету
жолында жастардың үлесі зор екендігін баса айтқан болатын. Болашақта
тәуелсіз еліміздің тұғыры биік, қарыштап дамуы үшін сапалы білімі, саналы
тәрбиесі бар отансүйгіш жастар ғана бар белесті бағындырары хақ.
2жүргізуші:
Осы мерекеге орай, бүгінгі турнирімізде білгірлеріміз Елбасының
қаншалықты бізге танымал екендігін көрсетеді.
2жүргізуші: Сайыстың өткізу тәртібі мен шарты 1) Сайысқа қатысушы топтарға ыңғайлы атмосфераны ұйымдастыру;
2) Тыныштық пен тәртіпті сақтау
3) Басқа топтардың сөзін бөлмеу және бірбіріне жақсы қарымқатынаста
болу;
4) Әр кезеңнің сәйкес ережелерін ұстану.
5) Турнирге қатысу үшін әр бөлім өз командасын ұсынады.
6) Команда құрамы: команда капитаның қосқанда 4 қатысушы.
Команданың басқалардан ерекшеленетін өзгеше атауы, безендірілген
таңбасы болуы қажет
1жүргізуші:
Құрметті қауым Білгірлер сайысының кезеңдерімен таныстыра
кетейік.
Ойын барысынан тыс таныстыру
Іріктеу кезеңдері:
І –кезең. «Менің Қазақстаным менің болашағым» тақырыбында
акцияпрезентация (5мин)
ІІ – кезең. Сұрақжауап (Қазақстан тарихы, Елбасының өмірбаяны,
халыққа жолдаған жолдаулары, бағдарламаламалық мақалалары
жайлы).
Іріктеу кезеңдерінің қорытындысы бойынша жоғары ұпай жинаған
командалар финалда бақ сынасады.
Финал:
ІІІ – кезең. Сурет галереясы – «Тарихи тұлғалар» (Қазақ халқының
қалыптасуына үлес қосқан қоғам қайраткерлері)
ІV кезең. Полиглот (қазақ, орыс тілдерінде Отан, туған жер туралы мақал
мәтелдер білуі, мақалмәтелдерді жалғастырып оқу)
.
2жүргізуші:
Олай болса сайысқа қатысушы талантты да дарынды білімгерлерді
қошеметпен ортаға шақырайық:
1. «Ақпараттық технологиялар және қашықтықтан оқыту» бөлімі
2. «Техникалық және кәсіптік білім беру» бөлімі
3.«Радиоэлектроника» бөлімі
4.«Дене тәрбиесі және спорт» бөлімі
5.Жатақхана білімгерлерінен құралған топ
1жүргізуші: Командалардың реттік номерін анықтау үшін топ басшыларын
жеребе тартуға шақырамыз!
Бөлім атауы
Реттік саны
«Ақпараттық технологиялар және
қашықтықтан оқыту» бөлімі
«Техникалық және кәсіптік білім беру»
бөлімі
1
2 «Радиоэлектроника» бөлімі
«Дене тәрбиесі және спорт» бөлімі
3
4
5 Жатақхана білімгерлерінен құралған топ
Анықталған номер бойынша үстелдерге отыруларыңызды сұраймыз.
2жүргізуші:
Әділ қазы, ақ қазыға бір сәлем,
Әділдікке бас иеді күллі әлем.
Жүйрік озар сайыстарда неше бір,
Сарапқа сап, әділдікпен шеше біл! деп, бүгінгі сайыскерлеріміздің білімі мен
біліктілігіне қара қылды қақ жарып әділ баға беретін Әділқазылар алқасымен
таныс болыңыздар.
1. Педагогика ғылымдарының кандидаты, тарих пәнінің оқытушысы Шәкәрім
Нұрдәулет Шәкәрімұлы
2.Тарих пәнінің оқытушысы Арстанов Темірхан Мұзапарұлы
3.Директорыдың тәрбие ісі және құқық бұзушылықтың алдын алу жөніндегі
орынбасары Байдилданов Ельзат Сейтжанұлы
4.Колледж психологі Бейсетов Азамат Аманбекұлы
5.Топ жетекшілер кеңесінің төрайымы Алимбекова Қаламқас
1жүргізуші: Олай болса, «Ойын барысынан тыс таныстыруымызды»
бастайық. Бұл кезеңде топ басшысы команда атауы, эмблемасы және команда
мүшелерімен таныстырады.
2Жүргізуші: Білімнің ұшқырлығын танып сен,
Асып, тасып, асықпа, қалыспа сен
Уакыт деген зымырап, зулап жатыр
Шапшаңдық бұл сайыста керек екен
1жүргізуші: Турниріміздің бірінші кезеңі «Менің Қазақстаным менің
болашағым» тақырыбында акцияпрезентация (5мин), жоғары бал 5 ұпай.
2Жүргізуші:Өз тобымен және өз презентациясымен таныстыру үшін бірінші
болып ____________________________________________тобы шақырылады.
1жүргізуші:Өз тобымен және өз презентациясымен таныстыру үшін екінші
болып ____________________________________________тобы шақырылады
2Жүргізуші:Өз тобымен және өз презентациясымен таныстыру үшін үшінші
болып ____________________________________________тобы шақырылады.
1жүргізуші:Өз тобымен және өз презентациясымен таныстыру үшін төртінші
болып ____________________________________тобы шақырылады
2жүргізуші:Өз тобымен және өз презентациясымен таныстыру үшін
бесінші болып ____________________________________тобы шақырылады
1жүргізуші:Турниріміздің екінші кезеңі «Сұрақ жауап» деп аталады. Бұл
кезеңде әр топқа 30 секунд ішінде Елбасы және Тәуелсіздікке байланысты 7
сұрақ қойылады. Берілген әрбір дұрыс жауапқа 1 ұпайдан беріледі.
Сұрақтар: 2жүргізуші:1топқа қойылатын сұрақтар:
1. Н.Ә.Назарбаевтың туылған жылы? (1940жылы 6 шілдеде)
2. Қазақстанда Халықаралық көрме Экспо қай жылы және қай қалада өтті?
(Астана қаласы, 2017 жылы)
3. 196069жж Елбасымыз Қандай Қызмет атқарды?
(Қарағанды
метталургия зауытында жұмыс істеді )
4. ҚРсы президентінің жалпы халықтық сайлауы қай жылы өтті ? (1991
жылы 1ші желтоқсанда тұңғыш рет.)
5. Елбасымыз Н.Ә. Назарбаев өз есімін немен байланыстыруды дұрыс
санаған? (білім және ғылыммен)
6.Елбасымыздың «Бейбітшілік кіндігі» атты еңбегі қай жарық жылы көрді?
(2001жылы)
7. Елбасының 12 сәуір, 2017 жыл халыққа жолдаған бағдарламалық мақаласы
қалай аталады? («Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру»)
1жүргізуші: 2топқа қойылатын сұрақтар:
1. ҚР президенті Н.Ә.Назарбаевтің туған ауылы? (Шамалған)
2. Н.Ә.Назарбаевтың әжесі? (Мырзабала)
3. Елбасымыздың «Сындарлы он жыл» атты еңбегі қай жылы жарық көрді?
(2003 жылы)
4. Елбасының бітірген жоғарғы оқу орны? (Қарағанды политехникалық
институтының «Қара және түсті металл құйма өндірісі бөліміне» түсіп,
3 жыл оқып, инженерметаллург дипломымен бітіріп шықты)
5. Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың «Әскери ант туралы» Жарлығы қай жылы
шықты ( 1992ж 25тамыз)
6. Елбасымыздын бастамасымен неше оқу орындары ашылды? (11)
7. «Болашаққа бағдар:рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласының негізгі
«Білімнің салтанат құруы» атты бағытын қалай
бағыттарының бірі
түсінесіздер?
2жүргізуші: 3топқа қойылатын сұрақтар:
1. ҚР үшін 16 желтоқсан қандай күн? (Тәуелсіздік күні)
2. Н.Ә.Назарбаевтың атын кім қойды ? (Әжесі Мырзабала)
3. Елбасымыздың «Тарих толқынында» атты еңбегі қай жылы жарық көрді?
(1999 ж.).
4. «Семей ядролық сынақ полигонын жабу туралы» Н.Ә. Назарбаевтың
Жарлығы қай жылы шықты? – (1991 жылдың 29 тамызында)
5.
Қазақстаның Қарулы күштерінің жоғарғы бас қолбасшысы?
(Н.Ә.Назарбаев)
6. 2006 жылы Елбасымыздың халыққа жолдауында қандай стратегиясы
белгіленген? (Қазақстанның бәсекеге қабілетті елу елдің қатарына кіру
стратегиясы белгіленген) 7. «Болашаққа бағдар:рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласының негізгі
бағыттарын атаңыздар? (бәсекелік қабілет, прагматизм, ұлттық бірегейлікті
сақтау, білімнін салтанат құруы, Қазақстанның революциялық емес,
эволюциялық дамуы, сананың ашықтығы)
1жүргізуші: 4топқа қойылатын сұрақтар:
1.Қай жылы Назарбаев Университетінің есігі алғашқы студенттерге ашылды?
(2010ж.)
2. Н.Ә. Назарбаев бала кезінде кім болуды армандады? (Геолог болуды)
3.Елбасымыздың «Еуразия жүрегінде» атты еңбегң қай жылы жарық көрді?
(2005 ж.).
4. Н. Ә. Назарбаевтың қанша немересі және шөбересі бар? (7 немере,
2 шөбере)
5.Н.Ә. Назарбаевтың үш қызының есімін атаңыз? (Дариға, Динара, Әлия.)
6.Н.Ә. Назарбаев қай жылы экономика ғылымдарының докторы лауазымына
ие болды? (1993
7. «Болашаққа бағдар:рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласының негізгі
бағыттарының бірі «Ұлттық бірегейлікті сақтау» атты бағытын қалай
түсінесіздер?
ж.)
2жүргізуші: 5топқа қойылатын сұрақтар:
1.Н.Ә.Назарбаевтың анасы? (Әлжан)
2. Н.Ә. Назарбаевтың жұмыс орны? (Ақорда)
3.Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың 1997 жылы қазақ халқына жолдаған стратегиялық
бағдарламасы қалай аталады? («Қазақстан 2030»)
4. Елбасымыздың «Ғасырлар тоғысында» атты еңбегі қай жылы жарық
көрді? (1996 жыл)
5. ҚР Астанасы Алматы қаласынан Ақмола қаласына қай жылы көшірілді?
(1994 ж 6 шілде)
6. Н.Ә.Назарбаевтың жұбайы? (Сара Алпысқызы)
7. «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласының
жариялану уақытын атаңыздар? (12 сәуір, 2017 жыл)
1жүргізуші: Әділқазылар алқасы барлық 5 топтың ұпай санын санап,
финалға жолдама аолатын 3 топты анықтап алғанша Сіздердін
назарларыңызға ________________________________ орындауында
__________________ қабыл алыңыздар.
2жүргізуші: Осымен іріктеу кезеңдері аяқталды. Сайысымыздың
ережесі бойынша жоғары ұпай жинаған 3 команда финалға жолдама
алып, бас жүлдеге таласады. 1жүргізуші: Турниріміздің үшінші кезеңі «Сурет галереясы тарихи
тұлғалар» деп аталады. Бұл кезеңіміздің ережесі бойынша слайдта
көрсетілген атақты адамдардың суреттері бойынша олардың кім екендерін
тауып айту. Әрбір командаға 4 слайдтан көрсетіледі. Әрбір берілген дұрыс
жауапқа 1 ұпай беріледі. Егер топ сұраққа жауап бере алмаса, онда бірінші
қол көтерген топ жауап беру мүмкіндігін алады.
Сурет галерясы тарихи тұлғалар «Бұл кім?»
1ші топқа көрсетілетін слайд:
1 Бейбіт Ыстыбаев— «Қазақстан Барысы» турнирінің үш дүркін жеңімпазы
2 Бағдат Әбілмәжінұлы Қарасаев –Талдықорған қаласының әкімі
3 Құрманғазы Сағырбайұлы (18181889) — қазақтың ұлы күйші
композиторы. Қазақтың аспапты музыка өнерінің классигі.
4 Жәңгірұлы Тәуке хан (16261718) – Қазақ хандығының ханы
2ші топқа көрсетілетін слайд:
5 Серік Жұманғалиұлы Сәпиев (16 қараша, 1983 жыл, Абай
қаласы, Қарағанды облысы) боксшы, олимпиада чемпионы, халықаралық
спорт шебері, Қазақстанның бокс бойынша еңбек сіңірген спорт шебері,
6 – Айдын Айымбетов 27.07.1972, Алматыоблысы,Талдықорған қаласы,
Өтенай ауылы) Қазақстан ғарышкері, Халық қаһарманы.
7 Мүсірепов Ғабит Махмұтұлы (19021985) – қазақтың әйгілі жазушысы,
қоғам қайраткері, Қазақ КСР Ғылым академиясының академигі, Социалистік
Еңбек Ері.
8 – Керей хан Кирай, Гирей (туған, өлген жылы белгісіз – 1473) – Қазақ
хандығының негізін қалаушы ұлы екі тарихи тұлғаның бірі, алғашқы қазақ
ханы.
3ші топқа көрсетілетін слайд:
9 – Ольга Сергеевна Рыпакова – жеңіл атлет, Қазақстан Республикасы
Олимпиада құрамасының мүшесі, 2012 жылғы Лондон Олимпиадасында
алтын, 2016 жылғы РиодеЖанейро Олимпиадасында қола медаль алған
спортшы. Олимпиада марапаттарының санынан рекорд орнатқан спортшы.
10 Ерлан Кенжеғалиұлы Сағадиев Қазақстан Республикасының Білім
және ғылым министрі.
11 Жансүгіров Ілияс — ақын, қоғам қайраткері
12 Абылай хан (Әбілмансұр) Уәлибақыұлы
1771—1781 жылдар
аралығында билік құрған Қазақ хандығының 18ші ханы. Қазақ Ордасының
тарихындағы ең ұлы хандардың бірі 2жүргізуші: Турниріміздің төртінші кезеңі Полиглот (қазақ және орыс
тілдерінде Отан, туған жер туралы мақалмәтелдер білуі, мақалмәтелдерді
жалғастырып оқу). Әр топқа бір қазақ және бір орыс тілінде мақалмәтел
жасырылады. Әрбір берілген дұрыс жауапқа 1 ұпай беріледі. Егер топ сұраққа
жауап бере алмаса, келесі топтың жауап беруге құқысы бар.
1жүргізуші:1ші топқа арналған мақал мәтелдер:
1) Отаны бірдің жүрегі бір,
..................................................(Жүрегі бірдің тілегі бір)
2) Гдето говорят золота навалом,
..................................................(но Родина лучше и без золота)
2жүргізуші:2ші топтың мақал мәтелдері:
1) 1) Отан қадіріне жетпеген,
...................................................(Өз қадіріне жетпейді)
2) Нет земли лучше чем Родины,
..................................................(нет людей лучше чем на Родине)
1жүргізуші:3ші топтың мақал мәтелдері:
1) Отан үшін күрес ...............(Ерге тиген үлес)
2) Все земли хороши,
...................................................(а своя всех лучше)
2жүргізуші: Соңымен, Талдықорған политехникалық колледжінде «1 –
желтоқсан Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президент күні»
аясында өткен білгірлер турнирі өз мәресіне жетті. Жеңімпаздарды
марапаттау үшін сахнаға әділқазы алқаларын шақырамыз.
1–жүргізуші:
Біліп айтқан сөзге құн жетпейді,
Тауып айтқан сөзге шын жетпейді
Білмегенінді білгенен үйреніп,
Үйренгеннен ештенен кетпейді.
деп Толе би атамыз айтқандай, бүгінгі білгірлер турниріне қатысқан
білімгерлерге мың алғыс.
Бүгінгі «1 – желтоқсан Қазақстан Республикасының Тұңғыш
Президент күні» аясында өткен білгірлер сайысы осымен аяқталды.
Бірлігі берекелі, тірлігі мерекелі
Жеңімпаздарды құттықтаймыз!
ынтымағы жарасқан халқымыздың болашағы жарқын болсын, ағайын!
Презентация на тему: «Елімізді ертеніне жетелеген Елбасы»
Презентация на тему: «Елімізді ертеніне жетелеген Елбасы»
Презентация на тему: «Елімізді ертеніне жетелеген Елбасы»
Презентация на тему: «Елімізді ертеніне жетелеген Елбасы»
Презентация на тему: «Елімізді ертеніне жетелеген Елбасы»
Презентация на тему: «Елімізді ертеніне жетелеген Елбасы»
Презентация на тему: «Елімізді ертеніне жетелеген Елбасы»
Презентация на тему: «Елімізді ертеніне жетелеген Елбасы»
Материалы на данной страницы взяты из открытых истончиков либо размещены пользователем в соответствии с договором-офертой сайта. Вы можете сообщить о нарушении.